Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тамырдың өзгерген (метоморфозға ұшыраған) түрлері



Олардың ішінде ең көп таралғандары мыналар.

Қорлық тамырлар. Тамырлардың өзгерген түрлері сүректік және тіндік (лубтық) паренхималарға артық қор заттарының жиналуына байланысты пайда болады. Шығу тегіне және құрлысына қарай қорлық тамырлардың екі типі болады - тамыр жемістер және тамырдың түйнектері.

Тамыр жемістер кіндік тамырдан пайда болады. Олардың пайда болуына гипокотильде қатысады. Тамыр жемістері мынандай бөліктерге бөлінеді: басжағынан - жапырақтары бар қысқарған сабақтық бөлігі; мойынға - гипокотильдің ұлғайып өсуінің нәтижесінде түзілетін, тамыр жемістің ең жуан бөлігі; нағыз тамырға, одан жанама тамырлар кетеді.

Тамыр жемістері монокамбиалды - камбийдің бір ғана қабатынан және поликамбиалды - камбийдің бірнеше қабатынан тұратын болып келеді.

Тамыр түйнектері (тамырдың түйіндері) артық қор заттары бүйірлік және қосалқы тамрыларда жиналған жағдайларда ғана түзіледі. Тамырдыңтүйнектерінде көп жағдайда қосалқы бүршіктер болады, солар арқылы өсімдіктердің вегативтік көбеюі жүзеге асады.

Микориза. Тамырдың ұштарын олармен бірге симбиозда селбесіп өсетін саңырауқұлақтардың жіп шумақтарын (гифаларын) микориза деп атайды. Микоризаның үш типін ажыратуға болады: 1) сыртқы немесе эктотрофтымикориза, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіп шумақтары тамырды тек сыртынан тығыз қоршап тұрады; 2) сыртқы-ішкі немесе эктоэндотрофтымикориза, бқл жағдайда саңырауқұлақтың жіп шумақтары тамырдың клеткаларына аздап еніп тұрады; 3) ішкі немесе эндотропты микориза, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіп шумақтары тек тамырдың ішінде өмір сүреді.

Түйнектер. Бұршақ тұқымдастарға жататын өсімдіктердің тамырларына ауадағы азотты бойына сіңіруге қабілетті рибозиум туысына жататын ерекше бактериялар қоныстанады. Бактерияның тамырға енуі оның қабықтық бөлігінің ұлпаларының ұлғайып өсіп, түйнектер деп аталынатын, ісік тәріздес буылтық түйнектердің пайда болуына әкеліп соғады.

 

Сабақ.

Сабақ жапырақтар мен тамырдың арасын байланыстырып тұратын, жақсы ассимиляциялық системаның түзілуіне мүмкіндік туғызатын және жапырақтардың оларға күннің сәулесі жақсы түсетіндей жағдайда орналасуын қамтамасыз ететін мүше. Сонымен қатар сабақ артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады.

Морфологиялық құрлысы.

Сабақтың көлденең кесіндісі көп жағдайда цилиндр тәрізді болып келеді, бірақ шөптесін өсімдіктерде сабақ үш қырлы (қияқта), төрт қырлы (ерін гүлділер), қанатшалы (орман чинасы), жалпақ (шылаң-рдест) болып келеді.

Сабақтың ұзындығы көп мөлшерде ауытқып отырады. 280-300 м-ден (ротангалы пальманың өрмелеп өсетін сабақтары) 1,5 мм дейін (су өсімдігі вольфия).

Анатомиялық құрлысы.

Сабақтың құрлысы тамыр құрлысынан біршама күрделі болып табылады.

Ол алғашқы құрылыстан және соңғы құрылыстан тұрады.

Алғашқы құрылысы. Сабақтың ұшында алғашқы меристема орналасады. Осы жерде жапырақтың алғашқы бастамасының деңгейінде прокамбий түзіледі. Одан алғашқы флоэма мен алғашқы ксилема пайда болады. Камбийден сыртқа қарай алғашқы қабық, ал ішке қарай өзек орналасады. Өсу конусының ұшындағы клеткалардың қабатынан эпидермис пайда болады. Осылайша сабақтың алғашқы құрылысы пайда болады. Сабақтың алғашқы құрылысында ұлпаларды, тамырдағы секілді екі комплекске: сырты эпидермиспен қапталған алғашқы қабыққа және орталық цилиндрге бөледі.

Тамырдың алғашқы құрылысының сабақтың алғашқы құрылысынан айырмашылығын көрсететін негізгі белгілерге мыналар жатады: тамырдың орталық цилиндрінде көп жағдайда өзек түзілмейді; еш уақытта эпидермасы мен колленхимасы болмайды; өткізгіш шоқтары барлық уақытта радиальді болып келеді және орталық цилиндрдің ортасында орналасады; тамырдың көп бөлігін алғашқы қабық қабаты алып жатады.

Соңғы құрлысы. Сабақтың соңғы құрлысы, тамырдағы секілді соңғы меристеманың - камбийдің пайда болуымен байланысты. Сондықтанда ол жалаңаштұқымдыларға және қосжарнақты жабықтұқымдыларға тән. Камбий орталық цилиндрде алғашқы флоэма мен алғашқы ксилеманың арасында түзіледі. Ол прокамбийден және алғашқы өзектік сәулелердің паренхимасынан пайда болады. Камбий сабақтың шетіне қарай соңғы қабықтың элементтерін бөліп шығарады. Соңғы қабықтың өзіне тән гистологиялық элементтері - сүзгілі түтіктері, серіктік клеткалары, тіндік талшықтары, тіндік паренхималары және өзектік сәулелердің паренхималары, соңғы флоэмадан (екінші реттік тін) тұрады. Өзекке қарай камбий түтіктерден, трахеидтерден, сүректік талшықтардан, сүректік паренхималардан және өзектік сәулелердің паренхимасынан тұратын соңғы ксилеманы бөліп шығарады.

