Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Леуметтік-психологиялық реализм: Джеймс, Драйзер



РЕАЛИЗМ — көркемдік әдіс, яғни нақты өмір құбылыстарын көркем шығармашылықтың өзіне тән бейнелу құралдары арқылы шыншылдықпен суреттеу тәсілі. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік пошымы алуан түрлі болып келеді. Олардың бәріне ортақ нәрсе - болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелеу, өмір шындығын айнытпай кескіндейтін керемет картина, ғажайып образдар жүйесін жасау екені мәлім. Реализм әдістерінің мүмкіндігі мол, түрлері көп болғанымен ол шексіз емес. Көркем шығармашылық нақты болмыстан, өмір шындығынан алшақтаған жағдайда Реализмге орын қалмайды. Реализм әр түрлі тарихи-қоғамдық жағдайда, ұлттық және әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты туып қалыптасады. Сондықтан, оның дамуы барлық жерде бірдей болмайды.

Теодор Драйзер (Theodore Herman Albert Dreiser, 1871 жылы 27 тамызда Терре-Хот (Индиана штаты) дүние келіп, 1945 жылы 28 желтоқсанда Голливудта қайтыс болған) – америкалық жазушы, коғамдық қайраткер.Балалық шағы.Драйзердің ата-анасы – Джон Драйзер мен Сара Шёнёб 1844 жылы Америкаға Германиядан көшіп келген. Теодор Драйзер отбасында тоғызыншы бала болып дүние келген. 1887 жылы мектеп бітіп,1889 жылы Блумингтондағы Индиана университетіне оқуға түседі. Оқудың ақысын төлей алмағандықтан, бір жылдан кейін университеттен шығып кетеді.1892—1894 жылдар аралығында Питтсбург Толедо, Чикаго және Сент-Луисте газетте репортер болады. 1894 жылы Нью-Йоркке көшіп келеді. Ағасы Поль Дрессер ұйымдастырған «Әр ай» («Every month») атты музыкалық журналға редоктор ретінде жұмысқа тұрады. 1897 жылы бұл журналды тастап, «Метрополитен», «Харперс», «Космополитен» журналдарына тапсырыс бойынша жазады. 1932 жылы Драйзер «Paramount» кинокомпаниясымен «Дженни Герхардт» романының қойылымы туралы контрактққа қол қояды. 1944 жылы Америкалық әдебиет және өнер акедемиясы Драйзерді өнер және әдебиет салаларындағы жетістіктері үшін алтын медальмен марапаттайды. 1930 жылы Драйзердің кандидатурасы әдебиеттен Нобель сыйлығына ұсынылды, бірақ қарсыласы Синклер Льюис жеңіске жетеді. 1931 жылы өзінің балалық шағын сипаттаған «Таң» атты автобиогрифиялық кітабын жариялайды.1927 жылы Драйзер КСРО-ға барып келуге келісіп, Октябрь революциясының он жылдық мейрамына қатысады. Ленинград, Киев, Харьков, Баку, Тбилиси және басқа кеңестік қалаларында болып, Владимир Маяковский және Сергей Энзенштейнмен кездеседі. Бұл сапардан кейін «Драйзер Россияға қарайды» атты кітапты жариялайды. 1930 жылдардың басында Харленде болған кен өндірушілердің көтерілісіне туралы хабар жариялаған үшін соттық иск қауіпі болған. Дегенмен, Драйзер газеттер мен радиодан өзінің көріністерін жалғастырады. Осы оқиғадан кейін 1931 жылы «Америкалық трагедия» шығарады. Драйзер жиі митингтерге катысып, коммунистикалық прессаға мақаларын жариялайды. 1945 ж. шілде айында АҚШ коммунистік партиясына кіреді. Теодор Драйзер 1945 ж. 28 желтоқсанында Лос-Анджелес қаласының маңындаға Голливудта қайтыс болады.

Шығармалары: Романдары-1900 —Керри әпке ,1911 —Дженни Герхардт,1912—Финансист ,1914—Титан ,1915— Гений ,1925—Америкалық трагедия ,1946— Оплот ,1947—Стоик.

Джеймс Генри Ли (19.10.1784, Southgate, Англия – 28.08.1859, Лондон) – английский поэт, писатель, эссеист, журналист, издатель и литературный критик. Сын священника, он получил классическое гуманитарное образование. В 1801 г. опубликовал первый сборник – «Юношеские стихотворения» («Juvenilia»). В пятнадцать лет он оставил школу и некоторое время работал в военном ведомстве, был театральным критиком и обозревателем газеты «News». Впоследствии Хант был редактором журналов «The Companion», «The Indicator» и «London Journal», писал статьи и эссе для этих и других изданий, продолжал заниматься литературным творчеством. Кроме выше названных, ему принадлежат: поэма «Captain Sword and Captain Pen» (1835); пьеса «A legend of Florence» (1840); роман «Сэр Ральф Эшер» (1832); работы по истории английского театра XVI–XVIII вв., эссе («Imagination and Fancy», 1844; «Wit and Humour», 1846; «Men, Women, and Books», 1847) и другие произведения. Профессор Вильсон из Эдинбурга называл Ханта «ярким поэтом и добродушным критиком». –– Его отец Исаак Хант – уроженец Вест-Индии, священник. Образование получил в Филадельфии.

