Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ОСӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары



ОСӨЖ бойынша тақырып және тапсырма Сағат саны Апта
Дінмұхамед Сұлтаназин – ұлттық публицистиканың негізін салушылардың бірі Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 1 апта
Қорабай Жапанов - публицист Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 2 апта
Отыншы Әлжановтың публицистикасы Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 3 апта
Рақымжан Дүйсенбаев – публицист Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 4 апта
Асылқожа Құрманбаев – публицист Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 5 апта
Мұхамеджан Сералин – қазақтың тұңғыш журналисі. Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 6 апта
Ахмет Байтұрсыновтың «Айқап» журналындағы публицистикасы Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 7 апта
Міржақып Дулатов «Айқап» журналында Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 8апта
Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ» газетіндегі публицистикасы Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 9 апта
Райымжан Марсеков - публицист Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 10 апта
Ғұмар Қарашев публицистикасы Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 11 апта
Мұхтар Әуезовтің публицистикасы Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 12 апта
Сәкен Сейфуллиннің қоғамдық – саяси бағыттағы публицистикасы Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 13 апта
Жүсіпбек Аймауытовтың көркемдік бағыттағы публицистикасы Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 14 вапта
Бейімбет Майлиннің сыншылық, сатиралық бағыттағы публицистикасы Тапсырма: Реферат жазу, қорғау 15 апта
  Барлығы

 

СӨЖ – ге әдістемелік нұсқау

Студенттің өздік жұмысы аудиториядан тыс жүргізілетін сабақ. Жоғары оқу орнының студенттері қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша дағдыларын қалыптастыруы тиіс. Мамандыққа сәйкес білімді игеріп, дүниетанымын, рухани әлемінің ауқымын кеңейтіп, ойлау логикасын дамытуы қажет.

Студенттің өздік жұмысының мақсаты – студенттерді ғылымға, кәсіптік терең білім алуға баулу. СӨЖ барысында ауызша, жазбаша тілін жетілдіріп, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық іс-дағдылары қалыптасады.

Баспасөз беттерінде арнайы тақырып төңірегінде көптеген ғылыми мақалалар, ұсыныстар, пікірлер жарияланып, көпшілік назарына ұсынылып жүр. Студенттер осы тақырып бойынша өз беттерімен ізденіп, мәселе жөнінде жарияланған мақалаларды сараптап, талдай отырып өзіндік ой-пікірлерін жинақтап бере білуі керек. Олар берілген бағдарламаны басшылыққа ала отырып еңбектенеді, өзіндік ғылыми тұжырымдамаларын баяндайды. Жұмыстың негізіне студенттің өзіндік бақылауы, ізденіс нәтижесі жатады. Студенттің өздік жұмысының тақырыбы, сағат саны типтік бадарлама негізінде құрастырылады. СӨЖ-дің мақсаты мен міндеті қойылады. Қарастырылатын сұрақтар, тапсырмалар және әдебиеттер тізімі беріледі.

Пән 1 ғана кезең оқытылады, ағымдық бақылау мен 2 шектік бақылау тапсырмалары бар. Осы талаптарды орындаған студент емтиханға жіберіледі. Сонымен қатар, тест тапсырмаларын орындау, баспасөз материалдары және тақырыптық сөздіктер мен анықтамалар бойынша жоспар құру.

Бақылау түрлері – реферат, конспект, ауызша баяндау, рецензия жазу.

 

СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
Ш.Құдайбердиев– публицист М.Ж.Көпеев– публицист 2-4 апта Дәптерлерін тексеру, сұрау, талдау
М. Сералин – публицист М. Дулатов – публицист С. Торайғыров– публицист 5-7 апта Реферат қорғау
Ж.Аймауытов– публицист С.Сейфуллин– публицист І. Жансүгіров– публицист Б. Майлин – публицист 9-11 апта Коллоквиум алу
Қ.Кемеңгеров– публицист Н. Төреқұлов– публицист М. Жұмабаев– публицист М.Әуезов– публицист 12-15 апта Конспект жасау
  Барлығы  

Ескерту: Әр автордың бір көсемсөзін талдау.

Оқытудың сырттай түрі үшін күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Тақырыптың атауы Дәріс Прак. сабақ СӨЖ
Қазақ журналистикасының пайда болуының алғышарттары, қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы, алғашқы өкілдері. «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттері. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев – қазақтың алғашқы публицист-журналистері.
Ұлттық баспасөздің тууы, қалыптасуы, дамуы. (1900-1909жж.) («Торғай», «Қазақ», «Серке» газеттері 1907 жылы ғана шықты. «Дала» 1907-1911 , «Орал» 1907ж., 04.01.-25.04.)
1910-1917 жылдардағы қазақ- тың мерзімді баспасөзі «Қазақстан», «Айқап», «Садақ», «Ешім даласы», «Алаш», «Қазақ»)
Қазақтың жалпыұлттық бағыт- тағы демократиялық басылым- дары («Сарыарқа», «Бірлік туы» газеттері).
Қазақстандағы алғашқы кеңес басылымдары (1917-1925жж.). («Тіршілік», «Қазақ мұңы», «Ұран», «Еңбек туы», «Қызыл Қазақстан», «Ұшқын»,«Еңбекші қазақ», «Ақ жол» газеттері, «Жаңа мектеп», «Шолпан», «Сана», «Таң», «Абай» журналдары.)
Ұлы Отан соғысы жылдарын- дағы Қазақстан баспасөзі
1945-1970 жылдардағы публи- цистика
1970-2000 жылдардағы публи- цистика
  Барлығы

Емтихан сұрақтары

1.Қазақ журналистикасының пайда болуының алғышарттары.

