![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Ық. Халықаралық құқық. Бәсекелестік құқығы» – 49 адам
Бағдарлама іске асырылған 20 жыл ішінде 10 025 стипендия тағайындалды. Түлектер саны 6 мың адамды құрады», - деп өз ойын түйiндедi ол Барлық құқығы қорғалған. BNews.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті. BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде: Басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.bnews.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті. Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.bnews.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.
Білім және ілім. Саясат НҰРБЕК, «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті: Елбасы қатысатын форумға қызу дайындық үстіндеміз! E-mail Басып шығару PDF Айқын
- Азаттықтың алғашқы жылдарында, алға басу емес, аман қалып, жан бағу мұң болған қиын кезге қарамастан, Қазақстан көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев болашақ ісіне - елдің ертең тізгінін қолға алар жас басқарушылар буынын тәрбиелеуге ден қойды. Тәуелсіз мемлекетімізді құрудағы Президенттің көреген саясатының ерекшелігі де осы болса керек. Жалпы, «болашақтықтар» өздеріне ел мен Елбасы артқан үмітті ақтай алды ма? - «Болашақ» бағдарламасының түлектері өздеріне жүктелген миссияны ойдағыдай орындап жатыр деп айтуға болады. Елбасының «Болашақ» бағдарламасы 1993 жылы қолға алынды. Ол уақыт, шынында, еліміз тәуелсіздікке жаңа қол жеткізіп, барлық тұғырлы заңдық қалыптарымыз түбегейлі өзгеріп жатқан кез еді. Сондықтан да азат елімізге ең алдымен құқық мамандары қажет болды. Ұлттық заңнаманы түзумен ел экономикасын көтеру мақсаты қатар тұрды. Осыған орай, «Болашақтың» алғашқы легімен халықаралық қатынас, экономика мен қаржы саласындағы егемен Қазақстан үшін қажетті халықаралық деңгейдегі мамандардың бастапқы буыны даярланды. Ал екінші кезеңде «Болашақ» стипендиясы арқылы инженер-технолог мамандар даярланды. Өйткені ел еңсесін көтеріп, экономика түзелген соң, индустриалдық даму қолға алынған болатын. Сол кезде елімізде инженерлік, технологиялық мамандар тапшылығы білінді. Осы салада әлемнің ең озық оқу орындарында студенттер даярлау қажет болды. Міне, осылайша, ел басшылығы әр кезеңде аса қажетті мамандарды даярлау жүгін осы «Болашақ» бағдарламасына артып отырды. Нәтижесінде, 18 жылдың ішінде «Болашақ» президенттік стипендиясымен 7,5 мыңнан аса студент даярланды. Жалпы білімге, болашаққа құйылған қаржы еш уақытта қысқа мерзімде нәтижесін бере алмайды. Елге оралған «Болашақ» түлегі ең алдымен, әлемдік жетекші оқу орындарында алған озық білімі негізінде елдегі белгілі бір қызметтерге араласады, сол қызметтің ыстығына күйіп, суығына тоңып, әбден пісіп-жетілген соң ғана өз нәтижесін көрсете бастайды. Ал шетелде игерген үздік білімі оны жаңа биіктерге жетелеуші негіз болады. - Жастарға аға ұрпақ үлкен үміт артып отыр. Өйткені тәуелсіздік жағдайында қалыптасу мүмкіндігіне ие болған жастар құлдық санадан, қасаң идеялардан, қысаң шеңбер-шектеулерден ада. Сондықтан «болашақтықтар» ескі қалыптарда «пісіп-жетілмей», жасампаздық танытуы, шетелдің