Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Топырақ тұздылығының түрлері



Сортаңданған топырақ деп, кескінінде өсімдіктер үшін зиянды мөлшерде жеңіл еритін тұздары бар табиғи жарандыны айтады. Оның сор, сортаң типтері мен сортаңды, сортаңдау түрлері мен кейбір және кермекті типшелері бөлінеді. Бұл жарандылар кең құрғақ және шөл дала мен шөлді, шамалы орманды дала мен орманды аймақтарында кездеседі. Бұрынғы КСРО да сортаңданған топырақтар алабы 52,3 млн га, яғни 2,4 процентке тең. Жалпы ТМД жерінің 35 млн га кебір топырақтар, 70 млн га кебірленген көшенді аймақтық тоыпырақтар жиындысына кіреді. Сортаң және сортаңды жарандылар кешендерінің көлемі КСРО-ның 5,4 процентіне тең. Сортаңданған топырақтар жері орталық және төменгі Украинаның оңтүстігіне, Кавказдың солтүстік шығыс беткейіне, Қазақстан мен Орта Азия республикаларына келеді.
Тұздардың топырақта жиналуы мен жиналу жағдайлары, сортаңданған топырақ қалыптасуы, тұздардың ыза және топыраққұраушы жыныстар тұздылығы мен тұздардың топырақ кескінінде шоғырлануына байланысты. Тұздар негізінен тау жыныстары бұзылуы нәтижесінде ерімтал күйінде пайда болады. Көптеген тұздар жанартау шөгінділерінде пайда болады.
Тұздардың құрылықта қарқынды жинақталуы климат жағдайына, қар мен жауын суы булану мөлшеріне, суда еритін және топырақтың су өткізгіштік қабілетіне байланысты. Ылғалды климатта, шайылымды су құбылымы бар топырақ кескінінде тұздар терең шайылып, тіпті жынысқа өтіп кетеді. Құрғақ климатта, өте-мөте шөлейт және шөлді аймақтарда, құрылыққа түскен жауын суы түгел қайта ауаға буланып кететін жағдайда, тұздар ызамен келіп, жыныстарда мол шоғырланады, керісінше ыза суы жоғары көтеріліп буланғанда, тұздар да тұрақты көтеріліп, сортаңданған топырақ қалыптасуына себептеседі.
Геобиохимиялық жағдайға байланысты орманды дала мен дала аймақтарында жалпы тұздар мөлшері аз болса да, топырақта және ызада шамалы карбонат пен екі карбонатты натрий, күкірт, сондай-ақ содалы, содалы-күкірт типтес сортаңдану қалыптасқан. Соңғыларға себеп: соданың күкірт пен хлор тұздарына қарағанда аздау ерімталдығы. Ал шөлейт және шөлді аймақтарда күкірт пен хлорлы натрий тұздары шоғырлануына жағдай

4. Құрылыс үшін инженерлік ізденістер кешенді өндірістік процес болып табылады, яғни ұсынылатын құрылыстың не ауданның табиғи жағдайы туралы мәліметтерді қамтамасыз ету арқылы құрылыстың жобалау нәтижелерімен байланысты болады. И.і. негізінен салынатын құрылыс беріктігі мен сенімділігі және құрылыс құрылымдарына байланысты болғандықтан, құрылыс сапасы маңызды болып саналады. Бұл жағдайды ескере отырып и.і. мәліметтерінсіз ешқандай жоба жасалуы мүмкін емес. И.і. жобалаушылар мынадай мәліметтер алу керек:

· Топографиялық план ( бұрыннан бар коммуникациялар және территория релефі туралы мәліметтер).

· Инж. Геологиялық есеп (ауданның геологиялық құрылымы, топырақтың қасиеттері, күйі мен құрамы, гидрогеологиялық жағдай, инж. геологиялық және гидрологиялық болжау жағдайлары).

· Экологиялық есеп (жобаланатын объекиінің қай бағытта болатыны бойынша: топырақ атмосфералық ауа , жер асты және үсті сулары, геофизикалық өлке).

Жобалық шешімді талдауда барлық ғимараттар мен имараттар тағайындауда и.і. келесі түрлері жүргізіледі:

· Инженерлік геологиялық ізденістер;

· Геодезиялық ізденістер;

· Инженерлік гидрометрологиялық ізденістер;

· Инженерлік экологиялық ізденістер;

· Топырақтың құрылыс материалдарының ізденістері;

· Жер асты сулары және сумен жабдықтау көздері;

 

Жер пішіні.

Жер шарының нағыз геометриялық пішіні геоид, оның шекарасы шамамен Дүниежүзілік мұхиттың беткі деңгейі арқылы өтеді. Ол Жердің ішкі қойнауындағы әртүрлі құрылымдар мен олардың салмақтарының түрліше болуына тәуелді. Ауырлық күшіықпалымен геоид пен эллипсоид арасындағы ауытқу ± 50... 100 м-ге жетеді. Геоид беті жер бедерімен тіпті сәйкес келмейді, жазықтармен және таулармен күрделенген жер бедерінің геоид бетінен бірнеше километрге алшақтығы бар. Сондықтан да ауырлық күші үнемі жер бедерін сыртқы күш ықпалымен тегістеп, оны геоид бетімен теңдестіруге тырысады. Негізінде, эллипсоид та, геоид та шардан онша үлкен айырмашылық жасамайды. Сондықтан тек дәл нақты өлшеу жұмыстары үшін ғана болмаса, жалпы алғанда, Жердің пішінін шар тәрізді деп есептеудің еш қателігі жоқ. Жердің пішіні мен өлшемдерінің географиялық мәні аса зор. Ол күн сәулесінін түсу бұрышын анықтауға, жарық және жылу белдеулерінің қалыптасуына, табиғаттағы барлық процестер мен заңдылықтардың экватордан полюстерге қарай өзгеруіне тікелей әсерін тигізеді.

Жер қабығының ішкі құрылысына байланысты оны екі типке -континенттік және мұхиттық бөледі. Континенттік қабық - үш қабаттан құрылады:

I) шөгінділер қабаты; 2) гранитті-метаморфтық ;З) базальттық (базиттік), Қазіргі кезде бұрғылау және шахтылар арқылы тек шөгінді қабаттың құрама-құрылымын білеміз, гранитті-метаморфтық қабаттарда жер бетіне көне құрылымдарда -қалқандарда (щит) шығады.

Мұхиттық тип өзінің қалыңдығымен де, құрамымен де континенталдық типтен тым өзгеше. Оның қалыңдығы 5-12 км. орташа шамасы 5-7 км, ал гранитті-метаморфтық қабаты атымен жоқ. Мұхитты қабатта үш­ке жіктеледі: 1) бірінші (жоғарғы жұқа -жүздеген метр-100 м) мұхит-теңіз шөгінділерінен тұрады да сейсмотолқындар жылдамдығы 3 км/с-ден кем; 2) қалыңдығы не бары 1-1,5-3 км ортаңғы екінші қабатта бұрғылау деректерінше шамалы ғана кремнийлі және карбонатты жыныстар қабаттасқан базальттан тұрады; сейсмотолқын жылдамдығы 4- 4,5 км/с шамасында; 3) үшінші қабатшасының қалыңдығы 3,5-5 км, сейсмотолқындар 6,3-6,4 км/с жылдамдықпен өтеді. Қабатша негізді және өте негізді интрузив жыныстардан түзілген.

 

 



Просмотров 3012

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!