2.Қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы, алғашқы өкілдері.

3.«Түркістан уалаяты».

4. «Дала уалаяты» газеті.

5. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев – қазақтың алғашқы публицист-журналистері.

6. Ұлттық баспасөздің тууы, қалыптасуы, дамуы. (1900-1909жж.) («Торғай», «Қазақ», «Серке» газеттері, «Дала» 1907-1911 , «Орал» 1907ж., 04.01.-25.04.)

7. 1910-1917 жылдарды қазақтың мерзімді баспасөзі («Қазақстан», «Айқап», «Садақ», «Ешім даласы», «Алаш», «Қазақ»)

8. Қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары («Сарыарқа», «Бірлік туы» газеттері).

9. Қазақстандағы алғашқы кеңес басылымдары (1917-1925жж.). («Тіршілік», «Қазақ мұңы», «Ұран», «Еңбек туы», «Қызыл Қазақстан», «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ақ жол» газеттері, «Жаңа мектеп», «Шолпан», «Сана», «Таң», «Абай» журналдары.)

10.Қазақ жастар баспасөзінің тууы, қалыптасуы, дамуы.

(«Жас азамат», «Өртең», «Жас қайрат», «Жас алаш» газеттері, «Пионер», «Жас қазақ» журналдары.)

11. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе және баспасөз (1926-1937).

12. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан баспасөзі.

13. Соғыстан кейінгі жылдардағы публицистика

14. 1960-1970 жылдардағы публицистика

15. 1980 жылдардағы публицистика

16. Тәуелсіз Қазақстан публицистикасы

17. ХХ. ғасыр басындағы қазақ баспасөзі, даму жайы, өсу дәрежесі.

18. Қазақ баспасөзінің дамуы, публицистиканың қалыптасуы, оның әдебиетке әсері.

19. ХХ.. б. қазақ әдеби сынының дамуы

20. ХХ.. б. Қазақстандағы баспа ісі, кітап басу ісі.

21. А.Байтұрсынұлының ағартушылық, қоғамдық қызметі, баспасөздегі еңбегі.

22. М.Ж.Көпейұлы – публицист.

23. М.Дулатұлы – публицист.

24. М.Дулатұлы өмірі, журналистік қызметі.

25. М.Сералыұлы – публицист, журналист («Айқап» журналы)

26. С.Торайғырұлының әдеби көзқарасы.

27. А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі.

28.А. Байтұрсыноа– публицист

29.С. Торайғыров– публицист

30.М.Ж.Көпеев– публицист

31.Ж.Аймауытов– публицист

32.С.Сейфуллин– публицист

33.І. Жансүгіров– публицист

34.Б.Майлин– публицист

35.Ш.Құдайбердиев– публицист

36.Қ.Кемеңгеров– публицист

37.М.Әуезов– публицист

38.М. Жұмабаев– публицист

39.Н. Төреқұлов– публицист

40. Қазақ журналистикасының зерттелуі жайы.

 

Дәріс

 

Журналист және қоғам

Журналистиканы бейнеті көп, зейнеті аз мамандық дейтіндер де бар.Әр саладағы ғалымдар белгілі бір жаңалықты ашқан сайын адамзаттың аз білетініне көз жеткізе түседі. Ерінбей еңбектенген адам да әр істің бейнетін біледі. Сол сияқты қалам ұстаудың да қиындығы көп. Адам болған соң сүрінесің де, жығыласың да. Бастысы - мойымау керек. Сырт көз сыншы. Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз, творчествосы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио мен телевидениенің жұмысын атқарып, творчестволық қызмет жасайды. Ол редакция жүмысында бірінші — ұйымдастырушылық, екінші -әдеби өңдеу, үшінші шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек.Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Ол идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн.

Журналистің тағы бір қасиеті — оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, творчестволық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын айыру оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасыңды білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек ете білгені дүрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. Өзіңді журналистік мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету лазым. Ол принципті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын бар күш-қайратын салып орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер жасай білуімен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек.Бұған қоса журналист кең пейілді, жаны жомарт, жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені ғанибет. Журналист жұртпен тіл табысқыш болса тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Оған есте сақтағыш қабілет те өте қажет. Тез ойлап, тез жазу да жақсы нышан. Журналистің өз жүмыс істеу тәсілі, өз ерекшелігі болуы заңды. Әркімнің сондай-ақ өзі қалайтын тақырыбы да болуы мүмкін. Журналистің стиль қалыптастыруы да үлкен жетістік. Ал жалпы кәсіби және творчестволық қасиет пен ерекшелік бір-бірімен ұштасканда нағыз журналист қалыптаспақ. Журналист өз қызметінде тек қана шындықты жазып, барлық мәселені объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өмірде осылай еңбек етуге, осылай өмір сүруге тиіс. Бұл журналистің алдында тұратын үлкен борыштардың бірі. Журналистиканың маңызы жариялылық болса, халықты тек қана объективті түрде, жан-жақты әрі дәл де, анық ақпараттық хабарлармен, материалдармен қамтамасыз ету керек. Сондықтан ең алдымен өмірдегі жайларды деректі фактілерге сүйене отырып жазу керек. Бұл шыншылдыққа бастайтын негізгі жолдың бірі. Еш нәрсені тексеріп алмай тұрып жазуға болмайды. Мәселенің әбден анық-қанығына көз жеткізу қажет. Ал кездейсоқ, бірен-сараң ғана фактіге сүйену кемшілікке апарып соқтырады. Сондықтан мәселенің зандылығына назар аударып, шындықты көре білу, өмірде жақсылықты таңдай білу және құбылысты дұрыс бағалай білудің жөні бөлек. Оқиғаны бұрмаламай, сол болған күйінше құрғақ сөзге салынбай жазу керек. Әр нәрсені дұрыс түсініп, талдау қажет. Яғни, әрқашан ақиқаттан айнымау — журналистің басты парызы.

