Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тостағанша жапырақшалар



Әдетте үлкен болмайтын жасыл жапырақшалардан тұрады (тостағанша жапырақшалардан). Кейде тостағанша жапырақшалар ашық түске боялған болып келеді. Бұл жағдайда олар олар күлте жапырақшалардың ролін атқарып, гүлді тозаңдандыратын насекомдарды өзіне көптеп еліктіреді. Көп жағдайда тостағанша жапырақшалар бір ғана шеңбер түзеді. Кейде тостағанша жапырақшалырдың астында, тостағанша асты жапырақшалары (подчащие) болады.

Күлте жапырақшалар.

Әдетте күлте жапырақшалар тостағанша жапырақшаларға қарағанда біршама үлкен және ашық түске боялған болып келеді. Күлте жапырақшалар бір-бірімен біріккен болуы мүмкін (кем дегенде екі-үш жапырақшалары бірігеді) немесе бос күйінде қалып отырады. Соған байланысты күлте жапырақшалардың екі типі бар: жеке жапырақшалылар (свободнолепестные) және біріккен жапырақшалылар (спайнолепестные).

Біріккен күлте жапырақшаларды мынанадай бөліктерге: күлтелерінің біріккен бөлігі - түтік, бірікпеген бөлігі - күлте алақаны (отгиб) және түтіктің күлте аолақанына ауысатын жері - зев деп ажыратады.

Күлте жапырақшалар, тостағанша жапырақшалар секілді полисимметриялы (дұрыс, актиноморфты), моносимметриялы (бұрыс, зигоморфты) және ассимметриялы болып бөлінеді.

 

Андроцей.

Андроцей - бұл бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы. Андроцейдегі аталықтардың саны көп мөлшерде ауытқып отырады - бірден бірнеше жүзге дейін. Аталықтары не жеке-жеке бос орналасқан немесе әртүрлі деңгейде біріккен болып келеді. Егер аталықтардың барлығы біріккен болса, онда - бір ағайынды, аталықтардың біреуі бос қалып, қалғандары біріккен болса - екі ағайынды, ал егерде аталықтары бірнеше топ түзіп бірігетін болса - көп ағайынды аталықтар деп аталады.

Аталық. Қалыпты жағдайда аталық екі бөліктен тұрады - аталық жіпшесінен және тозаңқаптан (тозаңдықтан).

Аталық жіпшесі өсімдіктердің көпшілігінде қарапайым, тармақталмаған болып келеді. Алайда олардың кейбіреулерінде, әртүрлі формада, бүйірлік өскіншелер түзіледі ненмесе бұтақтанады. Егер аталықтың жіпшесі болмаса, онда оны отырмалы аталық деп атайды.

Тозаңқап әдетте "текалар" деп аталатын екі жартыдан тұрады, ал ол жартылары бір-бірімен дәнекер арқылы біріккен. Әрбір тека екі ұядан немесе тозаңқаптан тұрады. Тозаңқаптың сыртын бір қабат эпидермис қаптап тұрады. Бұл микроспорофиллдің қалдығы болып табылады. Эпидермистің астында жатқан қабаты (субэпидермиальный слой) эндотеций деп атайды.

Әрбір ұяның ортасында спора түзетін ұлпа болады, оның клеткаларынан алдымен микроспоралар, содан соң тозаң түзіледі.

Гинецей.

Бұл бір гүлдегі аналықтардың жиынтығы. Бір жеміс жапырақшадан (мегаспорофилл) тұратын аналық түзетін генецейді - бір мүшелі, ал бірнеше жеміс жапырақшаларынан тұратын аналық түзетін гинецейді - көп мүшелі деп атайды.

Аналық. Бұл бір немесе бірнеше жеміс жапырақшалардың бірігіп кетуінің нәтижесінде түзілетін, тұқым бүрлері орналасатын жабық қуыс (гүл түйіні, планцета). Аналық гүл түйінінен, аналықтың мойнынан және аналықтың аузынан тұрады. Кейде аналықтың мойны болмайды, бұл жағдайда аналықтың аузы отырмалы болып келдеді.