озық тәжірибесін әкелуі шарт емес пе?! - Біз көп ескере бермейтін дүние бар, ол - «болашақтықтардың» алып келген әлеуметтік капиталы. «Болашақ» президенттік бағдарламасы біздің жастарымызды шет мемлекеттердің кез келген емес, «Гарвард» сынды тек ең озық университеттерінде оқытты. Ал онда шетелдің кез келген студенті емес, әлемдік элиталар ұрпағы, әр ұлттардың үміт артқан ең білімді де жігерлі жастары - болашақ әлем басқарушылары оқиды. Олардың әрқайсысы ертең өз елінде биік лауазымдарға көтеріле бастайды. Яғни, біздің ертең ел тізгінiн ұстар жастарымыз әлемдік элита ізбасарларымен парталас, жолдас болуда. Қазіргі жаппай жаһандану кезінде, мемлекет мүддесі таразыға тартылатын кез келген халықаралық мәселелердің оң шешілуіне жеке бас таныстығы, сыйластығы, достығы керемет ықпал ететіндігі құпия емес. Міне, сол жастар заманы туғанда, біздің «болашақтықтардың» ел мүддесі үшін берер пайдасы, елдің өрлеуіне қосар үлесі мол болады. - Елбасының «Болашағының» әлемдік баламалары көп пе? - Жалпы, тіпті әлемдік ауқымда дәл осы «Болашақ» сияқты бағдарлама саусақпен санарлық. Рас, жастардың шетелдің озық оқу орындарында білім алуына мән беріп отырған бірқатар мемлекеттер бар. Бірақ олардың өздері дәл Қазақстандай көп студент жіберіп жатқан жоқ. Бір жарым миллиард халқы бар Қытайдың өзі жылына бірнеше мың адамды ғана жібереді. Онда да көбінесе, мемлекеттік қызметкерлерді қысқа мерзімге, 2-6 айлық, әрі кетсе 1 жылдық курстарға жолдайды. 120 миллионнан астам халқы бар Жапония жылына 15-ақ азаматты жібереді екен. Ресей, бізден көріп, енді ғана қолға алып жатыр. Біздің еліміз жыл сайын 3 мың студентті 87 мамандық бойынша дүниежүзіндегі 32 елге жіберіп келді. Жалпы, әлгінде айтылған елдердің қайсысы болмасын, стипендияны берген соң, ол жастың белгілі бір мерзімде оқу бітіруін ғана қадағалайды. Ал «Болашақ» бағдарламасы жастарды өзі таңдаған озық оқу орнына орналастыру, оны оқуын бітіргенше қадағалау, сосын елге қайтқан соң, жұмыспен қамту сынды жұмыстар кешенін толық іске асырады. - «Болашақ» бағдарламасын іске асыратын орталықтың қызметіне қатысты сын көп айтылды... Не өзгерді? - Мен істі «адамды өзгерту» қырынан бастадым. Әрине, бұл жерде жаппай ауыс-түйіс жасап, шетінен кетіру емес, жауапты мамандардың осы іске деген көзқарасын жаңалау тұрғысынан келдім. Рас, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы турасында сын көп айтылды, әлі де айтылуда. Сондықтан мен осы ұжымға басшылыққа келгенде, ең алдымен ұжым ішіндегі қарым-қатынасты ретке келтіруді қолға алдым. Ғылымда «шаршау» деген бір ұғым бар, біздің ұжымда осы «шаршау» байқалған еді. Қызметкерлер арасында өздерінің шамасына, басшылыққа, тұтастай істеп жатқан жұмыстарының нәтижесіне деген сенім аздау еді. Осы себепті қызметкерлерді ынталандыру, дүр сілкіндіріп, сенімдерін арттыру бағытында жұмыс жасадық. Бүгінде, Аллаға шүкір, біраз алға жылжушылық бар деуге болады. Ел басшылығы тиімді басқару мәселесін қойып отыр. Бұл - барлық мекемелердің, кез келген компанияның басты мәселесі. Қазақстанда, шыны керек, «басқару менеджменті» деген бір кенже қалған сала! Біз шетелде оқыған теорияларымызды