Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Сел, оның пайда болу себептері, оған қарсы қауіпсіздік шаралары



Сел – бұл қысқа мерзімді, лай мен тас араласқан, таулы жерлерде болатын су тасқыны. Олар еріген қар мен мұздың, жауын-шашынның салдарынан тау өзендерінің тасуы негізінде болады. Қазақстанның таулы аймақтарындағы сел тасқындары жылдың жылы мезгілдерінде (мамыр-қыркүйек) болады.

Сел тасқынының биіктігі 10-20 метрге дейін барады. (жекелеген жағдайларда 40-50 метрге дейін жетеді), жылдамдығы тау өзендерінің жылдамдығына жақын (3-5 м/с артық). Сел тасқынынан аман қалу мүмкін емес, сондықтан сел қаупінің алдын алу шараларына үлкен мән беріледі.

Сел қаупінің белгілері:

1) Сел қаупі басым аймақта нөсер жаңбырдың жиі жаууы;

2) Ауа температурасының тез әрі ұзақ уақыт жылы болуының салдарынан таудағы көлдердін суға толып, сел қаупі бар өзендердің тасуы;

3) Көлдегі су деңгейінің тез төмендеуі немесе оның бетінде өзен дамбысын бұзатын қуыстың (воронка) пайда болуы.

4) Көл дамбысын бұзуға әкеліп соғатын жер сілкінуі.

Сел қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары:

1. Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз.

2. Сел қаупі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз.

3. Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз.

4.Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның соққысынан сырғыма мен опарылма түсуі мумкін.

5. Сел араларымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-30 м болға тиіс.

6. Сел қаупі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.

7. Сел тасқынының белгісін сезген бойда арнадан қашығырақ кетіп, тау беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз.

8. Сел тасқыны өткеннен кейін селдік арнаға түспеңіз, өйткені ол қайталануы мүмкін.

9. Арнаға төмен түскен кезде және онымен жүрген кезде, әсіресе ой-шұңқырдан аса сақ болыңыз.

10. Морендік – мұздақтық кешенде және оның бойымен сел тасқыны қаупі болмайтын немесе өте сирек болатын кезеңде, ең жақсысы, ауа температурасы қалыпты кезде жүру ұсынылады.

11. Үйінділер бейберекет жатқан, сондай-ақ мұздақтан немесе қар көшкінінен пайда болған кедергілері бар өзен бөгеттерінің жанынан жүрмеңіз.

 

 

Ан кету және оның түрлері

Қан жүру арнасынан қанның шығуы қанның ағуы деп аталады. Қан ағуының себептері: Қан ағу – жарақаттану, тамыр қабырғасының іріңдеп желінуі, тамыр қабырғасының өткізгіштігінің немесе қан химизмының бұзылуы салдарынан тамырдың бүтіндігінің бұзылуынан пайда болады. Қан ағуларының түрлері Жарақаттанған тамырдың өзгешелігіне және түріне қарай қанның ағулары төмендегі түрлерге бөлінеді.

Қызыл қан тамырларынан қан ағу. Бұл қан ағудың ең қауіпті түрі. Үлкен қызыл қан тамырларының зақымдануында бірнеше минуттан кейін адам өліп кетуі мүмкін. Белгілері – ашық қызыл түрдегі қан шүмектеп, шапшып ағады. Тамырдың орталық бөлімін қысқанда қан ағуы тоқтайды.

Көк тамырдан қан кету. Қызыл қан тамырынан ағудан көк тамырдан қан ағудың ерекшелігі, бұнда қан бір қалыпта, бәсең ағады, түрі қара қошқыл. Тамырдың орталық бөлімін қысқанда қан ағуы тоқтамайды. Үлкен көк тамырларының, әсіресе, мойын, кеудк аймағы зақымданғанда ауаның тамырға сорылып кіруінен ауа эмболиясы салдарынан өлім – жітім болады. Ауа «тығыны» жүректің оң жақ бөлімдерін немесе өкпе қызыл қан тамырын тығындайды. Бұл қан қозғалысының кенеттен бұзылуына әкеледі. Үшінші түрі – аралас ағу түрі болып есептеледі. Ұзақтығына қарай – жедел және созылмалы: қайталауына байланысты – бір рет қайталанған, көп рет қайталанған болып бөлінеді. Капилярлық қан ағу. Жараның барлық беті қанайды. Қан түрі бойынша артериялық және көк тамыры қандарының арасындағы орталық жағдайда болады. Қан ағуы қауіпті, мысалы, гемофилияда, сепсисте, өйткені бұнда қан ұюының бәсеңдеуі байқалады. Әдетте капилярлық қан ағулар өз-өзінен тоқтап қалады. Паренхиматоздық қан ағу. Бұндай қан ағу ішкі мүшелердің: бауырдың, талақтың, өкпенің, бүйректің барлық тамырларының (артерия, көк тамыр, капиллярлар) зақымданғанда байқалады. Бұл қан ағу өте қауіпті, себебі паренхиматозды мүшелер дәнекер тірегі (строма) тамырлар қабырғасын ұстап тұру себебінен олардың қысылмауы, сондай-ақ паренхиматоздық мүшеде антикоагулянттық заттардың болуына байланысты, тромбо болмау нәтижесінде өз-өзінен тоқтауға мүмкіншілік болмайды. Қан ағулар, бірінші ағу (тамыр зақымданғаннан соң бірден басталады) және екінші ағу (тоқтатылғаннан кейін біраз уақыттан соң пайда болады, мысалы, операциядан кейін жіп жылжып кетеді немесе жараның қабыну жағдайында тамырдың іріп шіруі себеп болады). Сондай-ақ қан ағулар сыртқа ағу (қан жарадан қоршаған атмосфераға ағады) және ішке ағу (қан тұйық қуысқа ағады, мысалы, іш қуысы, көкірек қуысы, тканьдарға және т.б.). Қан ағулардың кейінгі түрі көбінесе жарақаттан соң ішкі мүшелердің бауырдың, талақтың және т.б. зақымдануларынан болады. Жедел қан ағудың клиникалық белгілері (жедел қан аздық) тері және кілегейлі қабықтарының бірден бозаруымен басталады. Беті қуарып, жүдеу тартады, көздері шүңірейеді, артериалдық және көк қан тамыры қысымы төмендейді, тамыр соғысы жиілейді, толуы осал, жіптей болады, дем алуы жиіленеді, басы айналу, жалпы әлсіздік, шөлдеу, көздерінің қарауытуы, жүрегі айнып, кейде құсық пайда болады. Қан жоғалтуда оттегінің көп жетіспеуі себебінен дем алу орталығының сал болуы және жүрек жұмысының тоқтауы нәтижесінде адам өлуі мүмкін. Әлсіз науқастарда (аш болу, шаршау, рухани жүйке жарақаты, шок және т.б.) тіпті азғантай қан жоғалтудың өзі-ақ өлімге жеткізуі мүмкін.

