Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Су тасқынының болу себептері және оның зардаптарын азайту



Су тасқыны болу себептеріне қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басужатады. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады.

Ғимаратқа кірер алдында қандай-да болмаса бір заттың құлау немесе қопарылу қаупі бар ма жоқ па тексеріңіз. Жайды желдетіңіз (жиналып қалған газдан тазарту үшін). Жайларды толық желдетпейінше және газбен қамту жүйесінің жарамдығын тексермейінше электрді қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз және сіріңкені жақпаңыз. Электр өткізгіштердің, газбен қамту, су және канализация құбырларының жұмысқа жарамдылығын тексеріңіз. Олардың мамандардың көмегімен тексеріп жарамдылығына көз жеткізгенбейінше қолданбаңыз. Жайларды кептіру үшін есіктер мен терезелерді ашыңыз, едендегі және қабырғалардағы кірді жуып, подвалдардағы суды шығарыңыз. Сумен тікелей жанасқан тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз. Құдықтарды тазартуды ұйымдастырып ондағы лас суды шығарыңыз.

 

Ан қысымын өлшеу

Қан тамырларының тарылуы (артериалық қысым) (АҚ) деген– бұл қан ағымының артерия тамырының ішіне қысым жасайтын күш (тарылтатын күш). Артериалар – қан жүретін тамырлар, онымен қан жүректен басқа органдарға барады.. Артериалық қысым сынап бағанасының миллиметрімен өлшенеді және екі цифрмен жазылады, мысалы: 120\80 мм. сынап бағанасы.

Бірінші цифр (120) «систоликалық қысым» деп аталады, (оны пациенттер «жоғарғы» деп атайды), жүрек жиырылып қанды артерияға шығарған кезде артериядағы қысымын көрсетеді, ол жүректің жиырылу күшіне байланысты.

Екінші цифр (80) – (диастоликалық қысым» деп айтады – ол жүректің бұлшық еті босаңсыған кезде артериядағы қысымды көрсетеді, ол жүректен алшақ орналасқан (перифериялық) қан тамырларының кедергісін көрсетеді.

Артериалдық гипертония– бұл артериалдық қысымның әрдайым жоғары болуы, (артериалдық қысымның әр түрлі уақытта 3 реттен кем емес жоғары болып тұруы) 140\90 мм. сынап бағасынан жоғары болуы. Артериалдық қысым кезінде жүрек, бүйректер, бас миы, қан тамырлары зақымдалады.

Артериалдық қысымды үйде қалай дұрыс өлшеуге болады:

- артериалдық қысымды өлшеу алдында 5 минуттай демалу қажет;

- артериалдық қысымды өлшеуден 30 минут бұрын шылым шегуден, шай, кофе, ішімдіктер ішуден бас тарту қажет;

АҚ өлшеу кезінде;

- орындықтың арқасына сүйеніп отыру қажет, қол үстелде қозғалмай жатуы тиіс;

- сөйлеуге болмайды;

- манжета білекті орауы тиіс, ал төменгі шеті шынтақтың бүгілген жерінен 2-3 см жоғары болуы тиіс;

- манжетаның үрленетін қабы жүрек тұсында болуы тиіс;

- аяқты айқастырмай, табанды еденге қою қажет;

- қуықты босату қажет;

- киім иықты баспауы тиіс,(артериалдық қысымды киімнің үстінен өлшеуге болмайды);

Осы үш қарапайым шарттарды орындамаса, артериалдық қысымының көрсеткіштері қате болуы мүмкін.

Артериалдық қысым миокард инфарктісі, инсульт, жүрек қызметінің жетіспеушілігі, бүйректердің зақымдалуы сияқты қауіпті асқынулар тәуекелінің даму факторы болып табылады.

Артериалдық қысым тәуекелінің даму факторы

1.артық салмақ , дененің төмен белсенділігі; шылым шегу.

2.сқзылмалы күйзеліс;

3.холестериннің жоғары деңгейі (5,2 ммоль\л астам)

4.қанның құрамында қанттың жоғары деңгейі (5,5 ммоль\л астам);

5.семіздік

7.отбасыда жақын туыстардың жүрек-қан тамыры ауруының болуы;

Артериалдық гипертонияның белгілері: Бастын желке тұсының ауруы, жиі ентігу, бас айналу, мұрыннан қан кету, жиі шаршау,әлсіздік, құлақтағы шу.