сонда көрген, көңілге түйген азын-аулақ тәжірибелермен ұштастырып, қолдану арқылы, қолдан келгенше, жаңа, озық басқару әдістерін енгізуге тырысып жатырмыз. Әрине, мұның бәрі бір күнде қалыптасып, орнай қалатын дүние емес. Гарвард университеті осы басқару менеджментіне қатысты жылына том-том кітаптар шығарады. Өйткені басқару әдістері мен тәсілдері күн сайын жетіліп, ең озық технологиялар мен тиімді жолдарын игеруді талап етеді. Олай болмаса, жұмыстың алға басуы қиын. Бүгінде 18 жылдың биігінен қарап отырсақ, Елбасының «Болашақ» бағдарламасы басқару мен бағдарламаны жүзеге асырудың ерекше, ешбір елде жоқ өзіндік бір модулін қалыптастырып отыр. - Айтылған сынның ішінде қабырғаға батқаны - базбір «болашақтықтардың» мемлекеттік тілді білмейтіндігі болды. Мәселе шешілді ме? - Жалпы, тіл білу - әр адамның жеке бас тәрбиесіне тікелей байланысты. Ананың сүтімен, әкенің ісімен келетін құндылық, асыл мұра. Менің көптеген достарым «асфальтта» өскен, орысша тілі шығып, орысша тәрбиеленген. Кейін солар осы «Болашақ» бағдарламасымен шетелге барып, оқып қайтқан соң, қазақша сөйлеп шыға келді. Таңғалдым. Содан қазақ тілін қалай үйренгендерін сұрамаймын ба?! Сөйтсе, шетелдегі қоғамдық қысым әр адамның даралығын танытуға итермелейді екен. Шетелде француз - французша, өзбек - өзбекше, қытай - қытайша сөйлейді. Тек әлгі қазақтар ғана «орысша» сөйлейді. Содан кейбіреулер: «Қазақ болсаң, неге орысша сөйлейсің? Тілің жоқ па?» деп келеке етеді екен. Содан олар өзді-өзіне ренжіп, намыстанып, ана тілін үйренуді мақсат етеді. Шетелге оқуға кетіп жатқандардың арасында қазақша дұрыс білмейтіндер көп болуы мүмкін, бірақ оқуларын бітіріп қайтқанда, олардың арасында қазақша білетіндері күрт көбейеді. - Алда Елбасының қатысуымен «болашақтықтардың» үлкен форумы өтеді, дайындық барысы қалай? - Әрбір жасалып жатқан істің бір көрсеткіші болуы керек. Азаттық алған жылдары, еліміз үшін ауыр кезеңде Елбасының бастамасымен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасының қол жеткізген жетістіктерін паш етуіміз қажет. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін форумда «Дарын», Назарбаев зияткерлік мектептерінің, «Назарбаев университетінің» және «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің үздік, ең дарынды жастары таныстырылады. Биылғы форумның мәні бұрынғыдан өзгерек, маңызы ерек. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткелі отырған форумға дайындық қызу жүруде. Біз «Болашақ» түлектері арасында «инновациялық жоба» байқауын жариялаған болатынбыз. Форум қарсаңында оның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары анықталады. Ал жүзден жүйрік шыққандарға жүлдені Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі табыс ететін болады. Яғни бұл форум «болашақтықтардың» бүгінгі жетістіктерімен танысып, келешек жоспарларын бекітуге, алға нық қадаммен ілгерілеулеріне ықпал етіп, үлкен серпіліс берері сөзсіз. - Мемлекет басшысы биыл Үкімет алдына «Болашақ» түлектерін жұмыспен қамту міндетін қадап тапсырғаны есте. Ол бойынша да форумда Елбасы алдында есеп беретін боларсыздар. Бұл іс қалай ілгерілеуде? - Түлектерді