Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері



Бұл турасында Ожегов өз сөздігінде: «құдреттті күшке (аруаққа, құдайға) иланатын қоғамдық түсінік формасының бір түрі» деп түсіндірген. Дін адамзат тарихының айнымас бір бөлігі, сенім формалары өзгергенімен мәні бір — илану, сену. Діннің көне формалары яғни отқа, пұтқа табыну қазір салт-дәстүр сынды өзге мәнге ие болды. Мысалға айталық пұтқа табыну. Қазір бұрынғы пұттар қарапайым мүсінге (статуетка) айналып кетті, оны біз бір бірімізге сыйлық ретінде реті келген кездерде беріп жатамыз. Отқа табынуға келсек, жас келін табалдырық аттамастан бұрын отқа май құю салтын еске түсірсеңіздер-ақ жеткілікті.

Экстремизм термині сөзбе-сөз (лат. ехігетш- шеткі) шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм бұл әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Оған анықтама беруде эксперттік ортада әртүрлі түсінік бар. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші топ экстремизмді бір созбен негативті және әлеуметтік қауіпті құбылыс деп бағалайды. Бұл бағытты ұстанушыларды «консерваторлар» деп белгілеуге болады. «Консерваторлар» бағытыңдағылар негізінен ғылыми академиялық орта, сонымен қоса құқық қорғау орғандарының қызметкерлері.

Экстремизмнің пайда болуына сараптама жасай келе бұл құбылыстың негізінде адамдардың табиғи мүдделерінің қақтығыстары экономикалық, әлеуметтік, этникалық және конфессиялық қарама-қайшылықтары жатқанын көруге болады.

Экстремизмнің кең және нақтылы өлшемдеріне бағаны берген Ресейлік эксперт М. Краснов. Оның ойынша экстремизмге мынадай идеяларды, бағыттарды, доктриналарды таратуға бағытталған әрекеттерді жатқызуға болады:

• адамдарды таптық, меншіктік, рассалық, ұлттық немесе діндік ерекшеліктеріне байланысты бөлу;

• адам құқығын конституциялық құндылық ретінде жоққа шығару;

• ашық плюрализм мүмкіндігін, идеяларды еркін тарату және айырбастауды жою;

• бір идеологияны мемлекеттік ретінде орнату;

Экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әр түрлі болады және сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Қазіргі кезеңде экстремизмнің пайда болуының негізгі факторлары ретінде эксперттер мыналарды ұсынады: әлеуметтік экономикалық тоқырау; жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің өмір сұру деңгейінің кұрт түсуі; мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың деформациясы; олардың қоғамдық дамудың пісіп тұрған мәселелерін шешуге қабілеті жетпеу; саяси режимнің тоталитарлық сипат алуы; биліктегілердің оппозицияны басып тастауы; еркін, жаңаша ойлауды қуғындау; ұлттық қанау; жеке топтардың өз міндеттерін шешуін жеделдетуі; лидерлердің саяси амбициялары және т.б.

Дін адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды бөлшегінің біріне айналды. Дін арқылы адамдар арасындағы рухани байланыстан, ұлтаралық келісім мен қоғамның беріктігі, адами құндылықты, салт-дәстүрді сақтаудың ең жақсы мүмкіндігін көре білуіміз қажет. Қоғамның діни өмірінің демократизациялауы бір жақты оң нәтиже бере бермейді. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бұл көптүрліліктің нәтижесі діни конфессиялар формасы. Бұлардың әр қайсысы өз наным-сенімдерінің қағидаларымен өмір сүреді. Әртүрлі діндердің бір кезеңде, бір этно-мәдени кеңістікте болуы теологиялық мәселе ғана емес, әлеуметтік мәселе тудыратындығы сөзсіз. Діндердің өзгертуге болмайтын өзіндік діни ілімдері мен дәстүрлері бар, кейбір жағдайларда бір-біріне қайшы келетін, тіпті жоққа шығаратын, дінаралық сұхбат мүмкін болмайтын жақтары да кездеседі. Діннің негізгі мақсаты адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу болып табылады. Қазіргі әлемнің міндеті жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылык құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын қазіргі жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін және әр түрлі саяси құрылымдарды, сан алуан этностар мен конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды. Конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің нығаюы үшін, діннің біріктіруші, рухани тұрғыдан құрушы фактор есебінде рөлінің күшеюі үшін діни мәдениет пен діни сананы қалыптастыру қажет.

Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы - олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық ЖОО-да «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.

Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация түсініктеріне анықтама беріңіз. ТЖ-дағы санитарлық тазалау және оны жүргізу қалай жүзеге асырылады.

Дегазация — газдан тазарту, зақымдалған объектілердегі улағыш заттарды жою. Тұрақты улағыш заттармен уланған жерлерді, қорғаныс бекіністерін, соғыс техникасын, азық-түлікті, ауыз суды, т.б. зиянсыздандыру. Дегазацияны жүргізу тәсілдерінін ең тиімдісі — химиялық тәсіл: дегазациялық заттармен окшауландыру (зиянды қасиеттерін жою), дегазациялаушы ерітінділер бүрку, тұрақты улағыш заттарды ерітінділермен жуу, суға кайнату, уланған жер қабаттарын зиянсыздандыру, уланған заттарды кыздыру (балқыту), уланған жерге жанғыш материалдарды жағу. Қару-жарақтар мен әскери техника толық дегазацияланады. Әскери бөлімдерде Дегазациялық жүмыстарға Дегазациялық су сепкіш машиналар, гидропульттер, аспаптар және әр түрлі дегазациялаушы заттар қолданылады. Ерітінділер ретінде және қару-жарак пен әскери техникадағы улагыш заттарды жууға бензин, керосин, спирт, т.б. сұйық заттар қолданылады. Дегазациялық заттар белгілі бір жерді, әскери техниканы, көлік құралдарын дегазациялауға немесе техникалық тәсілмен жердің, қардыд уланған қабаттарын ысыруға пайдаланылады. Бұл жүмыстарға автотараткыш станциялар, аспалы дегазациялық аспаптар және жол машиналары (грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыштар, су себетін машиналар, скреперлер т.б.) колданылады. Дезактивация — әскерлерді радиоактивтік заттардың әсерінен (зақымынан) сактау максатымен каружарақтан, киім-кешектен, азық-түліктен, судан, корғаныс бекіністерінен және т.б. уланған объектілерден радиоактивті заттарды кетіріп, кауіпсіздік дәрежеге жеткізу. Дезактивация механикалық жәнехимиялық тәсілмен жүргізіледі. Механикалық тәсілмен дезактивациялау уланған аудандарда немесе одан жаңа ғана тыққан бөлімдердің өзінде жүргізіледі. Бұл жағдайда уланған объектілердегі әскерлер болатын жерлердегі радиоактивтік заттар жойылады, ал кару-жарақ түгелдей дезактивацияланады. Механикалық тәсіл мынадай жоддармен жүргізіледі: уланған қару-жарак пен әскери техниканы жуу немесе сүрту, уланған бөлшектерді дезактивациялаушы затқа малынған шүберектермен, кендірмен сүрту, уланған киім-кешекті қағу, щеткамен тазалау, уланған жердің, қардын, азык-түліктің бет жағын алып тастау және т.б. Химиялық тәсіл толық дезактивация жүргізгенде колданылады. Бұл тәсіл закымданған жерлердегі радиоактивті заттардын қауіптілігін жояды. Дезактивациялауға СФ-2 немесе СФ-24 ұнтақтарының судагы ерітінділері қолданылады. Толық дезактивация тек қана уланбаған аудандарда бөлімшелердің өзінде немесе арнаулы пункттерде лауазымы үлкен командирдің үйғаруымен ұрыс аякталған соң немесе ұрыс толастаған кезде жүргізіледі. Дезактивациялаушы заттар материалдар мен техникалық құралдар болып екі топка бөлінеді. Материалдарға: су, топырақ, құм, дезактивациялаушы ерітінділер, құрамында жугыш касиеті бар заттар, ерітінділер және т.б. жатады. Дезактивациялаушы техникалық құралдарға автодегазадия машиналары, автоматты су құйғыш станциялар, грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыш, өрт сөндіргіш машиналар, ауыл шаруашылығындағы соқалар, тырмалар және т.б. жатады. ДЕЗИНСЕКЦИЯ – ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құсфабрикаларында,ет комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты – ауруқоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялықәдістері бар. Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды. Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан тазартылады. Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т.б.) қолданылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындалады.



Просмотров 2313

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!