Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Билет.Данте.Жаңа өмір.Трактаттары.Құдіретті комедия



Данте Алигьери (май 1265. Флоренция – 14.9.1321. Ровенна) – итальян ақыны. Дворян әулетінен шыққан. Жасынан теологиямен, философиямен, астрономиямен, орта ғасырлық схоластикамен терең шұғылданды. Флоренцияның саяси өміріне белсенді араласты. Көпестердің мүддесін жоқтаған «ақтар» партиясында болды. Қала дворяндарының партиясы – «қаралар» ақтарды жеңеді де, Дантені отқа өртеу, дүние мүлкін конфискелеу туралы үкім шығарады. Осыдан кейін Данте бүкіл Италияны шарлап кетеді. Өмірінің соңғы 6 жылын Ровеннада өткізеді. Данте Беатриче деген әйелге ғашық болады, оның өміріне арнап жыр шығарған. Бұл жыр мен Дантенің басқа да прозалық шығармалары «Жаңа өмір» (1292) ктітабына енген. Оның моральдық, философиялық трактаты саналатын қара сөзбен өлең аралас «Пир» (1307-1308) шығармасы мол кездегі ресми тіл – латын тілінде емес, итальян тілінде жазылған. Халық тілін қорғау ниетімен «Халық сөзі туралы» (1305) атты кітап жазды. Онла бүкіл Италия үшін біртұтас ұлттың тіл жасау жөнінде пікір айтқан. «Монархия ттуралы трактатында» (1312-1313) дүние жүзі монархиялық идеалды қорғады.

Дантенің дүние жүзіне даңқы шыққан әйгілі шығармасы «Құдіретті комедия» (1307-1321). Бұл поэманы орта ғасырлық мәдениетінің көркем синтезі деп санауға болады. Әдебиетке Данте орта ғасырдың ақырғы ақыны және жаңа заманның алғашқы ақыны болып кіреді. Бұл Италия қоғамының өтпелі дәуірін жан-жақты сипаттаған, бүкіл орта ғасырлық мәдениеттің философиялық-көркемдік түйіні іспеттес шығарма Данте өзі мұны комедия деп қана атаған, ал «құдіретті» деген сөз 16-ғ-да қосылды. «Құдіретті» деген сөз Данте поэмасының діни мазмұнын емес, оның поэтикалық шеберлігін көрсету үшін қолданған.

Комедия «Тамұқ», «Күнәдан тазару» («Ғарасат майданы»), «Ұжмақ» деп аталатын 3 үлкен бөлімнен (кантика) тұрады. Әр бөлімде 33 жыр бар. «Тамұқ» бөліміне қосылған 1 жырмен барлығы 100 жыр. Поэма 3 жол терцинамен жазылған. Оның композициясында 3 және 9 деген сандар көп кездеседі. Олардың мистикалық мәні бар. Бұл сандар христиандық діннің символдары болып табылады. Мысалы, Дантенің «Жаңа өмір» шығармасында 9 деген санға байланысты ақынның жеке өмірінде болған ең маңызды оқиғалар бейнеленген.

Поэманың фабуласы ортағасырлық клерикалық әдебиетте көп кездеседі. Бұл ол дүниенің құпиясын білгісі келген адам туралы әңгіме. Ондай тақырып Батыс Еуропа, ежелгі орыс және шығыс әдебиеттерінде кездеседі. ХІІ ғ. өмір сүрген араб ақыны Абенарабиде Дантенің поэмасына ұқсас шығарма болған. Данте араб тілін білген жоқ және ол кезде Абенарабидің шығармасы итальян тіліне аударылған жоқ, сондықтан Данте Абенарабидің шығармасына сүйенді деген пікір орынсыз.

Антик жазушылардан Данте поэмасының жазылуына үлкен ықпал жасаған Вергилий. Оның «Энеидасында» қайтыс болған әкесін көру үшін Тартарға түскен Эней батыр туралы баяндалады. Данте Вергилийдің тек қана сюжеттік детальдарын емес, оның өзінің бейнесін де пайдаланған. «Құдіретті комедияда» жер үстіндегі ақыл-ой бейнесіндегі Вергилийдің жетегімен күнәһар адамзат өкілі Данте тамұққа түседі. Одан күнәдан тазартатын тауға шығып, күнәдан тазарған соң, Беатриченің («құдіретті ақылдың» символы) жетегімен ұжмаққа кіреді, сөйтіп өмірін мәңгі бақи рақатта өткізеді.

