Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Экологиялық факторлар дегеніміз не?



Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотик., биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық фактордың қайсысы болмасын табиғатта тұрақты емес. Барлық Экологиялық фактор екі санатқа: популяция тығыздығына тәуелсіз және популяция тығыздығына тәуелді болып бөлінеді.Әсер ету нәтижесінде жойылатын дарабастар пайызы олардың санына немесе тығыздығына байланысты емес.Факторлар әсеріне жойылып кеткен түрлердің пайызы олардың тығыздығы өскен сайын пропорционал мөлшерде артады.Бірінші санат факторларына негізінен климаттық, ал екіншісіне – биоталық факторлар жатады.Топтастырудың тағы бір жолы бойынша Экологиялық факторларэнергетик. және сигналдық болып бөлінеді. Мысалы, энергетик. топқа температура, бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, т.б. жатады. Бұл топ организмдерге тікелей әсер етіп, олардың энергетик. күйін өзгертеді.

Антропогендік фактор

Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксид|оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.

 

 

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Биогеоценоз дегеніміз не?

Биогеоценоз туралы ілім – биогеоценология өз алдына ғылым саласы болып 1940 жылдары қалыптаса бастады. Биогеоценология ботаниканың, дәлірек айтқанда геоботаника және ормантану ғылымдарының шеңберінде пайда болып, биология және физикалық-географияның қиысқан жерінде ары қарай дамыды. Сондықтан биогеоценологияға тірі табиғатты жан-жақты яғни комплексті зерттеу тән. Биогеоценологияның негізгі мақсаты – табиғаттың тірі және өді компонеттерінің бір-біріне әсерін, байланыстарының мағынасын ашып, бағасын беру және сол байланыстардың әр түрлі жолдарын анықтау. Биогеоценологияның қалыптасуы және дамуы академик В.Н.Сукачевтің атымен тығыз байланысты. 1940 жылдан бастап академик Сукачев бірқатар мақалаларында бүл ғылымның пәнін, теориялық және практикалық міндеттерін, негізгі сипаттамасын, бағдарламасын және зерттеу бағыттарын анықтады.Биогеоценология – биогеоценоз және логос деген сөздер жиынтығы. Ал, биогеоценоз (гректің био – тіршілік, geo – жер жәнеcoinos – ценоз (организмдер қауымы)) жер бетінің құрамы белгілі тірі (биоценоз) және өлі (экотоп) компоненттері бар біркелкі учаскесі. Биоценоздың компоненттері зат және энергия алмасуымен бірыңғай табиғи комплекске біріккен. Биогеоценоздардың жиынтығы жердің биогеоценотикалық жабынын құрайды, яғни бүкіл биосфераны құрайды. Сондықтан биогеоценоз биосфераның ең кіші бөлшегі болып саналады.Биогеоценология – биогеоценоздарды және олардың жиынтығы жер бетінің биогеоценотикалық жабынын зерттейтін ғылым.

Антропогендік фактор

Антропогендік факторлар дегеніміз - бұл адамның іс-әрекеті және тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болып, коршаған ортаға және осы ортадағы ағзаларға әсер ететін факторлар.Кез келген дарақ, популяция немесе бірлестік бір мезгілде осы факторлардың көптеген әрекетіне ұшырайды, алайда олардың кейбіреулерінің ғана емірлік маңызы болады. Ортаның мұндай факторлары шектеуші (лимитирующий) фактор деп аталады. Кез келген түр үшін экологиялық факторлардың әрқайсысынан өзіне қажетті барынша көп, ең аз және қолайлы әрекет ету қарқыны болады.Антропогендік факторлар дегеніміз - бұл адамның іс-әрекеті және тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болып, коршаған ортаға және осы ортадағы ағзаларға әсер ететін факторлар.Кез келген дарақ, популяция немесе бірлестік бір мезгілде осы факторлардың көптеген әрекетіне ұшырайды, алайда олардың кейбіреулерінің ғана емірлік маңызы болады. Ортаның мұндай факторлары шектеуші (лимитирующий) фактор деп аталады. Кез келген түр үшін экологиялық факторлардың әрқайсысынан өзіне қажетті барынша көп, ең аз және қолайлы әрекет ету қарқыны болады.

