![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Интернеттiң негiзгi қосымшалары
E-mail (Electronic Mail) -электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық адреске жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, әріптестеріңізбен араласуға болады.
E-mail адрестік құрылымы: есім@ мекеме.домен Мысалы: common@pushkinlibrary.kz dina_m@mail.kz
Usenet - бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, дәлірек айтқанда анархиялық жүйелер тобы. Белгілі бір серверде кездеседі. Usenet – тегі жаңалықтар тобы – дүние жүзіндегі адамдардың пікірлесетін, яни ақпарат алмасуына арналған электрондық пікірталас топтары.Мұндай жаңалық топтарында белгілі бір тақырыпқа арналан көптеген мақалаларды оқуға болады, олар әртүрлі тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегі жаңалықтар ретінде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретінде жариялауға болады(тақырыптар түрлі) FTP (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколы – бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде қолданылатын Интернттің қосымшасы. FTP көмегімен кез келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болады. Чат (IRC –Internet Real Chat) – Интернеттің тағы да бір қосымшасы,желіде нақтылы уақытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады. World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты. Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады.Ол беттердегі мәліметті оқу «көру жабдықтары» деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады. Көру жабдықтары Веб парақтардағы мәліметтерді оқу “көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады, ол “to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау. Интернеттегі Web- парақтарын оқып, экранда көрсетуге арналан программалардың кең тараған түрлері Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator.
Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу. Ақпараттарды сақтау және белгі жасау. Белгі жасау Егер сізге белгілі бір веб-парақ ұнаса, және де ол парақ сізге үнемі қажет болып тұрса ол адреске белгі салып қоюға болады.Белгі жасау үшін «Избранное-Добавить в избранное» деген менюді таңдап алу қажет. Келесі кезектегі терезеден белгінің атын және белгі сақталатын папканы таңдау қажет. Мысалы сіз мынандай http://www.rubricon.ru адрестегі веб-парақты қарап отырсыз және оны белгі жасап сақтағыңыз келді, ол үшін «Избранное – Добавить в избранное» деген менюді аламыз. Онда «Добавление в избранное» деген терезе пайда болады, «имя» деген жолда веб-парақ алғашқы атауымен тұрады, оны сіз өз қалауыңыз бен өзгертуіңізге де болады. «Добавить в избранное» деген терезеде папкалар тізімі берілген, оның сәйкес келетін біреуін таңдауыңызға болады. Егер папканы таңдап алмасақ сақталатын адресіміз «Избранное» деген бастапқы папкаға жазылады. Көрсетілген папканың ешқайсысы сәйкес келмеген жағдайда жаңадан папка ашуға болады, ол үшін «Создать папку» деген команданы таңдаймыз. Веб-парақтарды сақтап белгі жасау арқылы біз кез келген уақытта қажетті адрестерді жылдам монитора шығара аламыз. Ол үшін аспаптар тақтасынан «Избранное» деген папканы таңдаймыз, пайда болған терезеден қажетті адресті аламыз. Егер веб-парақ сізге ағымдағы мазмұнымен ғана қажет болса ақпараттарды сақтаудың мынандай жолдары бар: 1) Веб-парақты толығымен сақтау Веб-парқ толығымен жіктелген соң аспаптар тақтасынан «Файл-Файл сохранить как» (сурет1)деген команданы таңдаймыз, пайда болған терезеден «Сохранить веб-страницу» командасында «Тип файла» деген жолда «Веб-страницу полностью» (сурет2) деп көрсетілуін қадағалау керек. Суретті сақтау. Веб-парақтағы суретті жеке сақтау үшін тышқанды суреттің үстінде ұстап тұрып оң жақ түймесін шертеміз. Пайда болан контекстік менюден «Сохранить рисунок как» (сурет3) деген команданы таңдап аламыз да қажетті папканың ішінде сақтаймыз. Егер сіз суретті жұмыс істеп отырған файылыңызға қойғыңыз келсе контекстік менюден «Копировать» (сурет4)деген команданы таңдап аласыз да қайтадан өз файылыңызға ауысып «Вставить» деген команданы орындайсыз.
![]() |