Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Инженерлік геологиялық қима



Геологиялық қима — нақтылы өңір қойнауларының тік жазықтықтағы ерекшеліктерін көрсететін сызбалы кескін.

Геологиялық қима жасы, құрамы, әр түрлі тау жыныстарының созылымына көлденең тартылған түзу не сынық сызық бойымен салынады. Геологиялық қима картаға түсіру кезіндегі байқаулар, тау кен қазындылары мен бұрғылау ұңғыларынан алынған деректер, геофиз. зерттеулер т.б. нәтижесінде жасалады. Ол тау жыныстарының астасу ерекшеліктерін, көнелігі мен құрамы әр түрлі жыныстардың өзара қатынас мөлшерін, геол. денелердің пішіндері мен олардың қалыңдығындағы өзгерістерді, қатпарлануы мен жыртылып ажырау сипаттарын, әр түрлі таскелбеттер (фация) және олардың бір-бірімен алмасу заңдылықтарын көрсетеді. Геологиялық қиманыңмасштабы геол. картаның масштабына сәйкес болады, алайда кейбір өндірістік тұрғыдан маңызды деген алқаптардың Геологиялық Қимасы ірірек масштабта салынады. Қиманың тік және жазық бағыттардағы масштабтары бірдей немесе әр түрлі болады. Кейбір жағдайларда (инженерлік геологияда) қиманың тік бағыттағы масштабы оның жазық бағыттағы масштабынан көп есе артық болуы мүмкін. Геологиялық қимадағы геол. денелердің жай-жапсары арнаулы шартты белгілермен көрсетіледі.[3]

Координаттар мен биіктіктер жүйесінде анықталған геодезиялық тірек торларының нүктесі. Геологиялық қима центрінің координаттары (абсцисса, ордината және абс. биіктігі), сондай-ақ, бағдарлау пунктіне бағытталған дирекциялық бұрыштардың мәндері геодезиялық каталогтарда сақталады. Координаталары триангуляция әдісімен анықталатын геологиялық қима триангуляциялық пункт деп, ал полигонометрия әдісімен анықталатын пунктті полигонометриялық пункт деп атайды. Геологиялық қима биіктіктері нивелирлеу арқылы анықталады. Геодезиялық тор құрайтын геологиялық қима жер бетінде жүргізілетін әр түрлі топогр. зерттеулерде, инж. жұмыстарда қолданылады.[4]

Бұнда көрсетілетін мәліметтер:

· тау жыныстарының астасу ерекшеліктері;

· көнелігі мен құрамы;

· әр түрлі жыныстардың өзара қатынас мөлшері;

· гидрогеологиялық жағдайы;

· Геологиялық қима геологиялық карта немесе бұрғылау деректері бойынша жасалып, геофизикалық зерттеулер нәтижесінде кеңінен пайдаланылуы тиіс.

Қиманың тік және жазық бағыттағы масштабтары әдетте бірдей болып келеді, бірақ кейде (әсіресе инженерлік геологияда) қиманың тік бағыттағы масштабы оның көлбеу бағыттағысынан бірнеше есе артық болуы жиі байқалады. Геологиялық қима терминінің шартты синонимі-геологиялық кескін.

81-сұрақ. Геофизикалық зерттеулер. Сейсмобарлау.

Сейсмикалық барлау (сейсмобарлау) - геофизикалық барлау әдiстерiнiң маңызды бiр түрi. Сейсмобарлау жер қойнауында жасанды қоздырылған сейсмикалық толқындардың таралу ерекшелiктерiн зерттеуге негiзделген әдiстердiң жиынтығы.

CЕЙСМОБАРЛАУ ӘДІСІ

Сейсмобарлау барлау геофизикасының негізгі әдісі болып саналады.

Сейсмобарлау ізденістері шөгінді қабаттардың ерекшеліктерін және мұнай газ

кен орындарын іздеу және барлауда негізгі әдіс ретінде қаралады. Бұл әдіс,

инженерлі-геологиялық зерттеулерде және рудалық кен орындарын іздеуде де

елеулі орын алады. Жер қыртысының тереңдік қабаттарын зерттеуде аталған

әдістің мүмкіншілігі зор. Сейсмобарлау әдісі өте қымбат себебі барлық

геофизика әдістеріне жұмсалған шығынның 90% осы әдіске жұмсалады.

Бірақта, бұл әдіс геологиялық ұтымдылығы және нәтижелігімен далалық

сейсмобарлау жұмыстарын жасауға шыққан шығынды толығымен өтейді.

3.7.1. Серпінді толқындар

Егер қатты денеге сыртқы күш әсер етсе, онда оның құрамындағы

бөлшектердің орналасуы өзгереді, яғни дене деформацияланады. Сыртқы Сейсмикалық барлау әдісінің мақсаты және мәні.