жұмысқа орналастыру - ауқымды іс. Оқу бітіріп келген жастар 3-4 ай бойы жұмыс іздеуге кіріспейді. Төрт-бес жыл жатжұртта жүрген баласының үйіне оралғанын асыға күтетін ата-анасы да көбінесе оны жұмысқа орналастыруға асыға қоймайды. Ең қызығы сол, оларды іздеуді біз өзіміз бастаймыз. Телефон соғамыз. Хабар саламыз. Әйтеуір тауып алып, неге хабарсыз жатқандығын, жұмыс тапқан-таппағандығын сұрамаймыз ба?! Сонда кейбір ата-аналар: «Жұмысты қоя тұрыңдар! Әлі баламның келген «шашу шайын» берген жоқпын туыстарға!» немесе «Балам әлі жақындарымен толық кездесіп, шүйіркелесіп үлгерген жоқ» деп жатады. Сөйтіп, түлектер нақты жұмысқа орналасып болғанша, арада 5-6 ай өтеді. Негізінен, бүгінде «Болашақ» түлектері жұмыссыз жүр» деп айтуға болмайды. Әрине, оларға жұмыс табу - оңай емес. Біріншіден, түлектердің талабы жоғары. Әлемнің ең үздік оқу орындарынан білім алғандықтан да, көбінесе әп дегеннен жалақыларының жоғары болғандығын қалайды. Бірақ оларға оқуға түсу кезінде қоятын біздің де талаптарымыз бар. Яғни әрбір түлек мемлекет қаржысына оқығаннан кейін, елге оралып, қызмет етулерін міндеттейміз. Бұл заң жүзінде бекіді. «Болашақтықтар» бос жүрмегендерін дәлелдеп, үнемі жұмыс орындарынан анықтама тапсырып отырады. Міне, осындай тыңғылықты жұмыстың арқасында, түлектер мемлекеттің өркендеуіне қызмет етеді. - «Болашақтықтардың» ауылды менсінбейтіндігі де көп айтылады. Ауылды гүлдендіруге тартудың бір шарасын жасап жатырсыздар ма? - Қазіргі таңда «Болашақ» түлектерінің 85 пайызы Астана мен Алматы қалаларында жұмыс істеуде. Тек, 15 пайызы ғана өзге өңірлерде. Дәл осы мәселені шешу үшін де жан-жақты бағдарлама жасалу үстінде. Қазіргі кезде Президент Әкімшілігі, Білім және ғылым министрлігі сынды құзырлы органдар, сондай-ақ «Болашақ» президенттік бағдарламасы стипендиаттарының қауымдастығы сияқты ұйымдар біздің түлектерімізді жұмысқа орналастыру бағытында үлкен жұмыс жасап жатыр. Биылғы жылы Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып, ел экономикасындағы әр салаға қажетті мамандарды, нақтылы кәсіпорындар мен министрліктердің сұранысы арқылы даярлау туралы жоспар жасадық, ол ендігі бекітілді. Қазіргі кезде «Болашақ» стипендиясы иегерлерімен үш жақты, яғни біздің «Халықаралық бағдарламалар орталығы», жұмыс беруші және стипендиат болып келісімшарт жасалынады. Бүгінде алғашқылардың қатарында, Туризм және спорт министрлігімен түлектерді жұмыспен қамтуда бірлесе жұмыс жасау жөнінде меморандумға қол қойдық. Бұған қоса, өзге де көптеген ұлттық компаниялармен, мемлекеттік мекемелермен келіссөздер жүргізілу үстінде. Ендеше, мемлекеттің қыруар қаржысына даярланған маманның өз білімі мен күш-жігерін ел игілігіне жұмсауына мүмкіндіктер жасалуда. Қазіргі таңда өзіне жұмсалған ел қаржысының қайтарымын беріп, халық игілігі үшін тер төгіп жатқан «Болашақ» түлектері жетерлік. Олардың арасында Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың балалар кардиохирургі Майя Сәрсетованы, Павлодар облысы әкімінің аппарат жетекшісінің орынбасары Әнуар Кенжетаевты, Казкоммерцбанк» АҚ басқарушы директоры Мағжан Әуезовті және басқаларын атап өтуге болады.
