Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау



1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау радиациялық қауiпсiздiк нормаларын, санитарлық ережелердi, гигиеналық нормативтердi, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi әдiстемелiк, нұсқаулық және өзге де құжаттарды белгiлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл актiлер радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық стандарттарды ескеруге тиiс және осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуге тиiс.
2. Радиациялық қауiпсiздiк саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
3. Радиациялық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттарды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және пайдаланушы ұйымдар өз құзыреттерi шегiнде радиациялық қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттер негiзiнде бекiтедi және қабылдайды.

Радиоактивті сәуленің үлкен қаупі ол адамның сезім мүшелерінде мәлім болмайтындығында. Адам ұзақ уақыт радиацияның әсерінде, ешқандай анық жағымсыз сезінулерді байқамай жүруі мүмкін. Бұл өзі адам өміріне үлкен қауіп және еңбекті қорғау талаптарына жайбарақат қарауынан, нәтижесінде жоғарыда айтылған қатерлерге алып келеді. Радиациялық заттармен жұмыс істеу үлкен қауіп екенінінің өзін түсіну басқа қауіптермен ешбір салыстыруға келмейтін жағдай.

Адам ағзасының радияциялық сәулеленуі сыртқы және ішкі сәулелену болып бөлінеді. Сыртқы сәулелену адам ағзасына сырттан ионизациялық сәулелердің әсер етуін айтамыз. Мысалы, ғарыштық сәулелер, табиғи радиоактивті көздер, атмосферада, суда және т.б болатын , сәлеленудің көздері техника мен медицинада және т.б қатарларда қолданылады. Ішкі сәулелену деп адам ағзасына тыныс мүшелері, ішек-қарын, тері мүшелері арқылы енуін айтамыз. Ішкі сәулелену адам ағзасында бүкіл уақыт бойы әсер етіп жүреді. Сондықтан да радияциялық изотоптар жартылай ыдырауымен және қарқынды сәулеленуімен адам ағзасында ұзақ мерзімді қатерлі ісікке алып келеді.

 

 

54. ТЖ кезінде қолданылатын ұжымдық қорғаныс құралдарына (панахана, баспана) сипаттама беріңіз. Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып,төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады.

Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады. Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі.

Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.

жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Ж.қ.қ-на газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киім-кешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, қолғап) болып табылады.

 

ТЖ кезінде қолданылатын тыныс алу жолдарын қорғайтын жеке бас қорғаныс құралдарының құрылысына (газқағарлар) сипаттама беріңіз.

Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.

Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпы әскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды.

 

 

ТЖ кезінде қолданылатын тыныс алу жолдарын қорғайтын жеке бас қорғаныс құралдарының құрылысына (газқағарлар) сипаттама беріңіз

Қызметтік принцптеріне байланысты тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары сүзгіш және оқшаулағыш болып екіге бөлінеді. Сүзгіш құралдар ауадағы оттегінің жеткілікті болуы және зиянды заттардың шектеулі мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етсе, оқшаулағыш құралдар ауадағы оттегінің жеткіліксіз болуы және зиянды заттардың шектеусіз мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етеді.

Сүзгіш үш түрге бөлінеді:

•аэрозольдан қорғануға арналған, шаңға қарсы;

•булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газға қарсы;

•ауада бір мезгілде болатын аэрозольдан және булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газды шаңнан қорғайтын.

Оқшаулағыш екі түрге бөлінеді:

•шлангты, ауа беруді қамтамасыз етеді, таза аймақтан ауа соруға арналған;

•автономды, ауамен қамтудың жеке көзінен тынысалу қоспаларының берілуін қамтамасыз етеді.

Тыныс алу органдарын аэрозольдан қорғау үшін әр түрлі маркадағы респираторлар қолданылады.Тыныс алу органдарын ауа құрамында болатын булы газ тектес зиянды заттардан және аэрозольдан қорғану үшін респираторлар қолданылады: газға қарсы, сорбитті – сүзгіш, газды шаңнан қорғайтын, клапансыз, бір рет қолданатын. Респираторлар негізінен резеңкелі жартылай маскадан және қуыстық сүзгіштерден (екі сүзгіш секция) тұрады. Қуыстық сүзгіштер қағаздан, матадан, шұғадан (фетра), мақталы материалдардан жасалады.

Автономды - адамды баллондағы тыныс алу қоспасымен қамтамасыз етеді (сығылған ауа немесе оттегі) немесе жұтылған ауаның регенерациялануы есебіндегі оттегісі бар заттардың көмегімен қамтиды.

Шлангті - тынысалу органдарына таза ауа шланг арқылы ауа үрлегіштен немесе компрессордан келеді.

Басты қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Сыртқы әсерлерден – ұсақ заттардың құлауы, жаздағы ашық күннің астында жүргізілетін жұмыс кезіндегі күн сәулесінен және т.б. басты қорғау үшін каскалар (фибрлі, виннипластты, дюралюминді, текстолитті, полиэтиленді, әйнекті пластиктен жасалған), шлемдер, шлемнің астынан киетіндер, бас киімдер, береттер, мен қалпақтарды пайдаланады. Каска корпустан, ішкі қабат пен иек асты бауынан тұрады. Каска корпусының бет пердесі өлшеміне қарай 400 және 460 г. болады.



Просмотров 3500

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!