3.«Экспрессионизм» авангардистік ағымы.Экспрессионизм (фр. expressіo — бейнелеу) — еуропа өнері мен әдебиеттіндегі бағыт. Еуропадағы 20 ғасырдың 1-ширегінде болған әлеуметтік дағдарысқа (1-дүниежүзілік соғыс пен оған ұласқан төңкерістік дүмпуді қамтиды, шамамен 1905 – 20 жылға дейін) жауап ретінде көрініс тапты. Экспрессионизм сол кезеңде өз заманындағы өркениет жұтаңдығына қарсылық көрсету ретінде пайда болды. Өнерде экспрессионизм принциптері 20 ғасырдағы кескіндемешілер П.Гоген (Франция), В.Ван-Гог (Голландия), Э.Мунк (Норвегия), Дж. Энсор (Бельгия) шығарм-нан көрініс тапты. Германияда экспрессионистік бірлестіктер “Көпір” (1905, мүшелері Э.Л. Кирхнер, М.Пехштейн, Э.Хеккель, т.б.), “Көк салт атты” (1911 – 12, өкілдері В.В. Кандинский, Ф.Марк, т.б.) пайда болды. Бұл ағым 1-дүниежүзілік соғыстан кейін Германия (кескіндемеші К.Шмидт-Ротлуф, мүсінші В.Лембрук, археологиялар Р.Штейнер, Э.Мендельзон, Х.Пельциг) мен Австрияда (кескіндемеші О.Кокошка) кең өріс алды. Экспрессионизм ағымынан түрлі бағыттар бой көрсетті:Суретшілер Г.Гросс, О.Дикс, мүсінші Э.Барлах, т.б. өз шығарм-тарын соғысқа қарсы бағыттауға күш салды.Музыкада экспрессионизм 1900 – 10 жылдары қалыптаса бастады. Ол композиторлар Г.Малер, Р.Штраустың кейбір шығармаларында көрініс беріп, Венаның жаңа музыка мектебі өкілдері А.Шенберг, А.Берг және А.Веберн шығармаларында өріс алды. Бірақ 2-дүниежүзілік соғыстан кейін экспрессионизмнің субъективті-идеалистік өрісі мен асыра әсірешілдігі образ буалдырлығына, пошымды ретсіз бұзушылыққа, болмысты теріс бейнелеуге ұрындырып, нағыз пошымшылдық (Германия мен Францияда “нео-экспрессионизм”, АҚШ-та “абстракті экспрессионизм”) бағыт алды.Театрда экспрессионизм 1-дүниежүзілік соғыс жылдары (1914 – 18) және соғыстан кейінгі кезеңде, көбіне-көп Германияда кең етек алды. Ф.Верфель, Г.Кайзер, В.Газенклевер, Э. Толлер, К.Штернгейм, И.Бехер, т.б. драматургтер пьесаларының қойылуы режиссура мен актерлік ойынның өзіне тән экспрессионистік тәсілдерін қалыптастыруға ықпал жасады.Режиссерлер К.Х. Мартин, Р.Вейхерт, Л.Йеснер, Г.Гертунг, т.б. спектакльдер қоюда субьектінің шындықтан, яғни олардың ой-түсінігіне орай рухтың “басымдығын” көрсетуге Экспрессионизм құлшынды. Экспрессионизмге тән сахналық образдар күрделі эстетикалық қиыншылықтарымен, өткір гротескілік бояуымен ерекшеленді.Әсіресе паталогия мен психикалық күйзеліске ұшыраудың түпкі себептерін түсіндіруге баса назар аударылды. Кейіпкер бейнесі белгілі бір нәрсеге негізделіп жасалды. Сөйтіп ол сұлбалық маскаға айналды да адамның абдырап, алас ұрған сезім дүниесін ашуға қызмет етті. Мұның өзі спектакльде негізгі екпінді патетик. декламация мен символикаға, яғни актерлік ойынның шартты болуына алып келді. Спектакльдегі әрекет тез алмасып отыратын эпизодтарға бөлшектенді, соның нәтижесінде мизансценалар қозғалыссыз, эмоциялық жағынан бір-біріне қарама-қарсы құрылуымен айрықша көзге түсті. Сахнадағы сәуле-жарыққа (көбіне түсініксіз, үрей мен тылсым жан түршігершілік бояуды күшейту мақсатымен) көп көңіл бөлінді; декорацияларды безендіруде қиғаш, көлбеу жазықтықтар қолданылды. Кейде сахнадағы заттар кейіпкерлердің ойы мен сезімін білдіре отырып, олардың эмоциясы мен түсінік-ұғымы заттық түрге айналды. Экспресионист-режиссерлер үлкен адамгершілік пен филос. мәселелерді көтеру мақсатымен классикалық драматургия шығармаларын (У.Шекспир, Ф.Шиллер, т.б.) қоюға ұмтылыс жасаса да, мұндай шығармалар экспрессионизмнің эстетикалық принциптері рухында қойылды.

1923 жылға қарай Германияның театр өнерінде экспрессионизм басты бағыт болудан қалды. Бұл жөнінде экспрессионизмді неміс театрының озық ойлы қайраткерлерінің (Б.Брехт, т.б.) сынға алуы айтарлықтай рөл атқарды. 20 ғасырдың 30-жылдары ТМД елдерінде экспрессионизм ықпалы жұмысшы жастар театры тәжірибесінен бой көрсетті. Мысалы, Ресейде Е.Б. Вахтангов, В.Э. Мейерхольд, А.Я. Таиров, экспрессионизм Қазақстанда И.Г. Боров, т.б. сынды режиссерлердің кейбір қойылымдарынан экспрессионизм белгілері байқалды. Кинодағы экспрессионизм 1920 жылдардағы экспрессионизмге тән қарама-қарсы жарық пен пошымшылдық декорацияға құрылып, кейіпкерлерін мистикалық тұрғыдан бейнелеген “Калигари доктордың бөлмесі” (1920, режиссер Р.Вине), “Балауыз мүсіндер бөлмесі” (1923, режиссер П.Лени) атты неміс фильмдерінен көрініс тапты. Жантүршігерлік қорқынышты, тығырыққа тірелген жазмыштан құтылмайтын, т.б. тақырыптарға құру экспрессионистік фильмдерге тән қасиет болды. Экспрессионизм әсері француздың “Авангард” бірлестігі қызметінен (“Механикалық балет” фильмі, режиссер Ф.Леже, т.б.), Ресейде – ФЭКС (Эксцентрикалық актер фабрикасы) (“Шинель”, режиссерлер Г.М. Козинцев пен Л.З. Трауберг) тобының шығарм. тәжірибесінен байқалды.

 

 


Билет 8

1. I — II ғасырлардағы рим әдебиеті ( Луций Анней Сенека Младший (4 до н. Э. — 64 н. Э.) Марк Валерий Марциал (ок. 40 — между 101 и 104)

Көне Рим әдебиеті - антикалық әдебиеттің екінші бөлігі, б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда өркендей бастайды.

Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды. Римде құл иеленушілік қоғамның дамуы Грекия қоғамының дамуындай болды. Рулық құрылыстың күйреуі, құл иеленушіліктің өркендеуі, таптық қоғамның пайда болуы, құлдардың еңбегіне негізделген өндіріс, полистің (қала-мемлекет) дамуы мен күйзелісі – осының бәрі Грекия мен Римге тән болған. Экономикалық және саяси дамудың ұқсастығы болғанымен, Рим тарихының көптеген ерекшелігі болды. Ол тарихи және географиялық жағдайларға байланысты болды. Рим құрып жатқан Грекияның орнына келді. Римде грек қоғамының өтіп кеткен өмірі қайталанады, бірақ ол күрделі және өзге түрде болады. Рим әдебиеті өзінің сұрақтарына дайын жауаптарды грек әдебиетінен тауып тұрды. Грек тарихының әр кезеңдерінде пайда болған дүниетану мен идеология рим қоғамының дамуына пайдаға асты. Римдіктер өз мәдениетінің әр түрлі салаларының (философия, дін, өнер, әдебиет) дамуына гректерден материал алып пайдаланды. Римдіктер гректерден алған материалды өздерінің тарихына, идеологиясына, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты. Рим әдебиеті грек және Батыс Еуропа әдебиеттері арасына байланыс жасады. Қайта өркендеу дәуірінде де, XVII-XVIII ғғ.да антикалық әдебиет тек рим әдебиеті арқылы танымал болды. Сол кездерде грек драматургтары Эсхил, Софокл, Еврипидтен гөрі рим драматургы Сенека танымал болған, ал еуропалық эпостан Гомердің поэмалары емес, Вергилийдің «Энеидасы» көбірек танылған. XVIII ғ. ғана грек әдебиетіне көңіл бөлінді, ал ХІХ ғ. рим әдебиетін дұрыс бағаламай, таза еліктеу әдебиеті деп қараған. Екі әдебиеттің көп ұқсастығы болса да, жас рим әдебиеті ерте дамыған грек әдебиетінен тәуелді болса да, рим әдебиеті грек әдебиетінің жәй көшірмесі емес. Оның да көп өзгешелігі бар. Рим әдебиеті грек әдебиетінің жанрларын пайдаланып, оларды өзгертіп, жаңа түрде дамытты. Мысалы, грек трагедиясында хордың қатысуы міндетті болды, ал рим әдебиетінде оның қажеттілігі болған жоқ. Рим әдебиетінің дамуы, оның «алтын дәуірі», Рим империясының пайда болуы мен күйреуі антикалық әлемнің дамуының соңғы кезеңіне келді. Рим әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі әдеби латын тілінің дамуымен сәйкес келеді.

1.Ежелгі кезең – рим әдебиетінің пайда болуына дейін (б.д.д. 240 ж, дейін).

2.Архаикалық кезең – Цицеронның әдеби қызметіне дейін (б.д.д. 240ж.- 81 жж.).