Дәріс

Журналистің негізгі құралы – тіл

Бүгінгі таңда Қазақстанда қазақ тілінде 449 газет пен 117 журнал шығады екен. Оның сыртында қазақ, орыс тілде­рінде екі тілде шығатын газет-журналдар тағы бар. Кеңестік дәуірмен салыс­тыр­ғанда қазақ басылымдары са­ны­ның бұлай артуы тәуел­сіздік арқасында қол жеткен жетістік екені даусыз. Осы басылымдар қазақ тілінің ше­ші­мін таппаған сан алуан мәсе­лелерін үздіксіз кө­теріп, тіліміздің дамуына, оның Ата Заңда көрсетілген мәрте­бе­сі­не сәйкес қолда­ны­луы­на қат­ыс­ты жазудан жал­ық­қан емес. Тек журна­лис­тер­дің ға­на емес, тілші ғалымдар мен филологтардың, тіл жана­шыр­лары мен түрлі сала мамандары тарапынан тілдің жайын сөз еткен сан алуан ма­қа­лалар да негізінен қазақ ті­лін­де жарық көретін газет-жур­налдарымыз арқылы қал­ың жұртшылыққа жол тартады. Жалпы, қазақ тілінің мұ­ң­ын мұңдап, жоғын жоқ­тай­тын да қазақ баспасөзі, қазақ тілді журналистер қауымы екені баршамызға белгілі. Ті­лі­міз­дің дамуы мен қол­да­ны­сына елеулі үлес қосып отыр­ған төл баспасөзіміздің тілі жөнінде дүр­кін-дүркін сөз қозғалып жатады. Бұл мәселе тіл ма­ман­дарының назарынан да еш­­қашан тыс қалып көр­ген емес. Жекелеген мақала­ларды айтпағанда, әр кезең­дегі қазақ мерзімді басы­лым­дарының тілін зерттеуге ар­налған монографиялар жазылып, бірқатар кандидаттық, док­­торлық диссертациялар қор­­ғалды. Осы дәстүрді жалғас­тырып, біз де кейінгі бес-алты жыл көле­міндегі баспа­сөздегі сөзқол­да­ныс, сөз­жа­сам, терминжасам мәселе­ле­рін қарастырып жүр­ген­дік­тен, жинақталған деректер негізінде кейбір ойларымызды ортаға салуды жөн көр­дік. Әрине, қазақ баспа­сө­зінің бү­гінгі биігінде ондағы тіл мен стиль мәселелерінің негізінен ойдағыдай шешіліп келе жа­туының мәні үлкен. Газеттер мен журналдардағы мақала, сұх­баттардың тілі же­тік, содан да ойы айқын бола түс­кені талас тудырмайды. Әйт­се де, қолдағымызды еш­кім де тартып алмайтынын ескере кетіп, бұл мақалада біз негізінен баспасөз тілінің мә­де­ниетіне, сөзқолданыcта ор­ын алып жүрген кейбір кем­шіліктерге баса тоқтала­мыз.

Әрине, қазақтың тілін бір кісідей білетін, қаламы төсел­ген, әр сөзді талғап-таңдап орнымен қолданатын, қағаз бе­тіне түскен немесе аузынан шық­қан әр сөйлеміне үлкен жауапкершілікпен қарайтын тә­жірибелі, білікті журналис­тер де аз емес. Олардың жаз­ғанын кім де болса сүйсініп оқиды, сөйлеген сөзіне зейін қойып ілтипатпен тыңдайды. Алайда үнемі олай бола бер­мейді. Кез келген өзге сала­лар­дағы мамандар сынды жур­­­налистердің де біліктілігі, кәсіби деңгейі, жазу шебер­лігі, сөз қолдануға деген жау­апкершілігі бірдей емес. Сон­дай-ақ газет-журналда тек жур­­налистердің ғана емес, білімі мен кәсіби дайындығы, тілді білу деңгейі әркелкі түрлі сала мамандарының жаз­­ғандары да жарық көріп жатады. Осының бәрі бас­пасөз тілінің сапасына әсер ететіні сөзсіз. Бұл секілді факторлардың қай-қайсысын да ескере отырып, бүкіл қо­ғам көз тігетін қазақ бас­па­сөзі тіл мәдениетінің жо­ға­ры болуына, әдеби тіл норма­ла­ры­ның сақталуына, публи­циc­­тикалық стильдің кемелдене түсуіне айрықша мән беріп отырғанымыз абзал. Бұ­ған қолына қалам ұста­ған­дар да, осы басылымдардың оқыр­ман­дары да мүдделі болуы керек.

