Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Кесте – Топтарға бөліп көрсетілуімен жаңбыр суларының ластану көрсеткіштерінің мәндері



Көрсеткіш Жаңбыр суларының ластану көрсеткіштерінің мәндері, мг/дм3
кәсіпорындардың бірінші тобы кәсіпорындардың екінші тобы
Қалқымалы заттар 400 бастап, 2000* дейін 500 бастап, 2000 дейін
Тұз мөлшері 200 бастап, 300 дейін 50 бастап, 3000 дейін
Мұнай өнімдері 10 бастап, 30(70*) дейін 500 дейін
фильтрацияланған сынаманың ОХТ 100 бастап, 150** дейін 1400 дейін
фильтрацияланған сынаманың ОБТ20 20 бастап, 30** дейін 400 дейін
Өзіндік ерекшелігі бар компоненттер жоқ Өндіріс саласына байланысты жаңбыр суларының құрамында ауыр металлдар, фенолдар, СББЗ, мышьяк, роданидтар, фосфор, аммиак, фтор, майлар, ақуыздар, көмірсулар және т.б. болады.
_____________________ *Көлік қозғалысы жоғары және жанар-жағармайды көп пайдаланатын кәсіпорындар үшін, сондай-ақ жанармай құю бекеттері үшін жоғары мәндер. ** Дисперстелген қоспаларды ескере отырып,бұл көрсеткіштер 2-ден 3 есеге дейін ұлғаяды.

 

5.1.8 «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі» талаптарына сәйкес тазалауға жіберілетін еріген судың көлемін азайту үшін, сондай-ақ елді мекендер аумағындағы тазалау құрылыстарының жұмыс өнімділігін азайту үшін қыс мезгілінде қардың «құрғақ» қар тастайтын жерлерге жиналуы мен апаралуының, я болмаса еріген суларды артынан су бұру жүйесіне, одан кейін тазалау құрылыстарына тарту арқылы қар ерітетін камераларға тасталуының ұйымдастырылуын қарастыру қажет.

5.1.9 Тазалау құрылыстарына ластаушы заттар шамасының жоғары болуымен ерекшеленетін қала аумағынан, яғни өнеркәсіптік аймақтардан, көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы қарқынды көпқабатты тұрғын үйлер аудандарынан, ірі көлік магистралдарынан, сауда орталықтарынан, сондай-ақ ауылды елді мекендерден шығарылатын беткі ағындарды тарту қажет.

ӘН 2.1.5.1183 сәйкес ағынның өнеркәсіп алаңдары мен тұрғын үй аймақтарынан жаңбыр су бұру жүйесі арқылы тартылуы онда шаруашылық-тұрмыстық тоспа сулар мен өнеркәсіп қалдықтарының түсуіне жол бермеуі тиіс.

Жаңбыр суы және еріген суды тазалау үшін нормативтің 5.7-бөліміне сәйкес жобаланатын резервуарларды (тұндырғыларды) қарастыру ұсынылады.

5.1.10 Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарының беткі ағынының тазалану дәрежесі оның қаланың су бұру жүйелеріне қабылдану шарттарымен немесе су объектілеріне шығару шарттарымен айқындалады.

Өндірістік сумен жабдықтау жүйелерінде қайта пайдаланылған кезде тазартылған беткі ағын тұтынушылар қоятын технологиялық талаптарға сай келуі және санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіз болуы тиіс.

5.1.11 Беткі суларды тазалайтын құрылыстардың сызбасы оның сапалық және мөлшерлік сипаттамаларының, қоспалардың фазалық-дисперстік күйінің, талап етілетін тазалану дәрежесінің және қабылданған жиналу және реттелу сызбасының ескерілуімен әзірленуі тиіс.

5.1.12 Беткі тоспа сулардың құрамында әртүрлі фазалық-дисперстік күйдегі табиғи және техногенді ластаушы компоненттер бар. Сол үшін де тазалаудың талап етілетін тиімділігін қамтамасыз ету үшін алуан түрлі бөліну және (немесе) деструкциялану әдістерін қамтитын көпсатылы тазалау сызбаларын қолдану қажет.