3.Рим әдебиетінің «алтын дәуірі»:

1) Цицеронның заманы – рим прозасының гүлдену кезеңі (б.д.д.81-43 жж.);

2) Августың заманы – рим поэзиясының гүлдену кезеңі (б.д,д. 43-14 жж.).

1.Рим әдебиетінің «күміс дәуірі» (14-117 жж.).

2.Соңғы императорлық кезең (117-476 жж.).

Сенека Луций Анней (біздің заманымыздан бұрын 5 жылы Кордуба, – біздің заманымыздың 65, Рим) – римдік философ, мемлекет қайраткері. Император Неронның тәрбиешісі және ел басшылығына ықпалын жүргізген кеңесшісі болған. Кейіннен императордың қаїарына ұшырап, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болды. Сенеканың көптеген еңбектері (“Луциге хаттар”, т.б.) бізге түпнұсқа түрінде жеткен. Өз дәуірінің шиеленісті мәселелерін бейнелеген Сенека ілімі өте қайшылықты болды. Грек философтарының ізімен, яғни дүниені материалдық бірлікте және зерделі тұтастықта қарастыра отырып, Сенека негізінен этикетика-ғибраттық мәселелермен шұғылданды. Егер олардың шешімдері дұрыс табылса, оның сөзімен айтқанда, рухтың тыныштығы мен тұнықтығына қол жетеді. Ол өзінің негізінениндивидуалистік этикасын қоғам және мемлекет міндеттерімен байланыстыруға тырысты. Сенека этикасы кейінен христиандық идеологияның дүниеге келуіне үлкен ықпалын тигізді. Марк Вале́рий Марциа́л (лат. Marcus Valerius Martialis, около 40 года — около 104 года) — римский поэт-эпиграмматист, в творчестве которого эпиграмма стала тем, что мы сейчас понимаем под этим литературным термином.Происходил из испанского города Бильбилис (или Бильбила, Bilbilis, сегодня холм Бамбола, Cerro de Bambola, Испания), на реке Салон (сегодня Халон), притоке Гибера (сегодня Эбро). Дата рождения восстанавливается по одной из эпиграмм (X 24), написанной в конце 90-х, где Марциал упоминает мартовские Календы (то есть 1 марта) как свой день рождения и говорит, что ему исполняется 57 лет.«Поэт Марциал несколько раз называет себя кельтибером из Билбила» (Джон Коллис «Кельты: истоки, история, миф»).Место своей родины Марциал часто и с любовью упоминает в своих стихотворениях. В Бильбиле он получил грамматическое и риторическое образование. В 64 он (возможно для того, чтобы подготовиться к профессии адвоката) приезжает в Рим. В столице он налаживает отношения со знаменитыми соотечественниками: философом Сенекой и его племянником, поэтом Луканом. Это был последний период правления Нерона. В 65, после раскрытия антинероновского заговора Лукан и Сенека погибают: по приказу императора они кончают с собой, вскрыв вены. Жизнь Марциала меняется к худшему. Долгое время он ведёт малообеспеченный образ жизни, почти бедствует, находясь на положении клиента у богатых патронов.

В годы правления Тита (79—81) и Домициана (81—96) Марциалу сопутствует удача. При Тите он становится известен как литератор, при Домициане к нему приходит слава. В эти годы Марциал сближается с известными столичными литераторами: ритором Квинтилианом, поэтом Силием Италиком, сатириком Ювеналом, адвокатом и магистратом Плинием Младшим. Общается с образованными земляками, которых нередко упоминает в своих стихотворениях и среди которых находит покровителей своему таланту. Марциала привлекают близкие ко двору богатые и влиятельные вольноотпущенники — Парфений, Сигерий, Энтелл, Секст, Эвфем, Криспин — через которых он подносит свои произведения императорам и от которых, как клиент, прославляющий добродетель патронов, ищет для себя милостей.В 80 выходит первый сборник эпиграмм Марциала, написанный по поводу торжественного открытия амфитеатра Флавиев, Колизея. После публикации сборника, который принёс автору литературную известность, со стороны императора последовало почётноеивознаграждение: Марциалу было пожаловано «право трёх сыновей» и соответствующие льготы, которыми пользовались римляне, имеющие не менее трёх сыновей. (Во времена Марциала это исключительное право могли получать бездетные и даже холостые мужчины.)Привилегии, дарованные Титом, были подтверждены и расширены его преемником Домицианом; Марциал был награжден званием всадника. Значительного материального благосостояния это не принесло, но дало возможность жить в достатке и не испытывать нужды. В окрестностях Номентана у Марциала появляется скромное поместье, а в Риме вблизи Квиринала — дом.К 84 были написаны и опубликованы ещё две книги стихотворений: «Xenia» и «Apophoreta» («Гостинцы» и «Подарки»). В 85—96 регулярно (почти каждый год) появляются новые сборники эпиграмм. Они имеют большой успех. Вместе с ростом известности улучшается и материальное положение Марциала, хотя заслугой тому являются не продажи книг. По поводу своего «всенародного признания» Марциал жалуется: «мой кошелёк вовсе не знает о том»; книги Марциала продавались у троих книготорговцев, но своим достатком он всё равно был обязан влиятельным и богатым друзьям.К 88 Марциал смог позволить себе длительное путешествие, в Корнелиев форум в Галлии Цизальпийской; там он пишет и издаёт третью книгу эпиграмм. Вернувшись в Рим, Марциал не покидает его до тех пор, пока императорами не становятся Нерва и затем Траян. Здесь, скорее всего, ему не удаётся снискать расположения правителей: в 98 он покидает город, в котором прожил 34 года, и возвращается в родную Испанию, теперь уже навсегда.Творчество.До нас дошел корпус в 15 книг эпиграмм. 3 книги объединены в темы: «Зрелища», «Подарки», «Гостинцы»; 12 — смешанного содержания. «Зрелища» — особая книга стихотворений, которые также названы эпиграммами, но относятся только к играм, посвященным торжественному открытию Колизея в 80. Книга известна под названием «Liber de Spectaculis» («Книга Зрелищ»; сборник называется так по традиции, само название Марциалу не принадлежит).

12 книг представляют собственно «классическое эпиграмматическое наследие» Марциала. Из них первые девять написаны и изданы при Домициане (8-я посвящена конкретно Домициану; также как и 10-я в первом издании, но 10-я дошла до нас во второй редакции, сделанной уже по низвержении Домициана, отчего посвящение было изъято). Книги 11 и 12 изданы при Нерве и Траяне; последняя из них прислана в Рим из Испании. Все 12 книг расположены в хронологическом порядке (от 86 года до первых годов II в.)Для своих сочинений Марциал пользовался как и старыми греческими образцами, которые в Риме были хорошо известны (первые известные нам собрания эпиграмм относятся к I в. до н. э.), так и новыми латинскими. В предисловии к Книге I он указывает: «Скабрезную прямоту слов, то есть язык эпиграмм, я стал бы оправдывать, был бы на то мой пример: так пишет Катулл, и Марс, и Педон, и Гетулик, и всякий, кого перечитывают».Творчество Марциала погружает нас в обстановку Рима второй половины I века нашей эры.