Гүл түйіні гүлдің басқа бөліктеріне қатынасына қарай жоғарғы және төменгі болып келеді. Жалпақ, дөңес немесе ойыс болып келген гүл тұғырына гүлдің қалған мүшелері бос орналасса және гүл түйіні тек жеміс жапырақшалардан түзілсе, онда мұндай гүлдің гүл түйіні жоғарғы болып келеді. Гүл түйіні төменгі болып келетін гүлдерде, гүлдің барлық мүшелері жеміс жапырақшаларымен бірге гүл түйінімен бірігіп кетеді.Гүл түйінінің ішінде тұқым бүршігі (семяпочка) пайда болады. Тұқым бүршігінің гүл түйінінің қабырғасына бекінетін жерін "планцета" деп атайды.

Жақсы жетіліп қалыптасқан тұқым бүршігінің интугументінің астында көп клеткалы ұлпа "нуцеллус" (мегаспорангии) орналасады. Оның клеткаларының біреуі археспоральды клеткаға айналады. Одан төрт мегаспора түзіледі, оның біреуі өсе келе сегіз ядролы ұрық қалтасына айналады.

 

Тозаңдану.

Тозаңдар пісіп-жетілген соң, тозаңқап (тозаңдық) қақырап ашылады, одан шашылған тозаң аналықтың аузына келіп түседі. Бұл процесті тозаңдану деп атайды. Тозаңданудың екі түрлі жолы бар: өздігінен және айқас тозаңдану.

Өздігінен тозаңдану тек қосжынысты гүлдерге ғана тән. Бұл жағдайда бір гүлдің өзінің аталық тозаңы аналық аузына түседі. Ол ашылмайтын гүлдерде (клейстогамных) айқын байқалады. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктерді автогамиялық (грек. авто - өзін, голос - одақ) өсімдіктер деп атайды.

Айқас тозаңданғанда жаңа пайда болатын ұрпақ атасы мен анасының екеуінің де кейбір қасиеттерін бірдей қабылдау мүмкін, ал оның өзі осы ұрпақтың әр түрлі ортаға бейімделушілік қабілетінің артуына мүмкіндік береді.Айқас тозаңдануда тозаңның бір гүлдің аталығынан екінші гүлдің бір аналығына түсудің мынанадай жолдары бар: анемофилия (жел арқылы), гидрофилия (су арқылы), энтомофилия (насекомдар арқылы), орнитофилия (құс арқылы), мирмекофилия (құмырсқалар арқылы).

Рықтану.

Бұл екі жыныс клеткасының қосылуы арқылы жүретін процесс, яғни аталық және аналық гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Жабық тұқымды өсімдіктердің аталық гаметасын спермия, ал аналық гаметасын жұмыртқа клеткасы деп атайды.

Апомиксис.

Апомиксис деп ұрықтың әртүрлі жағдайларға байланысты ұрықтану процесінсіз (ядролардың қосылуынсыз) пайда болу айтады. Апомиксис құбылысы қос және даражарнақты өсімдіктерде жақсы жетілген.

Апомиксисті өсімдіктер көп жағдайда морфологиялық ауытқушылықтарға ұшырайды. Олардың тозаңы көптеген жақсы қасиеттерін жоғалтып, бұрынғы қабілетінен айырылады (дегенерацияға ұшырайды), тозаі қабы (тозаңдық) редукцияға ұшырайды.

 

Тұқым.

Тұқым дегеніміз тұқымды өсімдіктердің көбеюіне және атарлуына арналған мүше (орган). Ол сырты жеміс қаппен (спермодерма) қапталған және қор жинайтын ұлпадан тұрады. Өсуге қолайсыз жағдайда (салқында, құрғақшылықта) тұқым тыныштық қалпында топырақта ұзақ уақыттар бойы жата беруі мүмкін. Қолайлы температурада және ылғал жеткілікті жағдайда тұқым бойына суды тартып, ауа жетклікті мөлшерде келіп тұрса ісініп өседі.

Жеміс.

