Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Табиғи ресурстардың классификациясы



Табиғи ресурстар - адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатады. Табиғи ресурстардың бірінші белгісі - олардың түрі.Бұл белгіге сәйкес олар табиғи құбылыстар (күн энергиясы, жел, мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы), өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі, табиғи заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, т.б. әртүрлі рудалар) болып бөлінеді. Сонымен қатар пайдалы қазбалар пайдалануға дайын (көмір, бағалы тастар, тұз) және өңдеуді қажет ететін (мұнай, синтетикалық тыңайтқыштар) болуы мүмкін.Табиғи ресурстардың екінші белгісі - олардың қоры.Бұл белгісі бойынша оларды сарқылатын және сарқылмайтын деп бөледі.Сарқылмайтын табиғи ресурстар - табиғатты ұзақ пайдалану кезінде саны мен сапасы өзгермейтін немесе аздап қана өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер. Мұндай ресурстарға Күн энергиясы, жел энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауы энергиясы жатады. Қоршаған ортаның ауасы мен суы саны бойынша өзгермеуі мүмкін, бірақ адамның тіршілігі барысында сапасы төмендеуі әбден мүмкін. Бұл табиғи байлықтар қазіргі таңдағы техника мен технологияның көмегімен (су, шаң, газ тазалау, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық шаралар) сарқылмайтын бола алады.Сарқылатын табиғи байлықтар - табиғатты пайдалану барысында саны мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.Үшінші классификациялық белгі - сарқылатын табиғи байлықтардың орнына кайта келуі.Бұл белгісі бойынша сарқылатын байлықтардың мынадай түрлері бар:-қалпына келетін -өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер әлемі;-қалпына келмейтін - миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында түзілген пайдалы қазбалар (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоактивті металдар рудалары, мұнай, газ және т.б.);-салыстырмалы қалпына келетін - пайдалануға қарағанда орнына қайта келуі баяу жүретін ресурстар (құнарлы қара топырақ, үлкен жастағы ағаштар - секвойя, баобаб және т.б.).Сонымен қатар бұл құбылыстардың қандай масштабта: планетада, үлкен аймақта (континент), жеке географиялық ауданда немесе белгілі бір экожүйеде жүріп жатқанын ескерген жөн. Мұндай әртүрлі масштабта қарастыру кезінде табиғи байлықтың бір түрі сарқылатын да немесе сарқылмайтын да болуы мүмкін

Оршаған ортаның ластануы

Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. «Қоршаған орта» сөзіне түсінік беру.Қоршаған орта-адамдар,өсімдікпен жануарлар дүниесінің бірлесіп өмір сүру ортасы.Оның құрамына гидросфера, атмосфера, литосфера, биосфера мен жерге жақын ғарыштық кеңістік жатады. Адам табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан,табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Қазіргі уақытта табиғи сулардың құрғауы және ластану қаупі тұр. Адамзат толығымен құрлықтардың жербеті суларына көлдер мен өзендерге тәуелді.Суды пайдалану ылғи өсіп отыр, ең бір қаупі –оның қорының таусылуы. Орта Азия өзендерінің суын ысырапсыз пайдалану – Арал теңізінің жойылуына әкеп соқты. Қауіп кеткен теңіз түбіндегі тұздар жүздеген км-ге желмен таралып, топырақтың тұздануын тудырады. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан субасу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

Табиғи қорықтар

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілд рінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.Мысалға келтіре айтсам Ақсу-Жабағылы қорығы 1927 жылы ұйымдастырылды. Бұл-Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қазіргі кезде қорықтың көлемі 12 8118 га, ол Қазақстанның Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасы тоғысқан жерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысында орналасқан. Сонымен қатар қорықта екі палеонтологиялық жер бар, олар Қаратау тауында орналасқан. Қорықтың негізгі территориясы Талас Алатауы жотасының батыс бөлігі мен теңіз деңгейінен 1100- 4200м биіктіктегі Угам жотасының қиыр солтүстік-шығыс тарамын алып жатыр

 

ЕМТИХАН БИЛЕТІ



Просмотров 5935

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!