5.1.13 Көп жағдайда беткі ағынды су нысанына тартқан уақытта немесе оны өндірістік сумен жабдықтау жүйесін қайта пайдаланған уақытта технологиялық тазалау сызбасын таңдаған кезде басшылыққа алынатын басымдықтағы көрсеткіш болып, ірі дисперстелген қоспаларда жиналған немесе бос күйінде (үлбір түрінде), эмульсияланған немесе еріген күйінде болатын қалқымалы заттар мен мұнай өнімдерінің мөлшері табылады.

5.1.14 Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарының беткі ағынын тазалауға және қосымша тазалауға тиісті негіз болған жағдайда тұрмыстық және өндірістік тоспа суларды тазалау үшін қолданылатын технологиялар, құрылыстар мен қондырғылар пайдаланылуы мүмкін.

Бұл ретте құрылыстарды беткі ағынға тән өзіндік ерекшеліктерді (шығым, сапалық құрам және ластаушы компоненттердің концентрациясы бойынша тұрақсыздық) ескере отырып, нормативтік-техникалық әдебиеттің нұсқауларына сәйкес жобалап, есептеу қажет.

Жаңа және қалпына келтірілетін құрылыстарды осы құрылыстарды дайындаған әзірлеушілер берген ұсыныстар бойынша және «Зиянды заттардың тоспа сулармен бірге су объектілеріне, сүзгілеу алаңдарына және төңіректегі жер бедеріне тасталу нормативтерін есептеу әдістемесі», «Қазақстан Республикасының жердің үстіңгі қабатындағы суларын қорғау ережелері» және «Қазақстан Республикасындағы беткі суларды қорғау ережелерін қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар» сәйкес жобалау қажет.

5.1.15 Беткі ағынды тазалау әдісі, сонымен қатар тазалау құрылыстарының түрі мен конструкциясы (ашық немесе жабық) басымдықтағы ластану көрсеткіштері мен гидрогеологиялық шарттар бойынша қажетті дәрежеде тазалануының жұмыс өнімділігімен анықталады (құрылысқа қажетті жердің болуымен, төңіректің жер бедерімен, жер асты суларының деңгейімен және т.б.).

5.1.16 Жұмыс өнімділігі кез келген құрлыстардағы беткі ағынды технологиялық тазалау сызбаларында шөгінді мен бетіне қалқып шығатын заттардың кетірілуін ұйымдастыру бойынша техникалық шешімдер қарастыру қажет.

5.1.17 Атмосфералық жауын-шашынның ықтимал түсу сипаты мен жаңбыр ағынының ерекше тұрақсыздығы оның тазалауға әперілмей тұрып, шығымы мен құрамының орташаландырылуын талап етеді. Тазалау құрылыстарының көлемін азайту және тазалауға ағынның анағұрлым ластанған бөлігін жіберу мақсатында бірінші топтағы селитебті аумақтар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың беткі ағынын тарту және тазалау сызбаларында бөлу камералары мен реттеу ыдыстарының құрылысын қарастыру қажет.

5.1.18 Жаңбыр ағынын реттеуге арналған бөлу камераларын көлеміне қарай қалқып жүретін ластануды (соның ішінде мұнай өнімдері үлбірінің) су объектісіне тазаланбай бұрылатын ағынның артық ағысына түсіп кету мүмкіндігін бөгейтін гидрожапқыш түрінде орындау қажет.

5.1.19 Беткі ағын шығымының тікелей суқабылдағышқа тасталмай реттелуін белгілі бір кезең (жыл, жылы кезең, ай) аралығында ағынның немесе шөгіндінің есептелген қабаты барынша көп жаңбыр ағынының қабылдануына есептелген шоғырландыратын (реттейтін) резервуарларды құру есебінен қарастыру қажет.

