Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Энергетикалық ресурстар



Азақстан энергетикасына жалпы шолу

Қазақстан республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары еліміздің жалпы энергетика саласын дамытуды көздейді. Жоспардың құрама бөлігінде, атап айтқанда энергетиканың алты негізгі бағытта дамуы ұсынылған. Бірінші бағытта мұнай өнеркәсібін дамытуды қарқындату, екінші бағытта еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи газды өндіруді жылдамдату.Үшінші бағыт мұнай химиялық өнеркәсіпті дамытуды, яғни елімізде маңызды мұнай химиялық өнімдерді шығаратын жаңа зауыттарды іске қосуды қарастырады. Қазақстан республикасында игеруге мүмкін 4,8 млрд. тонна мұнай қоры бар. Ол шамамен бүкіл әлемдік жалпы мұнай қорының 3 % құрайды, сондықтан біздің еліміз мұнай қоры бар алдыңғы он мемлекеттің қатарына кіреді. Мұнайдан жылу энергетикасында қолданылатын негізгі отынның бірі мазут, дизель отыны және т.б. алынады. Мазутты, оның басты жылутехникалық қасиеттерін білу арқылы тиімді қолдану болашақ жылуэнергетиктің өзекті мәселесі. Стратегиялық жоспардың келесі үш бағыты электр, атом энергетикасын әріқарай дамытуды және барлық өнеркәсіп салаларында энергияны үнемдеудің басымды шараларын енгізуді ұсынады. Электр энергетикасы саласын дамыту бағдарламасы еліміздің электр энергиясы арзан мемлекеттер қатарында қала беруін, өнеркәсіптік өнімдер шығаруда энергия сыйымдылығын азайтуды, энергетика саласына жаңа инвестициялық жобаларды енгізуді көздейді. Қазіргі кезде республикамыздың электр энергиясын өндіру жүйесі орталық азия энергетикалық жүйесімен параллель режімде жұмыс жасауда.

Энергетика туралы түсініктер

Энергетика немесе энергетикалық шаруашылық деп энергетикалық ресурстардың барлық түрлерін өндіруді, өңдеуді, түрлендіруді, сақтауды, тасымалдауды, таратуды және қолдануды іске асыратын өндірісті айтады.Қазіргі заманда энергия екі түрлі күйде: электр энергиясы және жылу ретінде қолданылады. Энергетиканың жылу және электр энергиясын өндіретін, түрлендіретін, тарататын және қолданатын жеке салаларын, жылу энергетикасы және электр энергетикасы деп атайды.Энергетикада келесі негізгі бес түрлі қондырғылар пайдаланылады:

а) генерирлеуші қондырғылар – табиғи энергетикалық ресурстардың потенциалдық энергиясын электр энергиясына, немесе жылуға, не болмаса энергияның басқа түріне (механикалық) түрлендіреді, кейбір жағдайда басқа энергетикалық ресурсқа айналдырады (мысалы компрессорлық және газды генерирлеуші қондырғылар).ә) түрлендіруші қондырғыларберілген энергия түрінің параметрлерін немесе басқа ерекшеліктерін өзгертеді (мысалы трансформаторлық подстанциялар, түзетуші және инвертолық электр қондырғылары, жылу трансформаторлары)б) энергияны тасымалдаушы және таратушы қондырғылар (мысалы, электр, жылу, газ желілері, мұнай құбырлары, сығылған ауа желісі).в) жинақтаушы қондырғылар – қолданушыларға ыңғайлы болатын энергияны өндіру тәртібін жартылай реттеу үшін қажет( мысалы электр, жылу аккумуляторлары, су қорын түзуші сорғылар гидростанциясы).г) қолданушы қондырғыларолар энергияны нақтықолданушыға қажет күйіне түрлендіреді(мысалы машиналардың электр қозғауыштары, шамдар, өнеркәсіптік пештер, жылытушы қондырғылар және т.б.).

Энергетикалық ресурстар

Энергетикалық ресурс - техниканың қазіргі даму деңгейінде қолдануға болатын энергия қоры. Шартты отын -әртүрлі органикалық отын түрлерін қолданатын электр стансалардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн және басқа көрсеткiштерiн салыстыру үшiн қолданылатын түсінік және 1кг шартты отынның жану жылуы 29,3 МДж ға тең деп қабылданған.

Шартты отын шығыны мен табиғи отын шығынын салыстыру кезінде келесі тепе-теңдікті қолданады:

мұнда - табиғи отын шығыны, кг; - шартты отын шығыны, кг; - табиғи отынның төменгі жану жылуы, МДж.

Кәсіпорынның отын (энергетикалық) балансы деп энергетикалық ресурстардың кірісі мен шығысы тепе-теңдігін анықтайтын, оларды әртүрлі қолданушылардың тиімді пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін айтады.



Просмотров 9995

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!