Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Бу турбинасының маркалары, белгілері



Бу турбинасының сипаттамсында келтірілген белгілер кеңес үкіметі дәуірінде енгізілген және қазіргі уақытқа дейін өзгерген жоқ. Сипаттамадағы бірінші әріп турбинаның түрін білдіреді: К - конденсациялық; Т – конденсациялық, жылуландыруға беретін бу алымы бар; П - конденсациялық, өндірістік қолдануға беретін бу алымы бар; ПТ - конденсациялық, жылуландыруға және өндірістік қолдануға беретін бу алымы бар; Р – қарсы қысымды; ТР – қарсы қысымды және жылуландыруға беретін бу алымы бар; ПТР – қарсы қысымды, өндірістік қолдануға және жылуландыруға беретін бу алымы бар;

Осы әріптерден кейін келтірілген сан – турбинаның МВт берілген номиналдық қуатын білдіреді (сандар бөлшек түрінде берілсе, бірінші сан номиналдық қуатты, екінші сан максималдық қуатты анықтайды).

Келесі сандар – таза будың стопорлық клапан алдындағы қысымын білдіреді.

Ертерек уақытта қысымды кгс/см2 көрсетсе, қазір МПа – мен анықтайды.

Мысалы ПТ-80/100-130 маркалы турбина - конденсациялық, жылуландыруға және өндірістік қолдануға беретін бу алымы бар; номиналдық қуаты – 80МВт;

номиналдық қуаты – 100 МВт; таза буының қысымы – 130 кгс/ см2.

Турбинаның пайдалы әсер коэффициенті, бу шығыны

Турбинаның пәгі

Турбинаның ішкі жылу шығындарын оның салыстырмалы ішкі пәгі арқылы сипаттайды. Ішкі пәк пайдалы қолданылған жылу құламасының турбинада бар қол жетерлік жылу құламасына қатынасымен анықталады

Мұнда h0 будың бастапқы параметрлеріндегі қажыры, кДж/кг;hка будың бастапқы парметрлерінен соңғы параметрлеріне дейін адиабаттық ұлғаюы кезеңіндеалған қажыры, кДж/кг; hк - будың соңғы параметрлеріндегі қажыры, кДж/кг.

Бу турбинасының салыстырмалы ішкі пәгінің мәндері 0,7...0,88 аралығында болады.

Турбинаның подшипниктері үйкелісіне және қосалқы механизмдерінің қозғалысынаысырапталған жылу шығындары(механикалық жылу шығындары) оның механикалық пәгімен сипатталады. Механикалық пәк турбинаның тиімді қуатының ішкі қуатына қатынасымен анықталады

(3.4)

Бу турбинасы үшін механикалық пәктің мәндері 0,97...0,99 аралығында болады.

Турбинаның ішінде ысырапталған жылу мен механикалық жылу шығындары турбинаның салыстырмалы тиімді пәгімен бағаланады, оның өзі турбинаның салыстырмалы ішкі пәгінің механикалық пәкке көбейтін-дісімен анықталады

(3.5)

Турбинаның салыстырмалы тиімді пәгінің мәндері 0,68....0,87 аралығында болады.

Егер турбина электр генераторына тікелей жалғанған болса, оның электрлік қуаты аса тиімді болмайды. Себебі электр генераторында, оның пәгімен сипатталатын, жылу шығындары бар.

Электр генаторының пәгі турбинаның электр қуатының тиімді қуатына қатынасымен анықталады

(3.6)

Генератор пәгінің мәндері 0,96....0,99 аралығында болады.

Турбогенератордың салыстырмалы электрлік пәгі келесі кейіптемеден анықталады

(3.7)

Турбинадағы бу шығыны.Турбинаның жұмыс тиімділігі оның пәгімен ғана емес, меншікті бу шығынымен де анықталады.

Меншікті тиімді бу шығыны [кг/кВт*сағ] жалпысағаттық бу шығынының D турбинаның тиімді қуатына Ne қатынасымен анықталады

(3.8)

Аса қуатты конденсациялық турбиналардың толық жүктемесіндегі меншікті тиімді бу шығыны 3.....4 (кг/кВт*сағ ) құрайды.

Бу алымдары бар турбинаның жалпы бу шығыны (кг/с) келесі кейіптемеден анықталады

(3.9)

Мұнда Dп -турбинаның өндірістік бу алымынан берілген бу шығыны,кг/с; h0 -будың бастапқы параметрлеріндегі қажыры, кДж/кг; hп - өндірістік бу алымынан берілген будың қажыры, кДж/кг; hк - конденсаторға кірген будың қажыры, кДж/кг.



Просмотров 3341

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!