Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Пәннің мақсаты және міндеттері. Пәнді меңгеру нәтижесіне қойылатын талаптар



Білім берудегі магистрлік бағдармаларға сәйкес магистранттардың «MS Excel-де бизнес-шешімдер қабылдау» оқу пәнін меңгеру барысында келесідей мақсаттарға жету көзделінеді:

1. Зерттелетін үдерістер және құбылыстар туралы қарапайым көзқарас қалыптастыруға қабілеттілікті бекіттіру және дамыту.

1.1. Әрекеттерді зерттеу модельдерін және әдістерін қолдану арқылы жобалау әдістемесін меңгеру, сонымен бірге:

· әрекеттерді зерттеу әдістерін қолдану арқылы өсімдіктерді минаралдық қоректендіруді жобалауды оқыту;

· агрономиялық және экономикалық факторлар кешенін ескеру арқылы өсімдік шаруашылығында дақылдардың оңтайлы үйлесімдігін даярлауды оқыту.

1.2. Синтетикалық есептерді шешуде кәсіптік дағды қалыптастыру, оның ішінде:

· өсімдік және мал шаруашылықтары салаларының бір-бірімен оңтайлы өзара қатынасын қамтамасыз ететін, егіс шаруашылығы жүйесін кешенді жобалау үшін әрекеттерді зерттеу модельдерінің қолдауымен синтетикалық әдістерді пайдалануды оқыту;

· синтетикалық есептердің алынған шешімдері негізінде жобаланған ұсыныстарды ғылыми дәйектеуге дағдылар қалыптастыру.

1.3. Сайман-құрал ретінде қолдануға және ғылыми білімді жинауға математикалық модельдерді пайдалануды оқыту.

2. Жүйелік ғылыми парадигманы және келешек ғылыми жақындасуды меңгеру.

2.1. Тәжірибеде «жүйе», «элемент» және «байланыс» түсініктерді меңгеру, оның ішінде:

· агрономиялық жүйелерде синергетикалық әсерлердің қайдан пайда болғанын түсіне білуге жету және шаруашылық іс-әрекеттің соңғы нәтижесінің қалыптасуына олардың рөлі;

· агрономиялық жүйелер элементтерінің қарапайым арақатынасын көре білу тәсілдерін меңгеру;

· қолданбалы есептерді шешу үшін теоретикалық-жүйелік әдістемелерді қолдану жөнінде дағды қалыптастыру.

2.2. Агрономиялық жүйелік қосымшаларды және ауыл шаруашылығы жүйелерін теориялық және сандық модельдеу тәсілдерін оқыту, оның ішінде :

· сызықтық және бүтін сандық программалау есептеріне алып келетін, әрекеттерді зерттеу модельдерін даярлау жөнінде әдіс-тәсілдерді оқып-зерделеу;

· динамикалық программалау, компьютерлік кейіптеу және дөңес программалау (магистранттың таңдауы бойынша) әдістерін қолдану арқылы агрономиялық зерттеулер және даярлау есептерін құруға және шешуге дағдылану және әдіс-тәсілдерін меңгеру;

· сызықтық және бүтін сандық программалау есептерін шешу үшін программалармен қамтамасыз ету жұмыстарын меңгеру.

2.3. Пәндер аралық зерттеулер жүргізуге дағды қалыптастыру, пәндер аралық білім алмасуға ыңғайлы болу, оның ішінде:

· математикалық модельде агрономиялық, биологиялық және экономикалық заңдарды және байланыстарды кешенді түрде өрнектей алу тәсілдерін меңгеру;

· агрономиялық зерттеуде және қолданбалы есептерді шешуде оларды керекті дәрежеде реттеу үшін агрономиямен аралас ғылыми пәндер туралы базалық түсініктерді бекітіп-тиянақтау.

3. Іске жауапты қарауды дамыту, агрономиялық инновацияларды бизнес бағасының өсу тұрғысында бағалауға қабілетті болу және оның бәсекелік жақтарын беріктеу.

4. Жоғарыда аталған магистерлік бағдарламалар оқу жоспарларында қарастырылған, құзреттіліктерді дамыту.

4.1. 1-КҚ құзреттілікті дамыту – агротехнологиялардың әртүрлі деңгейлері үшін түзделік дақылдардың өнімділіктерін бағдармалау әдістерін меңгеру, оның ішінде:

· өнімділікті бағдармалау үшін өсімдіктерді минеральдық қоректендіруді модельдеу жұмыстары бойынша дағды қалыптастыру;

· өнімділікті бағдармалау үшін дақылдар және сорттар үйлесімдіктерін қолдану.

4.2. 2-КҚ құзреттілікті дамыту – сорттарды модельдеуге және жобалауға, өсімдіктерді қорғау жүйесіне, әдіс-тәсілдерге және өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологияларына әртүрлі әдістемелер арқылы жақындасу, оның ішінде:

· өсімдіктерді минералдық қоректендіру технологиялары мысалында өсімдік шаруашылығында өнім өндіру технологиялық үдерістерін модельдеуді оқытып-үйрету.

4.3. 3-КҚ құзреттілікті дамыту – топырақ және өсімдік үлгілерін талдауда заманауй әдістерін қолданып, ғылыми зерттеу жұмыстарын өзбетінше ұйымдастыра және жүргізе алуға қабілеттілігін, оның ішінде:

· өсімдіктердің минералдық қоректенуін модельдеуде эксперименталдық деректерді және зертханалық зерттеу материалдарын қолдана білуді оқытып - үйрету;

· егін шаруашылығы жүйесін модельдеуде эксперименталдық деректерді және зертханалық зерттеу материалдарын қолдана білуді оқытып - үйрету;

· агрономның зерттеу және жобалау жұмыстарында модельдеу әдістерін қолдана білуді оқытып-үйрету.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға 4.2 п. келтірілген модульдік бірліктер тізімімен танысу барысында қол жеткізуге болады.

Диагностикалық құралғылармен осы жұмыс бағдарламасында қарастырылған білімдерді ағымдағы бақылау, сонымен қатар аралық аттестация бойыша атқарылған істер ауқымында оқыту мақсататтарына жеткендігі тексеріледі.



Просмотров 776

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!