Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Саяси жүйені зерттеудегі құрылымдық-функционалды тәсіл



Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттану әдістері: әлеуметтанулық, тарихи, салыстырмалы талдау, құрылымдық-функционалдық, бихевиористік, жүйелік.

Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси қатынастар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі. Функция арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні, қоғамдық-саяси процестегі орны мен рөлі лайықты түрде анықталады.

31) Саяси жүйенің дамуы, саяси тұрақтылық және тұрақсыздық

Саяси тұрақтылық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің қоғамдық өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше алу жағдайын айтамыз.

Саяси тұрақтылықтың үш түрі бар: абсолютті, статикалық, динамикалық.

Абсолютті тұрақтылық тек теориялық тұрғыдан зерттелген жағдай. Статикалық тұрақтылық дегеніміз мемлекеттің тарапынан орнатылатын тұрақтылықты айтамыз. Ал динамикалық тұрақтылық дегеніміз халық тарапынан да, мемлекеттік билік тарапынан да сол тұрақтылықты орнатуға деген мүдде мен белсенділікті айтамыз.

Саяси тұрақсыздық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің сыртқы және ішкі саяси шешімдерге байланысты тәуекелділікке баруы. Саяси тұрақсыздықтың екі түрі болады: экстрозаңды және өкіметтік. Экстрозаңды тұрақсыздыққа жататындар: терроризм, соғыс т.б. Ал өкіметтік тұрақсыздыққа жататындар: мемлекеттің ішкі саясатына байланысты қабылданған шешімдерге байланысты, мысалы: сайлау, реформа, заң, болатын өзгерістер.

Кез келген саяси тұрақсыздықты алдын ала байқап білуге болдады. Оның негізгі белгілері:

Қоғамның құндылықтарын үлестірудегі әлеуметтік теңсіздік деңгейі;

Этносаралық және діни шиеленістер деңгейі;

Конституциялық құқықтың бұзылу деңгейі;

Солшыл радикалды идеялар деңгейі;

Саяси плюрализм деңгейі.

32) Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде.

Мемлекет саяси жүйенің өзегі болып табылады. Бұл кездейсоқ емес. Өйткені саяси қатынастарда ең бастысы – билік туралы мәселе. Билік арқылы мемлекеттің органдары саяси жүйенің басқа да буындарына ықпал тигізе алады. Мемлекет дегеніміз – қоғамды басқаруды жүзеге асыратын және де өзара байланыста болатын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы. Мемлекет қоғамдағы үстем әлеуметтік-таптық күштердің мүдесіне сай қызмет ететін саяси институт. Мемлекеттік билік арқылы мұндай күштер қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмірінде өздерінің үстемдігін орнатады.

Азаматтық қоғам ұғымы. Азаматтық қоғамның құрылымы.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара тығыз байланысты.

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады. Азаматтық қоғам адамдардың өздерін еркін сезінуін, бас бостандығын, азаматтық қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары толық жүзеге асырылады. Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей құқықпен пайдалануы деген сөз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да әрбір адамға ол бірдей талап қояды.

Мемлекеттің пайда болу теориялары мен алғышарттары

Мемлекеттің пайда болуы тек материалистік түсінікке яғни марксизммен ғана шектеліп қалмайды. Тіпті көне заманның өзінде Платон сияқты ғұламалардың ілімдерінде де мемлекеттен құл иеленушілік құрылымның тоталитарлық сипаты анық аңғарылады. Платоннан бастап орта ғасырлық Томазо Кампанеллаға дейінгі аралықта Еуропа ойшылдарының қиялынан туған мемлекеттерде үстеме байлыққа, материалдық құндылықтарға иелік жасайтын аристократиялық топтар басшылық жасайды. Т. Кампанелланың «Күн қаласының» Сталин тұсындағы тоталитарлық кеңестік империядан айырмашылығы шамалы. Халықтың бәрі де бip белгілі тәртіппен іс-әрекет етіп, олардың тууы, уйленуі, балалы болуы, дүниеге аттануы — бәpi-бip топ аристократтардың қолында.



Просмотров 6316

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!