![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Кесте - К түзету коэффициентінің мәні
5.4.5 Жаңбыр суларының құбырлармен және сыртқы бетімен есептелген ағылу ұзақтығын tr, мин, мына формула бойынша қабылдау қажет:
мұнда, tcon – 5.4.6 сәйкес анықталатын жаңбыр суларының көшедегі лотокқа дейін немесе жаңбыр қабылдағыштар болған жағдайда квартал шегінде көшедегі коллекторға дейін ағылу ұзақтығы (беткі концентрация уақыты) мин; tcan – (5.12)-формула бойынша анықталатын жаңбыр суларының көшедегі лотоктармен жаңбыр қабылдағышқа дейін ағылу (квартал шегінде болмаған жағдайда) ұзақтығы; tp – (5.13)-формула бойынша анықталатын жаңбыр суларының құбырлармен есептелетін қимаға дейін ағылу ұзақтығы. 5.4.6 Жаңбыр ағынының беткі концентрациялану уақытын есептеп анықтау немесе квартал ішілік жабық жаңбыр желілері болмаған жағдайда елді мекендерде 5 мин бастап, 10 мин дейін не болмаса егер олар болса, 3 мин бастап, 5 мин дейін қабылдау қажет. Су бұрудың квартал ішілік желісін есептеген уақытта беткі концентрациялану уақытын 2 мин баспа, 3 мин дейін қабылдау қажет. Жаңбыр суларының көшедегі лотоктармен ағылу ұзақтығын tcan, мин, мына формула бойынша анықтау қажет:
мұнда, lcan - лоток учаскелерінің ұзындығы, м; vcan – учаскедегі ағыстың есептелген жылдамдығы, м/с. Жаңбыр суларының есептелген қимаға дейін құбырлармен ағылу ұзақтығын tp, мин, мына формула бойынша анықтау қажет:
мұнда, lp - коллектордың есептелген учаскелерінің ұзындығы, м; vp – учаскеде ағылуының есептелген жылдамдығы, м/с. 5.4.7 Ағын коэффициентінің орташа мәнін zmid 5.10- мен 5.11-кестелері бойынша қабылданатын бетті сипаттайтын коэффициенттерге z байланысты орташа есепті шама ретінде анықтау қажет. 5.4.8 Салынған құрылыстары әртүрлі немесе жер бетінің көлбеулері әртүрлі бассейндерден келетін ауданы 50 га жоғары ағынды есептеген уақытта бассейннің әр жерінен ағатын жаңбыр суларының шығымын тексеру үшін анықтап, ең үлкен мәнді шығымды есептік деп алу қажет. Бұл ретте егер бассейннің осы бөлігінен жаңбыр суларының есептелген шығымы коллектор есептелген жоғарыда орналасқан учаскедегі шығымнан аз болса, коллектордың осы бөлігіне есептелген шығымды жоғарыда орналасқан учаскедегі шығымға теңдей етіп алу қажет. Жаңбырлы ашық немесе жабық су бұру жүйесімен жабдықталмаған саябақтар мен бақшалардың аумағы ағын аумағының есептелген шамасында және z коэффициентін анықтау кезінде ескерілмейді. Егер аумақ жер бетінен көше жолдарына қарай 0,008 бастап, 0,010 дейін еңкіш болса, ағынның есептелген ауданына көлік жүретін жолға тиіп тұрған ені 50 м бастап, 100 м дейінгі жолақты қосу қажет. Кварталдардың ішіндегі көгалдандырылған аумақтарды (бульварлар, гүлзарлар) ағын ауданының есептелген шамасына қосып, z ағынының бассейн бетінің коэффициентін анықтаған уақытта ескеру қажет.
Кесте – Ағынның бетін сипаттайтын z коэффициенттерінің мәндері
![]() |