![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Органикалық отын түрлері
Тұтынушыға байланысты отын энергетикалық (қайраттық) және тәсілдемелік (технологиялық) деп бөлінеді. ЖЭС-да пайдаланатын отын энергетикалық отын деп аталынады. Металлургияда, химиялық, құрылыс жадығат (материал) өнеркәсіптерінде және т.б. тұтынатын отын тәсілдемелік отын деп аталынады. Тәсілдемелік отынның сапасы қайраттық отынға қарағанда әдетте жоғары болады. Қайраттық отынның негізгі түрлері: қатты отын: тас және қоңыр көмірлер және олардың өңдеу қалдықтары, сұйық отын: мазут, газ тәрізді отын – табиғи газ.Мазут. Сұйық қайраттық отынның негізгі түрі мұнайды өңдегенде алынатын мұнай мазуты. Мұнай мазуты олардың тұтқырлығына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. ЭС-да негізінде таңбасы (маркасы) 100 мазут жағылады. Ошақтық мазут таңба ішінде олардағы күкірт мөлшеріне байланысты үш сұрыпқа бөлінеді: аз күкіртті ( 6. Отынның құрама бөліктері. Барлық отын түрлерінің құрамында жанатын заттар мен жанбайтын құраушылар – масыл заттар болады. Қатты және сұйық отынның жанатын бөлігі негізінде құраушыдан (элементтен) – көміртек, сутек, оттек, күкірт және азоттан құрылған органикалық заттан тұрады Соңғы екі құраушы отын жанғанда жылу шығаруға қосылмайды: отынның ішкі масыл заты. Отынның жанатын бөлігіне тотығатын кейбір арасан (минерал) қосылыстар да кіреді, негізінде FeS2 –темір колчеданы (пирит), ол отында маңызы бойынша бірнеше пайызға дейін болады. Қатты және сұйық отынның масыл заты ылғалдан W және жанбайтын арасан бөлігінен (SiO2, Al2O3, CaSO4 және т.б.) тұрады. Отын жанғанда жанбайтын бөлігінен күл А шығады.Қайраттық отынның күкірттілігі маңызды сипаттамасына жатады. Қатты отында күкірт органикалық затта (органикалық күкірт Sорг) болады, сонымен қатар жанатын (пирит не колчедан күкірті Sп) және жанбайтын арасан заттардың (сульфат күкірті Sсфт) құрамына кіредСульфаттар, демек, сульфат күкірті ешқандай өзгеріссіз күл құрамына өтеді. Әдетте қатты және сұйық отынның құрамы массаның пайызы арқылы көрсетіледі, 100%-ға мына массалар қабылдануы мүмкін: - жұмыстық масса отынның тұтынушыға жіберілген түрі; - аналитикалық масса талдау (анализ) жүргізуге дайындалған отын ұнтақталған және зертхана жағдайында оны сақтағанда өз бетімен өзгермейтін ылғалдылыққа дейін кептірілген; - құрғақ масса отынның ылғалы толық аласталғандағы массасы; - құрғақ күлсіз (жанатын) масса күлді алып тастаған құрғақ масса; - органикалық масса күлді, колчедан және сульфат күкіртін алып тастаған құрғақ масса.
![]() |