Сұхбаттасқан Айхан ШӘРІП
Үнділерден үлгі алған абзал
Батыстың белгілі экономист-сарапшыларының пайымдауынша, жоғары дәрежелі маман дайындауға мемлекеттен жұмсалған 1 доллар шығын 6 доллар пайда әкеледі екен. Бұл жағдайда мемлекетке жоғары білімді азаматтардың басым болғаны тиімді екені түсінікті. Осыған сәйкес қазіргі кезде дамыған елдер жергілікті жерде компаниялардың тек басшылық ұйымдастыру жұмысымен айналысатын құрылымдарын ғана қалдырып, өндіріс орындарын дамушы елдерге көшіріп, кіші санатты қызметкерлердің жұмыс орындарын азайту процесі жүріп жатыр. Ең бастысы, бұл уақытша құбылыс емес, келешекте ол ұлғая бермек. Қазір Батыста жұмыссыздар қатарында тек төменгі санаттағы жұмыс күші басым, керісінше жоғары санаттағылар тапшы. Экономист, заңгер, программист, инженер мамандықтары бойынша білікті кадрлар жетіспейді. Мәселен, бір ғана неміс ауруханасында ресми дерек бойынша 15 мың дәрігердің орны бос көрінеді.
Бұл құбылысты реттеу үшін дамыған елдер басқа мемлекеттің білікті мамандарын шақырып, арнайы бағдарламаларды жүзеге асыруда. Мысалы, осыдан 20 жыл бұрын америкалықтар мигранттарға жылына 5 млрд. доллар жұмсаса, салық түрінде олардан мемлекетке 90 млрд. доллар пайда түсірген. Яғни, шығынның орны 15 есе кіріспен толған. Әрине, бұл қаржылай қармаған олжалары, ал ғылым мен техниканың дамуына қаншалықты үлес қосқанын өзіңіз бағамдай беріңіз.
Ал Қазақстанға келсек, білікті кадрларсыз экономика саласының жаңғыруы екіталай. Онсыз дамыған 50 елдің қатарына кіру мүмкін емес. Әрине, мемлекеттің өндірістік дамуына ықпал ететін бағдарламаларын жасауға болар. Мұнайдан түскен қаржыға қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндірісті қаптатып салуға болады. Бірақ мұның барлығы тек қазіргі заманғы менеджементті қолданып, техниканың қалай жұмыс жасайтынын білетін кәсіпқой мамандар саны жеткілікті болғанда ғана жүзеге асады.
Бизнес өз-өзіне қажетті ұлттық кадрларды даярлайды дегенге сену қиын. Өйткені жеке компанияларға өздері оқытқанша, шетелдерден дайын кадрларды шақырту тиімдірек. Сондықтан бұл шаруа тек үкіметтің ғана қолынан келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың осыдан 15 жыл бұрын жастарды әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарына оқытуға жіберу туралы қабылдаған шешімі мемлекет үшін маңызды екенін уақыт көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мыңдаған «Болашақ» түлектері мемлекеттің өркендеуіне ат салысуда.
Дегенмен, соңғы жылдары «Болашаққа» қабылдау ережесінде бірқатар мәселелердің бой көрсетіп жүргені мәлім болды. Мысалға, еліміздің барлық аймағын қамтуы тиіс стипендианттар санының әр өңірден біркелкі тартылмайтыны жиі айтылады. Олардың көпшілігін Астана, Алматы сияқты ірі өндіріс орталықтарынан келгендер құрайды. Әсіресе, ауыл жастарының саны тым аз. Мұның бірден-бір себебі, жобаның аз ақпараттандырылуы мен ауыл мектептеріндегі ағылшын тілінің оқыту сапасының төмендігі болып табылады. Өткен жылғы «Болашақ» бағдарламасына бағыттап айтылған сыннан қорытынды шыққан тәрізді. Биыл ережеге енгізілген өзгерістер бойынша ауыл жастарына арнайы жеңілдіктер мен қосымша тіл үйренуге мүмкіндіктің берілуі жағдайды біршама жеңілдетеді. Бұрын мамандық орталық мекемелердің тапсырысы бойынша ғана анықталса, енді Елбасының Жолдауына байланысты компаниялар мен ұйымдардың сұранысы бойынша жергілікті атқарушы биліктің өтініші арқылы да жүзеге аспақ. Бұл жағдайда стипендианттар оқу аяқталысымен елге оралуы тиіс.