Әр сөзді мағынасына қар­ай орнымен қолдану – тіл мә­дениетінің ең өзекті мәсе­ле­лерінің бірі. Сөзқолданыс ба­ры­сындағы орын алатын кем­шіліктер көбінесе сөз мағы­насын анық білмеуден, оның тура мағынасы мен ауыс мағынасының аражігін айқын ажырата алмаудан, синонимдер қатарынан қажет сөзді таңдап-талғап пайдаланбаудан немесе жауапсыздық салдарынан туындап жатады.

Мына сөйлемге назар аударып көрелік: «Отандық теле­ар­наның озық майталмандары кім­дер?» (Әйгерім Бақытқызы. «Ай­қын», 29 желтоқсан 2011 жыл. № 244). Онсыз да «озық, озат, асқан шебер» деген мағынаны біл­ді­ретін «майталман» сөзінің алдына «озық­ты» қосақтау мүлде артық. Озық емес майталман болмайды. «Майталман» деген озықтың озы­ғы. «Өз ісінің хас шебері» деген мағынаны білдіріп тұрған «майталман» сөзінің алдынан тір­кес­кен «озық» оған қосымша мағына үстеп, әр беріп тұрған жоқ. Кері­сінше, көлеңкесін түсіріп, артық қолданылғаны көзге ұрып тұр. Суретші салған суретін әрлендіре түсем деп әр түсті бояуларды ар­тық жағып алса, бояулар үй­ле­сім таппай, баттасып, суреттің әрін қашырып алуы мүмкін. Қалам ұс­таған жан да сөздерді талғап, таң­дап артық та кетпей, кем де түс­пей, мағына үйлесімін тауып орнымен қолданбаса, сөйлемнің де әрі қашып, айтылмақ ой бұ­лың­ғыр болып қалмақ.

«Алматы ақшамы» газетінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 100-101 нөмірінде «Дүние дүрмек» айдарын әзірлеген жас журналист Айкерім Раисқызы шағын мақала тақырыбын «Гауһар тасты жұтып қойды» деп атапты. Бұл тақы­рып­ты оқыған адамның басына алдымен Гауһар есімді адам тасты жұтып қойған екен ғой деген ой келеді. Алайда мақала мәтінін оқыған соң бәрі басқаша екенін түсінеді. Онда: «Қожайын дүкенге келген тұтынушыға қызмет көр­се­туге кеткенде ит үстел үстіндегі қорапсыз жатқан гауһар тастарды жұтып жібереді» – делінген. Тас­ты жұтқан Гауһар есімді адам емес, «Медовая Булка» атты ит екен. Әрине, оқырмандарды ша­тас­тырмай бұл мақалаға «Гауһар тасты жұтқан ит», «Ит гауһар тас­тарды жұтып қойды» немесе басқаша да тақырыптар қоюға болар еді. Бұл жерде жас журналисті ғана кінәлап қою әділетсіз. Мұнда атауларды бір ізге түсіру, сөздерді қосып немесе бөлек жазу мәселесі де көрініс береді. Кейінгі жылдары асыл тастың бұл түрі «гау­һар­тас» түрінде бірге жазылып та жүр. Сөз болып отырған мақала тақырыбында бұл сөз осылай «гау­һартас» түрінде бірге жазыл­ған­да да ешқандай сұрақ туын­да­маған болар еді. Кейде басылымдарда сөз тір­ке­сі, сөйлем құрамындағы еті­стік­тердің мағынасына қарай дұрыс қолданылмай, сөйлем баяндауыштары тиянақсыз болып жататын тұстар жиі ұшырасады. Көзге түс­кен көп мысалдың екі-үшеуін ғана келтірелік. Мысалы, «Ер мен әйел арасындағы қарым-қатынаста аза­мат­тың еңсесі түспеуін, арудың са­ғы сынбауын мансұқтау» («Нұр Ас­тана», 19 наурыз 2008 жыл. Бет­ті әзірлеген: Г.Әбжәлелқызы). Сөй­лем аяқталмай қалған, ай­тылмақ ой түсініксіз. «Ман­сұқ­тау» етістігі орынсыз қол­да­ныл­ған. Ескендір Ертай «Теміржол тұрғызу – аса күрделі үдеріс» («Алаш айнасы», 8 шілде 2011 жыл. № 117) деп жазыпты. Осы сөйлемде «тұрғызу» сөзі орынды қолданылып тұрған жоқ. Үй, ғимарат, мұнара, т.б. тұр­ғы­зы­ла­ды. Ал жол қалай тұрғызылады, ол салынады немесе төселеді.