2. 2.Әлеуметтік-философиялық реализм:Ибсен,Шоу,Драйзер.«Реализм» жайлы айтқан кезде біз оны көбіне кезеңдерге бөлмей,тұтас бір бағыт ретінде қабылдаймыз.Реализмнің кейінірек көркем жүйе ретіндегі өзінің даму барысында көптеген өзгерістерге ұшырағаны белгілі.Бірақ бізді қазір еуропалық әдебиеттердегі романтизм дәуірінің орнын басқан реализмнің жалпы бағыт ретіндегі эстетикасы мен көркемдік тәжірибесі ерекше қызықтырып отыр. Айта кететін тағы бір мәселе бар.Біз реализм туралы көп сөз еткеніміз соншалықты,ол туралы түсінік көбіне шаблонға айналған өмір шындығы,буржуазиялық қоғамды сынау,және т.б.ұғымдардың жиынтығы сияқты боп көрінеді.Бірақ олардың көбі романтизмге де тән еді ғой.Сондықтан реализмнің пайда болу кезеңін оқығанда,оның сол уақытқа тән барлық жаңашылдығына айрықша көңіл бөлген жөн.Демек,бұдан ары қарай реализм туралы сөз айтқанда,ақиқат салыстыру кезінде анықталады деген жүйеге сүйене отырып,үнемі романтизмге арқа сүйеудің осындай себебі бар.Ендеше реализм мен романтизм арасындағы себеп-салдарлық байланысқа көз жеткізген соң,енді олардың арасындағы айырмашылықтарды байқау қиын емес.Реализм өзінің аты айтып тұрғандай,өнердің шындыққа,суреткерді қоршаған күнделікті өмірге қайырылу көрінісі екендігі белгілі.Біздің байқауымызша,қоғам дамуының өзі де,жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдар,материалистік философияның алғашқы ағымдары да өнерден өмір шындығына қайырылу қажеттілігін талап етті.Буржуазиялық ХIХ ғасыр басталған бойда-ақ суреткерлер романтикалық биіктікте шарықтауды қаншалықты қалағанымен де,жерге қарапайым өмірге оралуға өктем түрде шақырды.Ортодоксалды романтизмнің жақтаушылары реалистерді осы жер бетіне түскендігі үшін,буржуазиялық күйкі тірліктің жағымсыз прозасын зерттеуге ұмтылысы үшін аз кіналаған жоқ.Тіпті оларды жәндіктерді зерттейтін зоологтарға теңестіріп,адамға да сондай сынақтар жүргізетін тұрпайы зерттеушілер етіп көрсетуге тырысты. Реалистерді кір-қоқысты тазалауға өте-мөте қызығушылық танытқаны үшін де кінәлады.Бұл түсінікті де.Әрине,қоғам өзі жайлы ашық шындықтың көп айтылуына ресми институттары атынан басқаша қарай алмайды.Сонымен бірге романтикалық эстетиканың жақтаушылары реалистердің жерге тым жақындығын қабыл ала алмады,сөйтіп өз сындарының орынды екендігін танытты.Міне,бұл жайт мәселенің осы бір жағын мұқият қарастыруымызға мәжбүр етіп отыр.Бүгінде,жүз жылдан астам уақыт өткен кезде,бізге сол кездегі Бальзак пен Флоберге немесе Теккерейге олардың салқын қанды бейтараптығына қатысты айтылған жазғырулар біртүрлі көрінуі де мүмкін.Бальзактың Евгений Гранденің қор болған өмірі туралы повесін немесе Флобердің мадам Бовариін оқыған кезімізде,біз бұл жазушылар жаратылысты зерттеушілердің салқын қанды қызығушылығын басшылыққа алды,олар тек адам табиғатының ұждансыз тұстарын қазбалады деп айта алмас едік.Бірақ реалистердің атына айтылған тарихи сын-ескертпелерді түсіну үшін,бұл әдебиет жалпы дөрекі өмір прозаларымен принципті түрде жұмысы жоқ әдебиеттің орнына келгенін тағы бір еске алғанымыз жөн.

Генрик Ибсен (20.3.1828, Норвегия, Шиен – 23.5. 1906, Кристиансанн) – норвег драматургы.Алғашқы драмасы – “Катилина” (1950). Мұнда Ибсен Еуропадағы 1848 жылғы халық қозғалыстары кезінде болған оқиғаларды көрсетті. 1850 жылы “Қаһарман қорған” атты бір актілі лирикалық драмасы сахнада қойылған. 1852 – 57 жылдары Берген қаласында елдегі тұңғыш ұлт театрын, 1857 – 62 жылдары Кристиансанндағы норвег театрын басқарды. Оның осы кезде жазған және сахнаға қойылған пьесаларының ішінде “Эстроттен шыққан Фру Ингер” (1855 – 57) тарихи драмасы мен “Сульхаугедегі той” (1856) лирикалық драмасының орны өзгеше. Ибсен 1864 жылы Италияға қоныстанды. Онда “Бранд” (1866), “Пер Гюнт” (1867) драммалық поэмаларын аяқтады. Саяси және тарихи-философиялық өлеңдер, “Кесарь мен галилеяндық” (1873), “Қуыршақ үй” (1879), “Құрылысшы Сольнес” (1892), т.б. драмалар жазды. Ибсен драматургиясы – 19 ғасырдың 70 – 80-жылдардағы Батыс Еуропа әдебиетінің биік шыңдарының бірі. Ол өзінен кейінгі драматургия мен театр өнерінің дамуына үлкен ықпал жасады. Б.Шоу, Г.Гауптман, т.б. драматургтер Ибсен тәжірибесінен үйренді. Ибсеннің “Қуыршақ үй”, “Елестер”, т.б. пьесаларын А.Тоқпанов, Қ.Ысқақов, т.б. қазақ тіліне аударған. Ибсеннің бірнеше шығармалары республика театрларының сахналарында қойылған.

Франс (France) Анатоль (шын аты Анатоль Франсуа Тибо) (16.4.1844, Париж қала — 12.10.1924, Сен-Сир-Сюр-Луар) — француз жазушысы, Нобель сыйлығының иегері (1921). Әдеби қызметін қысқа мақалалар, рецензия жазудан бастаған. “Сильвестер Боннардың қылмысы”, “Таис”, “Қазіргі тарих” атты романдар жазған ол өз шығармаларында сол кездегі Франциядағы өмір шындығын бейнеледі. Әдеби сынмен де айналысты, “Эпикур бағы” атты афоризмдер жинағын шығарды. Саяси мәселелерге де араласып, 20 ғасырдың бас кезінде социалистермен жақындасып, “Юманите” газетіне мақалаларын, кейіннен “Ақ тасты үстінде” атты романын жариялады. “Пингвин аралы” романы 1961 ж. қазақ тілінде жарық көрген.