Алайда бағдарламаның тиімділігін арттыру үшін бірқатар ұсыныстарды атап өтуге болады. Мәселен, қазіргі қалыптасқан жүйеге сәйкес «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдің оқу орындары мен мамандықтар тізімі құжат қабылданар алдында 3 ай бұрын ғана хабарланады. Ал еліміздің 2030 жылға арналған Стратегиялық бағдарламасынан тыс 5-10 жылға есептелген салалық бағдарламалар бар емес пе?! Яғни, тапшы мамандарды да алдын ала анықтай алатын толық мүмкіншілігіміз бар. Біріншіден, бұл жағдайда білім алушыларға да таңдайтын мамандығы ертерек хабарланса, ол үміткердің 9-ыншы сыныптан бастап өз деңгейінде дайындалуына жағдай жасар еді.
Екіншіден, жоғары оқу орындарына өз күшімен түсіру мақсатында кейбір ата-ана балаларын шетелге дайындық курстарына өз қаражатымен жібереді. Бұл жағдайда 1 немесе 2 жылдық оқу ақысын ата-аналардың өздері өтегендері мемлекетке тиімді. Оның үстіне стипендианттардың әлемнің беделді оқу орындарына түсу мүмкіндігі өседі. Бірақ, өздігімен түскен талапкер мамандығы мен оқу орынның тізімін алдын ала білмей, дайындық курсы біткен соң таңдаған мамандығы тізімде болмай қалу қаупі де бар. Сондықтан менің ойымша, қажет мамандар тізімін 3 жыл бұрын жасау керек. Оның үстіне, бұл 2009-2011 жылға арналған бюджеттің 3 жылға қарастырылуына сәйкес келеді.
Сол сияқты қаржының белгілі бір бөлігін өтеп бере алатын жеке компаниялардың да мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Себебі болашақтықтар 5 жыл мемлекет секторында немесе Қазақстанның бизнес құрамында қызмет атқаруы қажет. Сонда компаниялар тек қана сұраныс жасап қоймай, өздері оқу төлемінің бір бөлігін көтерсе, кадр мәселесі де шешіліп, стипендианттар санын көбейтуге жол ашылады.
Тағы бір ұсыныс, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсетін талапкер оның талаптарымен бағдарламаға барар алдында ғана танысады. Осыны ескере отырып, 9-ыншы сынып оқушыларынан бастап жаз мезгілінде «Болашаққа» дайындық ретінде жазғы тынығу лагерьлерінде тұрақты түрде 1-2 айлық семинарлар ұйымдастыру қажет.
Сонан кейінгі мәселе, неге біз түлектерге өздері білім алған мемлекетте бір жылдық тәжірибе алу мүмкіндігін бермейміз? Көптеген шетелдік университеттер 1 жылға мамандықтары бойынша қызмет атқаруға көмек береді. Тек қана білім алып қою аздық етеді, бұған қоса тәжірибе де болу керек. Бағдарлама түлектеріне бағытталған сынның көпшілігі тәжірибенің жоқтығында. Қарапайым бір мысал, Үнді елі тәуелсіздікке қол жеткізген тұста елдегі 7 адамның 1-інің ғана жазып, оқи алатын сауаты болған. Олар жаңа технология енгізумен қатар, өздерінің мамандарын дайындауға жанын сала кірісті. Осыған орай Үнді елінің сол кездегі премьер-министрі Джавахарлал Неру: «Біз жүруден бұрын жүгіруді үйренген болатынбыз» депті. Сөзінің жаны бар. Бүгінде АҚШ-тағы компьютер мамандарының 15 пайызы үнділіктер. Бұған қоса, Америка ғарыш агенттігіндегі инженер, технологтардың 1/4-і, IBM және «Майкрософт» компаниясы қызметшілерінің 40 пайызы сол елден шыққандар. Ескертетін жайт, осы мамандар компьютердің бағдарламалық өнімдерін экспорттау арқылы ғана өз еліне жылына 20 млрд. доллардан аса табыс әкеліп отыр. Аталған көрсеткіш 2015 жылға 50 млрд. долларға жетеді деп күтілуде. Ал бұл мұнайға бай елдердің табысымен пара-пар.