Тілде кез келген дыбыс пен ды­бысты, сөз бен сөзді тір­кес­ті­ріп, дыбыстар тіркесін немесе сөз тіркесін тудыра беруге болмайды. Қатар тұра алмайтын, өзара үй­лесім таба алмайтын дыбыстар да, сөздер де бар. Сөз сөзге шуа­ғын төгумен қатар, көлеңкесін де түсіретіні белгілі. Осыны ескермей қиыннан қиыстырып, тың сөз тіркесін туғызам деу үнемі сәтті бола бермейтінін де ескерген абзал. Ондай мақсат қоймағанның өзінде сөз қолдануға, тіркес үй­ле­сімділігіне жауапсыз қара­ма­ған жөн. Мына мысалдарға назар ау­да­ралық: «Спорт тақырыбында қа­­лам қозғау ер журналистер үшін ғана емес, нәзік жанды аруларымыз үшін де өте қызық» («Дала мен қала», 7 наурыз 2008 жыл. Дайындаған: Азиз Ордабаев). Тіл­дік қолданысымызда орныққан «қалам тербеу», «қалам тарту» секілді тіркестер тұрғанда, «қалам қозғау» деген «жаңа тіркес» жасап қолданыпты. Сәтті қолданыс дей алмаймыз. Бұл тіркес қалам­мен жазу емес, «қаламды бір жерден алып, екінші жерге жылжыту», «қаламды орнынан қозғау» деген түсінік туғызады. Сондай-ақ бұл сөйлемде «әйелдер», «қыз­дар» деген мағынада жұмсалатын «нәзік жандылар» мен «аруларды» қосақтап қолданудың да қажеттілігі көрініп тұрған жоқ. «Айқынның» (26 шілде 2011 жыл. № 135) бас мақаласының тақы­ры­бы «Салтанат қақпасы» ұрпаққа ой беруге тиіс» деп беріліпті. «Ой беру» деген қолданыстың не бере­рін білмедік, біз осы сөйлемде тілімде қолданысы орныққан «ой салу» деген тіркестің қолданыл­ғаны оң болар еді-ау деген ойда қалдық.

«Алматы ақшамының» 2012 жылғы 27 наурыздағы № 36-санында Айнабай Мәдидің автор­лығымен «Асық атуды» хансулық қос фотосуретші жығылып жатып, суретке түсірді» деген тақы­рыппен мақала жарияланыпты. Мақала тақырыбына қарап, қы­тай­лық фотографтардың екеуі бір­дей жығылып бара жатып немесе құлап қалған соң суретке түсірген екен деген ойға қаласыз. Мақа­ла­ны оқып көрсек, олай емес екен. Оны автордың мақала соңындағы «Ал, «Асық ату» сәтін хансулық (қытайлық) фотосуретшілер қос қапталдан жығылып жатып суретке түсіргенін көрдік» деген сөй­лемін оқығанда білдік. Қытайлық қос фотограф ешқандай да жы­ғыл­маған. Еңкейіп «асық ату» кезіндегі балалардың эмоциясын, қимылын, асықты көздеген, шиырып тұрған сәттерін қалт жіберіп алмау үшін қытайлық фотографтар асық атушылардың екі жа­ғы­нан жатып түсірген. Олар жы­ғы­лып-сүрінбеген, бірнәрсеге шалынып та құламаған. Өздерінің қа­лауымен жатып түсірген. Бұл жерде мақала авторы «жығылу» сөзі­нің мағынасына мән бермей, оны мақала тақырыбында да, мақала соңындағы сөйлемінде де орынсыз, артық қолданған. «Жығыл» (жық-ыл-у) сөзі ырықсыз етіс тұл­ғасындағы етістік. Яғни, адам ерік­ті түрде жығылмайды, құла­май­ды. Cондықтан «жығылып жатып» демей-ақ, «жатып суретке түсірді» десе жеткілікті еді. Ал одан да әсерлірек тақырып беру қажет болса, «жата қалып», «ет­пе­тінен жатып», «шалқасынан жатып» немесе басқаша да құ­был­тып жазуға сөз табылар еді ғой.

Жекелеген сөздерді, сөз тір­кес­терін калькалаумен қатар, тұтас сөйлемдерді орыс сөйлемінің қа­лы­бына салып құрау да белең алып бара жатқан құбылыс. Ақ­тау­лық заңгер маман Қамысбай Бе­сінбергенұлы мақаласындағы бір­қатар сөйлемдер еріксіз көңіл аудартады. Мысалы: Мен айтар едім, осы «инвестиция» тарту деген нарықтың жаңалығы бар-ау, біздің қазақтың түбіне жетеді деп. Мен айтар едім, бұл фактілер – Қазақ еліндегі таза көрініс, өмір шындығы. Автордың бұл сөйлемі орыс тіліндегі «Я бы сказал…» деп басталатын сөйлем үлгісімен жасалған. Ал оның «Кейде мен ойлаймын, жақсы…, Қазақ елінің ересектері, өз жерінің байлы­ғы­ның пайдасынан үмітін үзіп, құл­дық сезімге қарай ойысып барады делік, ал жастарымыз не ойлайды» деген сөйлемі орыс тіліндегі «Иногда я думаю, хорошо…» түрінде келетін сөйлемнің қазақ­ша тікелей көшірмесі. («Жас Алаш», 18 қаңтар 2011 жыл. № 3). Бұл сөйлем де орыс тіліндегі «Я не понимаю…» деп басталатын сөйлемнің ізімен құрылған. Мақа­ла авторының орысша оқыған, орыс­ша ойлайтын, қазақша көп жазбайтын адам екендігі анық аңғарылып тұр. Құдайға шүкір, бізде орысша оқығандар, орыс тілінде ойлайтындар, қазақша сөй­леп, жазуға шорқақтар жет­кілікті. Олардың қазақша жазуға тал­пын­ғанын қуана құптайық. Алайда жазғандарының бәрін тү­зетпей газет-журналдарымызға ба­са берсек, шығатын кітаптарын редак­цияламай-ақ жариялай берсек не болады? Сонда жазу мәдениетін сақтауды, БАҚ тілінің сауатты болуын кімнен талап етеміз?