Жапырақ.

Жапырақ дегеніміз өсуі шектелген бүйірлік орган. Ол қыстырмалы меристеманың белсенділігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұлар уақытша орган.

Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газдың алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады. Сонымен қатар жапырақта артық қор заттары жиналады, жекеленген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін де атқарады.

 

Морфологиялық құрлысы.

Жапырақтың мөлшері (көлемі) қатты өзгеріп отырады. Көп жағдайда тіптен бір өсімдіктің өзінде мөлшері әр түрлі болып келетін жапырақтар кездеседі.

Жапырақтың формациясы, әртүрлі жапырақтылық (гетерофилия). Әдетте бір өркенде мөлшері, формасы, түсі жағынан әртүрлі болып келетін жапырақтар пайда болады. Жапырақтың үш түрлі формациясы болады: төменгі, ортаңғы және жоғарғы. Жапырақтың төменгі формациясы әдетте арнаулы қызмет атқаруына байланысты (қорғаныштық, қор жинайтын) жетілмеген немесе түрі өзгерген болып келеді. Жапырақтың ортаңғы формациясы өсімдіктердің жапырақтарының негізгі массасын түзеді. Жапырақ-тың жоғарғы формацияның жапырақтары гүл беретін өркендерде (гүл шоғырында) орналасады.

Жапырақтың бөліктері. Өсімдіктердің көбі жапырақтардың сағақтары арқылы (сағақты жапырақ) сабаққа бекінген, азды көпті жалпақ тақтадан тұрады. Сағақ жапырақ тақтасын күнге қарай бағыттайды. Егер сағағы болмайтын болса, онда мұндай жапырақтарды отырмалы деп атайды.

Жүйкеленуі. Жүйкеленудің мынандай типтері белгілі. Қарапайым жүйкелену - бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғарғы ұшына дейін тек бір ғана жүйке (өткізгіш шоқ) өтеді; дихотомиялық жүйкелену - бұл жағдайда жапырақтың жүйкелері аша тәрізді болып тармақтанады; торлы жүйкелену - бұл жағдайда бір немесе бірнеше үлкен жүйкелер көптеген бүйірлік тармақтар береді, нәтижесінде олардан қалың тор түзіледі; доғалы және параллель жүйкелену - бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғарғы ұшына дейін бірнеше мөлшері жағынан бірдей, жан-жаққа бүйірлік тармақтар бермейтін жүйкелер өтеді, бір жағдайда тек параллель, екінші жағдайда доға тәрізді болып табылады.

 

Анатомиялық құрлысы.

Жапырақ тақтасы эпидермадан, мезофилден, өткізгіш шоқтарынан (жүйкелерден) тұрады.

Буктың жапырағының үстінгі эпидермисінің клеткаларының кутикуласы астыңғы эпидермасының клеткаларының кутикуласына қарағанада біршама қалың болып табылады. Үстінгі эпидермасында устьица аппараттары болмайды. Үстінгі эпидерма мен астыңғы эпидщерманың арасында ассимиляциялық паренхималардан тұратын мезофилл жатады. Оның жоғарғы эпидермаға жақын орналасқан клеткаларының формасы ұзынша созылған, тығыз орналасқан және клетка аралық қуыстары болмайды. Бұл бағаналы (полисадная) паренхима. Онда негізінен фотосинтез процесі жүреді. Астыңғы эпидермаға жақын жерде клетка аралық қуыстары үлкен, біршама дөңгелектеу болып келген клеткалар - борпылдақ паренхима орналасады. Оның негізгі атқаратын қызметі - газдың алмасуын және судың булануын (транспирация) реттеу болып табылады. Мезофиллде бір-бірінен қашықтықта өткізгіш шоқтары орналасады. Негізгі жүйке үстінгі эпидермистен астыңғы эпидермиске дейінгі жапырақтың қалықдығының барлығын түгелдей дерлік алып жатады. Ксилема жапырақтың үстінгі бетіне қарай, ал флоэма астыңғы бетіне қарай бағытталған. Яғни бұл жабық коллатеральды шоқ. Ол склеренхиимамен қапталған. Шоқтың жоғарғы және төменгі жағында эпидермаға жанасып колленхима жатады. Жүйкенің тармақталуының қатары жоғарылаған сайын, шоқтан біртіндеп оның флоэмаллық бөлігі жойылады да, қарапайым формаға келеді. Сонымен, буктың жапырағының дорсальды (арқа) және вентральды (астыңғы) әр түрлі қызмет атқарады және соған байланысты құрылыстары да әр түрлі болады.

 

Ркен.

Өркен төбелік меристемадан пайда болатын және морфогенездің алғашқы этаптарында арнайы маманданған бөліктерге: сабаққа, жапыраққа, бүршікке бөлінетін мүше (орган). Оның негізгі атқаратын қызметі фотосинтез. Сонымен қатар өркеннің әртүрлі бөліктері, өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін, артық қор заттарымен суды бойына жинау қызметтерін атқарады.

 



Просмотров 4265

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!