 

 

Ине шаншу әдiстерi

Бұлшық етке енгізілген дәрілік заттар тері астылық инъекцияларға қарағанда тезірек сіңіріледі. Бұлшық еттік инъекция жасау үшін көбінесе бұлшық ет қабаттары жақсы дамыған жерлерді таңдап алады: жамбастың жоғарғы сыртқы квадранты, жауырын асты аймағы. Бұлшық еттік инъекция кезінде дәрілік зат тері асты шел қабатына қарағанда тамырлардың көптігінен қанға тезірек түседі. Инъекция жасауға болатын жерді сүйекке бағдарлап анықтауға болады. Бұл үшін 5 бел омыртқаның қылқанды өсіндісінен сан сүйегінің үлкен істігіне дейін ойша сызық жүргізу керек. Құйымшак нерві осы сызықтан төмен орналасқан, және инъекцияны сызықтан жоғары, яғни жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантына жасау керек. Инъекция жасағанда науқас бір қырына немесе ішіне жатады, тек түрегеп тұруға болмайды.

1) Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадранттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді;

2) Шприцті былай ұстайды: оң қолдың екінші саусағымен поршеньді, бесінші саусағымен иненің канюлясын, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды,поршеннің сабы бос. Шприцті науқастың денесіне тік ұстайды;

3) Инъекция жасайтын жерді сол қолмен тартыңыз;

4) Шприцті теріге тік ұстаған бетте шешімді қимылмен инені канюляға таман Ісм қалтырып, 7-8 см тереңдікке кіргізеді;

5) Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты енгізіңіз. Майлы ерітіндіні енгізер алдында поршеньді тартыңқырап, қан тамырына түспегеніңізге көз жеткізіңіз, тек содан кейін ғана ерітіндіні енгізіңіз;

6) Спиртке матырылған домалақ мактаны теріге басып, тез қимылмен инені шығарыңыз.

Санның бүлшық етіне енгізгенде шприцті сүйек қабығын зақымдамас үшін, жазатын қауырсын сияқты бұрыштап ұстау қажет. Іс-әрекеттер:

1. Дәрінің атын, мөлшерін қай уақытқа дейін қолдануға болатын мерзімін ұқыпты оқып, сосын ашыңыз.

2. Ампула мойнын немесе флаконды спиртке малынған тампонмен сүртіңіз.

3. Дәріні керекті мөлшерде сорып алып, инені ауыстырып, ауасын шығарыңыз.

4. Шприцты қағаз пакетке немесе стерильды астаушаға салыңыз.

5. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу.

6. Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке батырылған мақта шаригімен 2-3 рет сүртіңіз.

7. Шариктерді дез ерітіндіге тастаңыз. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолмен төмен қарай тартыңыз. Әзірленген шприцтің инесінің қиылысын жоғары қаратып ұстаңыз ( екінші саусақпен бойлай инені канюлядан, ал басқа саусақпен цилиндрді ұстаңыз)

8. Инені теріге қатарластыра ұстап ұшын терінің ішіне енгізіңіз (иненің ұшы тері арасынан көрініп тұруы керек) Шприцті оң қолмен ұстап тұрып сол қолдың 2-3 -ші саусақтарымен цилиндрдің жиегін ұстап, бірінші саусақпен поршеньді итеріп дәріні жіберіңіз. Инъекция жасаған жерде кішкене (лимон тәрізді ) түйін пайда болса, сіз байқауды дұрыс жасағансыз.

9. Спиртке батырылған мақта шаригімен ақырын басып инені теріден шығарып алыңыз.

 



Просмотров 5850

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!