Озон қабатының жұқаруы

Қазіргі таңның актуальды мәселелерінің бірі - Озон қабатының жұқаруы. Озон қабаты жерден 20-30 км биіктікте орналасып, құрамына озон молекуласының мол концентрациясын жинақтаған. 30 км биіктіктен кейін озон қабатымен 90 % ультракүлгін сәулелері сіңіріліп, 20-25 км биіктікке тіршілік үшін қауіпті радиация жетпейді.Озон молекулалары атмосферада түзіліп, күрделі химиялық процестер нәтижесінде сол ортада ыдырайды. Ультракүлгін сәулесінің болмауы озонның қарқынды түрде түзіліп, мол мөлшерде шоғырлануына себепкер болады.Осы факторға байланысты Антарктика мен Арктиканың стратосфера қабатында полярлы қыс кезінде озон көп мөлшерде түзіледі. Антарктиданың көктемгі “озон тесіктерінің” пайда болуы Күн-Жер жүйесіндегі процестермен негізделген. Озон қабатының жұқаруына себепкер факторлар екіге жіктеледі:1. Табиғи факторлар;2. Антропогендік факторлар. Бір көзқарас негізінде – қыс айларында Антарктикада тұрақты циклон қалыптасып, оның ішінде мұз кристалдарының және хлорлы қослыстардың интенсивті түрде шоғырлануы жүреді. Көктем айы келгенде Күн сәулесі ол қосылыстарды ыдыратып, нәтижесінде хлордың атомдары түзіледі. Табиғаты бойынша хлор 1 валентті болғандықтан, қасындағы молекулалардың атомдарын өзіне тартып, олардың беріктігін бұзады. Озон молекуласындағы 1 атомды өзіне қосып, оның атомарлы (О) және 2 атомды молекулаға (О2) айналуына себепкер болады.15-18 км биіктікте Антарктида үстінде озон қабаты қатты жұқарып, ауаның жылынуы қарқынды түрде жүріп, сол қалыптасқан “озон тесіктернің” Оңтүстік жартылай шарға ығысуы байқалады.Екінші көзқарас бойынша озон молекуласының ыдырауында антропогендік фактор шешуші роль атқарады. Ұшудың жоғарғы шегін игерген авиалайнерлер отындарының шығарындылары, құрамында озон бұзушы және аэрозольді қоспасы бар ракета қондырғыларының жіберілуі – озон қабатын жұқартуда бірінші орынға ие.Ғарыш кеңістігін игеру барысында адамзат атмосфера қабаттарында космостық қоқысты млн-ған тоннамен жинақтаған болатын. Ғарыштық қоқыс – ракеталардың екінші сатысының жарылуы нәтижесінде түзілген ксенобионтты табиғаты бар заттар және спутниктердің жарықшақтары. Қазіргі таңда Жер орбитасының 400-800 км аймағында мөлшері 10 см-ге жетпейтін 70-150 мыңға жуық жасанды денелер мен мөлшері 10 см-ден асатын 10 мыңнан астам жасанды денелер кездеседі.Атмосфераның стратосфера қабатында адамзат өзінің игілігі үшін бірнеше күрделі физикалық және биохимиялық процестерді жүзеге асырады. Олар- техникалық әдістер көмегімен бұлттардан мезгілсіз жауын-шашын мен қар жаудыру, бұлттар мен тұмандарды сейілту, бұршақты түзілістердің алдын алу, атмосфераның газдық және аэрозольдық құрамын өзгерту.

 

ЕМТИХАН БИЛЕТІ



Просмотров 3949

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!