Шоу Джордж Бернард-ағылшын жазушысы.Ирланд отбасында дүниеге келген.Жасынан өмір тауқыметін көп тартқан Шоу 1871жылы мектеп бітірген соң күнкөрістің қамымен хат тасушы,кассир болып әр түрлі мекемелерде жұмыс істейді.Дегенмен,жазушылыққа деген құштарлығы ерте оянып,1876жылы Лондондағы анасының қолына келісімен роман жазумен айналысты.Оның қаламынан алғаш туған,сол кездегі қоғамды сынау бағытындағы «Cәтсіз неке»(1880),»Артистің махаббаты»(1881)романдарын бір де бір баспа қабылдамады.Жас жазушының Америкаға жіберген әрекеттерінен де түк шықпады. 1879жылы жазған «Шикілік»романы елу жылдан кейін ғана (1930)жарық көрді.Шоу 19ғасырдың 80-жылдарының басында елдің саяси өміріне белсене араласып,шешендігімен көзге түсті.Дегенмен,Маркстің іліміне қаншалықты бой ұрғанымен марксизмге бұрылмай,фабиандық қоғамды насихаттаушылар қатарына келіп қосылды.Осы жылдары кішігірім «Ту-дэй»журналында «Дара социалист»,»Кэшел Байронның кәсібі»,»Аур корнер»журналында «Баянсыз байланыстар»,»Артистің махаббаты»романдары жарияланды.Фабианшы Шоу бар ынтасымен жаңа қоғам құру жолында күрес жүргізсе,ал театр сыншысы ретінде жаңа драма үшін батыл шайқасты.Ол Шекспир шығармаларына Ибсен пьесаларын қарсы қойды.Оның бұл көзқарасы баспасөз бен көрермендер тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады.Соған қарамастан Шоу Тәуелсіз театрды белсенділікпен жақтады.Драматургтың ұзақ та жемісті жолы»Жесірдің үйі» пьесасынан басталды.Ол айналдырған сегіз жылдың ішінде бірінен-бірі өтетін драмалық топтамасы:«Жағымсыз пьесалар»,»Жағымды пьесалар»,»Пуритандықтарға арналған пьесаларын» жазды.Іле қоғамдағы жағымпаздық пен жалған көріністерді өткір сынға алған он пьесасын өмірге әкелді.»Соғыс пен адам»пьесасы алғаш Тәуелсіз театр сахнасында табыспен өтті.1897жылы Америка театрларының сахналарын дүрілдеткен Сайтанның шәкірті Шоу шығармаларындағы елеулі бетбұрыс болды.Жазушы 1-ші және 2-ші дүниежүзілік соғыстарды барынша айыптады.

Оның Инка Перусалемский,Огэстос өз міндетін атқарды,Виктория Кресінің ардагері,көлемді» Журек жаратын үй»пьесалары соғысқа қарыс айтқан,өткір де шынайы туындылар саналады.Соңғы шығармада елді қанқұйлы соғысқа ұрындырып отырған Англия үкіметі басшыларының қара ниеттері мен айла-шарғылары барынша айқын да жиіркенішті түрде бейнелеген.Шоу өмір бойы жаңашылдыққа ұмтылды,адамгершілік ізгі мұраттарды аңсады.Оның керемет шабытпен және шеберлікпен жазылған Күтпеген аралдардан шыққан пенде1936,Женева1938 пьесаларында жауыздық атаулы,қаскүнем қылмыскерлер жер бетінен жоғалады.Драматург өмірінің соңғы кезеңінде жазған» Бойанттың миллиардтары»,»Астарлы мысалдар» 1948,»Шэкс Шэвке қарсы» 1949пьесаларында да өзіне тән күрескерлігі мен шыншылдығынан,жауыздыққа қарсы өшкенділігі мен жақсылыққа,жаңаға деген құштарлығынан танбаған.

3.«Футуризм» авангардистік ағымы..Футуризм (лат. futurum — болашақ) — 20 ғасырдың басындағы Еуропа елдеріндегі негізгі авангардтық ағымдардың бірі. Әсіресе, Италия мен Ресейде кеңінен тарады. Ең әуелі кеңістік өнерінде өріс алған Футуризм идеясы кейіннен әдебиет, театр, музыка, кинематография және өнертану мен әдебиеттану ғылымдарында жалғасын тапты. Ф. Маринеттидің “Футуризм манифесінен” (1909) кейін италиялық футуризм дәстүрлі мәдениеттен толық қол үзуді көздеді, оның есесіне бірыңғай урбанистік өркениет эстетикасын орнықтыруға, оқиға мен адамдардың көңіл күйі сәт сайын алмасып тұратын техницизмге шалдыққан “интенсивті өмірді” өз санасында жаңғыртқан “өзгеше жанр” сезім күйлерін беруге тырысты. Футуризмнің эстетикалық негізін қалаушылар суретшілер У.Боччони мен Дж. Северини, композиторыБ.Прателла, т.б. болды. Осыдан келіп тілдік бейнелеу жаңа үлгілерін (еркін сөз тіркестері, дыбысқа еліктеу) іздестіруге деген қажеттілік туды. Италиялық футуристер эстетикалық агрессиядан және консерваторлық талғамның шектен шыққан өрескелдігінен, тіпті “дүниені тазартушы” деген түсінікпен соғыстың өзін әдейі мадақтауға дейін барды. Көп ұзамай бұл ағым Еуропаның басқа да елдеріне (Германия, Франция, Ұлыбритания, Польша, т.б.) тарады. Әсіресе, Ресейде кеңінен қанат жайды. Орыс футуризмі италиялық футуризмнен өзгеше көркемдік қозғалыс сипатында пайда болды. Орыс футуризмі мектептері төмендегідей бөлінді: “Гиллея” (кубофутуризм) — В.В. Хлебников, В.В. Маяковский, А.Е. Крушеных, Б.К. Лившин, “егофутуристер ассоциациясы” — И.Северянин, К.К. Алинтов, т.б. “поэзия Мезонині” — Хрисан П.В.Г.Черченович; “сентрифуга” — Б.Л. Пастернак, Н.И. Асеев, т.б. Бұл мектептерге негіз болған жайт: “Көне атаулының күйреуі сөзсіз” екенін стихиялы түрде түйсіну (Маяковский), келешектегі “әлеум. төңкерісті” өнер туындысы арқылы болжап сезіну және “жаңа адамның” дүниеге келуі. Бұлар үшін әдеби шығарм. табиғатқа жалаң еліктеу емес, керісінше сол табиғаттың жалғасы іспетті, сонда табиғаттың өзі адамның ерік күшінің арқасында “болашақтағы мүлде жаңа темір дүниені” (К.С. Малевич) тудыратынын сезіну. Осының әсерінен әдеби жанрлар мен стильдердің шартты жүйелері бұзылады да, тіл — табиғаттың бір бөлшегі саналған мифол. “алғашқы бастауға”, фольклорға оралу әрекеті қылаң береді (Хлебников). Футуристер жанды әңгіменің орнына, тоник. өлеңдерге ден қойды. Фонет. ырғақтар туындатты, бұған қоса өздерінің сөздік шығарм-нда дара диалект. бейнелі сөздер жасауға құлшынды. Олар өлең графикасының өзіне тәжірибе жасаумен айналысты (“Визуалдық поэзия”), тіпті әдеби тілдің ауқымын кеңейте келіп, “өмір үшін аса қажетті” (Маяковский) сөздерді енгізді. Олардың шығармалары күрделі семантикалық және композиция” ауытқулармен ерекшеленді. Шығармаларында трагик. және комед. лиризмнің өзара контрасттары көзге көрініп тұрды, кейбірінде фантастика мен газеттік кереғарлық басым. Осының бәрі жанр мен стильдің барынша араласып (Маяковский, Хлебников поэмалары мен Северянин, Пастернак, Асеевтың лирикаларында) кетуіне түрткі болды.

 


Билет.