Қорыта айтқанда, батыс компанияларында қызмет атқаратындар мен шетелде өз қаржысына білім алған өз азаматтарымызды Қазақстанға жұмысқа шақыру арқылы «Болашақ» бағдарламасының аясын кеңейтуге болады. Бірер жылдан кейін «Корпоративті 30 көшбасшы» жобасы толық іске аса бастағанда білікті мамандардың зәрулігін айқын сезінетін боламыз. Біздің азаматтардың 4-5 жыл білім алуын күткенше дайын мамандарды пайдалануымызға болады. Мұндай шараны қытайлықтар «100 дарын» тақырыбында өткізген болатын. Елге жоғары жалақысы мен жауапты қызметке жасы 45-ке дейінгі мамандар тартылған. Әрине, бұл жерде ең алдымен білім шығындарын өтеу үшін оларды материалдық тұрғыдан ынталандыруымыз қажет.
МҰРАТ ӘБЕНОВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
«БОЛАШАҚ» ЖӘНЕ ЖАҢА БАҒДАР ТУРАЛЫ
Президенттің сынына шетелде оқып келген «Болашақ» бағдарламасының түлектері де ілікті. Еске сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы «Болашақтың» түлектерін жоғары лауазымды қызметке көптеп тарту мәселесін өзі көтеріп келген-ді. Тіпті, «вице-министрдің бірі міндетті түрде «Болашақ» түлегі болсын» деген де талап қойған еді.
Енді бұл жолы Назарбаев шетелде оқып келген жас мамандарды тәжірибе жинақтап, ысылу үшін ауыл-аймаққа жіберу жөнінде тапсырма берді.
– Министрлердің жас орынбасарлары деңгейіндегі мамандарды 2-3 жыл мерзімге өңірлерге облыс әкімдерінің орынбасары деңгейінде, аудандарға одан да төмен деңгейлерге жұмыс істеуге жіберу қажет.
Ал осында сол облыс, қала және аудандардың әкімдерінің орынбасарлары секілді өмірді, оңы мен солын білетін, халық үшін от пен суға Біз Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен алатынымызды алдық. Енді Финлияндияға ұмтылуымыз керек. түсіп, өз қолдарымен іс тындырған, қайда ненің жатқанын білетін адамдарды әкелу керек, – деді президент.
Президент дамыған мемлекеттер тәжірибесіне келгенде, енді Қазақстанның бағыт-бағдар жасап, үлгі алатын ел ретінде Финлияндияны атады.
– Біз Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен алатынымызды алдық. Енді Финлияндияға ұмтылуымыз керек. Бұл елде төрт нәрсеге басымдық береді. Бірінші, жоғары сапалы білім. Екінші – ашық бәсеке. Үшінші – ұлттық инфрақұрылымдар. Төртінші – ғылым мен бизнесте күш біріктіру. Бізге қажетісі осылар, – деді президент. Басып шығару Пікіріңіз (34) Бөлісу
В Ассоциации "Болашак" ответили на критику Мусабаева
05 ноября 2013, 12:1821 60 Талгат Мусабаев Фото Марат Абилов© Талгат Мусабаев Фото Марат Абилов© Продолжение
Мусабаев прокомментировал свое высказывание о "пивном" английском болашаковцев Исполнительный директор Ассоциации "Болашак" Жанна Тулегенова ответила на критику главы Казкосмоса Талгата Мусабаева по уровню владения английским языком стипендиатов программы, передает корреспондент Tengrinews.kz.
"Что касается критики господина Мусабаева. До того, как прийти сюда, мы ждали этого вопроса. Мне очень хотелось бы ответить на данный вопрос - у меня нет комментариев. У меня нет комментариев, потому что я не хочу ставить под сомнение авторитет человека, занимающего такую должность, такой высокий пост, имеющий большой авторитет, но позволивший себе довольно некорректное сравнение", - сказала Жанна Тулегенова на конференции по оценке эффективности программы "Болашак".
Она также добавила, что "тот, кто видел, как учатся эти дети, каким трудом и силой они получают эти знания, тот не будет это говорить".
![]() |