Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Пирафитті, эвглена, қызыл балдырлары



 

 

Сабақтың мазмұныБұл бөлімге тиісті балдырлар микроскопиялық, негізінен бір клеткалы, көбінше екі талшықты, суда еркін жүзеді.Клеткасы дорзовентраль түзілген.Олардың сыртында бойына және еніне қарай жайғасқан бір – бірімен қосылған жерінде түрлі ұзындықта 2-ден талшық шығады. Клеткасы қабықсыз немесе целюзолалы көпшілігі құмтаспен оралған. Хромотофоры клетканың шетінде жайласқан, құрамындағы хлорофилл, каротин және ксантофил пигменттері клеткаға ақ, қоңыр, қоңыр, кейде сарғыш, қызғыш түс береді. Қор заттары ретінде крахмал, май пайда етеді, жай бөліну жолымен көбейеді.Пиррофит балдырларда жыныссыз көбеюде кездесіп тұрады. Мұнда екі талшықты зооспора немесе қозғалмайтын аплоноспора пайда болады. Ыңғайсыз жағдайда цистаға айналады.Жыныстық көбею кездеспейді. Парофитт балдырлардан судың биологиялық анализыда оның ластанулық дәрежесін анықтауда пайдаланады.Пиррофит балдырлардың 1100 – ден артық түрді өз ішіне алады.

2 класқа бөлінеді : крифтофиттер және динофиттерге бөлінеді.

Пиррофит балдырлардың динофиттер класынан церацкумва перидиумды атап өтеміз.

Церацкум – Ceratium hirundinella. Клеткасы бойына ұзыншақ түзілген балдыр. Клетканың кең бөлімінде көлденең каналша болып, оны екі бөлімге бөледі. Алдыңғы ұзын өсіндіні апикал жағы, екі немесе үш әртүрлі ұзындықтағы қайрылған өсінділі бөліміні апика бетт деп аталады. Екі талшықтан бірі алдыңға қарай бағытталып, екіншісі денені каналша бойлап орап алады.

Көбеюі. Клетканың қарапайым жолмен екіге бөліну арқылы өтеді.

Перидиум – Peridinium. Клеткасы шар, немесе жұмыртқа тәрізді көрініске ие. Клетка қабықтары құм заттары мен тойынған қалқан көрініске ие. Протопласта бір ядросы бар. Хромотофоры қоңыр реңді пиреноидтары жоқ. Фотосинтез нәтижесінде крахмал және май тамшылары пайда болады.Клеткаларының тең екі бөлімге жай бөлінуі жолымен көбейеді.Су қоймаларында планитонда өмір сүреді.

2.Эвгленалар бір клеткалы, бір ұзын талшығы жәрдемінде таза жасыл хромотофоралары арқылы актив әрекеттенеді.Клеткасының пішіні көбінше элиппс, ұзын болып келеді. Оларда целлюлозалы қабық болмайды. Оның қызметін целлюлозаның сыртқы қабығы қалыңдауы нәтижесінде пайда болатын перипласт немесе пеликула деп аталатын үстіңгі қабат атқарады. Пелликула иілуші болғандығы себепті клетка өз денесін, пішінін өзгертіріп тұрады.

Цитоплазмада бір немесе бірнеше хромотосфорлар болады, онда жоғары өсімдіктер хлорапластындағы сияқты хлорофилл а және б каротин және ксантофиллі бар.Кейбір эвгленаларда қызыл реңді астаксантинде кездеседі. Фотосинтез нәтижесінде крахмал жиналмайды оған ұқсас парамилон пайда болады. Парамилон жалтырақ дәндерге ұқсас көріністе хромотофорда немесе оның төңірегінде жиналады. Хромотофор көбінше жұлдыз, лента ірі пластинка және диска тәрізді болып, клетка қабығы жанында жайласқан. Хромотофор пиреноидты және пиреноидсыз болады. Эвгленалар клеткасының алдыңғы бөлімінде ворониа тәрізді сайлық болып олардан бір немесе екі талшық шығып тұрады. Тірі эвглена клеткасының алдыңғы бөлімінде қызыл нүкте стигма жайласып ол орототаксис жарықтықтан әсерлену ерекшеліктеріне ие.

Көбеюі.Клетканың бойына қарай екіге бөліну жолымен амалға асады. Бөліну алдынан талшықтарына тастайды ядро, стигма және хромотофорлар бөлінгеннен соң, клетканың алдыңғы бөлімінде саңлау пайда болады. Ол үлкейіп екі клетка пайда болады. Талшықтар пайда болған соң актив әрекеттене бастайды. Эвгленалар табиғатта ақпайтын түрлі экологиялық жағдайдағы су қоймаларында кездесуі мүмкін. Эвгленалар миксотроф және сапрофит қоректенуіне байланысты ластанған су қоймаларында биологиялық тазалануында үлкен роль ойнайды. Эвгленалардың табиғатта 400-ге жақын түрі кездеседі олар екі қатарға бірігеді негізгі өкілдері эвглена және трахемонас.

