Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Еуропалық Ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар



Томас Гоббс (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.

Гоббс Томастың негізгі еңбектері "Азамат туралы ілімнің философиялық бастауы", "Левиафан, әлде материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттік билік, оның түрлері".

"Левиафан" атты саяси философиялық трактатымсн әлем жұртшылығына танылған Томас Гоббстың революцияға деген өзіндік көзқарасы болды. Ол өзінің мемлекет және құқық туралы теориясының негізі ретінде жеке тұлғаның табиғаты туралы түсінікті алға қояды. Т. Гоббстын ойы бойынша адамдар алғашқы кезде дене және акыл-ой қабілеттері жөнінен тең дәрежеде жаратылған. Бірақ адам табиғатынан өзімшіл, ашқарақ- тойымсыз Яғни, "адам адамға —қасқыр" Осыдан келе қоғамда "барлығына бәрінің қарсы күресі" келіп шығады. Бітімге жету құралының ең басты түйіні бейбіт өмір мен ΜЗІНДІК Қорғаныс үшін өзінің кейбір құқыктарының шектеуге тура келетіндігі. Бұл — екінші табиғи заң. Адамдар өздерінің құқықтарын өзара келісімділікпен басқа адамға немесе адамдар тобына береді. Екінші табиғи заңнан үшінші табиғи заң шығады. Олар (адамдар) µздері бекіткен келісімдерді орындауы тиіс, олай болмаған жағдайда келісімнің ешқандай маңызы болмайды. Үшінші табиғи жағдайдан әділдіктің қайнар көзі мен бастауы көрінеді. Аталған үш заңнан басқа тағы он алты табиғи (өзгермейтін және МӘҢГІ) заң бар. Олардын барлығы да бір ғана ережені — өзіңе ұнамағанды басқаға да істемеу қағидасын білдіреді.

Гоббс ерікті келісім арқылы күрылған мемлекетті орныққан мемлекет, ал күш арқылы қүрылған мемлекетті ойлап табылған мемлекет деп атайды.

Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті.

Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.

"Мемлекеттік басқару туралы екі трактат" еңбегінде Дж. Локк µзінің мемлекет туралы ілімін баяндайды. Гоббс тәрізді ол да адамдарды табиғи жағдайда еркін, өзара тең, тәуелсіз ретінде қарастырады. Бірақ оның Гоббстан айырмашылығы жеке меншік пен енбек тақырыбын адамның табиғи ажырамас атрибуттары түрінде түсіндіреді. Оның айтуынша, адамның жеке меншікке иеболу ұмтылысы, адамдардың өздерінің пайдасын көбірек ойлауы табиғи нәрсе.

Дж. Локктың пікірінше, мемлекеттің калыптасуына дейін адамдар табиғи жағдайда болған. Мемлекетке дейінгі кауымдастыққа "бәрінің барлығына карсы күресі" болған емес. Адамдарешкімнен рұқсат сүрамай, ешкімнің еркіне тәуелді балмай өздерінін қадір-қасиеті мен меншігіне иелік еткен. "Барлық билік пен құқықтар өзара тиімді жағдайда және ешкім артықшылықта болмаған", теңдік үстемдік күрған. Ал адамдардың табиғи қалыптан мемлекетке µтуі табиғи жағдайда құкықтардың тұрақсыздығынан туды. Бірақ "мемлекеттік жагдайда да еркіндік пен меншік сақталуы тиіс. Сонымен бірге жоғары мемлекеттік билік қалай болса солай және шексіз бола алмайды.

Мемлекеттің пайда болуын Локк адамдардың табиғи құқықтарын, бостандығы мен еркіндігін, жеке меншігін берік камтамасыз ету мақсатындағы келісім арқылы құрған саяси қауымдастығы деп біледі. Бұндай келісімді ол "кез-келген мемлекеттің бейбіт түрде орнауы халық келісімінің негізі" деп түсіндіреді.

Джон Локк таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім-тәжірибеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасқан деді. Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан тұрады:

1. адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;

2. адамның дүниеге келгенкездегі ақыл-ойыештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ло тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады.

3. ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе — түйсік.

Шарль Луи Монтескье (фр. Charles-Louis de Seconda, Baron de La Brède et de Montesquieu; 18 қаңтар 1689 — 10 ақпан 1755), Шарль де Секонда, барон де Ла Бред и де Монтескье – француз ағартушысы, философ, социолог.

1. Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748). Монтескье теология мен дінді қатты сынға ала отырып, адамзат қоғамының дамуында белгілі бір объективті заңдылық бар екендігін мойындайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемл. төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын:

2. заң шығарушы

3. атқарушы

4. сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып, қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтты.

Аталған еңбекте басқарудың республика, монархия және деспоттық түрлерін айқындап, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. Билікті бөлу теориясына ерекше көңіл бөлді. Билікті әділ бөлмейінше, оны заңдастырмайынша еркіндіктің, саяси бостандықтардың жүзеге асуына жол жоқ. Монтескье мемлекет, демократия басқару жүйесін ұсына отырып, оның объективтілігін негіздеуге ұмтылды

 

 



Просмотров 6947

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!