1.Ортағасырлар әдебиеті.Романдық циклдер.Бретондық лэ.Тристан мен Изолда. Антик құл иеленушілік қоғамның ыдырауы бір кезде Рим империясымен біріккен Солтүстік Америка және Орта Азиядағы сансыз көп тағы тайпалардың көшуіне жол ашты.Осы тайпалардың негізінде орта ғасырлық феодалдық мемлекеттер және қазіргі заманның европалық халықтары құрылды. Орта ғасыр әдебиетінің тууы мен дамуына үш ең басты фактор әсер етті: халық ауыз әдебиеті, антик әлемі және христиандық дін. Батыс Европада үстемдік алған варвар халықтарда сол кезде өздерінің өте жақсы дамыған поэзиясы болған. Сол поэзия кейінгі Европа әдебиетінің негізін салды. Ежелгі поэзияның бір түрі – еңбек өлеңдері. Бұл өлеңдер еңбек процесін қостайтын әр түрлі дыбыстардан пайда болған. Еңбек өлеңдерінен әдет-ғұрып өлеңдері өріс алды. Орта ғасыр әдебиетінің алғашқы дамуына католиктік шіркеу үлкен әсер етті. Сол кездегі бірнеше әйгілі әдеби жанрлар шіркеу әсерімен туған: діни гимндер мен өлеңдер, әулиелер өмірі, таурат парафразалар тағы да басқалар. Шіркеу ішінде діни драма да туды. Орта ғасыр әдебиетіне едәуір әсер еткен екінші ірі фактор – антик әлемі.Орта ғасыр әдебиетінің дәуірге бөлінуі сол кездегі Европа халықтарының қоғамдық дамуының кезеңдерімен бірыңғай келеді: 1) рулық қоғамның ыдырауы және феодалдық қатынастардың пайда болу кезінің әдебиеті, 2) өркендеген феодализмнің әдебиеті. Бірінші дәуір шамамен Х ғасырдың аяғына дейін созылады. Әр түрлі халықтардың тарихи және әдеби дамуы бірдей болған жоқ. Бәрінен бұрын ортағасырлық әдебиет Францияда дамыды. Ол елде феодализм негізінде ІХ ғасырда құрылған. Ал Германия, Европа елдері және Англия Франциядан біраз артта қалды.ХІІІ ғасырға дейін үш ерекше әдеби ағым дамыды – халықтық, клерикалық және феодалдық-рыцарьлық әдебиет. Клерикалық әдебиет – шіркеудің әсерінен туған әдеби ағым. (клерикализм – шіркеудің саяси және мәдени үстемдігін күшейтуге бағытталған реакцияшыл ағым). ХІІ ғасырда қалалар көбейіп, өркендей бастайды. Оларда ерекше өнер мен әдебиет пайда болады.Бретан циклі.Қиял мен ғашықтық оқиғаларға бай және тайпалық қоғам өмірін кең суреттеген кельт ертегілері де орта ғасыр серілік романдары үшін мол материал болды.Кельт ертегі-ң көпшілігі ұлы король Артур есімі-н байл-ты.Бұл ертегі-гі брит тайпа-ң князі Артур ағылшын саксон шабуылына қарсы ерлікпен күрескен көп жерлерді азат етуші Британияның королі деп дәріптеледі.Ол серілер өздерін тең дәрежеде сезінсін деп дөңгелек үстел жасатады. «Артур», «Дөңгелек үстел»роман-ң атауы осыдан келіп шыққан.Бұл роман-ң негізін салушы Кретьен де Труа.

ЛЭ Мария Французская. Из произведений этой поэтессы, жившей при английском дворе во второй половине XII в, до нас дошли: двенадцать лэ, сложенных в середине 60-х годов, сборник басен, частью переводных, частью оригинальных, под названием "Эзоп", и религиозно-дидактическое "Чистилище св. Патрика", приближающееся к жанру7Лэ Марии Французской являются первым образцом этого жанра куртуазной литературы -- небольших лиро- эпических рассказов о необычайных приключениях, сюжеты которых большей частью заимствовались из кельтских преданий (отсюда и название жанра --lais bretons). Из лэ Марии Французской часть разрабатывает сказочный сюжеты, часть же тесней примыкает к так называемому бретонскому циклу куртуазных романов.При этом собственно куртуазный элемент выражен в произведениях Марии Французской еще довольно слабо. Ее не привлекает роскошная придворная жизнь Любовь в ее изображении -- это не галантное служение знатной даме, но естественное нежное человеческое чувство Всякое насилие над этим чувством глубоко печалит Марию Французскую В этом она сближается с народной поэзией. Обрабатывая бретонские народные сказания, она сохраняет их задушевность и вложенный в них глубокий человеческий смысл. Язык ее лэ очень прост, поэтическая форма лишена вычурности.Тристан мен Изольда романы.Мұнда ата-анасынан жастай жетім қалған Тристан көп азапты басынан кешіреді.Ғажайып балуан сері болып өскен Тристан Марк сарайында қызмет істеп,көптеген ерлік жасайды.Романда Тристан мен Изольданы махаббаты бейнеленеді.Бірақ Изол.королге куйеуге шығады,екеуі жасырын кездесіп тұрады.Мұны естіген король екеуин отқа өртеуге бұйрық береді.Екеуі қашып құтылғанымен кейін Изольданы ұстап алады.Тристан сосын басқа Изол.үйленеді.Кейін Т.ауыр жарақат алып өледі.Ауыр қазаға шыдай алмай Изолда да өледі. Романда кельт ертегі-гі таңғажайып оқиға-р сақталған.Шығармада махаббатты суреттеуге ерекше көңіл бөлінгендіктен,оның құндылығы арта түскен.

2. Сюрреализм (фр. surréalisme — сверхреализм) — модернистік өнердің бір бағыты. Оның негізін салушылардың бірі француздың ірі ақыны Г. Аполлинер (1880 – 1918). Ол поэзия мен театрдың буржуазиялық тіршіліктен жоғары тұрғанын қалады. 1917 жылы жазылған «Груди Тиресия» (Тиресияның кеудесі) атты «сюрреалистік драмасының» алғысөзінде және 1918 жылы жарық көрген «Жаңа уақыт рухы және ақындар» мақаласында Аполлинердің сыртқы шынайлықты ғана бейнелейтін буржуазиялық драматургияға және сол кездері «асқан сұлулықты» жалау етіп, адам жанының тереңіне бойлай алмай жатқан символистік театрға деген қарсылығы, эстетикалық идеялары көрініс тапты. Аполлионер жырлаған буржуазиялық тіршіліктен жоғары тұру деген ұранды суреткер-модернистер шынайы өмірден биіктеу және ирреальды, яғни адам санасының астындағыны көрсету деп түсінді.Сюрреализм (асқан шындық) францияда басталған өнер ағымы болып, дадаизм ағымын қайнар етеді. Сюрреализм 1920-1930 жылдары аралығында еуропалық өнер мен әдебиетте қатты дәурендеді және кейінгі мәдениетке өз әсерін тигізді. Теориялық негізін Зигмунд Фрейдтің психоанализінен, жәнеБергсонның интуиция ілімінен қабылдады. Олар интуициялық түйсікті, жанның шындықтан тұйықталған ішкі сезінімін, жасырын сана мен санасыздықты дәстүрлі қалыпты бұзған тәсіл-амалдар арқылы көрсетіп беруге тырысты. Олардың қозғалысын сюрреализм қозғалысы, немесе асқан шындыққа талпыныс деп те атайды.Сюрреализм ұғымын 1924 жылы француз ақыны Андре Бретон «сюрреализм Декларациясы» (Manifeste Du Surréalisme) деген еңбегін жариялап, сюрреализмдік бағыттағы өнер ұжымын құрды, сюрреалистік көптеген өлең-әңгіме-эсселер жазды.Өнерде сюрреализм адам санасыздығындағы түрлі қайшылықтар мен парадокстарды, үрей мен абыржулы көңіл күйлерді, таңырқауды, тіксінуді, өкінуді, дағдаруды, үміттенуді әсіре бұрмаланған нақты шындықтар арқылы елестетуге тырысады. Сюрреализм қозғалысына көптеген өнер қайраткерлері мен жазушылар қатысты. Біршама әйгілісі:Гийом Аполлинер,Андре Бретон,Сальвадор Дали,Колонка Магритт,Миро

