Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Азандық қондырғылар. Бу өндірудің тәсілдемелік сыбалары



Қазандық қондырғы – бу немесе ыстық су өндіру үшін қажет құрылғылардың жиынтығы. Қазандық қондырғыны жылу электр стансасының жеке бір құрылымы ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар ол жеке қызметтер (жылыту және ыстық сумен қамдау, технологиялық бумен және ыстық сумен қамдау) атқара алады.

Міндетіне сай қазандық қондырғы бу немесе су ысытушы қазанннан және оның жұмысына қажет қосалқы жабдықтардан тұрады. Қазандық қондырғының тізбектей байланысқан элементтері бірнеше жолдарды (тракт) құрайды.

Отын жолы – отынды жағуға дайындайтын және оны ошаққа тасымалдайтын қондырғылардың жиынтығы. Қатты отынды қолданған кезде

отын жолында шанақтар,ылғалды көмір мен көмір ұнтағын жеткізгіштер, көмірді ұнтақтаушы диірмендер, диірмен желдеткіштері, ажыратқыштар, ленталық конвейерлер, көмір тозаңы құбырлары және т.б. орналасады.

Мазутты жағушы отын жолында газ және мазут құбырлары, шығын өлшегіштер, тығындаушы және реттеуші арматуралар орналасады.

Бусу жолы деп – қондырғылардың бір-бірімен тізбектей байланысқан элементтер (қазанның қызатын беттері, құбырлар, дағыра ажыратқыш, қазанның құрамына кіретін бу салқындатқыштар, жылуалмастырғыштар, тығындаушы және реттеуші арматуралар) жүйесін айтады. Аталған элементтер арқылы қыздырылатын жылутасығыш қозғалады.

Газ- ауа жолы бірнеше тізбектей байланысқан ауа және газ жолдарынан құралады. Ауа жолының құрамына атмосферадан ауаны сорып алып, қыздыратын және ошаққа жіберетін қондырғылар жиынтығы (үрлегіш вентиляторлар, ауа қораптары, ауа қыздырғыштар және оттық құрылғылары) кіреді. Газ жолының құрамына қазандық қондырғының жану өнімдерінің қозғалысын қамтамасыз етуші элементтер ( ошақ, және ошақтың басқа газ жолдары, түтін газдарын тазалаушы құрылғылар, түтін сорғыштар) жиынтығы кіреді.

Бу (су ысытушы) қазан – органикалық отын жанғанда бөлінетін жылуды қолданып, тағайындалған параметрлері бар буды (немесе ыстық суды) өндіруші құрылғы. Негізгі элементтері - ошақ және жылу алмастырғыш беттер.

Егер қазан ошағында тікелей органикалық отынды қолданбай басқа техникалық құрылғылардың (газ турбиналық қондырғының ГТҚ, технологиялық қондырғылардың) газдарын пайдаланса, мұндай қазанды пайдалагғыш қазан деп атайды. Кейбір жағдайларда пайдаланғыш қазанның ошағы және ауа қыздырғышы болмайды, оның негізгі элементтерін – қызатын беттері құрайды.

Қазан және оның жұмысын қамтамасыз ететін көмекші жабдықтар: отын дайындау құрылғылары, қазанға қоректік су беретін қорек сорғылары, жағу үшін ауа беретін үрлегіштер, жану өнімдерін мұржа арқылы әуеге (атмосфераға) шығаратын түтін сорғыш, күлұстағыш, күлқожшығару құрылғылары және т.б. қазандық қондырғысын құрайды. Қазандық қондырғы жұмысы толығымен механикаландырылған және автоматтандырылған.

Қатты отынды тозаң түрінде жағатын дағыралы бу қазаны бар бу турбиналық электр стансаның бу өндіру тәсілдемелік (технологиялық) сызбасы 2.2-суретте көрсетілген.

1 - отын тиелген вагон; 2-отын түсірілетін шанақ; 3 - отынды ұсақтау буыны; 4- қазандықтың ылғалды отын шанағы; 5- отынды ұнтақтаушы диірмен;

6- эксгаустер;7- қазан дағырасы; 8 - бу қыздырғыш; 9- экономайзер;10- ауа қыздырғыш;11- вентилятор;12- деаэратор;13- қоректік су сорғысы;14- күл ұстағыш; 15-түтін сорғыш;16 -түтін бағаны;17-таспалы тасығыш;18 -көмір үйіндісі;19- күл шығару жүйесінің багерлық сорғылары. а- қоректік су; б-аса қызған бу;в - жану өнімдері; г - шлак пен күл.

2.2 сурет.Дағыралы қазанда бу өндірудің тәсілдемелік сызбасы

Қатты отын стансаға темір жол ашық вагондарымен әкелінеді. Вагонаударғыш көмегімен көмір түсіріледі. Таспалы тасығыш 17 көмегімен көмір үйіндісіне 18 не 3 ұсақтау буынына жіберіледі. Одан ұсақтама (дробленка) қазандық шанағына 4 келіп түседі. Ұсақталған көмір бөлшектерінің өлшемі 25 мм-ден аспайды. Ұсақтама көмірді ұнтақтайтын 5 диірменге келеді, онда ұнтақталады және кептіріледі. Әрі қарай көмір тозаңы бірінші ауа көмегімен оттық (горелка) арқылы ошақ құтысына (камерасына) беріледі. Екінші ауа оттық арқылы ошаққа тікелей беріледі.

