Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Су бұру желілерін гидравликалық есептеу



5.8.1 Су бұру желісінің өздігінен ағатын құбырларының (лотоктардың, каналдардың) гидравликалық есебін (5.19)-формула бойынша құрылған кестелер мен графиктер бойынша есептелген ең жоғары секундтық шығымға жүргізу қажет.

Өздігінен ағатын коллекторларды жобалаған уақытта қойылатын негізгі талап болып, тасымалданатын тоспа сулардың қозғалыс жылдамдығы кезінде есептелген шығымдардың мына формула бойынша өткізілуі табылады:

 

(5.19)

 

мұнда, v – сұйықтықтың қозғалыс жылдамдығы, м/с;

С – каналдың немесе құбырдың суланған бетінің бұдырлығы мен гидравликалық радиусына байланысты болатын және мына формула бойынша анықталатын коэффициент:

 

(5.20)

 

мұнда,

n1 – қима дөңгелек өздігінен ағатын коллекторлар үшін қабылданатын бұдырлық коэффициенті - 0,014, арын құбырлар үшін - 0,013;

R - гидравликалық радиус, м;

i – гидравликалық көлбеу.

Лотоктар мен каналдардың гидравликалық көлбеуін i мына формула бойынша анықтауға жол беріледі:

(5.21)

мұнда, g – тартылыс күшінің үдеуі, м/с2;

l - ағынның түрлі дәрежедегі турбуленттілігін ескеретін формула бойынша анықтау керек болатын ұзындық бойынша үйкеліс кедергісінің коэффициенті:

 

(5.22)

 

мұнда, D - балама бұдырлық, см;

R - гидравликалық радиус, см;

a2 – құбырлар мен каналдардың бұдырын ескеретін коэффициент;

Re – Рейнольдс саны;

D мен а2 мәндерін 5.18-кесте бойынша қабылдау қажет.

 

 

Кесте - Түрлі материалдардан жасалған құбырлар үшін балама бұдырлық пен бұдырлық сипаты коэффициенттерінің мәндері

 

Құбырлар мен каналдар   D, см а2
Құбырлар: бетон және темірбетон 0,200
қыш 0,135
шойын 0,100
аса берік шойын (ВЧШГ) 0,100
болат 0,080
асбестцементті 0,060
желім бірігулері бар ПВХ 0,007
аралық дәнекерленген полиэтилен 0,010
әйнек пластик 0,012
Каналдар: буттан, сүргіленген тастан 0,635
кірпіш 0,315
бетон және темірбетон монолитті 0,300
жиналма (зауытта дайындалған) 0,080

5.8.2 Су бұру желілерінің арын құбырларының гидравликалық есебін ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес жүргізу қажет.

5.8.3 Шикі және божыған тұнбаларды, сонымен қатар белсенді тұнба таситын арын тұнба жүретін құбырлардың гидравликалық есебін тұнбалардың қозғалыс режимін, физикалық қасиеттерін және құрамының ерекшеліктерін ескеріп жүргізу қажет.

Ылғалдылық 99% және одан артық болған жағдайда тұнба ағын сұйықтығы қозғалысының заңдарына бағынады.

5.8.4 Арын тұнба ағатын құбырларды есептеген уақытта гидравликалық көлбецді i мына формула бойынша анықтау қажет:

(5.23)

 

мұнда, rmud – тұнбаның ылғалдылығы, %;

l - мына формула бойынша анықталатын ұзындығы бойынша үйкеліске кедергі коэффициенті:

 

(5.24)

v – тұнба қозғалысының жылдамдығы, м/сек;

D – құбырдың диаметрі,

Диаметрі 150 мм тұнба ағатын құбырлар үшін l мәнін 0,01 ұлғайту қажет.

 

Бырлардың ең кішкентай диаметрлері

5.9.1 Өздігінен ағатын желі құбырларының ең кішкентай диаметрлерін төмендегідей алу қажет:

- көше желісі үшін – 200 мм;

- тұрмыстық және өндірістік су бұрудың квартал ішілік желісі үшін – 150 мм;

- жаңбыр және ортақ ағызу желісі үшін –250 мм;

- квартал ішілік - 200 мм.

Арын тұнба ағатын құбырлардың ең кішкентай диаметрі - 150 мм.

 

1-ЕСКЕРТУ Шығымы 300 м3/тәул дейін жететін квартал ішілік және көше желілері үшін елді мекендерде диаметрі 150 мм құбырларды қолдануға жол беріледі.

2-ЕСКЕРТУ Тиісті негіздеу болған жағдайда өндірістік су бұру желісіне диаметрі 150 мм кем құбырларды қолдануға жол беріледі.



Просмотров 1987

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!