Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Болашақ» бағдарламасы кемел келешекке жол ашты



Болашақ» бағдарламасы кемел келешекке жол ашты

Жұма, 4 қаңтар, 2013 * Тәу етер тәуелсіздігімізді алып, мемлекетіміздің іргетасын бекіту жолындағы ерекше ұмтылыс басталған тұста Президент Нұрсұлтан Назарбаев Отанымыздың күні ертең тірегі де тіреуі болатын кадр дайындау үшін арнайы «Болашақ» халықаралық бағдарламасын қабылдағаны мәлім. Содан бері де 20 жылдай уақыт өтіпті. Біз осыған орай Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбек мырзаны әңгімеге тартқан едік. *

Саясат Нұрбекұлы, Ел­­­басының «Болашақ» ха­лық­аралық стипендиясы азат елі­міздің кемел келешегіне деген ал­ғашқы тарихи қадамдарының бірі еді. Жалпы, бағдарлама туралы таратып айта кетсеңіз, мұның оқырмандар үшін, әсіресе, жас­тарға берер тағылымы аз болмас еді.

Иә, 2013 жыл «Болашақ» үшін атаулы жыл екені рас. Бағдарлама аясында 6 мың стипендиат шетелде оқуын табысты аяқтап, елге оралды. Терең ой жіберіп қарасаңыз, «Болашақ» халықаралық сти­пен­­диясының атауы «келешек» деген сөздермен астасып жа­тыр. Аталған бағдарлама тағайындалған кез­­де Қазақстан енді ғана тә­уел­сіздігін жариялап, егеменді ел бо­лып, әлемге мыс­қалдап таны­ла бастаған еді. Елбасының са­лиқалы саясатының негізгі мақ­саты, Қазақстанның саяси-экономикалық әлеуетін көтеретін білікті кадрлар дайындау болатын. Мұндай озық тәжірибені Қазақ елі ТМД-да бірінші болып енгізіп, бүгінде соның оң нәтижелерін көре бастады. Олай дейтін себебіміз, әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарынан білім алып келген жас мамандар Отанымызды өркендету жолында жемісті еңбек етуде.

Болашақ» бағдарламасы кезең-кезеңмен жүзеге асырылды емес пе?

Сұрақ орынды қойылып отыр. Оны төрт кезеңге бөліп айтуға болады. Бірінші кезең, не­гізі қаланған сәттен бастап 2000 жылға дейінгі аралық. Осы кезеңде «Болашақ» халықаралық стипендиясын жүзеге асыратын нормативтік актілер дайындалды. 1994 мен 1997 жылдары әлемнің 13 елінде 700 стипендиат экономикалық, гуманитарлық және техникалық-инженерлік мамандықтар бойынша білім алды. Жасыратын несі бар, кей­бір стипендиаттар мемлекет ал­дындағы борыштарын дұрыс орындай алмай жатты. Осындай олқылықтарды есепке ала отырып, 1997 жылы Президенттің «Болашақ» стипендия­сын беру тәртібінің жаңа ережесі жасалды. Ережеде талапкерлерді білім-білігіне қарай таңдау және олар курсты толық аяқтағаннан кейін Отанымыздың мемлекеттік органдарында жұмысқа орналас­тыру мәселелері қамтылды. Бұ­ған қоса жастардың өркениетті елдердің жоғары оқу орындарында мемлекет есебінен тегін оқуына мүмкіндік туды. Екінші кезең, 2000-2004 жылдар, бұл тұста бағдарлама мемлекеттің басым бағыттарына негізделді. 1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі және 2003-2015 жыл­­дардағы индустриялық-ин­новациялық даму стратегиялары бекітілді. Осыған байланыс­ты «Болашақ» бағдарламасының түлектері докторантура бойын­ша білім ала бастады. Бұл жерде инженерлік-техникалық ма­мандықтарға басымдылық бе­рілгенін айта кетсем деймін. Атал­­ған мамандықтар бойынша талапкерлерді іріктеуде олардың шет тілдерін еркін білу міндеттері алынып тасталды. 1994 мен 2004 жылдар аралығында «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің 13 елінде 785 түлек оқыды. Өз ке­зегінде стипендия кәсіби өсу мен жетістіктерге жетудің кілтіне айнала бастады.

