![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Динамикалық күшсалмақтарды гидравликалық құралдармен қоздыру
Лабораториялық жағдайда динамикалық сынауды өткізу үшін гидравликлық құралдарды қолданамыз. Оның құрамына гидравликалық домкрат, насос станциясы және пульсатор кіреді. Осы гидравликалық құралдардың жақсы жағы: 1. мөлшері және бағыты өзгеретін үлкен күштер мен орын ауыстыру параметрлерді қоздыруға болады; 2. жүктеу процесті толық автоматтауға болады; Гидравликалық құралдардың үш түрі белгілі: а) бір поршеньді пульсаторы бар жүйе; (5-50)Гц б) роторлық пульсаторы бар жүйе; (0,1-50)Гц в) электргидравликалық жүйе; (≤500)Гц Осы құралдардың айырмашылығы, жүйеде қысымның пайда болу тәсілі.
![]() 1- конструкция; 2- гидродомкрат; 3- насос станциясы; 4- бір поршеньді клапонсыз насос; 5- плунжер; 6- механикалық құрал. б)Роторлық пульсаторы бар жүйе;
![]() Жүедегі пайда болған қысымның соғу жилігі немесе пульсациясы (0,1÷50)Гц диапазонда өзгертуге болады. Статорға қарағанда ротор мен плунжер салыстырмалы айналады. Ротордың ортасында екі камера орналасқан. Бөлетін пластина (4) айналған кезде камералардың функциясы өзгереді және жүйедегі сұйық затпен реверсация процесі өтеді, осы кезде гидродомкраттың поршеннің жылжитын бағыты өзгереді. Жүйедеге қысымның соғу жилігі пластинаның (4) айналу жылдамдығына байланысты, бірақ ротордың (1) айналу жылдамдығына және айналу бағытына байланысты емес. Осының себебінен ротордың айналу жылдамдығы динамикалық күшсалмақтардың барлық қоздырылған жұмыс диапазонында тұрақты болады.
1 – конструкция; 2 – насос станция; 3 – гидродомкрат; 4 – сервоклапан; 5 – күшті өзгертетін блок; 6 - тапсырманы беретін блок; 7 – бақылайтын блок; 8 – осцилографтағы параметрлерді оқитын аспап; 9 – кездейсоқ тербелістің генераторы; 10 – магнитограф; 11 – күштерді және орын ауыстыру параметрлерді өлшейтін датчик.
Осы жүйенің жетістіктері: 1. 300 тоннаға дейін күшсалмақы қоздыруға болады және поршеннің жылжитын амплитудасы 100мм-ден аспайды; 2. қысымның соғу (пульсация) жйлігі 500 Гц –дейін барады; 3. сынауды берілген тапсырма бойынша өткізуге болады; Насос станция (2) арқылы гидравликалық майды сервоклапоннан (4) домкратқа (3) жіберіледі және осы сервоклаптан домкраттағы гидравликалық майдың ағын бағытын өзгертеді. Сервоклапонның негізгі элементтері: · басқару элементі; · гидрокүшейткіш элементі. Электромагнит арқылы милиамперге тең ауыспалы тоқты жіберген кезде клапанда тербеліс қоздырылады және осы тербелістің жилігі басқару тоқтың жилігіне тең болады.
Тапсырманы беретін блоктан (6) сигналды күшейтіліп (5 блоктың арқасында), сервоклапонға (4) жетеді. Осы сервоклапан гидравликалық майдың домкратқа баратын мөлшерін және бағытын реттеп тұрады. 11 – датчик конструкцияға бекітіліп тұрады және осы датчик арқылы күштің немесе орын ауыстыру параметрдің мөлшерін өлшейтін сигнал жіберіледі. Осы сигнал 5-блок бергенін салыстырылады. Егер сигналдар бір-біріне сәйкес келмесе, 5-блок осы сигналды өзгертеді (үлкейтеді немесе төмендетеді) және толық бір-біріне сәкес келтіреді. Берілген сигнал келесі блоктармен 8, 9, 10 қоздырылады. Сонымен, конструкцияларды әр түрлі заңдармен өзгертетін күшсалмақтармен жүктеуге болады.
![]() |