Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Бағалаудың критериилері



Бақылау түрі Жоғары баға Оқытушы журналына балл қою мерзімі
Ағымдық бақылау: сабаққа қатысуы: 1 сағат – 1 балл үй тапсырмасын орындауы іс-тәжірибелік сабақтардаы жауаптары белсенділік (дәрістердегі жауаптары.)   Әрбір сабақта
СӨЖ 1 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма 4 тапсырма 5 тапсырма СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
СӨЖ 2 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма 4 тапсырма 5 тапсырма СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
СӨЖ 3 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма 4 тапсырма 5 тапсырма СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
СӨЖ 4 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
Бірінші аралық бақылау Коллоквиум алу 1. Теориялық сұрақ 2. Реферат қорғау         8 апта
Екінші аралық бақылау Коллоквиум алу 1. Теориялық сұрақ 2. Тест алу       15 апта

Стиль(грекше-stylos)деген терминнің мағынасы әр түрлі: байырғы римляндар сырлы тақтаға сөз жазатын бір ұшы қалақша, бір ұшы сүйір таяқшаны стиль деген болса, кейін әркімнің қолтаңбасы, жазу өрнегі, одан бертін келе сөз мәнері, сөйлеу машығы, ақыр аяғында әр суреткерге тән өнер ерекшелігі стиль атанған. Соңғы анықтама белгілі ғалым Бюффонның жалпы жұрт нақылға айналдырып әкеткен «Стиль-адам» деген тұжырымына сай келеді.

Классицизм (латынша classicys-үлгілі, өнегелі бағыт).Классицизмнің туған тұсы-Еуропа елдерінде абсолютизм дәуірленген кез. Ол тұста елдегі барлық үстемдік дворяндар сословиесінде, барлық билік монарх қолында болатын; олардың ықпалымен жұрт назары сарайға ауған, жұрттың бәрі сарай маңындағы ат төбелендей асыл нәсілдер аузына қараған кез еді.

Сентиментализм(французша sentimentalisme-сезімталдық) сентиментализм әуелі Англияда тараған. Сентименталистердің идеялық тұрғысы-елде енді-енді орнығып, нығая бастаған жас буржуазияның идеологиясы; творчестволық объектісі-сарай маңындағы ақсүйектер өмірі емес, кәдімгі орта қол адамдардың күнделік тіршілігі, солардың көңіл күйлері, жеке бастарына тән күйініш-сүйініштері, қуаныш-ренштері; негізгі тақырыбына классицистердегідей тарихи оқиғалар емес, әдеттегі семья тұриысы.

Әдіс. Әдіс деген атаудың өзін әркім әр түрлі айқындайды: біреулер көркемдік әдіс десе, біреулер творчестволық әдіс, енді біреулер әншейін әдеби әдіс дей салады.

Реализм-(латынша realis-затты, нақты шындықты шынайылау әдісі). Эрскин Колдуэлл былай деген: шындықта болмаған оқиғалар мен адамдарды шындықта болған оқиғалар мен адамдардан гөрі нанымдырақ етіп көрсету. Бейтарап болмау, көздің көрегендігіне көкіректің құштарлығын қосу.

Романтикалық(французша-romantigue, ағылшында-romantic) туындылар суреткерлердің шындықтағы барға қанағаттанбай, жоқты іздеуінен, ақиқаттан аулақтап әлдебір асыңқы, өмірде емес өнерде ғана болуға тиіс кітаби қиял-ғажайып шытырман оқиғаларды бейнелеуден пайда болған деседі

Әдеби жанр (французша genre-тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1)әдебиеттің тектері-эпос, лирика, драма; 2)әдеби шығарманың түрлері-әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.Мысалы,эпосты-жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге-очерк, новелла, оқиғалы өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге-повесть,поэма; ал кең көлемді эпикалық түрге-роман, эпопея тәрізділер жатады.

Әдеби шығарма-белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Әр дәуірдің өзінің шындығы бар. Бұлар бірін-бірі қайталамайды. Мысалы, Шекспир трагедиясы Мүсірепов жазған трагедиядан, Бальзак романы Әуезов романынан, Абай поэзиясы Жансүгіров поэзиясынан өзге екені даусыз.

Әдеби процесс -өмірдің ең негізгі заңдарының бірі-оның толассыз дамуы десек, бұл заң өнерге де, соның ішінде сөз өнеріне де тән. Әр халықтың әдебиеті ол өмір сүрген тарихи дәуірлердің әр кезеңінде әр халде, әр қалыпта болып отырады.

Жанр-даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанрдың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер, бір жағынан, әр әдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен тығыз байланысты болса, екінші жағынан, әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процестегі атқарар роліне, алар орнына байланысты. Эпос (грекше epos-баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту)-көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр. Миф-табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян. Бұл байырғы халықтардың бәрінде бар, бірақ түпкі туған төркіні көне Греция; кейін римляндарға ауысқан.

Новелла(италянша novella-жаңалық, соны сөз)-бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымды әңгіме. Фельетон (французша feuilleton-парақ) бұл да әдеби жанр, әрі газет жанры.Өлеңмен де, қара сөзбен де жазыла береді. Мұның әдеби қасиеті мол жақсы үлгілерінде кәдімгідей көркем бейнелер, қызық мінездер, сатиралық типтер жасалған.

Поэма (грекше poiema-туынды)-өлеңді повесть, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желелі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.

Лирика(грекше lyra-ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы)-әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Баллада(итальянша ballare-билеу) –лира-эпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің көңіл-күйін, толғанысын жырлап қана тынбайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра, суреттеп көрсетеді. Драма (грекше drama-қимыл, әрекет) әдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдына қолма-қол көрсететін күрделі жанр.



Просмотров 2110

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!