Италия әдебиетінің ірі өкілі және ренессанстың алғашқы жаршысы Данте Алигерьи.

«Жаңа өмір»жинағы.Отыз өлеңнен құралған «Жаңа өмір» жинағы 1283-1291 жылдары жазылған.Мұнда ақынның сүйіктісі Беатричеге арнаған өлеңдері қамтылған.Ақынның өлеңдерде махаббаты,тәтті қиялдары Беатриченің мезгілсіз өлімінен соң,оны қоршаған қайғы қасіреттерімен араласып кеткен.Бұл жинақта мистика,символика элементтерімен бірге жаңа реалистік белгілер де бар.Дантенің трактаттары.Д.орта ғасырлық дәстүрлерге бағынбай,Сый-сияпат трактатын ескірген латын тілінде емес,итальян тілінде жазады.Д-ң латын тіліндегі Халық сөзі трактаты роман тіл білімі бойынша жазылған алғашқы ғылыми еңбек.Монархия туралы трактатында Данте папаның саяси билікке ұмтылуын сынап,империяның құқығын қорғайды.

2.Орта ғасырлық серілік роман.Серілік әдебиет орта ғасырларда ғы феодализм-ң орталығы болған Францияда пайда болды.Орта ғасырлардағы қала-ң пайда болуы мен дамуы,сыртқы сауданың өркендеуі,шығысқа болған жорықтар қоғамның мәдени өміріне де үлкен өзгерістер алып келді.Жаугершілік жүргізген серілер мен олардың әдет-ғұрыптары алғашқы табиғатын сақтаған күйі,жаңа қаһарман туғызды.Сері нәзік сезімді,сұлу және сөзге шешен де жан болуы керек деген талап қойылады.Сондай-ақ адамгершілік қасиеттерді қадірлейтін,әйелдерге ілтипатты сері ғана нағыз сері деп дәріптелді.Серілік лирика халық өлеңдері негізінде туғандықтан музыкамен орындалады,ал серілік роман мен повестер батырлық эпостар сияқты жыр түрінде емес,мәтін ретінде оқылады.

3. Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi - экзистенциализм(existentia,- латын сөзi,-«өмiр сұру», «тіршілік») философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екi Дұниежүзiлiк соғыстың арасында қалыптасты. ХХғ бiрiншi жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан қантөгiсте миллиондаған қыршын жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, заводтар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегi үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өзiнiң өшпес iзiн қалдырып, дүниетанып оны қайта өзгертуден гөрi, сол қайғылы замандағы адамның өмiр сүруiне, оның қайшылықтарға толы дүние тебiренiсiне, оның өмiрiнiң мән-мағнасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңiл бөлiнуiне әкелiп соқты.Мұндай ақуал, әрине, өткен ғасырда өмiр сұрген дат философы С.Кьеркогердiң, немiс философы Ф.Ницшенiң, француз ойшылы Б.Паскальдiң, орыс жазушысы Ф.Достоевскидiң ойларының өзектiгiн көрсетiп, олардың еңбектерi экзистенциализм бағытының теоретикалық қайнар-көзiне айналды.

Экзистенциализм философиясының негiзiн қалаған ойшылдарға Мартин Хайдеггер(1888-1976 ж.ж.)менКарл Ясперстi (1883- 1969 ж.ж.) (Германия), Жан-Поль Сартр (1905-1980 ж.ж.)менАльбер Камюдi(1913-1960ж.ж.) (Франция), Н.А. Бердяев (1874-1948 ж.ж.пенЛ.И.Шестовты(1866-1938 ж.ж.) (Ресей), Виктор Франклдi (1900 ж.) (Австрия), Хосе Ортега-и-Гассеттi (1883-1955ж.ж.) (Испания)жатқызуға болады.Сонымен, ХХғ Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен адамгершiлiк құндылықтарына деген сенбеушiлiктi тудырып, трагедияға толы адам мәселесiн тiкелей философиялық таразыға салды. Бұл саладағы анықталған ең бiрiншi жаңалық - зерденiң негiзiнде ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен нәзiктiгiнiң өсуi. Мұндай күрделену мен қатар қатыгезденiп жатқан дүниеде тұрақтану үшiн адам ең алдымен өзiнiң iшкi өмiрiн талдап, соның негiзiнде өзiнiң мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн ашуы қажет. Мұндай адам өмiрiне қас дүниеде адам өзiнiң рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керектi нәрсе - ол зат, материя , я болмаса идея, таным философиясы емес, негiзiнен алғанда,-адам философиясы. Ал адамға келер болсақ, ол, әрине, ешқандай объект, өндiрiстiң, я болмаса , танымның құралы емес - ол субъект - ерiктi, өз-өзiне жеткiлiктi, жауапкершiлiктi болмыс.