5.1.20 Жаңбыр ағынын (соның ішінде қайта) реттеу үшін және оны артынан терең тазалау құрылыстарына бұру үшін шоғырландыратын резервуардың пайдалы (жұмыс) көлемі (5.5)-формула бойынша есептелген есепті жаңбырдың жаңбырды ағынының көлемінен Wоч кем болмауы тиіс. Тоспа сулардан шығатын шөгіндіні жинау және уақытша сақтау үшін аумақтың қосымша резервін құру қажеттілігін ескеру қажет. Беткі ағынның ластанған бөлігін қабылдау, орташаландыру және алдын ала тазалауға арналған шоғырландыратын резервуардың толық гидравликалық көлемін резервуардың конструктивтік ерекшеліктеріне қарай есептелген жаңбыр ағыны көлемінің есептелген шамасынан артық 10% бастап, 30% дейін алу қажет. Шоғырландыратын резервуарға WТ.тәул түзейтін еріген тоспа су көлемінің тәуліктік көлемінің жиналу шарттарынан тексеру есебі (5.6)-формуласы бойынша қатар жүргізіледі.

Жобалауға алынған екі шаманың ең үлкені алынады.

5.1.21 Шоғырландыратын резервуардың конструкциясы оның арнауының ескерілуімен таңдалады. Шоғырландыратын резервуар тазалауға жіберілетін тоспа сулардың шығымын реттеу үшін пайдаланылған уақытта тоспа сулардың тұндырылуына жол бермеу бойынша арнайы іс-шараларды қарастыру қажет (гидравликалық немесе пневматикалық шайқау). Шоғырландыратын резервуар тоспа сулардың шығымын реттеу үшін ғана емес, алдын ала механикалық тазалау жүргізу үшін де пайдаланылған уақытта бетіне қалқып шығатын заттар мен түбіне тұнатын механикалық қоспаларды кетіру үшін және мерзімді жинау үшін тиімді әрі сенімді техникалық шешімдерді қарастыру қажет.

5.1.22 Tтаз есептелген жаңбырды қайта өңдеу кезеңі (шоғырландыратын резервуарды босату кезеңі) ағын түзуші шөгінді арасындағы кезеңдердің орташа уақыты туралы деректердің негізінде әдетте, үш тәулік аралығында алынады. Жекелеген жағдайларда бұл кезең көпжылдық кезең ішіндегі осы жерге тән жаңбырлардың заттай қатары туралы деректерді статистикалық өңдеу негізінде ұлғайтылуы мүмкін.

Шоғырландыратын резервуар босатылатын таңдалған кезеңнің ескерілуімен тазалау құрылыстарының жұмыс өнімділігі анықталады.

 

ЕСКЕРТУ Еріген сулардың ең көп тәуліктік көлемін қайта өңдеу қажет болатын кезең шамасы 14 сағаттан кем болмайтын мерзіммен алынады, ал жекелеген жағдайларда бұл кезең шоғырландыратын резервуардың жұмыс көлемінің бар қорының ескерілуімен ұлғайтылуы мүмкін.

 

5.1.23 Беткі тоспа суын селитебті аумақтардан тарту жүйесі бөлек болған жағдайда тазалау құрылыстары су объектісіне шығарылмай тұрып, жаңбыр суын тарту жүйесінің бас коллекторларының аузына орналастырылуы тиіс.

Тоспа сулары су объектісіне шығарылатын орындар су ресурстары мен балық шаруашылығы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс.

5.1.24 Беткі тоспа сулардың су объектілеріне ұйымдасқан түрде жиналу шарттарын белгілеген уақытта Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, ӘН 2.1.5.1183, БНҚ 01.01.03 және «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтату туру ережесі» сәйкессу объектілерінің санитарлық қорғалуына қойылатын жалпы шектеулер мен талаптар ескерілуі тиіс.

Беткі және тазартылған тоспа суларды су объектілеріне ұйымдасқан түрде бұрып ағызуға мүмкіншілік пен жағдай болмаған жағдайда су объектілерінің санитарлық қорғалуына қойылатын жалпы шектеулер мен талаптарды ескере отырып және уәкілетті мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау органдарымен келісіліп жинағыш тоғандар мен буландырғыш тоғандарды қарастыру қажет.

