![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Ведущая - Биыл қанша стипендиантты жіберуге дайынсыздар?
Ныгыметов Г.С. - Өткен жылы 4 мың өтінім болды, 4 мың құжат тапсырылды, стипендияны 1 мың адам алды. Биыл мемлекет стипендияны бір мың адамға бөлді. Сондықтан ағымдағы жылы «Болашақ» стипендиясын бір мың адам иелене алады және осы жылдың ішінде және келесі жылы шет елдерге шығады, оның ішінде тілді үйрену курстары бар. Жаңашылдықтарға қатысты айтсам, БАҚ-та бұл ақпарат болды. Шетелде кадарларды даярлау жөніндегі республикалық комиссия тілдер бойынша минималды талаптардың күшейтілуін бекітті, ағылшын бойынша үштен төртке дейін деңгей кіреді, сондай-ақ қазақ тілі бойынша деңгей кіреді 75-тен 85 сұраққа дейін, 150 сұрақтың ішінен жауап беру керек. Ведущая - Мұндай өзгерістерді енгізуге қандай негіз болды? Ныгыметов Г.С. - Білесіздер, Республикалық комиссия әртүрлі мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған. Ағылшын тілі бойынша меніңше бұл дұрыс шешім, себебі ағылшын тілінің деңгейі төмен адамға білім алу қиынға соғады. Әрине, біз оны тілді үйрену курстарына жібереміз, бірақ қажетті ынтасыз және мұндай төмен деңгеймен адам тілді тиісті деңгейге көтере алмайды. Кейіннен оқуға түсер кезде қиналады. Себебі Британ немесе Америка ЖОО-ларына түсу үшін 6.5 деңгей қажет. Біз IELTS 4-ті меңгеріп алғандарды шақырамыз, біз оны өз есебімізден тиісті деңгейге көтереміз. Біз ашықпыз. Сондай-ақ жаңашылдықтардың бірі, биыл магистратураға журналистер, мәдениет саласының қызметкерлері, шығармашылық адамдар тапсыра алады, бұл жеке санат. Мемлекеттік қызметшілер сынды екі жеке санат. Ал жыл соңында «Білім беру туралы» Заңға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін журналистер мен мемлекеттік қызметшілер тағылымдамадан өтуге тапсыра алатын болады. Ведущая - Бұл менің әріптестерім үшін тамаша жаңалық. Айтқандай, Дәурен сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар орталығы үшін де ұсыныс жолдаған. Егер алып жатқан білімің үміткер жұмыс істеп жатқан компанияның қызметіне сәйкес келсе, жұмыс берушілерді, мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелерді өз қызметкерін магистратураны тәмамдағаннан кейін қайта қабылдауға міндеттеуге болмас па? Ныгыметов Г.С. - Бұл – «мақсатты әдіс» қағидаты 2012 жылдан бастап енгізіліп қойған. Олар жұмыс берушіден өтінім алып келуі тиіс. Яғни өтінімде барлығы нақты жазылады: «Мен аталған үміткерді мынадай мамандық бойынша, мынадай елге білім алуға жіберемін». Үшжақты келісімге қол қойылады, оған стипендия тағайындалғаннан кейін онда жұмыс беруші жұмыс орнын сақтап қалатыны жазылады. Стипендиант қайта оралғаннан кейін жұмыс берушіде жұмыс істеуге міндеттеледі. Магистратура бойынша – бұл кем дегенде 5 жыл. Ал тағылымдама бойынша – бұл кем дегенде үш жыл. Сондықтан қазір еңбекке орналастыру түйткілдері шешілді деп айтуға болады. Өйткені біз жұмыс істемейтін адамдарды қабылдамаймыз және жұмыс беруші еңбекке қабылдауға кепілдік бермеймін келісімшарттарға қол қоймаймыз. Егер жұмыс беруші келісім шарттарын бұзатын болса, оны сот арқылы шешуге болады. Ведущая - Биыл мемлекеттік қызметшілер, журналистер үшін стипендиялар ашылатынын айтып өттіңіз. Бұл ЖОО-дан кейінгі бағдарламалар үшін гранттардың ұдайы қысқартылуына алып келмейді ме? Ныгыметов Г.