Жоғарыда айтылған жалпы мiнездеменi нақтылай келер болсақ, онда экзистенция (өмiр сұру) мен эссенция (мән-мағна) ұғымдарының осы философияның негiзiнде жатқанын байқаймыз. Егер бүүкiл жануарлар әлемiндегi тiршiлiк өзiнiң мән-мағнасымен бiрге бұл дүниеге келер болса, адам ең алдымен бұл дүниеге келiп, неше-тұрлi қиын-қыстақ жағдайлардан өтiп барып, көп уақыттан кейiн ғана өз өмiрiнiң мән-мағнасына ие болады. Яғни, адамның өмiр сұруi оның мән-мағналыққа жетуiнен анағұрлым алда жұредi. Мысалы, Африкада, я болмаса, Амазонканың бойында өмiр сұретiн крокодил жағаға шығып, жұмыртқалап, оларды ыстық құмның астына көмедi. Уақыты келген кезде, жұмыртқалардың қабығы жарылып, iшiнен кiшкентай крокодилдер жер бетiне шығып, дереу шөлге қарай емес, суға қарай жұгiредi. Крокодил осылайша миллиондаған жылдар бойы өмiр сүрiп жатыр. Ол өз мән-мағнасымен бiрге өмiр сүруге келедi! Ал дүниеге келген сәбидi алар болсақ, ол анасыз өмiр сүре алмайды, оны көп жылдар бойы тәрбиелеп өсiру қажет, содан кейiн ғана ол өз өмiрi жайлы сұрақтарды өз алдына қойып, өмiрiнiң мән-мағнасын ашуға тырысады.Экзистенциализм философиясында “шекаралық ақуал² деген категорияға көп көңiл бөлiнедi. Ол - өмiр мен өлiмнiң екi арасында қалу, ұрей мен алаңдау, түңiлу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай адам өмiр сүруiне қауып тұскен жағдайда, оның жан-дұниесi терең сiлкiнiске ұшырағанда,“өмiрде-болу² тебiренiсiнiң негiзiнде ғана адам тез пiсiп-жетiлiп, өз өмiрiнiң қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән-мағнасын терең аша алады.Экзистенциализм философиясы адамның ерiктiлiгiне ерекше көңiл бөледi. Ерiктiк - “қажеттiктi тану², я болмаса, “табиғи дарынды iске асыру² емес, ол экзистенциямен, яғни, өмiр сүрумен тең. Адам дегенiмiз өзiн өзiнен жасайтын пәнде. Ол өзiнiң өзiндiк жоспар-бағдарламасы. Бұл дүниеде ешнәрсе адамды билей алмайды. Адамның себебi тек өзiнде ғана, ол өзiне “Causa sui². Ал ерiктiк дегенiмiздiң өзi - таңдау. Адам ерiктi пәнде ретiнде ойына не келсе, соны iстей алады. Бiрақ, сонымен қатар, ол өз iстерiне жауапты өзi ғана беруi қажет. Сондықтан, Ж-П. Сартр “ерiктiк дегенiмiз - адамға артылған адамгершiлiктiң ауыр жүгi²,- деген болатын. Адам тек өз iсiне ғана емес, басқаларға да жауапкершiлiктi. Ол өз-өзiн жете түсiнудiң арқасында басқалардың да терең сырын өзiне аша алады.

