Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Рама эвакуациялық пунктті орналастыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу



Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру тәртібі белгіленді.

Халық аймақтық және көлемді төтеше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға авиациялық авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.

Уақытша көшіру шаралары:

ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін – өндіістік прингцип бойынша;

халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;

көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндіндігінше жеке меншік көлік иелерінің көлігін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

Көшіру шаралары мынаны қамтиды:

- көшіру – Төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардың құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.

- қоныстандыру – бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларында жұмысын жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру.

Көшірудің негізгі принциптері:

- көшірілуге тиіс халықтың барлық санытын барынша қамту;

- көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;

- көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу

- көшіру шараларын жүргізу кзінде көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;

- орналастыру, қоныстандыруорындарын дер кезіндедаярлау;

- көшірілетінхалықтыжолдаорналастыруорындарындатіршіліккөзіменқамсыздандыру.

Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, қорғаңыс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді. Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі.

 

43. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тәртіп ережелері. Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ. Төтенше жағдай - апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады. Бүл процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.

Табиғаттағы тосын жағдай Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсімдіктер мен хайуанаттардың уымен улану, табиғи-ошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту жәнө дененің суынуы, улы хайуанаттар мен жәндіктердің шағуы, жұқпалы аурулар. Экологиялық тосын жағдайларға белгілі жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар жатады (суық, ыстық, аштық, шөлдеу, шаршау, экоулану, тән ауруы). Олардың жағымсыз әсер ету деңгейі ерекшелігі соншалықты аурудың асқынуына, сіресіп қалушылыққа алып келеді.

Қауіп дегеніміз – жоғалтудың әлеуетті, сандық өлшеуге болатын мүмкіндігі және табысты дамуға арналған қатерлер. Қауіп түсінігі қолайсыз жағдайлар мен салдардың жұмысында пайда болуы ықтималдығымен байланысты белгісіздікті сипаттайды. Зілзала бұл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бүзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат қүбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады.

Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бүрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады. Әр бір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, қозғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар. Зілзаланың бір-бірінен айырықша ерекшеліктерімен қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі. Апат - бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады.Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.

Көлемді анықтау кезінде өлшөм үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мүқтаждардың сан апат салдарының әсеріне үшырағанаумақ.Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді : -табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала);-жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардантуындайды).Табиғи:

1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақүйын, қатты ыстық, қүрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт).

2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі).

З.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың қүлауы,су басу).

4. Космостық (метөориттердің және басқа космостық денелердің қүлауы, олармен соқтығыс).

Жасанды:

1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, төңіз,өзен,темір жол).

2. Әндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық,

термикалық).

3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық).

4. Әлеумөттік (соғыс, аштық, қоғамдық және үлттық тәртіпсіздік,терроризм, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания).

Әрбір апат ошақ қүруға алып келеді, бүлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ - бүл төтенше жағдай.

 



Просмотров 2362

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!