Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері



Бактериологиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар

Бактериялар –формалары мен мөлшерлері әр түрлі дара шаршылы микроорганизмдер. Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, 28-30мин сайын екі дербес клетка шығарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекциялау және жоғары температура (+60град) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді, -25град-ты еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері қолайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сыртқы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабілетті.

Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, жан-жануарларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс дейді. Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді.БҚ ретінде мыналардың пайдаланылуы мүмкін:Адамдарды зақымдау үшін:бактериялық ауруларды қоздырғыштар (оба, тулермия, сарып, күйдіргі, тырысқақ); вирустық ауруларды қоздырғыштар (шешек, қызба, венесуэлалық энцефоломиелит); риккетсиздарды қоздырғыштар (бөртпе, сүзек, таңбалы қызба, Қу-қызба);Жануарларды зақымдау үшін:аусылдың, ірі қара обасының, шошқа обасының, күйдіргінің, маңқаның, жалған құтырудың және басқа аурулардың қоздырғыштары;өсімдіктерді құрту үшін:астық тұқымдастар таты, картоп фитофторозы, солу қоздырғыштары, және т.б. химиялық заттар.БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін созылады, мысалы, тулермияда 6 тәулікке, ал бөртпе сүзекте 14 тәулікке дейін болады. Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды.

Бактериологиялык қару дегеніміз — адамдарды, ауыл шаруашылық малдарын, азык-түлік корларын, жем-шөпті залалдауға арналған жөне жеткізудің техникалық кұралдарына орналасқан жұкпа көздері—кеміргіштер мен тасығыш-жөндіктер, ауру туғызатьш микробтар жөне олар бөлетін уыттар. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.

Бактериологиялык қарудан қорғану жаппай қырып-жою қаруынан қорғанудың құрама бөлігі адамдарға, жануарларға және тыл объектілеріне бактериологиялық қару әсерін жібермеу немесе әлсірету мақсатында жүргізілетін арнайы шаралар кешені. Ол қарсыластың бактериологиялық қару қолдану қатері туралы дәл уақытында ескертуді, бактериологиялық жағдайды білуді, зақымданған жерлерде әрекет ету кезіндегі жеке құрамның қауіпсіздігін, індетке қарсы санитарлық-гигиеналық және арнайы сақтандыру шараларын және қарсыластардың бактериологиялық қаруды қолдануының салдарын жоюды қамтамасыз етеді. Бактериологиялық қарудың әсерін әлсірету мақсатында жүргізілетін шараларға: биологиялық барлау, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану, емдік және санитариялық гигиенаны, ал қажет болған жағдайда әскерлер мен халық арасында емдеу шараларын жүргізу, жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету, бактериологиялық қару қолданылуының зардаптарын жою жатады.

 

 

Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері

Құтқару жұмыстары Азаматтық қорғаныс бастығының шешіміне қарай өндірістің ерекшелігін, ТЖ сипатын және зақым- зардаптың адамға, қоршаған ортаға тигізер ықтималдығын ескеріп ұйымдастырылады. Құтқару жұмыстары жүргізу тәсілдер мен амалдар жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан; коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен; кұрама ic-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.АҚ құрамасын дайындыққа келтіру туралы оның командиріне шаруашылық нысанның АҚ штабы хабарлайды. Барлауды барлайтын буындар жүргізеді. Олардың саны мен құрамы ТЖ аумағына байланысты. Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою."Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі" ҚР заңындағы негізгі түсініктемелер: авариялық құтқару қызметі, авариялық-құтқару құрылымы, төтенше жағдайды алдын алу кезіндегі шұғыл жұмыстар, құтқарушы, төтенше жағдайды алдын алу кезіндегі басқарушы, авариялық-құтқару қызметі мен құрылымының негізгі принциптері."Авариялық құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі" ҚР-ның заңы 1997 жылы 27-ші наурызда қабылданған. Бұл заң табиғи және техногенді сипатқа ие төтенше жағдайлардың алдын алу үшін авариялық-құтқару қызметі мен құрылымдардың ұйымдастырылуын реттейді. Заңда құтқарушылардыңқызметі, статусы, құқығы мен міндеттері, жұмыс тәртібі, демалысы, еңбек төлемі қарастырылған.

Авариялық-құтқару қызметі-төтенше жағдайдың алдын алуға тағайындалған, функциональды бір жүйеден құралған, оның негізін құрайтын авариялық-құтқару құрылымы, құрамына құтқарушы-орындаушылар, авариялық құтқару және шұғыл жұмыс атқаратындар, құтқарушылар - осы жұмысты басқарушылардың кіші, орты және жоғары құрамы мен осы жұмысты қосымша техникамен қамтамасыз ету қызметі кіретін басқару органдарының жиынтығы. Авариялық құтқару құрылымы құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған, арнайы аспаптар мен материалдар, техника, құралдармен жабдықталған құтқарушылар бөлімшесі, ол авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін жеке құрылым болып саналады.Құтқару жұмыстары - адамдарды, материалдық және мәдени бағалықтарды, қоршаған ортаны, әртүрлі сипаттағы қауіп төндіретін факторлар әсерін алдын алуға және шеттеуге арналған төтенше жағдай аумағындағы іс-әрекет.Авариялық-құтқару қызметі төтенше жағдайдың алдын алу кезіндегі шұғыл жұмыстарды, құтқару жұмыстарын, төтенше жағдай кезінде халыққа, зақымдаушыға медициналық және басқа көмек түрлерін көрсету, адамдардың денсаулығын, өмірін және жұмысқа қабілетін сақтауға қажетті жағдаймен қамтамасыз ету шараларын жан-жақты жүргізеді.Төтенше жағдай аймағындағы құтқару жұмыстарына зақымданған ошақты барлау, колонникалық жол салу және үйінділердің арасынан өткел жасау, нысанға барар жерлердегі және құтқару жұмыстары жүргізілетін нысандардағы өртті өршітпей сөндіру, құлап қалған паналау ғимараттары мен жасырыну орындарын қазып, аршу, олардан зардап шеккендерді көшіру, үйінділердің астынан адамдарды құтқару, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, емдеу мекемелеріне жөнелту, халықты төтенше жағдай аймағынан көшіру, адамдарға санитарлық өңдеу жүргізу, аймаққа техникаға және киімге дегазация, дезактивация, залалсыздандыру жұмысын жүргізу жатады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтық қорғау саласында шұғыл медициналық және психологиялық көмек, өртке қарсы құтқару, жедел-құтқару, суда құтқару, авиациялық құтқару қызметтерін, әскерилендірілген және өзге де мамандандырылған кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құрайды.Қазақстан Республикасының азаматтары құтқарушы мәртебесіне олар медициналық куаландырудан, кәсіби қасиеттерін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өткеннен кейін, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді орындағаннан кейінқұтқару жұмыстарын жүргізуге арналған аттестаттау нәтижелері бойынша ие бола алады.

 



Просмотров 8372

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!