«Қазіргі кезде бұл жол апаты құзырлы органдармен тексеріліп жатыр» (Нұрила Бектемірова. «Қазақстан-Zaman», 2 ақпан 2012 жыл. № 05) деген сөйлемде «құ­зырлы органдармен тексеріліп жатыр» (В настоящее время данное дорожное происшествие расследуется компетентными органами) сөйлеміндегідей «компетентными органами» тіркесін дәлме-дәл кө­ші­ріп аударудан туындаған. Дұры­сы бұл сөйлемді «Қазіргі кезде бұл жол апатын құзырлы органдар тексеріп жатыр», деп құрағанда, аударма шырмауына түсіп сі­рес­пей, жатық айтылған, жеңіл оқыл­ған болар еді.

Сөзқолданыс туралы сөз қоз­ға­ғанда баспасөздегі термин­дер­дің қолданысы туралы да айтуға тура келеді. Мерзімді баспасөзде Мемтерминком бекіткен термин­дер­дің бірізді қолданылуы өте маң­ызды. Бұл бекітілген атау­лар­дың қолданысы тұрақтап, оларға көпшіліктің көзі үйренісіп, санасына тез сіңуі, тілде жарыс­па­лы­лықтың орын алмауы үшін қажет. Алайда осы қажеттіліктің өте­луі­не жете мән берілмей жататын тұстар да жиі байқалып жатады. Мәселен, «Ресейдің «Газпромы» Орын­бордағы газ және мұнай өң­деу зауытындағы қазақстандық-ре­сейлік біріккен кәсіпорындағы жұмысын бастауды кешіктіріп отыр» («Түркістан», 30 қазан 2008 жыл. №44) деген сөйлемде ресми бекітілген «бірлескен кәсіпорын» орнына «біріккен кәсіпорын» деп қолданылған. Бірігіп кету мен екі кәсіпорынның дербестігін сақтай отырып, бірлесіп жұмыс істеуінің үлкен айырмашылығы бар. Ал «Күдікті екі адам болғандықтан, полиция қызметкерлері осы дү­кен­де торуыл қойып, екінші сезік­тіні де құрықтады» («Егемен Қаз­ақстан». 20 желтоқсан 2008 жыл. № 405-412) деген бір сөй­лемде «подозреваемый»-дың ба­ла­масы ретінде бекітілген «кү­дік­ті» мен оның бекітілмеген жарыс­па нұс­қасы бір сөйлемде қатар қолда­нылған. Мемтерминком кон­суль­тативтік-кеңесші орган бол­ған­дық­тан, ол өзі бекіткен тер­мин­дерінің бірізді қолданылуын мін­деттей алмайды. Сондықтан көп­­теген бекітілген атаулардың қол­­данысқа еніп кетуіне бас­па­сөз­дің ықпалы зор екенін БАҚ өкіл­дері ескерсе дейміз.

Тағы бір мысалға назар аударып көрелік: «Сондай-ақ ұйқы­сыз­дық пен ұйқысы қан­бай­тын­дардың бас миының жұмысы нашарлап, ашуланшақ болады дей­ді» («Ана тілі», 16-22 маусым 2011 жыл. № 24) Бұл сөйлемдегі «бас миы» деген орыс тіліндегі «головной мозг» дегенді калька жолымен тікелей аудару барысында пайда болған жасанды атау. Өзімізге өзіміз жау болмасақ, мұндай баянсыз тірлікке баруға тиіс емеспіз ғой. Сол себептен де қолымызға қалам алған үлкеніміз де, кішіміз де сөз жасауға, сөзді қолдануға, өзге тілден аударуға үлкен жауапкершілікпен қарауға тиістіміз. Айналып келгенде, мұ­ның бәрі ұлттың тілін жетік білу мен кәсіби біліктілікке келіп тіре­летіні айдан анық. Осы ап-анық нәрселерді ескере отырып маман дайындай алмау, сол жоғары та­лапқа сай келетін мамандардың өз орнында қызмет етпеуі, білетін ісінің басында болмауы тек журналистика мен тіл саласы ғана емес, қоғамдық өміріміздің басқа да барлық саларындағы шешімін таппаған мәселелердің қордалана беруіне апарып соғатыны сөзсіз. Тілді және тілдің жай-жапсарын, оның ішкі мәселелерін жақсы білмейтін, кәсібін өз деңгейінде меңгермеген маман, қанша жерден ниеті түзу, қаншалықты тілге жанашыр болса да, тіліне қызмет етем деп жүріп, оған пайдасын емес зиянын тигізіп, артық қылам деп жүріп тыртық қылуы мүмкін. Тіліміздің «тәніне» тыртық түсі­ріп алмау үшін қылпылдаған қан­дауыр ұстаған оташы – хирургтей, біз де қаламымызды шеберлікпен, асқан жауапкершілікпен байқап-байқап қолдануымыз керек. Бүкіл қоғамға, халықтың аса қымбат қазынасы тіліне, ұлттың санасына ықпал етуі жағынан қалам қан­дауырдан әлденеше есе қуатты құрал. Сондықтан да мұндай қуат­ты құралды қолға алғанда, бүгінгі қаламымыз пернетақтаны бас­қан­да, негізгі айтпағымыз жазуға, сөз қолдануға келгенде қай-қайсы­мыз­дың да мойнымызда зор жау­ап­кершілік тұрғанын бір сәт те ұмытпауға тиіспіз.

