Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Халықтың қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі іс-әрекетін сипаттаңыз



Қар көшкініне тап болған кездегі өзін-өзі құтқару әдістері:

— көшкін сырғыған жағдайда жүктерді лақтырып тастап бірінші кезекте мұзұрғыштан, қапшықтан, шаңғы мен таяқтан босаныңыз;

— көшкіннің шетіне шығуға талпынып, негізгі қар массасын өзіңізден өткізіп жіберіңіз;

— шаң тәріздес көшкінге тап болған жағдайда (құрғақ қар) одан тұншығып қалмау үшін ауыз бен мұрынды бас киіммен немесе бөкебаймен жабу керек;

— қолдан келген барлық әдіспен (аяқ-қолды қозғалта) үстіңгі бетте қалуға тырысыңыз.

Егер көшкін басыңыздан жоғары басып қалса, ол тоқтағанға дейін тізені ішке бүгіп басты қозғалту арқылы демалу үшін беттің төңірегінен үлкен кеңістік жасауға тырысыңыз; көшкін тоқтағаннан кейін төменгі жақ пен үстіңгі беттің қайда екендігін анықтап, қолмен ауыздың төңірегіндегі кеңістікті кеңейтіп, сілекейді түкіріп тастаңыз; көшкін кезінде айқайлау пайдасыз, бұл тек күш пен ауа қорын шығын қылады, егер құтқарушылардың қадамы естілсе ғана айқайлауға болады. Сабырлық сақтап ұйқымен күресіңіз. Тыныс алу үшін қажетті ауаның қар арасынан өтетіндігін есте сақтаңыз. Көшкін астынан 11 күннен соң адамдар тірі табылған оқиғалар да белгілі. Алайда көшкін басқан адамның бетінің айналасынан тыныс алу кезінде су буының жиналу нәтижесінде герметикалық мұз қыртысы пайда болады. Сондықтан зардап шегушіні қар астынан мүмкіндігінше жылдам шығарып алуға тырысу қажет. Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

Қар көшкініне тап болған кездегі өзін-өзі құтқару әдістері:

— көшкін сырғыған жағдайда жүктерді лақтырып тастап бірінші кезекте мұзұрғыштан, қапшықтан, шаңғы мен таяқтан босаныңыз;

— көшкіннің шетіне шығуға талпынып, негізгі қар массасын өзіңізден өткізіп жіберіңіз;

— шаң тәріздес көшкінге тап болған жағдайда (құрғақ қар) одан тұншығып қалмау үшін ауыз бен мұрынды бас киіммен немесе бөкебаймен жабу керек;

— қолдан келген барлық әдіспен (аяқ-қолды қозғалта) үстіңгі бетте қалуға тырысыңыз.

Егер көшкін басыңыздан жоғары басып қалса, ол тоқтағанға дейін тізені ішке бүгіп басты қозғалту арқылы демалу үшін беттің төңірегінен үлкен кеңістік жасауға тырысыңыз; көшкін тоқтағаннан кейін төменгі жақ пен үстіңгі беттің қайда екендігін анықтап, қолмен ауыздың төңірегіндегі кеңістікті кеңейтіп, сілекейді түкіріп тастаңыз; көшкін кезінде айқайлау пайдасыз, бұл тек күш пен ауа қорын шығын қылады, егер құтқарушылардың қадамы естілсе ғана айқайлауға болады. Сабырлық сақтап ұйқымен күресіңіз. Тыныс алу үшін қажетті ауаның қар арасынан өтетіндігін есте сақтаңыз. Көшкін астынан 11 күннен соң адамдар тірі табылған оқиғалар да белгілі. Алайда көшкін басқан адамның бетінің айналасынан тыныс алу кезінде су буының жиналу нәтижесінде герметикалық мұз қыртысы пайда болады. Сондықтан зардап шегушіні қар астынан мүмкіндігінше жылдам шығарып алуға тырысу қажет.