Жеміс дегеніміз тұқымды қорғауға, ал кейбір жағдайда оларды таратуға арналған мүше. Жеміс гүлден, ұрықтану процесінен кейін, ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзілуінде негізгі рольді гинецей атқарады.

Құрылысы. Жеміс перикарпийден (грек. "пери" - жанында, "карпос" - жеміс; демек жемістің тұқымды қоршаған бөлігі) және тұқымның жиынтығынан тұрады. Перикарпий дегеніміз бір немесе бірнеше аналықтың жатырының (гүл түйінінің) қабырғасынан, көп жағдайда гүлдің басқа да бөліктерінен - аталық негізінен, күлте жапырақшалардан, тостағанша жапырақшалардан, сиректеу гүл тұғырынан пайда болатын, жемістің қабықшасы болып табылады. Перикарпий (околоплодник) үш қабаттан: сыртқы - экзокарпадан, ортаңғы - мезокарпадан және ішкі - эндокарпадан тұрады.

Жемістің классификациясы. Жемістердің мынандай түрлері болады: қорапша тәрізді, жаңғақ тәрізді, жидекті жемістер, сүйекті жемістер, жиынтық жемістер,бөлшекті жемістер, бунақты жемістер, біріккен жемістер.

Қақырайтын құрғақ жемістердің ішіндегі тұқымның саны бір-бірден немесе өте көп болуын қорапша тәрізді жемістер деп атайды. Қорапша тәрізді жемістердің өзі қақырау жолына, ішіндегі ұялардың санына қарай былай бөлінеді: таптама (листовка), боб, бұршаққын, бұршаққынша (стручок, стручочек), қорапша.

Қақырамайтын құрғақ жемістердің перикарпиі құрғақ, бір тұқымды болып келуін жаңғақ тәрізді жемістер деп атайды. Бұған жататындар: жаңғақша, жаңғақ, шошқа жаңғақ (желудь), тұқымша (семянка), дән (зернока), қанатты жеміс (крылатка).

Сүйекті жемістер (костянка) - көп жағдайда төменгі бір немесе көп ұялы гүл түйінінен пайда болған, перикарпиі жұқа экзокарпиге, етженді мезокарпиге және азды-көпті қалың, сүректенген эндокарпиге диффернецияланған жеміс.

Жиынтық жемістер деп апокарпты жемістерді атайды. Бұларға көп таптама (шөмішгүл - водосбор), көп жаңғақша (сарғалдақ - лютик), көп сүйекті жемістер (таңқурай - ежевика, малина) жатады.

Бөлшекті жемістер - бұл пісіп жетілген кезде жеміс жапырақшаларына, немесе олардың тікесінен алынғандағы жартысына дәл келетін (мирикарпий) кейбір тұқымдастардың құрғақ ценокарпты, көп тұқымды жемістері жатады.

Бунақты жемістер - бұларға пісіп жетілген кездерінде, көлденең перделері арқылы бәр тұқымды бунақтарға бөлініп кететін жемістер жатады.

Біріккен жемістер - бұларға бір-бірімен біріккен бірнещі гүлден, немесе түгелдей гүлшоғынан пайда болатынжемістерді жатқызамыз (тұт, инжир, ананас).

 

Бақылау сұрақтар:тест сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж.
  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
  3. Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
  4. Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.
  5. Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.
  6. Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

 

№ 8 дәріс. (2 c)

Тақырып:. Өсімдіктердің экологиялық топтары.

Өсімдіктердің өмір сүру формалары.

Дәрістің мақсаты:. Өсімдіктердің экологиялық топтарымен және өмір сүру формаларымен таныстыру.

Дәріс мазмұны:Өсімдіктердің сыртқы ортаға бейімделу жолдарымен таныстыру. Сыртқы ортаға байланысты өсімдік топтары ксерофит, мезофит, гидрофит, гигрофит түрлерімен таныстыру.

Бұл тақырыпта климат жағдайларына байланысты өсімдіктердің бейімделу топтарын көрсету қажет. Раункиер классификациясы бойынша фанерофит, хамефит, криптофит, гемикриптофит және терофит өсімдік топтарымен таныстыру.



Просмотров 5062

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!