Артериалдық қысымның профилактикасы:

-ұйқыны қандырып, дұрыс демала білу қажет;

- диета сақтау,

- дене жаттығулары:

- шылым шегу,алкогольді мөлшерден тыс тұтыну

- уақытылы профилактикалық қаралудан өту – ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

 

Табиғи зілзалалар

Зілзала бүл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бүзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат қүбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бүрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады.

Дауыл – жойқын күші бар және едәуір созылатын, 300 м/с (108 км/c) жылдамдықпен соғатын жел.

Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді.

Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, мал қырылып, материалдық залал келтіреді..Дауылдың жақындағаны туралы хабарды алған бойда мыналарды істеу қажет:

1. Панахананы, жертөлені әзірлеу;

2. Есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу;

3. Есік пен терезенің жел соғатын жағын ашық қалдыру, ғимараттың ішкі қысымының тепе-теңдігін сақтау үшін, оны сол қалпында бекіту;

4. Төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қаупі бар заттарды алу;

5. Ауладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу;

6. Газды, электр энергиясын ажырату, суды жабу, пешті сөндіру және арнаулы органға бару;

7. Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну;

8. Ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау.

Халықтың дауыл кезіндегі іс-әрекеті:

— бұқаралық ақпарат құралдарын ұдайы тыңдау;

— ғимарат ішінде ұшқан шыны сынықтарынан сақтанған жөн;

— жел баяулағаннан кейін панаханадан шығуға мүлдем тыйым салынады;

— далада қалған кезде ең жақын шұңқырды іздеу немесе жерде етпетінен жату керек;

— орманда болған кезде ең жақсысы ашық орынға шығу;

— нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электрберу желілерінің тіректеріне жақындамаңыз;

— дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығыңыз.

Дауылдан кейінгі негізгі жұмыс түрлері:

— зардап шеккендерді іздеу және жаралыларды ғимарат үйінділерін шығару;

— жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардағы адамдарды құтқару;

— зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу;

— шыққан өртті сөндіру;

— өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық-энергетикалық желілердегі аварияларды жою.

Борандар

Қазақ даласының долы желдері қыста аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады. Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды, бұл аумақтағы қар жамылғысының су ресурстарына әртүрлі таралуына және топырақтың әртүрлі деңгейінде тоңазуына алып келеді. Сонымен қатар бұрқасындар авиацианың, темір жол және басқа көліктердің қалыпты жұмысын тоқтататын биік күрттік қардың пайда болуына ықпал етеді. Қатты боран телеграф және телефон байланысының бұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына әкеліп соқтырады. Ықтимал бұрқасын мен қарлы боран туралы хабар алған бойда сыртқа шығуды доғара тұру керек. Отынды сақтау мен өңдеу үшін ғимаратты қынтап, азық-түлік пен судың артық қорын жинау керек. Ауылды жерде малдың қажетті жемі мен суын әзірлеп, оларды жылы қорада ұстау керек.

Машиналарды жолға аса шұғыл жағдайда ғана шығарып, оларды сырғанатпайтын шынжырмен, азық-түлікпен күйдіргіш шаммен және жылы киіммен қамтамасыз ету қажет.Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда жолдың, ғимараттың жел соғатын жағынан қар қалқандары мен тосқауылдар орнатылады.

Найзағай – адам үшін өте қауіпті, сонымен қатар ол авариялық ахуалды тудыратын көзге айналуы мүмкін.Найзағай жақындаған кездегі сақтық шаралары:

1. Егер сіз найзағай болардың алдында қала сыртында болсаңыз, алдын ала тоқтап, қауіпсіз орынды іздеңіз. Найзағай кезінде орманда жалғыз ағаштың және бір деңгейде орналасқан ағаштардың жанына тоқтауға болмайды. Биік емес, ұшар басы қалың ағаш арасына жасырынған жөн. Алайда найзағайдың еменге, терекке, талшынға, шегершінге жиірек, ал шыршаға, қарағайға, бүкке сирек түсетіндігін есте ұстау қажет. Ал үйеңкі мен қайыңға өте сирек түседі.Тоғайдың шеті мен үлкен егістікте болу да қауіпті. Сулы жер мен суаттардың жанында жүру мен тоқтау аса қауіпті.