Көшкін қаупі кезінде тауда қалған туристерге мынадай көрнекі болжамдық белгілерді естерінде сақтау пайдалы, олар пайда болған сәтте тез қауіпсіздік шараларын қабылдаған жөн:

— іле Алатауының ортатаулық белдігіндегі күзгі-қысқы кезеңдегі қар көшкіннің лықсуы беткейдегі ескі қар биіктігінің 30-40 см деңгейінде басталады. Бұл жағдайда көшкіннің лықсуы үшін 20-25 см жаңа жауған қар, ал аязды күні өте жеңіл үлпілдек қар жауса, онда 10-15 см жеткілікті;

— қатты қар жауған кездегі жаппай көшкіннің пайда болуы қарашаның өзінде болуы мүмкін;

— қар жиі жауған кездегі ( сағатына 3 см) қар көшкінінің қауіпті ахуалы 3-4 сағаттан кейін тууы мүмкін, сондықтан бұл уақытты қауіпті аймақтан шығу үшін пайдалану керек;

— қысқы-көктемгі кезеңде үстіңгі бетте қар жамылғысы жоқ жағдайда теңіз деңгейінен 1800 м жоғары аймақтағы алғашқы ылғалды көшкін жылынғаннан бастап 18-24 сағаттан кейін лықси бастайды;

— егер жылы күні жауын-шашын түсе бастаса қауіпсіз аймаққа тез шығуы қажет.

— төзімді (адам салмағын көтеретін) және қуатты (20 см жуық) мұз қыртысы (қар бетіндегі қатқан түйіршік) тек таңертеңгі сағаттарда сенімді бола алады, ал онымен жүрген кезде (қажетті жағдайда) жүрушілер тобында үлкен арақашықтықты сақтай отыра қозғалу қажет.

— егер аз жауған қар жаяу бұрқасынға ұласса, онда 4-6 сағаттан соң дауылды көшкін болуы мүмкін, ал желдің жылдамдығы 15 м/c болса 2-4 сағаттан кейін болуы мүмкін.

Үгінділер – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы.

Опырылма – тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

Үгінділер мен опырылмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері: жерүсті және жерасты сулары мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Аса ірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырылмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.

Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы қопарылмалы құбылыс өрістеген техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскілерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи геоморфологиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйшігін салу, су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей топырағы суармалы сумен ылғалданады. Опырылмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады.

Сырғымалар мен опырылмалар қаупінің белгілері:

— топырақтың ылғалдануына алып келетін нөсер жаңбырдың жаууы, қар жамылғысының үздіксіз еруі;

— жарықшақтары, бұрын болған қопарылмалардың іздері бар борпылдақ жыныспен жамылған таулы тік жартас;

— тас кесектері құлайтын, жарықшақтары бар, жыныстарын жел кеулеген таулы тік жартас.

Қопарылмалар мен үгінділер аудандарында болған кездегі сақтық шаралары:

1. Таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарын ұдайы қадағалау.

2. Құлау белгілері мен жарықшақтары бар еңіс жартас пен тік беткейлердің жанына тоқтамаңыз.

3. Қопарылмалар мен үгінділер пайда болған үгінділердің шетіне жақындамаңыз.

4. Қауіпті учаскіден бір-бірден, тез және шусыз өтіңіз.

5. Тас құлаған кезде қабырғаға жабысыңыз немесе басыңызды қапшықпен жауып, шығып тұрған жартас ұшының астына жасырыныңыз. 22:29:26

 

Сіздің іс-әрекетіңіз:қар көкіні болғанда

1. Таулы жерге барудың алдында лавина жайлы ескертулер тындаңыз. Егер ондай хабар болса, онда тауға бармаңыздар. Қауіпті склондарды айналып өтуге ұмтылындар. Егерде оны айналуға мүмкіншілік жоқ болса, онда сақ болып қауіпті склондарда бір-бірден өтіңіз.

2. Қар құлаудың бірінші белгілері олар:сынып жатқан мұздың дыбысы, ақ шан, үстінен астына құлап жатқан қар.

3. Егер сіз лавина сізге келе жатқанынды қөрсеніз, онда лавинадан төмен қарай қашпаныз. Лавинаның жылдамдығы 30 метр секундына жету мүмкін.

4. Лавинаның жолынан кетіп немесе биікке (ағашка, скалаға немесе үлкен таска) шығуға үмтылыныз. Ослай сіз лавинаны өзінің астынан өткізесіз.

5. Егер лавина жақын болса, рюкзак, таяқты, шаңғыны лақтырып жіберініз, себебі олар сізге қардың астында кедергі жасайды.

6. Егер лавина сізді алып кетсе бетті жауып, демалмаңыз, өйткені қар сіздің ауызынызға мұрынға кіреді және сіз демаламайғаласыз.

7. Қармен домалап келе жатқанда бір затқа (мысалы скалаға) ұстап калуынызды үмтылыныз. Осындайда қар өтіп кетіп сізді қалдыру мүмкін.

8. Егер лавина сізді алып кетсе оның бетінде қалуға және лавинаның шетіне жылжуға үмтылыныз. Қолдармен өзінен жолдағы тастарды итеріндер.

 



Просмотров 3094

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!