![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Бөлмелерде комфорттық жағдай туғызу
Жылыту, желдету, ауаны баптау жүйелері бөлмелерде санитарлық-гигиеналық нормалар талап ететін метеорологиялық жағдайлар туғызуы қажет. Сондықтан тұтас жылды екі периодқа, салқын және жылы бөледі.Салқын периодта тұрғын үй бөлмесінің ішінде температура tв = 18÷22 ○С (20÷22 ○С), ауаның салыстырмалы ылғалдығы Жылы периодта бөлменің ішіндегі температураны сыртқы ауаның есептелген температурасынан( күндіз сағат 13-те ең ыстық айдың орташа температурасы) тек қана 3 ○С жоғары болатын етіп, ауаның салыстырмалы ылғалдығы Жылыту Бөлмеге жылыту жүйесінен жылуды жіберудің мақсаты оның сыртқы қоршауларының жылу беруі және инфильтрациясы арқылы жоғалатын жылудың орнын толтыру болып табылады. Жылыту маусымы күз айларында орташа тәуліктік температура +80 тең немесе одан кем болған жағдайда басталады және көктемде орташа тәуліктік температура +80 тең немесе одан үлкен болған жағдайда аяқталады. Бөлменің ішінде приборлардан, адамдардан, күн түсуінен, ал өндірістік ғимараттарда технологиялық қондырғылардан жылу бөлінеді. Мұның өзі жылыту маусымының ұзақтығын азайтады. Осы факторларды ескере отырып, тұрғын және қоғамдық ғимараттың жылынатын бөлмелеріндегі ішкі ауаның температурасы + 18 ○С деп қабылданады, ал жылыту жүйелерін жобалау үшін соңғы 50 – жылдық периодтың сегіз қыстарында кездескен ең суық бес күндер бойынша алынған орташа температураны есептік температура tнр деп ұйғарады. Желдету Желдету арқылы бөлмеден жылы ауа (зиянды қоспаларға толы) шығарылады, ал оның орнына сыртқы ортадан таза жылытылған ауа беріледі. Сонда сыртқы ауаны, бөлменің есептелген ішкі tв темпер-атурасына дейін қыздыруға шығындалатын Qв жылуды желдету жылуы деп атайды. Максималдық желдету жүктемесін есептеу үшін жылыту маусымының жалпы ұзақтығының 15 % құрайтын сыртқы температуралардың орташа мәнін қабылдайды. Желдетудің есептік сыртқы температурасы tн.в деп белгіленеді. Ерекше жағдайларда, өндірістік цехта зиянды ластанған ауа мөлшері басым болса, желдету жүктемесін есептерде tн.в = tн.р деп қабылдайды. Жылуды қолдану. Негізгі есептеуші кейіптемелер Жылумен жабдықтау жүйелерінде жылуды қолданушылар болып саналады: 1. Жылыту, желдету және ауаны баптау, ыстық сумен қамдау жүйелері; 2. Жылулық өнеркәсіптік аппараттар және құрылғылар (газдық, сұйық және қатты заттарды қыздырғыштар, буландырушы және ректификациялаушы аппараттар, кептіргіштер, химиялық өндіріс реакторлары). олар үшін технологиялық процесстерде нашар қызған буды (p = 0,3÷0,8 МПа және одан жоғары) немесе қаныққан буды немесе ыстық суды (t = 150 ○С) қолданады; 3. Қозғауды турбинадан немесе бу машинасынан алатын күштік технологиялық аппараттар( бу балғалары және престері, бу сорғылары, газ сығымдаушы компрессорлар және т.б.) жылу тасығыш ретінде қаныққан немесе аса қызған буды қолданады (t = 250÷280 ○C; р = 0,8÷1,2 МПа).
![]() |