С. - Меніңше, олай болмайды. Білім министрлігінде гранттар бойынша да стратегиялық жоспар бар. Егер ол құжатқа қарайтын болсақ, сандар тек жоғары өрлеп бара жатқанын көреміз. Сондықтан «Болашақ» - гранттар үшін бәсекелес емес. Бізде жыл сайын 100 мың абитуриент түлеп ұшады. Ал «Болашақ» бойынша стипендия саны - мыңға жуық. Сондықтан бізге конкурстық іріктеу арқылы абитуриенттердің шектеулі саны ғана түсе алады. Ведущая - Білуімше, Сіз жуырда өңірлерге сапар шегіп, жастармен кездестіңіз. Ауыл жастары қалалықтардан несімен ерекшеленеді? Өйткені білім беру деңгейінің не дегенмен, айырмашылығы бар. Ныгыметов Г.С. - Моноқалаларда болып, адамдарымыздың ақылдылығына, азаматтарымыздың білім алуға құштарлығына таңғалдым. Брифингтерге ата-аналар мен жастар көптеп қатысып, оқуға қалай түсуге болатыны туралы сұрады. Бізде білімге деген құштарлық және өз балаларының біліміне уайымдайтын ата-аналар бар. Жалпы, білім беруде бізде барлығы дұрыс. Қолданыстағы мүмкіндіктер туралы құлағдар ету ғана қалып отыр. Ал мүмкіндіктер бар, бұл – жалпы білім беру гранттары, бұл «Болашақ» бағдарламасы, бұл шетелдік ЖОО-лармен үкіметаралық келісімдер. Ресей, Беларусь, Қытай бар. Ведущая - Ал олар туралы абитуриенттеріміз қайдан біле алады? Ныгыметов Г.С. - Олар ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылған. Бұл бағдарламалардың әкімшісі БҒМ болып табылады. Біздің Орталық та құжаттарды қабылдады. Бірақ биылдан бастап қабылдамаймыз. Бірақ ниет білдірушілер Орталығымызға да жүгіне алады, біз кеңестер береміз. Бұл мәселелермен айналысатын ҚР БҒМ-ның Халықаралық ықпалдастық басқармасы бар. Мен кез келген ақпараттық алаңды пайдалана отырып, бұл мүмкіндіктер туралы айтуға тырысамын. Біз үміткерлерді тосамыз және лайықтылар өтіп кете алады. Солай болуы тиіс. Ауыл және қала болып жіктелуге қатысты айтсам... Бұрын «Болашақта» ауылдық квота болған. Бірақ тәжірибе бұл тетіктің ыңғайсыз екенін көрсетті. Шетелде білім алу керек, негізгі білімдер үлкен рөл ойнайды. Бұл жүйелі мәселе және БҒМ оны жақсы түсінеді. Министр ауыл және қала мектептерінің айырмасы туралы үнемі айтады. Ауыл мектептерінде білім деңгейін көтеру керек. Себебі бұл абитуриенттің одан арғы білім алуында көрініс табады. «Болашақта» бар санаттар ауыл және қала жастары үшін ашық. Талаптар айтарлықтай төмендетілген. «Мемлекеттік қызметші» ұғымы бар. Бұл ұғым Астана мен Алматыға ғана қатысты емес. Қазақстандық кез келген мемқызметші «Болашақ» бағдарламасына қатыса алады. Оның қайда жұмыс істейтініне қарамастан. Екінші санат – «ғылыми-педагогикалық қызметкер». Оған барлығы енеді – өңірлер, қалалар ЖОО-ларының өкілдері, бұл сондай-ақ ЖОО түлектеріне де қатысты. «Болашақ» бағдарламасына аймақтардағы ЖОО-лардың, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларындағы Ұлттық ЖОО-лардың түлектері қатыса алады. Ведущая - Даниярдан сұрақ бар және ол соңғы. Себебі сұхбатымыздың уақыты соңына таяу: «Бізде халықаралық деңгейдегі аграрлық университет құрылмақ. Бұл енді «Болашақ» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы саласында білім беруге жіберілмейтін болады дегенді білдіреді ме? Ныгыметов Г.