 

 

12 билет. 1.Ренессанс дәуіріндегіәдебиет;Гуманизм.Қайта Өрлеу кезеңін дәуірлеу. Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) – Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырдық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі. Бәрінен бұрын адам көзқарасындағы төңкеріс Италияда басталды (14-16 ғасыр, шамамен айтқанда, басқа елдерде 15-16 ғасырлардың соңы). Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің негізгі ерекшеліктері – шынайылық, гуманистік дүниетаным, көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді.Тез өзгеріп тұрған дүниеде барлығы да «құдайдың еркімен» болды дегенге сенім азая берді. Адамның күші мен қабілетіне деген сенім қайта жанданды. Жаңа мәдениеттің қайраткерлері көңілдерін ең алдымен адамға және оның ісіне аударды. Сондықтан оларды гуманистер (латынша – «гуманус» – адамгершіл) деп атады. Бұл жаңа дүниетанымның қалыптасуына әртүрлі мамандықтағы, әртүрлі әлеуметтік дәрежедегі адамдар – сол дәуірдегі қала интеллигенциясы (зиялы адамдар, қауым) – ақындар, философтар, суретшілер, мүсіншілер үлес қосты. Гуманистер озық ойдың еркін дамуына кедергі жасайтын орта ғасырлық моральға сүйенген дәстүрлер мен догмалық ережелерді өлтіре сынады: ғылыми зерттеу еркіндігіне жол ашылды.Қайта өрлеу дәуірі гуманистік рух (адамгершілік), табиғат пен адамды зерттеуге негізделген мінез-құлық және сұлулық нормаларын тапты. Гуманист-жазушылар табиғатты жырлады, оның сұлулығына масаттанды. Жазушыларды енді ойдан шығарылған «әулиелер» емес, тірі адамдар, олардың қуанышы мен күйініші қызықтырды. Олар өз заманының оқиғаға толы өмірін жазды, өлеңдерінде адамның күшті сезімін жырлады. Гуманистік рух ұлттық дәстүрді ілгері дамытып, тарихи жаңа жағдайларға сай жаңаша түсіндірді. Гуманистер өмірдің мақсаты мен жоғары бақыт құдайға құлшылық етуде немесе әскери ерлік жасауда емес, адам мүддесі үшін еңбектенуде деп білді. Гуманистерді жан-жақты дамыған адамдар, рухы да, денесі де, ақыл-ойы да, сезімі де тамаша адамдар қызықтырды. Гуманистер феодалдық тәртіпті сынай отырып, оны түгелімен жоққа шығарған жоқ. Олар билеуші тапты білімдендіру жолымен өмір сүріп тұрған құрылысты «жөндеуді» армандады; халық олардан өз тұрмысын жақсартуды күтуі керек.

2.Ортағасырлық Серілік роман. 13 ғасырдасарай маңы, серілік бағыттағы — куртуаздық әдебиет және қалалық әдебиет пайда болды. 14 — 15 ғасырларда ақындар куртуаздық лирика әдістерін дамыта отырып, бұрынғы поэтик. тақырыптарды жетілдірді. 14 — 15 ғасырлардағы серілік романдар ұлттық мәселелер мен фольклорлық әуендерге толы болды (“Мелюзина”, 14 ғ., “Жан де Сантре тарихы”, 15 ғ.). 15 ғасырдың соңында Франция Қайта өрлеу дәуіріне өтті. Италиямен қарым-қатынас күшейіп, кітап басу ісі дами бастады, антикалық дүниеге деген қызығушылық өсті.

3. Модернизм (итал. modernismo, лат.modernus – жаңа, қазіргі) – XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы.

Модернизм қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм авангардтық және декаденттіксатылардан өткенімен, олардан айырмашылығы болды.

Модернизмнің негізгі бастауы ретінде.А.Бергсонның - интуитивизмі,Э.Гуссерльдің - феноменологиясы,З.Фрейдтің психоталдауы,С.Кьеркегор, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Н.Бердяев, т.б. - экзистенциализмі танылды.