Сейсмобарлау әдістері геологиялық ортада тарайтын серпінді

тербелістерді (сейсмикалық толқындар) зерттеуге негізделген. Егерде ортаның

акустикалық қасиеті өзгерсе бұл толқындар шағылады, сынады,

рефракцияланады, дифракцияланады және т.б. түрлерге өзгереді. Серпінді

толқындарды қоздыру үшін жарылыс, вибратор және басқа қоздырушы

кұштерін пайдаланады. Қоздырылған акустикалық толқындар тау жыныстары

арқылы өтіп бақылау нүктесінде арнайы қабылдағышта тіркеледі.

Қоздырылыс тудыратын нүктені жарылыс пункті немесе нүктесі деп

атайды, ал қабылдау нүктесінде орналасқан қабылдағыш индикаторды –

сейсмоқабылдағыш дейді (3.21 сурет). Геологиялық ортаның құрылымдық

ерекшеліктеріне байланысты сейсмоқабылдағыш әртүрлі серпінді

толқындарды тіркейді. Егерде геологиялық ортада толқын жылдамдығы күрт

өзгеретін шекара болса онда, шағылған және сынған толқындар пайда болады.

Ал толқындар тік бағытта үздіксіз өсе беретін болса – рефрагирлі толқындар

пайда болады. Геофизикалық зерттеулерде сейсмобарлаудың шағылған және

сынған толқындар модификациясы кең түрде тараған.

3.21 сурет. Сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу схемасы: 1-сейсмикалық

толқын көздері; 2- сейсмоқабылдағыштар; 3- шағылған толқындар; 4-сынған

толқындар; 5- сейсмостанция.

3.7.5. Сейсмикалық барлаудың негізгі тәсілдері

Сейсмикалық барлау тәсілдерін жіктеу әр түрлі тұрғыда жүргізіледі.

Пайдаланылатын толқындардың түріне байланысты: 1) шағылған толқындар

тәсілі; 2) сынған толқындар тәсілі; 3) өткінші толқындар тәсілі.

Тіркелетін тербелістің жиілігіне байланысты: 1) жоғары жиілікті (тербеліс

жиілігі 100 Гц-тен жоғары); 2) орта жиілікті (ондаған Гц); 3) төменгі жиілікті

(бірнеше Гц).

Әдістің тереңдік қабілетіне байланысты: 1) тереңдік қабілеті бірнеше км-ге

жететін әдеттегі сейсмобарлау; 2) аз тереңдікті сейсмобарлау тәсілі

(инженерлік-геологиялық зерттеулер үшін); 3) терең сейсмикалық зондылау

тәсілі (ондаған км тереңдікке дейінге жер қыртысының құрылысын зерттеу).

Сонымен қатар, пайдаланатын толқындық өрістің қасиеттеріне байланысты

кинематикалық (геометриялық сейсмика принципіне негізделген) және

динамикалық (толқындардың динамикалық ерекшіліктеріне негізделген)

тәсілдер деп те бөлінеді.

Толқындық өрістің таралу көзі жайлы толық мағлұматтар алу үшін

сейсмикалық тербелістердің таралу бағытына негізделген тәсілдер де бар:

толқынның таралу көзін (жарылыс) және сейсмоқабылдағышты топтастыру;

реттеулі бағытталған тіркеу.

Міне, бұл аталған тәсілдердің өзіне тән ерекшеліктері бар. Соларды іс

жүзінде дұрыс пайдалана отырып сейсмобарлау әдісінің тиімділігін арттыруға

болады. Сондықтан да барлау жұмысында әр түрлі сейсмобарлау тәсілін

жинақтап кешендеу кеңінен қолданылады.

Енді сейсмобарлау әдісінің іс жүзінде кеңінен таралған тәсілдеріне қысқаша

тоқталайық.

Шағылған толқындар тәсілі

Шағылған толқындар тәсілі - сейсмобарлаудың кең таралған тәсілдерінің

бірі. Бұл тәсіл толқындық кедергісі әр түрлі геологиялық орталардың

шекарасынан шағьлғын толқындарды тіркеуге негізделген. Мұндай беткейлер,

әдетте, геологиялық қабаттардың құрылысын сипаттайтын литологиялық және

тектоникалық шекараларға сәйкес келеді.

Сынған толқындар тәсілі

Сынған толқындар тәсілі жабынды (жоғары) қабатқа қарағанда таралу

жылдамдығы жоғары төменгі қабаттағы толқындарды тіркеуге негізделген.

Қоздыру көзінен біршама қашықтықта мұндай толқындар бірін-бірі басып

озады (таралады). Сондықтан мұндай толқындар сейсмограмманың бас

жағьнда тіркеліп, оны өңдеуге мүмкіндік туады.

82-сұрақ.Тропосфераның Кенезеге жер қыртысына әсері .

83-сұрақ.Түйірөлшемдік құрамының біртекті еместігінің дәрежесіне байланысты ірісынықты топырақтар және құмдардың бөлінуі.

84-сұрақ. Штамппен сынау.



Просмотров 2817

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!