Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Ркеннің морфологиялық құрылысы



Бүршік. Бұл қысқарған өркен. Ол өсу конусымен аяқталатын (сабақтың бастамасы) меристемалық өстен және жапырақ тұмсықшасынан (жапырақтың бастамасы), яғни алғашқы метамерлердің сериясынан тұрады. Төмен орналасқан дифференцияланған жапырақтар, өсу конусы мен жапырақ тұмшықшасын қоршап жауып тұрады. Вегетативтік бүршіетің құрлысы осындай болады.

Көп жағдайда жапырақтардың түрі өзгеріп, бүршікті кеуіп, құрғап қалудан сақтайтын қабыршақтарға айналады. Мұндай бүршіктерді жабындық (жабық) бүршіктер деп атайды.

Орналасу ерекшеліктеріне қарай бүршіктерді төбелік және бүйірлік деп екіге бөледі.Соңғысы шығу тегіне қарай, қолтықтық және қосалқы болып бөлінеді.Ұзақ уақыт бойы өркен бермейтін, қолтықтық бүршіктерді бұйыққан бүршіктер (спяшие почки) деп атайды.

Жапырақтың орналасуы. Жапырақтың орналасуының негізгі үш түрі бар: спиральді немесе кезектесіп орналасу - буында тек бір ғана жапырақ болады, сабақта жапырақ спиральдың бойымен орналасады; қарама-қарсы орналасу буында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі жапырақ болады; топтасып орналасу буында үш немесе одан да көп жапырақтар орналасады.

Өркеннің ұлғайып өсуі. Өркен ұзындыққа әдетте төбелік меристемалардың белсенділігінің нәтижесінде өседі. Егер өркен бір төбелік меристеманың есебінен ұзақ уақыттар бойы шексіз өсетін болса, онда өсудің мұндай түрін моноподиальдық деп атайды. Өркеннің төбесінен үстемелеп өсуін симподиалды өсу деп атайды.

Бұтақтануы. Бұтақтанудың мынандай екі типі бар: төбесінен және бүйірінен бұтақтану. Төбесінен бұтақтанғанда өсу конусы екі немесе оданда көп бөліктерге бөлінеді. Ал бүйірінен бұтақтанғанда жаңа өстер бұтақтың жоғарғы ұшынан төмендеу орналасады.

Өсудің бағыты. Вертикаль бағытта жоғары көтеріліп өсетін өркендер тік өсетін, жабысып өсетін, өрмелеп өсетін болып бөлінеді.Жердің бетіне төселіп өсетін өркендерді қатаған өркендер деп атайды (стелющиеся). Егер жатаған өркен қосалқы тамыр берсе, онда оны сұлама өркене деп атайды (ползучий).

 

Бақылау сұрақтар:тест сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж.

2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

3. Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.

4. Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.

5. Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.

6. Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

№ 6-7 дәріс. (4 c)

Тақырып:Көбею және даму.

Дәрістің мақсаты:Өсімдіктердің көбею және даму сатыларымен таныстыру.

Дәріс мазмұны:1. Өсімдіктердің әртүрлі көбею жолдары қамтылады:

Бұл такырыпта жынысты және жыныссыз көбею жолдары көрсетіледі. Өсімдіктерді вегетативті жолымен көбейту әдістері оқытылады.

Бұл дәрісте мүктердің, папоротниктердің даму циклы мен студенттерді таныстыру керек, сонымен қатар, даму циклінде кездесетін ядро фазаларының алмасуы, ұрпақтардың алмасуы деген ұғымдарды беру қажет.

Карағайдың даму циклі туралы мағлұматтар беріледі. Бұл тақырыпта тозаңның пайда болуы, оның қүрылысы, тұқым бүршігінің құрылысы. Микроспорогенез, макроспорогенез, тозаңдану және ұрьқтану туралы ұғымдарды көрсету қажет.

Сонымен қатар, бұл дәрісте гүл, гүлдің құрылысы, андроцей және гинецейдің құрылысы, спорогенез және гаметогенез туралы сұрақтарды қарау керек. Гүлде жүретін тозаңдану және ұрықтану (қосарынан) процестерімен таныстыру керек.

Гүл шоғырының түрлері оның биологиялық маңызымен таныстыру.

Тұқымның құрылысы, пайда болуы, түрлері, таралуы және маңызы туралы мағлұматтар беріледі.

Бұл тақырыпта жемістің пайда болуы, оның түрлері, құрылысы, классификациясы және таралу жолдары көрсетіледі.

Сімдіктердің көбеюі.

Тірі организмдерде міндетті түрде болатын қасиеттердің бірі, ол артына ұрпақ қалдыру, басқаша айтқанда бір особьтың қзі секілді жас особьтардың тұтас сериясын немесе кем дегенде біреуін беруге қабілеттілігі.

Көбеюдің бір-бірінен прициптік айырмашылығы бар екі түрі белгілі: жыныстық және жыныссыз.

Жыныссыз көбею.

Жыныссыз көбеюдің екі түрі бар: вегетативтік және нағыз жыныссыз. Кейбір төменгі сатыдағы өсімдіктерде жыныссыз көбеюдің осы екі түрінің арасында айқын шекара болмайды.

Вегетативтік көбею.

Вегетативтік көбеюі, талломның, тамырдың, сабақтың бөліктері арқылы жүзеге асады. Ол өсімдіктердің регенерацияға қабілеттелігіне, яғни өсімдіктің бір бөлігінен тұтас организмнің пайда болуына негізделген.

Бір клеткалы өсімдіктерде (балдырларда, бактерияларда) вегетативтік көбею клетканың тең екіге бөлінуі арқылы жүреді, ал коллониялы және көпклеткалы өсімдіктерде талломдарының бірнеше бөліктерге бөлінуі арқылы, саңырауқұлақтарда маманданған бір клеткалы құрылым арқылы жүзеге асырылады (оидилер, хламидоспоралар және т.б.).

Жабық тұқымды өсімдіктерде вегетативтік көбею тамырдың, сабақтың, жапырақтың бөліктерімен және бүршіктері арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар өсімдіктер тамырсабақтары, түйнектері, баданалары секілді сабақтың өзгерген түрлері де арқылы вегетативтік жолмен көбейе алады.

Оның мынандай қолдан көбейту түрлері бар: қалемшелері арқылы және телу арқылы.

Қалемшелері арқылы көбею. Қалемше деп аналық өсімдіктен кесіліп алған сабақтың, тамырдың, жапырақтың бір бөлігін айтады. Қалемшелері арқылы көбейгенде полярлық заңдылықтарды естен шығармау керек.

Телу арқылы көбею. Телі дегеніміз бір өсімдіктен ойып алған бүршіктің (көзшенің) немесе сол өсімдіктің сабағынан дайындалған қалемшенің екінші бір өсімдіктің сабағымен (тамыры жақсы жетілген) жымдасып бірігіп кетуін айтады. Бқл жағдайда көбейту үшін теліген (отырғызған) өсімдікті үстінгі (привой), ал қалемшені отырғызған тамыры бар өсімдікті астыңғы (подвой) деп атайды.



Просмотров 2682

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!