Баспасөзде жиі көрініс беретін кемшіліктің бірі – тұрақты сөз тіркестерінің дұрыс қол­даныл­мауы. Мәселен, «АҚШ спортшылары жан салмады» («Айқын», 3 қыркүйек 2010 жыл. № 161). Тіл­де «жанын салды» деген тіркес «аянып қалмады, бар күш-жігерін жұмсады» деген мағынада қол­да­нылады. Бұл тіркес негізінен болымды мағынада жұмсалатын бол­ғандықтан, осы сөйлемді оқы­ған адамның басында «АҚШ спортшылары не үшін аянып қал­ды екен» деген ойдың қылаң бере­рі табиғи нәрсе. Алайда мақаланы оқысақ, керісінше, АҚШ спортшылары бәрінен үздік шық­қан­дығы айтылыпты. Сонда барып біз «бәрінен озды, үздік шықты, ешкімді алдарына шығарған жоқ» деген ойдың айтылмақ болғанын ұқтық. Тіліміздегі осы мағынаны дәл беретін «алдына жан салмады», «алдына қара салмады» деген тұрақты тіркестің дұрыс қол­данылмауы салдарынан сөйлем ма­ғынасы өзгеріп, айтылмақ ой бұр­маланып, оқырманға дұрыс жетпеген. Яғни, тұрақты тіркес құ­рамындағы «алдына» сөзі алынып қалғандықтан осылай болған. Мұндағы бар мәселе – тұрақты тіркестің құрамындағы сыңар­ла­рының ешқайсысы өзгертілмей, қысқартылмай, басқа сөзбен ал­мас­тырылмай, тұрған орнында, жеке сөздер сияқты дайын қал­пында қолданылатынын ескермеуден туындап отыр. Сол себептен қалам алған қауымның қай өкілі болса да қашанда осы жайды ес­керсе екен дейміз. Тұрақтылығын бұ­зу­ға болмайтындықтан да олар «тұ­рақты тіркестер» деп аталмай ма? Сол ұзақ жылдар бойы қалып­тасқан тіліміздің тамаша байлығы болып саналатын тұрақты тір­кес­тердің тұрақсыздануына жол бермей, оларды мағынасына қарай орнымен жұмсай білсек, ойымыз орнықты, сөзіміз салмақты бола түсетініне ешкім күмәнданбаса керек.

Баспасөз беттеріндегі кейбір ма­қалаларда сөздердің орын тәр­тібін сақтамағандықтан, сауатты құрылмай жататын сөй­лемдер де ұшырасып жатады. Мысалы, «Ұл­а­н­ба­т­ыр­да ең үлкен тұмауға қарсы тұмылдырық тігілді» («Алматы ақшамы», 21 қараша 2009 жыл. № 136) деген сөй­лемге назар аударып көре­лік. Ха­бар­лан­бақ болған жа­ң­алық тұ­мау­дан сақтану үшін кие­тін «ең үлкен тұ­мыл­ды­рық­тың тігі­луі» туралы екен. Алайда бұл сөй­лемді оқыған адам бас­тап­қыда әңгіме өте кең та­раған, жұқпалы тұмау туралы айтылып отыр ма деп қалады. Оқырман ай­тыл­мақ хабар­дың ол емес екенін ма­қала мазмұнымен таныс­қан­нан кей­ін ғана барып, мә­се­ленің мәнін тү­сі­неді. Себебі, сөй­лемде «ең үлкен» тір­ке­сінің орын тәр­ті­бі сақ­тал­май, анықтауға тиіс «тұмыл­ды­рық» сөзінің ал­дынан емес, «тұмау» сөзі­нің алдынан қолданылған. Егер «Ұлан­ба­тырда тұмауға қар­сы ең үлкен тұмылдырық тігіл­ді» делінгенде, сөз­дер­дің орын тәртібі бұзылмай, айтылмақ ой анық, сөйлем де дұрыс құралған болар еді.

Қазіргі қазақ баспасө­зі­нің тіліне, ондағы сөзқол­да­ныс мәселесіне назар аудар­ға­ны­мызда негізінен осы жо­­ғарыда көрсетілгендей ол­қы­лықтар көбірек орын алып жүргені байқалды. Соң­ғы 4-5 жыл көлемінде газеттерден жиналған материалдар мұ­нымен шектел­мей­ді. Олар­­дың бәрін тізіп жатуды мақ­сат етпедік. Біз тіл маманы ретінде, олардың ішіндегі жиі орын алып жүр­ген­де­ріне қалам ұстаған қауым на­за­рын аудартуды мін­де­ті­міз санадық.