Шінші кезең, 2005-2007 жылдары 3000 стипендиат әлем елдерінде білімдерін жал­ғас­тырды. 2005 жылы Елбасы өзінің халыққа жыл сайынғы Жол­да­уында үш мың қазақстандық та­лантты жасқа «Болашақ» стипендиясының бе­рілгендігі жайында айтты. Осыған орай, шетелдерде мамандар даяр­лау бойынша республикалық ко­миссияның арнайы отырысында «Болашақ» халықаралық бағ­дарламасын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған нақты жоспары қабылданды.

Төртінші кезең, бұл бағ­дар­ламаны жүзеге асыруға арналды. Бакалавриат бағдарламасы бойынша мамандар әзірлеу тоқ­­татылды. Негізгі салмақ ма­гис­­­тратура және доктор PhD да­­­­йын­дауға түсті. «Болашақ» тү­лек­­терін жұмыспен қамтудың бағ­дарламалық-мақсатты шаралары жүзеге асырылды. Түлектерді мемлекеттік органдарда, компаниялар мен жоғары оқу орындарында, денсаулық сақтау салаларында жұмысқа орналастыру ісінде ұйымдармен үш жақты келісімге отыру, бітіріп келген жас маманның кәсіби көрсеткіштерін ескеріп, жаңа жұмыс орындарын жасақтау алдыңғы кезекке шықты.

Жылдан бастап бірінші рет педагогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық ма­мандық иелерін шет елдерде та­ғылымдамадан өткізу жобасы іске қосылды. Өткен жылы 9 мыңнан аса стипендия тағайындалды.

Тағы бір нақтылай түсетін ақи­қат, бағдарлама табысының нақты көрсеткіштерінің бірі – оның халықаралық деңгейде кең мойындалуы болып табылады. Бұған бір мысал келтірер болсам, Осылайша «Болашақ» моделі РФ Стратегиялық бастама агенттігі әзірлеген жас кәсіпқойларды әлем­­нің жетекші жоғары оқу орын­­­дарында даярлайтын ре­сейлік «Молодые профессионалы» бағдарламасына негіз болды. Кепілдік қамтамасыз ету те­тігі қытайлық Ұлттық зерттеу қорында зерделенуде. Сол секілді біздің тәжірибемізге Польша, Малайзия, Ресей, Қытай, Украина ерекше ден қойып отыр.

Болашақ» бағдарламасы ең алдымен, тәуелсіз мем­леке­тімізде басқарудың тиімді те­тігін білетін жастардың шо­ғырын қалыптастыру ниетінде қабылданғаны белгілі. Қазір сол мақсат толық орындалды деп айта аламыз ғой.

Рине. Сол тәуелсіздік алған кезеңдегі ел өмірі қилы-қилы қи­ындықтарға толы болды. Бір қоғамнан екінші дәуірге алмасып жатқан аласапыран уақытта Елбасының мұндай бағдарлама қабылдауы үлкен көрегендік еді. «Болашақ» бағдарламасы бір-екі жылда нәтижесін бере салатын оңай іс емес еді. Дегенмен, жүйелі түрде атқарылған істер мен дер кезінде жаңартылып отырған бағдарлама арқасында айтулы жетістіктерге қол жетті. Әлемнің үздік оқу орындарынан білім алып келген стипендиаттар Елбасы ұсынған реформаларды экономикаға ен­гі­зуде елеулі үлес қосып жүр. Пре­­­­­зидентіміздің жастарға ар­налған осы бір бағдарламасына, жоғарыда да айттым, бірталай өзгерістер мен толықтырулар жа­­салды. Егер алғашқы жылдары университеттеріміздің тек гу­манитарлық және экономика факультеттерін тәмамдаған сту­­денттер «Болашақ» бағдар­ла­масымен шетелге жолдама алса, 2003-2015 жылдары техника мен ғылым саласына қажет мамандарға мән беріліп, төрткүл дүниедегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарына мықты таланттар жіберіле бастады. 2011 жылы медицина және инженер мамандығын таңдағандарға шетелде білім алу мүмкіндігі берілді.



Просмотров 1196

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!