3. Әлеуметтік-психологиялық реализм ХІХғ. 30-40 ж.ж. көркем әдебиет пен бейнелеу өнеріндегі романтизммен қатар орнайды, бірақ ХІХ ғ. ортасында ол Европа мәдениетіндегі басты бағыт болады. Әдебиет пен өнердегі реализм - көркем шығармашылыққа тән құралдармен шындықты ақиқат, объективті бейнелеу. Францияда 30-40-жылдары әлем таныған жазушылар өздерінің ең үздік реалистік туындыларын жазады, олардың қатарында 95-томдық «Адамгершілік комедиясын» жазған О де Бальзак (1799-1850 ж.ж.), «Париж әйел құдайының соборы», «Тоқсан үшінші жыл», «Шеттетілгендер» романдарының авторы В. Гюго (1802-1885 ж.ж.), «Бовари ханымы», «Сезімдерді тәрбиелеу», «Саламбо» романдарының авторы Г. Флобер (1821-1880 ж.ж.) болды. П. Мериме (1803-1870 ж.ж.) – новелла жазу шебері («Матео Фальконе», «Коломба», «Кармен»), пьесалардың, тарихи хроникалардың авторы. 30-40-жылдары реализм Англия әдебиетіндегі жетекші бағыт болды. Ағылшын сыни реализмінің негізін қалаушы Ч. Диккенс.болды. Атақты сатирик және юморист реализм шыңы болатын туындылар жазды («Домби мен ұлы», «Ауыр кезеңдер», «Үлкен үміттер»). Оның замандасы У. Теккерей «Мансап құмарлық жәрмеңкесі» романында, «Генри Эсмондтың тарихы» тарихи туындысында, «Көрсеқызарлар кітабы» сатирикалық эсселер жинағында, «Даңқты жазып шығарушылар романдары» пародиялар циклінде буржуазиялық қоғамға тән кемшіліктерді көрнекі түрде көрсетті. ХІХ ғ. соңында ағылшын әдебиетінің реалистік бағыты әлемге таныған үш жазушының шығармашылығымен ұсынылған: Д. Голсуорси,Б. Шоу, Г. Уэллс.Олардың шығармаларында реализм әрі қарай дамыды. Д. Голсуорси «Форсайттар туралы сагасында» және «Қазіргі комедияда» ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ. басындағы буржуазиялық Англия тұрмысының эпикалық бейнесін береді. Д. Шоу – драм-дискуссияны жасаушылардың бірі, олардың негізі бір-біріне қарсы идеологиялардың қақтығысуы, әлеуметтік-этикалық проблемаларды ымырасыз шешу болды, мысалы «Бойдақтар үйі», «Уоррен ханымның кәсібі», «Алма салынған арба». Г. Уэллс – ғылыми-фантастикалық әдебиет классигі. Ғылыми-техникалық прогресс проблемаларын қоғамның дамуының әлеуметтік және өнегелік болжамдарымен байланыстырады. «Уақыт машинасы», «Көзге көрінбейтін адам», «Дүниелер қақтығысы» романдарында Уэллс жаңа ғылыми концепцияларға сүйенеді.

Теодор Драйзер (Theodore Herman Albert Dreiser, 1871 жылы 27 тамызда Терре-Хот (Индиана штаты) дүние келіп, 1945 жылы 28 желтоқсанда Голливудта қайтыс болған) – америкалық жазушы, коғамдық қайраткер.

Балалық шағы.Драйзердің ата-анасы – Джон Драйзер мен Сара Шёнёб 1844 жылы Америкаға Германиядан көшіп келген. Теодор Драйзер отбасында тоғызыншы бала болып дүние келген. 1887 жылы мектеп бітіп,1889 жылы Блумингтондағы Индиана университетіне оқуға түседі. Оқудың ақысын төлей алмағандықтан, бір жылдан кейін университеттен шығып кетеді.1892—1894 жылдар аралығында Питтсбург Толедо, Чикаго және Сент-Луисте газетте репортер болады. 1894 жылы Нью-Йоркке көшіп келеді. Ағасы Поль Дрессер ұйымдастырған «Әр ай» («Every month») атты музыкалық журналға редоктор ретінде жұмысқа тұрады. 1897 жылы бұл журналды тастап, «Метрополитен», «Харперс», «Космополитен» журналдарына тапсырыс бойынша жазады. 1932 жылы Драйзер «Paramount» кинокомпаниясымен «Дженни Герхардт» романының қойылымы туралы контрактққа қол қояды. 1944 жылы Америкалық әдебиет және өнер акедемиясы Драйзерді өнер және әдебиет салаларындағы жетістіктері үшін алтын медальмен марапаттайды. 1930 жылы Драйзердің кандидатурасы әдебиеттен Нобель сыйлығына ұсынылды, бірақ қарсыласы Синклер Льюис жеңіске жетеді. 1931 жылы өзінің балалық шағын сипаттаған «Таң» атты автобиогрифиялық кітабын жариялайды.1927 жылы Драйзер КСРО-ға барып келуге келісіп, Октябрь революциясының он жылдық мейрамына қатысады. Ленинград, Киев, Харьков, Баку, Тбилиси және басқа кеңестік қалаларында болып, Владимир Маяковский және Сергей Энзенштейнмен кездеседі. Бұл сапардан кейін «Драйзер Россияға қарайды» атты кітапты жариялайды. 1930 жылдардың басында Харленде болған кен өндірушілердің көтерілісіне туралы хабар жариялаған үшін соттық иск қауіпі болған. Дегенмен, Драйзер газеттер мен радиодан өзінің көріністерін жалғастырады. Осы оқиғадан кейін 1931 жылы «Америкалық трагедия» шығарады. Драйзер жиі митингтерге катысып, коммунистикалық прессаға мақаларын жариялайды. 1945 ж. шілде айында АҚШ коммунистік партиясына кіреді. Теодор Драйзер 1945 ж. 28 желтоқсанында Лос-Анджелес қаласының маңындаға Голливудта қайтыс болады.

Шығармалары: Романдары-1900 —Керри әпке ,1911 —Дженни Герхардт,1912—Финансист ,1914—Титан ,1915— Гений ,1925—Америкалық трагедия ,1946— Оплот ,1947—Стоик.

Джордж Мередит (англ. George Meredith; 12 февраля 1828, Портсмут, Англия — 18 мая 1909, Боксхилл, Англия) — ведущий английский писатель викторианской эпохи.

Мередит родился в Портсмуте, Англия. Его дед и отец были поставщиками амуниции для военно-морского флота. Мать умерла, когда ему едва исполнилось пять лет. В четырнадцатилетнем возрасте его отправили учиться в Германию, в школу моравских братьев в Нойвинде, где он провел два года. Там он изучал право и получил свидетельство стряпчего, однако оставил профессию и посвятил себя журналистике и литературе. В 1849 женился на дочери Томаса Пикока, английского сатирика. Ему в то время был 21 год, ей 28, и для неё это был уже второй брак.

«Испытание Ричарда Феверела».В 1851 году вышла книга его стихов, до того публиковавшихся в периодической печати. Вскоре бурные события произошли в его личной жизни. В 1858 году его оставила жена, забрав с собой пятилетнего сына и вскоре после этого умерла. Эти события легли в основу его первого романа «Испытание Ричарда Феверела» (1859).

В 1864 он женится на Мэри Вальями и поселяется в графстве Суррей, где в будущем будет происходить действие его знаменитого романа «Эгоист». Здесь он продолжает писать романы, не оставляя, однако, и поэзии; чаще обращается к пейзажной лирике.

