![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Электродинамикалық сынау стенді
Лабораториялық жағдайда ғимараттардың, конструкциялардың моделдерін сынау жұмыстары электродинамикалық стендте орнатылады. Олрадың ерекшеліктері: · қоздырырылған динамикалық күшсалмақтардың жилігі (5÷10000) Гц аралығында болады; · стендтің айналатын және үйкеліс жағдайда болатын детальдары жоқ болғандықтан осы стенд ұзақ мерзімде жұмыс істейді және өте төзімді; Стенттің жұмыс істеу принціптері: · тұрақты магнитті өрістің ішіне электрөткізгіштіктер орналастырсақ және одан ауыспалы ток жіберген жағдайда, Ампер заңы бойынша электрөткізгіштерге механикалық күш әсер етеді: P(t) = Bli(t)
Мұнда: В -магниттік индукция; l - элкетрөткізгіштердің ұзындығы; i(t) – токтың күші. (4) жылжитын катушка (2) платформамен қосылған және (5) электромагнит өзегінің дөңгелек қуысында орналасқан . Егер (5) электромагниттің өзегін тұрақты тоқпен қосқан кезде және жылжымалы катушка арқылы ауыспалы токты жіберген жағдайда, күш пайда болады және оның өзгеру жилігі өзектегі токтың жилігіне тең болады. Осы күш платформаның үстіндегі модуль динамикалық күшсалмақтың әсеріне сыналады. Электродинамикалық стендтің схемасы.
1 – ғимарат моделі; 2 – платформа; 3 – пружиналар; 4 – жылжитын катушкалар; 5 – электромагниттің өзегі; 6 – электромагнит; 7 – акселометр; 8 – қайта келетін мәліметтерді қабылдайтын блок; 9 – реттейтін және генератор блок; 10 – қуатты күшейтетін блок.
Электродинамикалық құралдардың техникалық сипаттамалары.
Еркін түсу үдеуі – g=9,8 м/сек2
Лекция №4 Тақырып: Қабырғаларды, ұстындарды және тіреулерді тексеру Жоспар: 1. Соққы күшсалмақтарды қоздыру тәсілдері 2. Соққы күшсалмақтардан пайда болған импульс. 3. Соққы импульстін түрлері.
Соққы күшсалмақтарды қоздыру тәсілдері 1.
Жүктің жылдамдығы
2. Ілінген жүкті шетке тартып жіберген жағдайда соққы күшсалмақ көлденең бағытта пайда болады. 3. Жүкті трос арқылы конструкцияға іліп қойып, одан кейін жүкті алған жағдайда конструкцияға тік бағытта соққы күшсалмақ пайда болады.
4. Ғимараттардың немесе конструкциялардың моделдерін соққы күшсалмақтарға сынау үшін арнаулы құрал жабдықтар пайдаланады.
1 – модель; 2 – платформа; 3 – демпфер; 4 – резина; 5 – болатты пластина; 6 – іргетас.
Соққы күшсалмақтардан пайда болған импульс Соққы күшсалмақтар әсер еткен кезде соққы импульс пайда болады:
Соққы күшсалмақ әсер еткен кезде платформаның жылдамдығы.
![]() g – еркін түсу үдеуі; g=9,8 м/сек2 -V0 – платформа дампферге тиген кездегі жылдамдық; V0 – платформа демпферден атып кеткен кездегі жылдамдық; ΔV – жылдамдықтың өзгеруі.
Мұндағы: ωn – синустық заңмен болған тербеліс жилігі; m – платформаның массасы;
![]()
![]()
![]()
к – сқққы импульстің түріне байланысты коэффициент.
Соққы импульс түрлері.
Лекция №5 Тақырып: «Ғимараттардың қабатаралық және жогарғы қабат жабындарын тексеру» Жоспар: 1. Жалпы мәліметтер. 2. Сынаған кездегі параметрлерді анықтау әдістердің классификациясы. 3. Геодезиялық әдістер. Фотограмметрия және стериофотограмметрия.
Жалпы мәліметтер Құрылыс конструкцияларды сынаған кезде бірнеше параметрлер анықталады. Олар конструкциялардың кернеулік – деформациялық жағдайына баға беру үшін қажет. Анықталған параметрлер бойынша конструкциялардың төзімділігіне және сенімді жұмыс істеуіне болжау беруге болады. a) Статикалық сынау кезде келесі параметрлер анықталады: - (ε) салыстырмалы және (Δl) σабсолюттік деформациялар; - cызықтық орын ауыстыру параметірлерін (конструкциялардың иілістің (f) шамасын, тіректердің шөгуі (ε), көлденең жылжуы (εкөл), жарықшақтың ашылу ені (а) және т.б. ...); - бұрыштық орын ауыстыру параметірін (φ – айналу бұрышы); - әсер ететін күшсалмақтардың мөлшерін; - кейбір жағдайда (δ) – кернеу шамасы (көбінесе ε анықталғаннан кейін δ- формула арқылы табылады); б) динамикалық сынау кезінде келесі негізгі параметрлер анықталады: - тербелістің амплетудасы (А); - тербелістің жилігі (ω); - вибрациялық үдеу (а); - динамикалық салыстырмалы деформация (ε) және кернеу (σ); - динамикалық әсердің мөлшері; Динамикалық процесті сипаттайтын басқа параметрлер жоғарыда анықталған негізгі параметрлер бойынша табылады, мысалы: динамикалық коэффиценті, тербелістің басылу сипаттамалары және т.б. ...
![]() |