2. Таулы жерде найзағай болардың алдында биіктіктен — жотадан, төбеден төмен түсу керек. Жүрген немесе дем алған кезде жартасқа, қабырғаға сүйкенуге немесе ұстауға болмайды. Табиғи мекен – жартастағы үңгірде қабырғадан кемінде екі метр қашықтықта жасырынуға болады.

3. Ашық алаңда найзағайдан құрғақ шұңқыр мен жырада жасырынуға болады. Егер олар суға толса, одан кеткен жақсы. Құм мен тас аралас топырақ таза топыраққа қарағанда қауіпсіз.

4. Найзағай аймағында абдырап жүруге болмайды.

5. Барлық металдық заттарды адамдардан 15-20 метр қашықтықта қою керек.

6. Отырар алдында топырақ үстіне полиэтилен, киім төсеңіз.

7. Арқаны еңкейтіп басты төмен қаратып, аяқтың табанын бірге қосып, қатарласа отырған жақсы.

8. Найзағай болардың алдында жүзу құралында болған адам кешікпей жағаға ұмтылу керек. Егер бұл мүмкін болмаса, қайықты кептіріп, құрғақ киім киіп, діңгекті түсіру керек немесе оны суға ескек немесе бөрене арқылы төмен түсіру керек. Құтқару желетін, етікті киіп, жаңбыр суының қайықтың сыртына қарай ағатынды етіп полиэтилен жамылу керек. Ал бұл жағдайда полиэтилен діңгекке немесе суға тимеуі тиіс. Найзағай кезінде якорьді беруге немесе таңдауға болмайды, өйткені якорь арқаны найзағай соққысынан электөткізгішке айналады.

Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері:

Көмекті кештірмеу қажет. Найзағайдың соғуынан адамның тірі қалатын кездері де болады. Жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылауды бір минуттен артық тоқтатпай, зардап шегушіде өлім белгілері ашық байқалғанша жалғастыру керек.

 

Халықтың химиялық қауіпті заттардың қоршаған ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекетін сипаттаңыз.

Химиялық авария – қауіпті химиялық заттардың шығуы немесе төгілуімен қатар жүретін, адамдардың өлімін немесе зақымдануын, азық – түліктің, тағамдық шикізаттың және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, немесе қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануын туғызуға мумкіндігі бар химиялық қауіпті нысандағы авария.

Қауіпті химиялық заттар – адамға тікелей немесе жанама әсері ауыр немесе созылмалы ауру туғызатын немесе олардың өліміне алып келетін химиялық зат.

Қауіпті химиялық заттың шыгарылуы – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде қысқа мерзім ішінде шығуы

Атмосфераға немесе жергілікті жерге ҚӘУЗ жайылғанын байқағаннан бастап:

• қауіпті аймақта болуы мүмкін барлық адамдарға тез арада хабарлау;

• қажет болған жағдайда ҚӘУЗ бұлтының буы қозғалып бара жатқан аймаққа тап болдырмау есебімен оларды жедел көшіру жүргізіледі;

• көмекті қажет ететін зардап шеккендерді сонымен қатар құрылыс қирандыларының немесе ғимарат бөлшектерінің астында қалып қалғандарды іздеуді ұйымдастыру қажет;

• қандай да бір себеппен қауіпті аймақтан шыға алмайтын барлық тұлғалар қажетті ЖҚҚ камтамасыз етілулері керек;

• ҚӘУЗ – дің одан ары төгілуін тоқтату үшін зақымданған участкелер өшіріледі, бекіткіш құрылғылар жабылады;

• зақымданған сиымдылықтың төңірегіне, егер солай істеу қажет болса, топырақ үйінділері жасалады немесе шұңқырлар қазылады;

• жағдайды болжау және ҚӘУЗ буымен зақымданған ауаның қозғалыс бағытын анықтау мақсатында үздіксіз метеорологиялық бақылау жасауға ерекше көңіл аударылады.

 



Просмотров 5334

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!