Отандық энергетикада ең көп тараған бу қазандарының кескіні (профилі) П-тәрізді, ол жоғарғы жағы жатық (горизонталь) газжолымен (газоход) қосылған екі тік призмалық шахталар. Бірінші шахта-өлшемдері бойынша үлкені-ошақ құтысы (ошақ). Оның көлемі 1000-нан 30000 м3-ке дейін және одан да үлкен болады. Ошақ құтысының бүкіл периметрі және қабырғаларының биіктігі бойынша құбырлық жазық жүйелер – ошақ қалқандары (экрандары) орналасқан. Олар жылуды тікелей алау (факел) сәулелерінен алады, қыздырудың сәулелік беттері болады.

Екінші тік шахта және оны ошақ құтысымен қосатын жатық газжолы жылуды ағындық тәсілмен алатын қыздыру беттерін орналастыруға арналған, сондықтан олар ағындық (конвективная) шахта және ағындық газжолдары деп аталады. Ағындық газжолында орналасқан қыздыру беттерін ағындық деп атайды.

Азандарды жіктеу

Өндіретін жылутасығыш түріне байланысты қазандық қондырғылар булы және су ысытушы болып екі түрге бөлінеді. Міндетіне сәйкес қазандық қондырғылар энергетикалық, өндірістік, өндірістік-жылытушы және жылытушы болып жіктеледі.

Энергетикалық қазандық қондырғылар жылу электр стансаларының турбиналары үшін бу өндіреді. Мұндай қондырғыларға жоғары парметрлердегі буды дайындайтын үлкен және орташа қуатты қазан агрегаттары кіреді.

Өндірістік және өндірістік-жылытушы қазандық қондырғылар қысымы мен температурасы (шамамен

4 МПа дейін және 450 0C) қаныққан немесе нашар қызған бу өндіреді. Буды әртүрлі салаларда (кептіру, пісіру. ректификация, ертінділерді қоюландыру) технологиялық процестерде, сонымен қатар жылыту, ыстық сумен қамдау, ауаны баптау жүйелерін жылумен қамдау үшін пайдаланады.

Жылытушы қазандық қондырғылар (негізінен су ысытушы болып келеді, булық түрлері де бар) өндірістік және қоғамдық ғимараттардың жылыту, ыстық сумен қамдау, ауаны баптау жүйелерін жылумен қамдау үшін пайдаланады.

Судың, су аралас будың және будың қозғалыс сипатына қарасты бу қазандары дағыралы өзіндік айналымы бар, дағыралы бірнеше рет еріксіз айналымы бар және тура ағынды болып жіктеледі.

Өзіндік айналымы бар дағыралы қазандарда бу аралас су қоспасының 6 құбырмен жоғары қарай қозғалуы және 4 қызатын құбыр бойымен судың төмен қарай еркін қозғалу себебі- олардың тығыздықтарының әртүрлі болуында. Судың тығыздығын , су аралас будың тығыздығын белгілеп, өзіндік айналымға жеткілікті тегеурінді анықтауға болады

(2.1)

Бірнеше рет еріксіз айналымы бар қазанда су мен су аралас будың қозғалысы айналымдық сорғының көмегімен іске асады. Тура ағынды қазанда айналымдық тізбек жоқ, су бірнеше рет айналым жасамайды, алдымен қоректік су 1 сорғы арқылы бір-бірімен тізбектей жалғанған су үнемдегіштен, қызатын беттерден, бу қыздырғыштан өтеді де , буға айналып қолданушыға барады. Жану өнімдерінің және судың қозғалыстарына байланысты (құбырлары ыстыққа төзімді және түтіні жанғыш) газ құбырлы және (су мен су аралас бу құбырдың ішімен қозғалатын)су құбырлы болып жіктеледі. Құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты қазандар цилиндр пішіндес, горизонтал - су құбырлы, вертикал-су құбырлы болып жіктеледі Бу өндірулігіне байланысты қазандар аз (шамамен 20 т/сағ. дейін), орташа ( 35-50 т/сағатан 160-220 т/сағ.дейін) және көп (220-250 т/сағ және одан жоғары) өндірулікті болып жіктеледі.

Аса қызған будың қысым деңгейіне сәйкес қазандар төменгі (4 МПа-дан төмен), орташа (4 МПа –дан 11 МПа дейін), жоғары (11 МПа-дан астам) және аса критикалық (25 МПа –дан жоғары ) қысымды болып жіктеледі.

Газ жолындағы қысым деңгейіне байланысты қазандар өзіндік, теңестірілген және артық қысымды тартуы бар деп жіктеледі.

Сондай-ақ қазандар жағылатын отын түріне, қазаннан шлакты аластау тәсіліне байланысты және т.б. себептермен жіктелуі мүмкін.



Просмотров 4585

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!