Модернизм жеке тұлға санасын рухани ауытқулармен байланыста қарады. Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты. Мысалы, Г.Марсель менЖ.П.Сартрдың қоршаған әлемді қатыгез, қарама-қайшылыққа толы дейтін пікірлері. Э.Хемингуэй, У.Фолкнер, Г.Грин, Ф.Мориак, А.Миллерге модернизм әсер етсе, М.Пруст, Д.Джойс, Ф.Кафка, Р.Музиль, А.Белый, П.Валери, Ж.Жироду, Ж.Кокто, Ж.Ануй секілді суреткерлер осы ағымдарды ұстанды. Жалғыздық қасіреті, қоршаған ортаны адамның жатсынуы модернизм өкілдерінің Модернизм шығармаларында айрықша көрініс тапты. Алайда модернистік шығармаларда дағдарыс себептері айқындалмады.Модернизм өнердегі мифологиялық тәсілді жандандыруды көздеді. Мифтік ойлау арқылы қоршаған орта болмысын тану П.Валери, Т.С.Элиот, В.Иванов,В.Хлебников, У.Б.Йитс, А.Белый, т.б. шығармаларынан байқалды. Олардың туындыларында мистикалық жүйе қалыптасып, кейіпкерлері нақты тарихи уақытта емес, өткен, келер шақтар түйісіп жататын мифологиялық уақытта өмір сүрді. Оқиға шартты түрде бірнеше сағаттарда немесе бір күнде өтті.Модернизм ықпалы қазақ әдебиетінде де байқалды. Онда адам табиғатының трагедиялығы, болмыстың адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы, қатыгездігі жайлы ойлар айтылды. М.Әуезов әңгімелерінде, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов шығармаларында трагедиялық бейнелер бой көрсетті. Адамның өмірдегі панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін, табиғатты жатсынуын бейнелейтін шығармалар 1960 – 1980 жылдары қазақ әдебиетінде көбірек кездесті. Мысалы, Ә.Кекілбаевтың “Шыңырау”, “Аңыздың ақыры”, Д.Исабековтың “Сүйекші”, “Тіршілік”, О.Бөкейдің “Мұзтау”, “Жетім ботасы”, т.б. шығармалар.

 

 