Эвглена – Euqlena viridis. Клеткасы ұршық бір талшықты цитоплазматикалық перипласт қабығымен оралған клетканың алдыңғы бөлімінде воронка тәрізді бума болып, ол цитоплазмадағы қысқарушы вакуола мен байланысады. Буынның жан бөлімінде қызыл гематохроль пигменті мен толған көзі жайласқан. Цитоплазмада бір ядро және жасыл реңді жұлдыз тәрізді даналы, лента тәрізді пиреноидсыз хромотофоралары болады. Қор зат ретінде көмірсулар, парамилондар пайда болады. Эвглена денесі ұзынына жай бөліну жолымен көбейеді. Көл мен суларды азотты органикалық заттарға бай кіші су қоймаларында кездесіп, олардың гүлдеуіне себепші болады. Трахеломонас – Trachelomonac. Оның бір талшықты әрекетшең клеткасы домалаң немесе эллипс тәрізді үйшіктің ішінде жайласқан. Бір талшығы сыртқа шығып тұрады.Темір бірікпесері не бай кіші су қоймаларында кездеседі. Эвгленалылар бір клеткалы формалары ішінде цитоплазманың ішінде крахмал орнына парамилон пайда етуімен басқа балдырлардан айырмашылығы бар. Эвгленалылар басқа бөлім балдырлардан ешқандай туысқандық байланыстары жоқ.

3. Қызыл балдырлардың түрлерінің жалпы саны 4 мыңдай болады. Олар тропикалық және субтропикалық елдердің теңіздерінде климаты қоңыржай болып келетін облыстарда да көптеп кездеседі. Тек аздаған түрлері ғана суы тұщы бассейндер мен топырақта өседі.

Қызыл балырлардың талломы ұзындығы 2м – ге жететін көптеген бұтақтанған жіпшелерден, сиректеу пластинка немесе жапырақ тәрізді құрылымнан тұрады. Ұлпаларға дифференциациялану байқалады. Талломының өсуі диффузды немесе төбелік клеткалары арқылы жүзеге асады. Ең қарапайым түрлерінің талломы бір клеткалы немесе колониялы болып келеді. Өмірлік циклында қозғалмалы талшықты формалары болмайды. Хромотофоралары көп жағдайда диск тәрізді келеді, Сондықтан да мұндай балдырларды агар алуға қажетті шикі зат ретінде пайдаланады.

Екінші бір түрлерінің клетка қабықшаларының сыртын известь қаптап тұрады, әртүрлі өрнек түзеді. Мұндай түрлер коралырифтердің түзілуіне қатысады. Қызыл балдырлардың клеткаларында хлорофилл, каротин, ксантофил,қызыл фикоэритрин, көк фикоциан пигменттері болады. Осыларға байланысты қызыл балдырлардың талломасы ашық – қызылдан, көкшілдеу – күлгін түске дейін боялады.

Көбеюі. Қызыл балдырлар вегетативті, жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Вегетативті көбеюі сиректеу үзілген талломдарында арнайы өсу бүршіктері пайда болады. Олардан жаңа особьтар жетіледі.

Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Споралары спорангияның ішінде бір – бірден немесе төртеуден (тетраспоралар) пайда болады. Споралар спорангияның қабықшасының жыртылуының нәтижесінде босап сыртқа шығады да қабыққа оранады соң судың түбіне шөгіп өсе келе жаңа таллом (гаметофит) береді. Жыныстық көбеюі оогамиялық жолмен жүзеге асады. Аналық жыныс органы карпоген қысқа бұтақтардың қолтығында бір – бірден өседі. Карпогон – колба пішінді, ол кеңейген түпкі бөлімнен және жоғарғы жіңішке түтік тәрізді мойны трихогинадан тұрады. Қарапайым түрлерінің трихогинасы болмайды. Антеридий және карпогон сыртқы құрылысы жағынан айырмашылығы жоқ әр особьтарда дамиды.Антеридиден босаған аталық гамета (спермация) судың ағынымен карпогонға келіп трихогинаға жабысады да, қабықпен қапталады, соң трихогина арқылы карпогонның кеңейген бөліміне өтіп жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады.

Ұрықтанғаннан соң трихогина жойылып кетеді. Карпогонның кеңейген бөлімі ұлғайып, өсе келе көп клеткаға айналады оны цистокарпий деп атайды. Цистокарпийден карпоспора дамиды, олар судың ағынымен таралады да жаңа талломға айналады. (спорофитке).

Классификациясы. Бөлім екі класқа бөлінеді:бангиевалылар класы (Вanqiophyceal), флоридеялылар класы. (Florideophyceal) олардың әрқайсысында 6- дан қатар бар. Бангиевалылар класында 20туыс, 70 түрі бар. Көп тараған туыстарына порфира (рorhyra) комсопогон (Comsopoqon) т.б жатады. Флоридеялылар класында 49 тұқымдас бар.Бұл класқа леманеа (Lemanea), батрахосперум (Ваtrachospermum), полисифон (Polysiponia) т.б туыстар өкілдері жатады. Қызыл балдырлар кондитер, басқа өнеркәсіптерде пайдаланады.

 

Бақылау сұрақтары :

1. Пирофитті балдырлардың клетка құрылысы

2. Пирофитті балдырлардың көбею ерекшеліктері

3. Пирофитті балдырлардың таралуы

4. Эвгленалы балдырлардың биологиялық ерекшеліктері

5. Эвгленалы балдырлардың таралуы, көбею жолдары

 

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары

Пирофитті және эвгленалы балдырлардың негізгі өкілдері

 

Әдебиеттер

Негізгі

1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.

2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).

3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.

4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.

5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б

 

Ќосымша әдебиеттер

1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М.Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.



Просмотров 2981

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!