Көптеген оқырмандар «га­з­еттен оқыдым», «газетте осылай жазған» деп газет сөзін алға тарып, онда жаз­ылғандарды қашанда дұрыс деп қабылдайды. Әр сөздің қолданысына, сөйлемнің құ­­ры­лымына мән беріп оқи­тын, кей қолданыстарға кү­мәнмен қарайтын, ондай­лар­ды бірден қабылдай қой­майтын талғампаз оқыр­ман­ның өзі, сол сөз тіркестері мен сөздерді газеттен қайта-қайта оқи берсе, олардың да біртіндеп көздері үйренеді. Бұл газеттің қоғамдық са­на­ға, тілдік нормалардың қал­ып­тасуына ықпалының зор екенін көрсетеді. Баспасөзде әр сөздің қолданысына үл­кен жауапкершілікпен қарау­дың қажеттілігі де осы себептен туындайды. Сондық­тан да БАҚ тілі мінсіз болсын десек, онда кемші­лік­тер­дің орын алуына жол бер­мей, кездескендерін дер кезінде түзетіп отыру өте маңызды. Жазу мәдениетіміз жеткен биігінен төмен­де­мей, жетіле түсуіне, көсем­сөз стилінің кемелдене беру­і­не кәсіби біліктілікпен атсалысу қолына қалам алған әр азаматтың міндеті.

 

Дәріс № 3

Журналистика-қоғамдық-саяси және ақпараттық

қызметтің саласы

Қазіргі Қазақстан журналистикасы-ерекше қызықты әрі күрделі құбылыс.Онда жетпіс жыл бойы қызмет еткен кеңес журналистикасының дәстүрлері бар екені даусыз.Сонымен қатар Қазақстан журналистикасында БАҚ туралы қабылданған екі Заңда байланысты журналистік қызметтің қазіргі тенденциялары айқындалуда,қазақ баспасөзінің қайта жаңғырған ұлттық дәстүрлері көрініс табуда.

Қазақстан журналистика ғылымының үлкен тарихы бар,ол зерттеудің ғылыми бағыттарын қалыптастырды,бұдан былайғы ғылыми ізденістердің берік негізін қалады.

«Журналистикаа кіріспе» пәні оқу жоспары мен білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес «журналистика» мамандығы бойынша бірінші семестрде оқытылады.Сондықтан бұл пән университеттік журналистік жоғары білімнің алғашқы теориялық курсы болып табылады және болашақ тәжірибелік қызметте кәсібилікті жақсы меңгеру үшін қажетті әмбебап білім кешенін береді.

Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратты-талдамалы материалдары,Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы» Заңы,журналистика мектебінің әр түрлі өкілдерінің еңбектері курстың шешуші теориялық және методологиялық негізі болып табылады.

Қазақстандық журналистика ғылымының мектебі Коммунистік журналистика институты құрылған 1934 жылдан бастау алады.Ол институтта Қазақстан тарихының белгілі қайраткерлері сабақ берген.Олардың арасында С.Сейфуллин,С.Мұқанов,С.Асфендияров,Ф.Жеребятьев және басқалар болды.Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде журналистика бөлімі,кейіннен жеке факультет болып қалыптасып,осы сферадағы ғылыми ізденістердің бүгінгі күні де негізгісі болып табылады.

Кеңестік журналистика ғылымы кезінде Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми мектебінің айтарлықтай ықпалы болды.Себебі ғылыми және методикалық орталық Мәскеуде болғандықтан жоғары журналистік білім Мәскеу университетінің ғалымдары дайындаған принциптерге негізделді.Бұл кезең өткенімен,бұрыны кеңес республикалары,оның ішінде Қазақстан үшін де журналистика теориясының негізі болып қала береді.

Қазақ журналистикасы тарихын оқытудың негізін қалаған Қазақстан ғылымының ғалымдары, журналистика факультетінде қызмет еткен Х.Бекхожин,Т.Амандосов,Т.Қожакеев,М.Арынбаев,Ш.Елеукенов,Ә.Ыдырысов сияқты профессорлар болды.

Журналистика ғылымының әр түрлі саласында зерттеу жасаған ғалым-профессорлар Ю.Крикунов,М.Барманқұлов,С.Қозыбаев,Н.Омашевтардың еңбектері өз жалғасын табуда.

Қазіргі қазақстандық журналистика ғылымы белгілі бағытта зерттеу жасап қана қоймай,жаңа аралас,ғылымаралық және пәнаралық зерттеулер жасауда.Адамзат қызметінің барлық түріне журналистика ықпалының артуына байланысты көптеген зерттеулер еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары бейнелеген мемлекет ішіндегі саяси,экономикалық,әлеуметтік-қоғамдық процестерге арналуда.

Соңғы он жылдағы зерттеулердің бірқатары республиканың егемендігі мен тәуелсіздігіне байланысты Қазақстан ақпарат кеңестігінде пайда болған бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет етуі мен ұйымдастыруының жаңа пішіндеріне арналды.

Дәріс № 4



Просмотров 2152

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!