13билет.1.Петрарка.Итальян гуманизмінің негізін салушы Франческо Петрарка өз өмірінің көп бөлігін антикалық мұраларды үйренуге арналған ғалым,ақын ретінде ерекше даңққа бөленді.Оның әкесі Дантенің жақын досы еді,ол да 1302жылы қара гвельфтердің қуғынына ұшырап,Флоренциядан қашып,Ареццода бас сауғалайды.Петрарка 1304жылы осы жерде дүниеге келеді.Әкесі 1312жылы отбасымен Францияның оңтүстігіндегі папа тұратын Авиньон қаласына қоныс аударып,сол жердегі сарайға қызметке орналасады.Жас Петрарка болса,қала маңындағы қыстақта жасап,латын тілі мен көне Рим әдебиетін оқып үйренеді.Соңынан ол құқықтанумен айналысады.1326жылы ата-анасынан айрылған Петрарка оқуын тастап, Авиньонға келіп діни қызметке орналасады.Бұл жағдай оны папа билігіне жақындастырады.Сарайдағыалаяқтықтар,сатқындықтар,шіркеу мансаптарының сатылуы сияқты жағымсыз әрекеттер ақынның ызасын оятады.Ол діни қызмет атқарғанымен,өте замангөй адам болатын.Петрарка өзінің сұлу Лаураға арналған алғашқы өлең сонеттерімен Рим жұртшылығына таныла бастайды.Ғылым-білімге жаны құмар,абыройлы Рим дворяны Джованни Колонна 1330жылы Петрарканы өз сарайына қызметке шақырып антик жазушылардың шығармашылығын үйренуіне жағдай туғызады.1333жылы ақын Франция,Германия,Фландрияға саяхат жасайды.1337жылы Римге барып,қаланың тарихи-мәдени ескеркіштерімен танысады.Авиньонға оралған соң,Петрарка бұл қалада қалғысы келмейді.Сондықтан қаладан бес шақырым жердегі Воклюз қыстағына келіп,сол жерде жалғыз өмір сүре бастайды.Петрарканың латын тіліндегі Африка поэмасы,Лаураға арнаған көптеген өлеңдері де осы жерде туады.Бұл щығармалар ақынға үлкен даңқ алып келеді.Петрарканың латын тілінде жазылған «Африка»поэмасы 1338-1342 көне Рим классикалық әдебиетінің ірі туындысы болған Вергилийдің «Энеида»поэмасының әсерінде туды.Аяқталмаған бұл шығармада ақын Римнің ұлттық батыры,Африканы бағындырған Сципионның жеңістерін суреттейді.Петрарка өз поэмасын сюжетті Рим тарихшысы Тит Ливийден алды.Ақынның дінге қарсы көзқарасы Италияның ұлттық тәуелсіздігін қорғау идеясымен араласып кетеді.Поэмада отансүйгіштік рухты бейнелейтін күшті лирикалық моменттер өте көп.Петрарка өзінен бұрын өмір сүрген Прованс жыршылары мен итальян ақындары сияқты махаббат лирикасымен де айналысты.Ол 1327жылы шіркеудегі ғибадат кезінде бір әдемі жас әйелді көріп оған ғашық болып қалады.Өз өлеңдерінде осы сүйген әйелін Лаура есімімен жырлай бастайды.1348ж бұл әйел қайтыс болады,бірақ ақын сол сұлуға арнап жыр жазуын тоқтатпайды.Ақынның сүйіктісі туралы өлеңдері»Канцоньере»деп аталады.Соңынан бұл кітапты Мадонна Лаураның өмірі және Мадонна Лаураның өлімі деп екіге бөледі.Лаураға арнаған бірінші өлең 1330ж жазылған.Петрарка сұлулықты мейірімділікпен тең деп қабылдамайды.Оның сүйіктісі Лаураның бойындағы қасиеттер шынайы.Лаура адамды өзіне ынтық ететін сұлу болғанымен,ғашықтыққа селқос қарайтын жан.Шығармада ақын жүрегіндегі екі түрлі махаббат-көтеріңкі рухани махаббат пен шынайы жауапсыз мах-т ортасындағы қарама-қарсылық өз көрінісін тапқан.Жинақтың Лаура өліміне бай-ты бөлімінде ол өз сүйіктісінің мейірімсіздігіне өкінбейді,қайта оны жоқтап қайғы-қасіретке батады.Лаура серілік лирикада сомдалған мейірімсіз ханымға мүлде ұқсамайды.керісінше ақын зарын тыңдайды,оны жұбатады.Лаураның өлімінен соң ақын жүрегінде туған сезімдер арпалысы аяқталады.Сонда да Петрарка Лаураны ұмытпайды.

2. Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі Мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды. Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдыңдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады. Ағылшын мәдениеттанушысы Э.Б. Тайлор (1832 – 1917) “Алғашқы қауымдық мәдениет” атты еңбегінде Мифтер мен діни нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады. Г.Спенсер (1820 – 1903) Миф – таным құралдары мен мүмкіндігінің шектеулілігінен туындаған құбылыстардың сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Дж.Фрезер үшін Миф – магиялық әрекетті ақылға салып, әдеби тіл арқылы пайымдау.]Психологиялық мектеп пен оның өкілдері (В.Вунд, Л.Леви-Брюль, З.Фрейд, К.Юнг) Мифтік шығармалар негізінде алғашқы қауым адамының дүниені қабылдау ерекшеліктері жатыр, ол бір нәрседен туындаған сезімдерді, эмоцияларды сол құбылыстың немесе нәрсенің өзіне тән қасиеті ретінде қабылдады деп санайды. 20 ғасырдағы әлеуметтік антропологияда Б.Малиновский (1884 – 1942) мен К.Леви-Строс (1908) теорияларының ықпалы жоғары болды. Малиновскийдің пікірінше, миф – құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, шындық ретінде пайымдалған сенімнің көрінісі. Леви-Стросс жеке мифті емес, олардың жиынтығын таңбалық модельдендіруші жүйе ретінде қарастырады. Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап көрсетеді: а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер; ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы мифтер; в) фантастикалық және метафоралық мифтер; г) әлеуметтік-саяси және тұрмыстық мифтер. Космогониялық мифтердің басты тақырыбы – “киелі тарих”, дүниенің, адамның, тағы да басқа жаратылуы.Әдетте,мифте жаратылыс уақыты киелі сипатқа ие болып, үлгі ретінде құрметтеледі. Мифте әрбір объект, әрбір іс-қимыл басқа объектілермен, іс-қимылдармен ұштасып жатады. Мифтік бейнелер субстанциялық сипатта, нақты, шынайы нәрселер ретінде қабылданады. Мифке метафоралық тән емес, өйткені миф бәрін шындық ретінде бейнелейді. Тек кейіннен мифтің тілдік құрылымында метафоралық ерекшелік қабылданды. Миф архаикалық сана үстемдік еткен дәуірде пайда болғанымен, кейінгі мәдениеттерде де сақталып қалды. Мифтік уақыт туралы сөз еткенде оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру қажет. Ұжымдық тәжірибе мен әдет-ғұрыпты арқау еткен қоғамның қуатты болжау мәдениеті болуы шарт. Бұл табиғатты, әсіресе аспан шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып, соған сәйкес теориялық танымның өркендеуіне әкелді. Кейін мифтік дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бірақ ол уақыт ағынында жоғалып кетпей, көмескі сана мен архетиптік жадынан орын алды. Қазақтың арғы ата-тектерінің дүниені мифтік тұрғыдан түсінуі әлемдік үлгілермен сабақтас. Көк Тәңірі, Жер-Су мен Ұмай ананы айтпағанның өзінде, түркі халықтарының арғы ата-тек туралы түсініктері тарихтың алыс қойнауларында қалыптаса бастаған. Көк бөрі туралы аңыздар, сондай-ақ көркем шығармаларда бейнеленген тотемдер мифтің әсерлі белгілері саналады. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тотемдік ұғымдар сақталғанымен, олардың нақтылы көріністері өзгерді. Мифтік уақытты басқа типтер ауыстырған соң да тотемдік түсініктер халық жадында архетиптік қызметін атқарып, басқа рәміздер мен таңбаларға айналды. Мысалы, жаугершілік және бостандық үшін күрес заманында Көкбөрі қайсарлыққа шақырған рәміздік рөл атқарған.

