Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Саясаттанудың функциялары мен парадигмалары



1. Саяси білімдер жүйесіндегі теориялық-методологиялық функция. Егер де саясаттанудың ғылым ретіндегі ерекшелігін, оның пәнінің (саяси шынайылықты тұтастық ретінде) саяси білімдердің барлық жүйесінің зерттеу объектісімен үйлесетіндігін ескерсек аталмыш функцияның бар екендігін анық көруге болады. Сондықтан даДсаяси шынайылықтың пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтары саяси білімдер жүйесінің жалпытеориялық, методологиялық негізі ретінде көрінеді.

2. Танымдық функция. Рационалды түрде дәлелденген білімдердің барлық жүйесі тәрізді саясаттану да танымдық функция атқарады, яғни саяси ақиқатты шынайы саяси процестер мен құбылыстар арқылы ұғынуға ұмтылады.

3. Практикалық функция. Саясаттану — өте практикалық ғылым. Осыған орай ол өте үлкен эмпирикалық мазмұнға ие, өйткені оның шын мәніндегі зерттеу объектісі — саяси қатынастардың кең шоғырланған формасында көрінетін көпмиллиардты адамзат кауымдастығының тіршілік әрекеті. Саясаттану саяси бағдарламаларды жасау, мақсаттарды жасақтау мен оларды үздіксіз реттеп отыруға қолданылатын ғылыми кұрал. Ол нақты саяси процестерді, саяси катынастар субъектілерінің саяси іс-әрекеттерін сараптап жалпылайды, саяси институттарды, ұйымдарды, сондай-ақ олардың құрылуы мен қызмет етуінің негізі болатын принциптер мен нормаларды зерттейді.

4. Конвенционалдық функция. Ол практикалық функциямен тығыз байланысты. Сонымен қатар, ол дербес, ерекше саяси мәселелердің шешімін табуға қатыса алады жөне саяси мәдениеттің кейбір шешуші принциптеріне ықпал етеді. Сондықтан да оны дербес функция ретінде қарастырғанымыз жөн. Саясаттанудың ғылым ретіндегі маңызды функциясы — адамдар өмірінде өшпенділіктен ынтымақтастыққа өтуді қамтамасыз ету болып табылады.

Саясаттанудың негізгі парадигмалары теологиялық, натуралистік, сыни және т.б. деп бөлінеді.

Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.

Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады.

Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген.

Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.

Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарады.

Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.

Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар - К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси ағзаның өзін-өзі жетілдіріп, дамуына әкеледі дейді.

Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының әкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш қолдануға, қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты ұстанушылар орта тап санының көбеюі арқасында Батыс елдерінде таптық қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы рөліне үлкен үміт артады

 

5. Саяси ғылымдардың және практиканың байланысы.

логический жауап бересиндер

 



Просмотров 8675

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!