С. - Жоқ. Біз ауыл шаруашылығы студенттерін жібере беретін боламыз. Бұл өзекті сала. Ауылшаруашылық мамандықтарға қолдау білдіруді жалғастыру ниетіміз бар. Тағы бір айта кетерім, сайтта GPA-ға қатысты сұрақ болды. 1 маусымға дейін біз аздаған өзгерістер енгіземіз. Докторантураға өз бетімен түскендер үшін диплом бойынша шекті баллды төмендетеміз. Бұрын шекті балл 5-тен 4,5-ті құрауы тиіс болды. Қазір біз 4-ке дейін төмендетіп отырмыз. 1тмаусымнан бастап баллдары төмен дипломдармен құжаттарды қабылдай бастаймыз. Магистратуға келсем... Магистратураның қолданыстағы талаптарына сәйкес, қазақстандық немесе шетелдік магистратураға ие адам «Болашақ» бадарламасына қатыса алмайды. Өйткені «Болашақ» әрбір дәреже бойынша бір рет қана тағайындалады. Егер адамда магистратура болса, ол магистратураға қайта тапсыра алмайды. Біз бұл ережені алып тастау туралы ұсыныспен шыққан болатынбыз. Және 1 маусымнан кейін бұл ереже алып тасталады. Одан әрі қазақстандық магистратураға ие адамдар «Болашақ» бағдарламасына қатыса алатын болады. Ведущая - Ал егер қазақстандық бакалавр-магистратураң болса, халықаралық тағылымдамадан өтуге құқылысың ба? Соңғы сауал, «Болашақ» бағдарламасы алдағы бір-екі жылда қалай дамитын болады? Ныгыметов Г.С. - Бағдарлама өзінің өзгеру кезеңдерінен өтті. Басында бағдарлама кішігірім болды. Кейін ол кеңейтіліп, оған техникалық мамандықтар енді. Жыл сайын бір мың стипендия бөліп отырмыз, әзірге осындай көлемді қалдыруды жоспарлаудамыз. Бағдарламаның өзінің және «Болашақ» түлектерінің сапасын жоғары деңгейде көрсетуді жоспарлап отырмыз, өзгерістер осыған қатысты. Бұл, ең үздіктерді іріктеуге, олардың білім алуы айтарлықтай жоғары деңгейде болуын мониторингілеуге мүмкіндік беретін талаптар болуы тиіс дегенді білдіреді. Қазір Қазақстанда тілді үйрену курстарын жасау үстіндеміз. Бұл қазір шетелде бар. Бұл айтарлықтай қымбат және бір тұстарында тиімсіз. Адамдардың белгілі бір саны тілді білу деңгейін Қазақстанда жетілдіріп алып, шет елдерге аттанса. Мұндай әдістеме тілді білу деңгейін аз қаражатқа көтеріп алуға мүмкіндік береді. Міне, осындай мүмкіндіктер бар. Біз MBA бағдарламасын қайта жандандыруды ойластырып отырмыз. «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 15 МВА маман даярланды. Бізде мұндай мамандарға зәру компаниялар өте көп. Қазір біз сұраныс пен ұсынысты зерттеудеміз. Егер талдау көрсететін болса, мұндай ұсынысты жасайтын боламыз. Бұл мәселелер талқыланатын болады. Жалпы, жетілдіру үстіндегі бағыттар осындай. Ведущая - Үлкен рахмет. Аталмыш жоспарлардың барынша жетілдірілуін тілеймін. Бізбен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Президенті Ғани Нығыметов болды. Менің есімі
![]() |