К концу жизни Мередит стал признанным мэтром английской литературы: после Теннисона он был президентом Общества авторов; в 1905 году был награждён Орденом Заслуг. В разное время его друзьями были Алджернон Чарльз Суинбёрн, Джеймс Мэтью Барри, Роберт Луис Стивенсон, Джордж Гиссинг.

Умер Мередит в 1909 в своем доме в Бокс-Хилле (Суррей).

Джеймс Генри Ли (19.10.1784, Southgate, Англия – 28.08.1859, Лондон) – английский поэт, писатель, эссеист, журналист, издатель и литературный критик. Сын священника, он получил классическое гуманитарное образование. В 1801 г. опубликовал первый сборник – «Юношеские стихотворения» («Juvenilia»). В пятнадцать лет он оставил школу и некоторое время работал в военном ведомстве, был театральным критиком и обозревателем газеты «News». Впоследствии Хант был редактором журналов «The Companion», «The Indicator» и «London Journal», писал статьи и эссе для этих и других изданий, продолжал заниматься литературным творчеством. Кроме выше названных, ему принадлежат: поэма «Captain Sword and Captain Pen» (1835); пьеса «A legend of Florence» (1840); роман «Сэр Ральф Эшер» (1832); работы по истории английского театра XVI–XVIII вв., эссе («Imagination and Fancy», 1844; «Wit and Humour», 1846; «Men, Women, and Books», 1847) и другие произведения. Профессор Вильсон из Эдинбурга называл Ханта «ярким поэтом и добродушным критиком». –– Его отец Исаак Хант – уроженец Вест-Индии, священник. Образование получил в Филадельфии.

 

 

Билет

1.Фома Аквинский.Ортағасырлық философияның белді өкілдерінің бірі Фома Аквинский (1225-1274 ж.ж.) орта ғасырлық котолик дінінің теологі, доминикандық – монах, ортадоксалдық схоластиканы жүйеге келтіруші. Париж және Кельн университеттерінде білім алады. Ұлы Альберттің шәкірті. Негізгі еңбегі – "Теология суммасы” (жиынтығы) Ф.Аквинскийдің обьективтік идеалистік философиясы Аристотель ілімін теологиялық тұрғыдан түсіндіру, аристотелизмді христиан дініне сай ықшамдау нәтижесінде пайда болды. Аристотель философиясынан Ф.Аквинский материалистік идеяларын алып тастап, идеалистік элементтерін (жаратқан иенің қозғалыссыздығы жайындағы ілімін) күшейту бағытында әрекет етті. Ф.Аквинский бойынша универсалиялардың үш түрі бар:Жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті)

Заттардың өздеріндегі (жекедегі жалпылық).Заттардың кейінгі түрі (адам санасында танылатын)Философияның негізгі принципі – сеніммен сананың үйлесімділігі. Оның пайымдауынша, ақыл Құдайдың болмысын саналы түрде дәләлдеп, сенімнің ақиқаттығына қарсы пікірді қабылдамайды, барлық өмір сүретін заттар құдайдың құдіретті бойынша қалыптасады. Ф.Аквинский Құдайдың болмысына 5 дәлел келтірді:1Қозғалыс: барлығы қозғалыста, яғни оларды қозғалысқа келтіретін күш бар. Алғашқы күш – Құдай. 2. Себеп: барлық тіршілік атаулы себепті, соған орай себепкер – Құдай.

2.Көне рим әдебиетінің Алтын ғасыры.Юлий Цезарь.Цицерон. Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батысжағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды.Римде құл иеленушілік қоғамның дамуы Грекия қоғамының дамуындай болды. Рулық құрылыстың күйреуі, құлиеленушіліктің өркендеуі, таптық қоғамның пайда болуы, құлдардың еңбегіне негізделген өндіріс, полистің (қала-мемлекет) дамуы мен күйзелісі – осының бәрі Грекия мен Римге тән болған. Экономикалық және саяси дамудың ұқсастығы болғанымен, Рим тарихының көптеген ерекшелігі болды. Ол тарихи және географиялық жағдайларға байланысты болды.Римде грек қоғамының өтіп кеткен өмірі қайталанады, бірақ ол күрделі және өзге түрде болады.Рим әдебиеті өзінің сұрақтарына дайын жауаптарды грек әдебиетінен тауып тұрды. Грек тарихының әр кезеңдерінде пайда болған дүниетану мен идеология рим қоғамының дамуына пайдаға асты. Римдіктер өз мәдениетінің әр түрлі салаларының (философия, дін, өнер, әдебиет) дамуына гректерден материал алып пайдаланды. Римдіктер гректерден алған материалды өздерінің тарихына, идеологиясына, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты.Рим әдебиеті грек және Батыс Еуропа әдебиеттері арасына байланыс жасады. Қайта өркендеу дәуірінде де, XVII-XVIII ғғ.да антикалық әдебиет тек рим әдебиеті арқылы танымал болды. Сол кездерде грек драматургтары Эсхил, Софокл, Еврипидтен гөрі рим драматургы Сенека танымал болған, ал еуропалық эпостан Гомердің поэмалары емес, Вергилийдің «Энеидасы» көбірек танылған. XVIII ғ. ғана грек әдебиетіне көңіл бөлінді, ал ХІХ ғ. рим әдебиетін дұрыс бағаламай, таза еліктеу әдебиеті деп қараған.Екі әдебиеттің көп ұқсастығы болса да, жас рим әдебиеті ерте дамыған грек әдебиетінен тәуелді болса да, рим әдебиеті грек әдебиетінің жәй көшірмесі емес. Оның да көп өзгешелігі бар. Рим әдебиеті грек әдебиетінің жанрларын пайдаланып, оларды өзгертіп, жаңа түрде дамытты. Мысалы, грек трагедиясында хордың қатысуы міндетті болды, ал рим әдебиетінде оның қажеттілігі болған жоқ.

Рим әдебиетінің дамуы, оның «алтын дәурі», Рим империясының пайда болуы мен күйреуі антикалық әлемнің дамуының соңғы кезеңіне келді.

Рим әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі әдеби латын тілінің дамуымен сәйкес келеді.

І. Ежелгі кезең – рим әдебиетінің пайда болуына дейін (б.д.д. 240 ж, дейін).

ІІ. Архаикалық кезең – Цицеронның әдеби қызметіне дейін (б.д.д. 240ж.- 81 жж.).

ІІІ. Рим әдебиетінің «алтын дәуірі»:

1) Цицеронның заманы – рим прозасының гүлдену кезеңі (б.д.д.81-43 жж.);

2) Августың заманы – рим поэзиясының гүлдену кезеңі (б.д,д. 43-14 жж.).

IV. Рим әдебиетінің «күміс дәурі» (14-117 жж.).

V. Соңғы императорлық кезең (117-476 жж.).

Б.д.б. І ғ. соңы мен б.д. І ғ. басын рим поэзиясының «алтын ғасыры» деп атайды. Римнің аса көрнекті ақындары осы уақытта өмір сүріп, өз шығармаларын жасап кетті.Рим театрыларында грек және рим драматургтарының трагедиялары мен комедиялары қойылды. Император Помпей Грекиядағы театр жұмысымен танысып, солардың үлгісі бойынша Римде тастан қаланған алғашқы театр салдырды. І ғ. Римде 50 мың көрермен сиятын атақты Колизей театры салынды. Грек жазушыларының шығармалары латын тіліне аударылды. Рим ақындарының өздері де көптеген тамаша дастандар мен өлеңдерді жазды.



Просмотров 2142

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!