5.1.25 Қаланың жаңбырды су бұру жүйесінде орталықтандырылған немесе жергілікті тазалайтын құрылыстар болған жағдайда бірінші топтағы кәсіпорындардың аумағынан шыққан беткі тоспа сулар тарту жүйелерін пайдаланатын ұйыммен келісіліп, алдын ала тазалаусыз қаланың жаңбыр бөлігіне (суағар) жіберілуі мүмкін.

5.1.26 Екінші топтағы кәсіпорындардың аумағынан шыққан беткі тоспа сулар елді мекеннің жаңбырды су бұру жүйесіне бұрылмай тұрып, сонымен қатар өндірістік тоспа сулармен бірге бұрылған жағдайда міндетті түрде алдын ала дербес тазалау құрылыстарында өзіндік ластаушы заттардан тазалануы тиіс.

5.1.27 Бірінші топтағы да, екінші топтағы да кәсіпорындардың аумағынан бекі тоспа суларды қалалар мен елді мекендердің су бұру жүйесіне қабылдау мүмкіншілігі (шаруашылық-тұрмыстық тоспа сулармен бірге тазалау мақсатында) тоспа сулардың осы жүйеге қабылдану шарттарымен айқындалып, тазалау құрылыстары қуатының резерві болған жағдайда әрбір нақты жағдайда қарастырылады.

5.1.28 Беткі тоспа суларды елді мекендер мен өнеркәсіп алаңдарының аумағынан тартатын жүйелерде коллекторлық желіге тізбекті кәрізден, жылу желілерінен, жер асты коммуникацияларының ортақ коллекторларынан, сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластанбаған тоспа суларынан сіңбе су мен кәріз суының келу мүмкіншілігі ескерілуі тиіс.

5.1.29 Су объектілерінің көлік жолдар желісі дамыған және көлік қозғалысы жоғары елді мекен аумағынанан келген еріген тоспа сумен ластануын алдын алу үшін қыс мезгілінде 5.1.8 сәйкес қардың «құрғақ» қар тастайтын жерлерге жиналуы мен апаралуының, я болмаса еріген суларды артынан су бұру жүйесіне, одан кейін тазалау құрылыстарына тарту арқылы қар ерітетін камераларға тасталуының ұйымдастырылуын қарастыру қажет.

5.1.30 снаитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органмен тиісті негізделген және келісілген жағдайда ішкі суағарлармен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстардың шатырынан ағатын жаңбыр суы мен еріген су тазартылмаған күйінде тартылуы мүмкін.

5.1.31 Беткі тоспа суларжың тазалау құрылыстары мен су объектілеріне тартылуын мүмкіндігінше науаның төмен орналасқан бетімен өз бетінше ағылуын қарастыру қажет. Беткі ағынды тазалау құрылыстарына тиісті негіздеулер болған уақытта ерекше жағдайдайларда ғана айдауға болады.

5.1.32 Елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағында беткі тоспа суларды тартатын жабық жүйені қарастыру қажет.

Алуан түрлі лотоктарды, қарықтарды, кюветтерді, жыраларды, жылғалар мен шағын өзендерді пайдаланып, суағарлардың ашық жүйесімен су бұру аз қабатты жеке құрылысьтары бар селитебті аумақтар, ауылдық аймақтар, сондай-ақ жолдармен қиылысықан жерлерден көпір немесе құбыр құрылғысы бар саябақ аумақтары үшін рұқсат беріледі.

Қалған жағдайлардың барлығында тиісті негізделу және су ресурстарына мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қорғау және қадағалау жүргізетін уәкілетті органдармен келісілу талап етіледі.

Елді мекендер аумағында орналаспаған жол қызметін көрсету нысандары мен автомобиль жолдарынан шығатын беткі ағынды бұруды лотоктармен және кюветтермен орындауға жол беріледі.

 



Просмотров 796

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!