![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Фотограмметрия және стериофотограмметриялық әдіспен суретке түсіру
Осы әдіспен орын ауыстыру параметрлерді анықтау үшін фототеодолит деген аспапты қолданамыз (фотоаппарат және теодолит). Фототеодолит арқылы сыналған конструкцияны немесе ғимаратты суретке екі рет түсіреміз (сынаудың алдында және сынаудан кейін). Схема бойынша: 1) – Зерттелген объект (ғимарат, конструкция...); 2) – фототеодолит; 3) – фотопластина ; S – фототеодолиттің оптикалық орталығы; f – фокустық арақашықтық; Y – объекттен фототеодолиттің оптикалық орталығына дейінгі арақашықтық. Объектінің N – нүктесін қарастырамыз, координатасы X, Z. Суретке түсірілгеннен кейін N нүктесі фотопластинада n – нүктесіне сәйкес (координатасы X, Z) Объект N (X, Z) фотопластина n (X, Z)
![]() Егер сурет бойынша: n – нүктесін координаттарын анықтасақ – x, z, онда N – нүктесінің координаттарын есептеуге болады (1 - формула), бірақ ол үшін Y, f – білу керек. Фотопластинадан суретті шығару үшін – стереокомпаратор- деген аспапты қолданамыз. Ерекшеліктері: 1) Суретке түсірілген ғимараттың барлық нүктелерін бірден бақылауға болады; 2) Ғимараттың көптеген нүктелерін белгілеп, олардың деформациясын бірден өлшеуге мүмкіншілік бар; 3) Сынау нәтижелерін лабораториялық жағдайларда тианақты анализ жасауға мүмкіншілік бар (мәліметтерді қайта алуға немесе қайта түсіруге; суретті тианақты қарастыру) Кемшіліктері: 1) Арнайы апаратура және жұмыс істей алатын персонал қажет; 2) Тек қана көз алдындағы объектілерді түсіруге болады; 3) Үлкен ғимараттарды бірнеше позициядан түсіруге тура келеді. Бұл жерде съемканы бір уақытта жасауға болмайды.
Стереофотограметриялық әдіс бойынша суретке түсіру. а) кеңістіктік схемасы. б) горизонтальдық проекциясы.
Лекция №6 Тақырып: «Қранасты конструкцияларын тексеру» Жоспар: 1. Иіліс өлшегіштер. 2. Сағат тәрізді индикатор. 3. Тензометр. 4. Сына өлшегіштер.
Иіліс өлшегіштер Иілу конструкциясының жеке нүктелерін немесе жеке элементтерін өлшейтін аспап иіліс өлшеуіш деп аталады. Жай иіліс өлшегіш кіші иілу өлшеу үшін жай иілу өлшегішті қолданады. Бұл аспап екі ағаш рейкадан түрады 1 және 2. Ол рейканың біреуін сыналатын конструкцияға бекітіледі екіншісі қозғалмайтын нүктеге байланады. Бұл рейкалардың бүйір жақ бетіне ортақ сызық жүргізілген.
Үлкен дәлдікпен өлшейтін иілу өлшегіштің негізгі бөлігі шкалалы кронштейн шарнирге бекітілген стрелка 3,6 жүкпен 5 сымды конструкцияның деформация өлшейтін 4 нүктесіне бекітеді. Сымға стрелка жалғанған , стрелканың айналу центрінен сымның бекіту нүктесіне дейінгі ара қашықтығы стрелканың үзындығының 0,1 бөлігіне тең. Сонымен стрелка иінінің қатынас 10-ға тең рычаг.(әдетте 50:5). Бұл дегеніміз, егер сым бекітілген түйін 1 мм жылжыса, стрелканың ұшы 10мм жылжиды. Деформацияның өлшеу дәлдігі 0,1 мм. Деформация өлшегіші дәлдігі иілу өлшеуішінің рычагтың иінге катынасына байланысты болады. Артықшылығы : сол жерде тез арада дайындалатындығында, онша үлкен мамандықты қажет етпейтідігінде. Кемшілігі: деформация өлшеу дәлдігі үлкен емес (0,1-0,2мм).
Өте үлкен дәлдікті талап ететін кезде жоғары дәрежедегі аспаптар қолданылады . Ол аспаптар деформация өлшеуін 0,01мм дейінгі дәлдікпен өлшейді. Бұл аспаптарды екіге бөлуге болады. 1 - дистанциондық аспаптар; 2 - контактылық аспаптар;
Қарапайым иілу өлшегіш. Дистанциондық аспаптарды қолдану кезінде иілу өлшегіш сынағыш конструкцияның астына орналастырылады. Конструкция мен аспап арасы сыммен байланысады. Қажет болған жағдайда аспапты қауыпты аймақтың шетіне шығаруға болады. Контактылық иілу өлшегіш конструкциямен тікелей байланыста болады. Кәзіргі жағдайда деформацияны өлшеу үшін дистанциондық иілу өлшегіштер қолданылады. Н.Н. Максимов конструкциясындағы иілу өлшегіштер. (ПМ-2) Подшипниктермен барабан 2 айналып түратын металл қораптан, 3 кішкентай барабан мен қосылған, 2 барабан 4 роликке тиеді және ол 5 стрелкаға жалғасқан. Шкала 6 қорапта орналасқан, ол иілуді өлшейді. Конструкция мен аспап арасына сым арқылы байланыс орнатылған, оның жоғарғы жағы конструкцияға бекітілген, төменгі жағына металл цилиндрді жүк түрінде келтірген. Сым барабан түйін арқылы қозғалғанда барабанды (3) айналдырады, онымен бірге стрелкалы механизмде айналады.
Сонымен аспап шкаласының есептік дәлдігін бір бөлікке сәйкес
келетіндей етіп алынса, онда деформация өлшеуінің дәлдігі 0,1 мм болады. Шкаладағы бөліктің саны 100-ге тең, ол толық бір айналымды білдіреді және стрелканың иілуі 100 Иілу өлшегіштердің ішінде Н.Н.Максимовтың аспабы жиі қолданады. Аспаптың артықшылығы - қарапайым қолдануында, деформация өлшегенде жеткілікті дәлдігінде. Аспаптың кемшілігі - фрикциялық берілу кезінде дискінің бос қозғалысы болуы мүмкін, бұлай болмас үшін аспаптың барабаны мен роликтің жанау тығыздығының қалыптасуы қарастырылған. Аспап қозғалысқа (секіріске) өте сезімтал. Иілу өлшеуіш ПАО-5 Н.Н.Аистовтың конструкциясы алдыңғы жағында шынымен жабылған (3) шкаласы бар металл кораптан тұрады, үлкен шкала иілуді (мм) бөлігінде көрсетеді, сол жақтағы кішісі (см) , оң жақтағы кішісі (мм) металл кораптың ішіндегі шестеренка жүйесі орналасқан , (5) шестеренка ось стрелкасына отырғызылған және иілу көрсететін (4) роликпен жалғастырылған. Ролик қораптың сырт жағына шығып түрады және оған сым оралады, ол сым конструкция мен иілу өлшеуішті байланыстырып түрады.
Н.Н.Аистовтың иілу өлшеугіштің орнын ауыстырмай деформацияның 100 мм қозғалысын өлшеуге болады. Бос қозғалысты болдырмау үшін шестеренка 5 оське екі жағынан біреуі қатты, екінші жағы бос бекітілген. Бұл шестеренкалардың арасында оларды бір-біріне қаратып тұратын пружина бар, соның арқасында (5) (6) шестеренкалар бір - бірімен байланысты болады да, люфт жойылады.
![]() |