Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Демэкология және синэкология нені зерттейді? Экология нақты зерттеу объектісі мен зерттеу ортасына қарай жіктеледі



Экология нақты зерттеу объектісі мен зерттеу ортасына қарай жіктеледі. Адам, жануарлар, өсімдіктер және микроағзалар экологиясы деп бөлінсе, өз тарапында бұл экологиялық бағыттарды жеке түр ретінде немесе бірлестік ретінде қарастырып, оларға әсер заңдылықтарын космоста, суда, ауада немесе басқа да бір орталарда зерттеулер жүргізу арқылы алуға болады.Тірі ағзалар тропикалдық, қалыпты және полярлық аумақтарда, сонымен қатар табиғи, жасанды, антропогендік (адам жасаған) немесе өзгертілген орталарда тіршілік етеді, тағы ескеретін жай осы орталардың сипатына да (таза немесе таза еместігіне) олардың тіршілігінің тәуелділігі. Осы күнгі экология мыналарға:

- зерттеу объектісінің өлшеміне байланысты: аутоэкология, демэкология, синэкология, ландшафттық экологиясы, мегаэкологияға;

- зерттеу затына байланысты: микроағзалар экологиясы, грибтер экологиясы, өсімдіктер экологиясы, жануарлар экологиясы, адам экологиясы, ауылшаруашылық экология, өндірістік экология, жалпы экология;

- тіршілік ортасы мен құрамы бойынша: жер экологиясы, таза су қоймалары, теңіз экологиясы, Қиыр шеткі солтүстік экологиясы, таулар экологиясы, химиялық экологияға;

- затты зерттеу бойынша: талдамалық, динамикалыққа;

- уақыт факторы бойынша: тарихи және дамушы болып бөлінді.

Популяциялар экологиясы – демэкология.Демэкология түрдің жекелеген өкілдерінің құрылымы мен динамикасын зерттейді.«Популяция» терминін ғылымға алғаш 1903 ж. В.Иогансен енгізді.

Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және бір территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология.Өзара байланысқан және бірдей жағдайда тіршілік ететін өсімдіктердің, жануарлардың, жәндіктердің ұйымдасқан тобы биоценоз деп аталады (биоценоз - ортақ өмір). Биоценоз ағзадан да жоғары сатыда орналасқан тіршілік етудің ұйымдық түрі. Ал ортақ тіршілік ортасы уақыт пен кеңістікте фауна мен флорасын өзгертпей, жануарлардың белгілі бір топтарымен сипатталынады. Биоценоз мыналардан құралады: фитоценоз (өсімдіктер), зооценоз (жануарлар), микробоценоз (микроағзалар). Бұл биоценоздың дәл бір шекарасы жоқ, олар кеңістікте бір біріне үзіліссіз өтіп те кетеді.

Қауымдастықтардың қосылу заңдылықтары мен олардың ортақ өмір сүруін зерттейтін экология бөлімі синэкология немесе биоценология деп аталады.

 

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Литосфераға анықтама бер

Литосфера — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның кқалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.

Атмосфераның өнеркәсіптен ластануы

Қара металлургия. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өңдеу кезінде де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді. 1 тонна шойынды балқыту кезінде 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкіртті газ, 0,5-0,1 кг марганец бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк, фосфор, сурьма, қорғасын қосылыстары, сынап парлары, шайырлы заттар бөлінеді. Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен, газбен ластау көзі болып табылады. Түсті металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды заттар, мышьяк, қорғасын және т.б. заттар бөлінеді. Электролиз арқылы алюминий алу кезінде де электролиздік ванналардан көптеген шаңды және газды фтор қосындылары бөлінеді. 1 тонна алюминий алу үшін электролиздердің түрі мен қуатына байланысты 33-47 кг фтор жұмсалып, оның 65% қоршаған ортаға тарайды.

Абиоткалық және биотикалық факторлар

Абиотикалық факторлар дегеніміз - организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар - химиялық (атмосфераның химиялық құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер т.б.) және физикалық (температура, қысым, ылғал, жел, радиация т.б.) деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, космостық сәулелер, т.б. факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді.

 

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Биохимиялық айналым

Планетадағы барлық заттар үнемі айналымда болады.Биохимиялық (биогеохимиялық) айналым — биосферадағы заттар мен энергия ауысуының белгілі бір тәртіппен қайталанып тұруы. Табиғаттағы геосфераның барлық түрлерінде химтялық элементтер мен олардың қосылыстары үздіксіз биогеохимиялық айналымға түседі.

  • Ол күн сәулесінің энергиясы және организмдердің тіршілік процесі арқылы жүзеге асады;
  • химиялық элементтердің бір геологиялық құрылымнан екіншісіне ауысуын, шоғырлануының көбейіп-азаюын тудырады;
  • тіршіліктің сақталуына және эволюциялық дамуға жағдай жасайды.

Биосферадағы кейбір биогендік элементтердің жылдық айналымының қайталануы 95 — 98%-ке жетеді. Биогендік элементтердің қазіргі Жер бетінде таралуы геологиялық эволюция нәтижесінде қалыптасты. Тірі организмдер даму сатысында биосфералық айналымнан геологиялық айналымға ауысып отырады. Ауадағы оттек, азот, Жер қойнауындағы кейбір кендер (мұнай, көмір, т.б.) осындай ауысудың нәтижесі. Адам өзінің шаруашылық іс-әрекеті арқылы биосферадағы биогеохимиялық айналымның өзгеруіне ықпал жасайды. Адамның қолымен жасалған кейбір материалдар (жасанды талшықтар, жасанды жуғыш заттар, ксенобиотиктер) табиғи биогеохимиялық айналымға қатыспайды және биосферада ыдырамайды. Сондықтан болашақта өндіріске қалдықсыз технологияны енгізіп, экожүйеге ауыл шаруашылығы мен өндірістен түсетін өнімдерді тиімді қайта өңдеп, биосферада биогеохимиялық айналымның қалыпты жүріп отыруына жағдай жасау қажет.Начало формыКонец формыБиогеохимиялық айналымдар.организмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергиямен зат айналымын яғни химиялық элементтердің тірі организмдердің қатысуымен қозғалуын және өзгеруін беогеохимиялық айналымдар деп атайдыы.Химимялық элементтер биосферада биологиялық айналымның әртүрлі жолдарымен тірі затпен жұтылып энергиямен қамтамасыз етіледі де сосын тірі затты тастап жиналған энергияны сыртқы ортаға беріп үздіксіз айналымда болады.Осындай үлкенді-кішілі тұйық жолды Вернадскийдің беогеохимиялық айналымдар деп атады.Бұл айналымды екі типке бөлуге блады:1)газ тәрізді заттардың атмосферадағы немесе гидросферадағы айналымы 2. Жер қыртысындағы шөгінділер.



Просмотров 2225

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!