Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жүйелерінің сенімдігін есептеу



. Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияны Пфлюгер, Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды. Бірақ толық түрде бұл теория биохимик, академик А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған “Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория бойынша тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған.

“Тіршіліктің басы қашан басталады”, деген сұраққа жауап беру үшін, “тіршілік дегеніміз не” деген сұраққа жауап беруіміз керек. Тіршілік дегеніміз - “кез келген организмнің өзінің орнына ұрпақ қалдыру, өзгеру және осы өзгерістерді қайта өндіру қасиеті” дегеніміз дұрыс болар. Бұл қасиеттер энергия мен информация беруді жүзеге асырадыӨмір қауіпсіздігі - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтеншө жағдайларды ескерту мен салдарын жою жәнө осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.

тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары

- адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары;

- жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық қүралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру;

- шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығын зерттеу әдістері;

- ТЖ мөн оның салдарын болжау;

- Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;

- Тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік - техникалық және үйымдық негіздері.

- еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау;

- адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу жәнө оны іске асыру;

- техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектілерін қауіпсіздік және экологиялық тәртіптеріне сәйкес пайдалану;

- шаруашылық объектілері мен техникалық жүйелердің қалыпты жағдайы мен төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығы;

- төтенше жағдай салдарын болжау және бағалау;

- халықты, өндіріс қызметкерлерін, авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау жөніндегі шешімдерді және оларды жою жө- ніндегі шараларды қабылдау.

 

41. Төтенше жағдайлар кезінде зардап шегушілерге көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Жеке қорғаныстың медициналық құралдары – медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау әсерін және сақтандыру кезіндегі күнделікті төмендету және зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады.

Кестелік медициналық қорғаныс құралдарына мыналар жатады:

— АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы;

— ИПП-8, ИИП-10 радиациялық қауіпті аймақта тұратын халыққа арналған әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы;

— ППМ медициналық таңу пакеті.

АИ-2 пластмасалы қорапшасы

— АИ-2 пластмассалы қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдар жиыны. Көлемі — 90*100*20 мм, массасы – 100г. Қобдиша ұяларында мынандай құралдар орналасқан:

1-ұя – резервтік, ауруды басатын дәрмек салынған шприц түтікті ( 2% промодел ерітіндісі – 1мл) салуға арналған.

2-ұя – қызыл түсті пеналды, фосфорлы-органикалық заттарға қарсы антидот таблеткасы (тарен, 6 таблетка). Бір таблеткада 0,006 гр таза тарен бар. Зақымдану ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланады.

3-ұя – үлкен түссіз пеналды, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 2 (әрқайсысы 0,2 гр сульфадиметоксидінің 15 таблеткасы). Таблетканы асқазан-ішек ауруы кезінде радиациялық сәулеленуден кейін қабылдайды (алғашқы тәуліктерде 7 таблеткадан қабылдайды, екінші немесе үшінші күннен кейін тәулік сайын 4 таблеткадан).

4-ұя – алқызыл түстегі екі пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 1 (әрқайсысы 6 таблеткалы цистамин). Бір таблеткада 0,2 гр препарат бар. Таблеткаларды сәулелену басталғанға дейін 30-60 мин бұрын радиоактивтік зақымдану қаупі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды (6 таблетка). Таблетканы қайта қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рұқсат етіледі.

5-ұя – екі ақ пеналдағы кеңінен қолданылатын антибиотик, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 1. Тетрациклиннің бір таблеткасында 1 000 000 бірлік антибиотик бар. Хлортетрациклинді бактериялық зақымдану қаупі кезінде шұғыл дәстүрлі емес профилактикалық мақсатта қолданады. Бір жолғы мөлшері 500 000 бірлік. Таблетканы жараланған және күйген кезде қабылдайды. Әр пенал 5 таблеткадан, ал 6 сағаттан кейін сол мөлшерде тағы қабылдауға болады.

6-ұя – ақ түсті пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 2 (йодты калий – 0,125*10 таблетка). Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған жағдайда қабылдайды (10 күн бойы әр күн сайын 1 таблеткадан).

7-ұя – көк түсті пеналдағы құсуға қарсы дәрмек (этаперазин – 0,006 гр 5 таблетка). Бас ауырғанда, қатты соққы тигенде және құсықты тоқтату үшін сәуленің бастапқы әсері кезінде пайдаланылады.

Жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы тізбеленген дәрі-дәрмектермен қатар оларды пайдалану және қолдану жөніндегі нұсқаулық бар.

Әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы мына құралдармен жабдықталған: радиациядан қорғау құралдары, жалпы терапефтік препараттар (аспирин, седальгин, аммияк, бесалол, валидол, нитроглицирин, папазол, диазол, феназепам), антисептикалық және таңғыш құралдар ( бриллианттық жасыл, калий пермаганат, деринат, левоменол немесе мафенидин ацетат, мақта, бактерицитті жабысқыш, бинт).

Жеке химиялық улануға қарсы пакет (ИПП-8)

Адамның денесі мен киіміне, жеке қорғау құралына, приборға, аспапқа түскен улы сұйық зат тамшыларын залалсыздандыруға арналған. Ол жалпақ ыдыстан (газсыздандырылған ерітіндімен толтырылған) және төрт мақталы дәрі тампонынан тұрады.

Әуелі пакетті ашып, ыдысты алады. Бұдан кейін оның тығынын ашып, тампонның бірін жақсылап малып алады. Содан соң терінің күдікті ашық жерлерін мұқият сүртеді де, қайтадан шаяды. Сонымен қатар жаға мен жеңнің ұшын міндетті түрде сүрту керек. Оны жаққан уақытта теріні күйдіруі мүмкін.

Пакеттегі сұйық улы және көз үшін қауіпі, сондықтан көздің айналасындағы теріні құрғақ шүберекпен сүртіп, таза сумен немесе ас содасы ерітіндісімен жуу керек.

Химиялық уланудан қорғайтын жеке пакет жоқ жағдайда улы заттарды қолда бар химиялық заттармен залалсыздандыруға болады. Ересек адамдардың терісін емдеу үшін алдын-ала 1 л 3%-тік сутегі тотығы мен 30гр күйдіргіш натрий даярлау керек. Оларды пайдаланардың алдында жақсылап араластырады. Күйдіргіш натрийді селикаттық желіммен ауыстыруға болады (150 гр желімге 1 л 3%-тік сутегі тотығы). Қолдану әдісі химиялық уланудан қорғайтын пакеттегі сұйықтықтікіндей. Құрғақ натрийді қолданған кезде оның тері мен көзге тимеуін қадағалау қажет.

ИПП-10 құтысының бет жағы хайуанат қабырғасына ұқсас, қақпағы ыңғайлы. Қақпақ қолданған кезде тампонды емес тікелей тері мен киімнің зақымданған жерін шаяды.

 



Просмотров 3823

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!