![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Алпына келтіру кезеңіндегі мерзімді баспасөз
Жоспары: 1."Қазақ әдебиеті" (1934-1938 жылдар) газеті, онда қызмет істеген публицистер. 2. Жүсіпбек Аймауытовтың публицистік қызметі. 1933-1937 жылдардағы казақ жеріндегі мерзімді баспасөздің даму жолдары. Қазақстанда республикалық, салалық газет-журналдардың одағы қалыптасуы. Қазақстанда теміржол, құрылыс, тау-кен, баспа ісі жайындағы мерзімді баспасөздің ұлғаюы. "Қазақ әдебиеті" (1934-1938 жылдар) газеті. Шығарушылары. Тұрақты бөлімдері, онда қызмет істеген публицистер. 1919 жылы 1 желтоқсанда Семей қаласында Кеңес өкіметі қайта орнады, губерниялық революциялық комитет құрылды. Оның үні ретінде 1919 жылдың 4 желтоқсанынан бастап "Қазақ тілі" газеті шыға бастады. Бұл басылым жетісіне бір рет, кейінірек 3 реттен 2500 таралыммен шығып тұрған деген деректер келтіреді ғалым Т. Қожакеев. Бірте-бірте оның таралымы 3000-ға жетеді. 1920 жылдың жаз айларында Мәннан Түранбайдың орнына Жүсіпбек Аймауытов редактор болып тағайындалады. Бірақ аз ғана нөмірлері сақталған жылдағы газеттен Жүсіпбектің өз атымен шыққан мақаланы жолықтыра алмадық. Десек те "Басқармадан" деген тақырыптағы материалдарды Жүсіпбек жазған деп жорамалдадық. Жазу мәнері, сөз саптауы Аймауытов стиліне келетін бір мақала "Кедей сөзінің" ілгешегіне жауап" атты тақырыпта жарық көрген. Онда "Қазақ тілі" казак әйелінің әлі жетілмегендігін де, кейде қыз боп ағасы не туысқаны жазатынын да біледі. Басына бостандық алған қызды да, қоралап кұлдыкта қалған қызды да өнеге алсын не сақтансын деген мақсатпен басады... неше қыздың қолы қойылып жазылса да, "мен жазған жоқ едім" деген кісі эзір шыққан жоқ. Газет - сот емес... Өйткені мақсат кол тексеру емес, әйел теңдігіне, еркіндігіне қызмет ету...
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы Қазақ журналистикасы тарихы Кафедра: Филология және журналистика Тьютор: Сайдахмет Айбек Тұрғанбекұлы Мамандық: 5B050400- Журналистика Кредит саны: 3 Пән циклі - міндетті Студенттер саны – 43
Оқу сабақтарында қосымша қолданылатын бағдарламалар мен мультимедиялар
![]() |