3.Эмиль Золя (2.4.1840, Франция, Париж – 29.9. 1902, сонда) – француз жазушысы.Экс қаласындағы колледжді (1858), Париждегі лицейді (1860) бітірген. “Клодтың өсиеті” деген алғашқы романы 1865жылы жарық көрді. “Ругон Маккарлар. Екінші Империя заманындағы бір отбасының табиғи және әлеуметтік тарихы” атты 20 кітаптан тұратын романдар сериясын (1871 – 93), “Үш қала” трилогиясын (“Лурд”, 1894; “Рим”, 1896; “Париж”, 1898), “Төрт інжіл” тетралогиясын (“Өсімталдық”, 1899; “Еңбек”, 1901; “Шындық”, 1903; “Әділеттік” аяқталмаған). “Нинон ертегілері” (1864), “Нинонның жаңа ертегілері” (1874), “Капитан Брюль” (1882) новеллалар кітаптарын, т.б. жазды. Золя әрқашан демократияны жақтады, әскери реакция мен діни астамдықты айыптады. “Әңгімелер мен мақалалары” (1956), “Наурыз” романы (1984; аударған

М.Нұртазин) қазақ тілінде жарық көрген

 

 

Емтихан билеті №14

1. Боккаччо Джованни Боккаччо (итал. Giovanni Boccaccio; 16 маусым 1313, Париж, Франция — 21 желтоқсан 1375, Чертальдо, Италия) — итальяндық жазушы әрі ақын, бұрынғы Қайта өрлеу дәуірі әдебиеті өкілі.Сонеттер, пасторалдер, «Фьямметта» (1343, 1472 жылы жарияланған) психологиялық повесті антиктік мифологиялар сюжеттері поэмалар авторы. Басты шығармасы - «Декамерон» (1350—1353, 1470 жылы жарияланған) новеллалар кітабы, гуманистік идеяларға жататын, антиклерикализм мен сөз бостандықты рухы бар, аскетикалық моралді қабылдамау, жарқын әзілді және сан қилы италяндық қоғам әдет-ғұрпының көрінісі бейнеленген.Боккаччо өз кезеңінде Петрарка сияқты жоғары атаққа және құрметке ие болған жоқ. Оның шығармашылығы әлемдік деңгейге жеткен жоқ. Ол европалық гуманизмнің басшысы болған емес, ол тек «төменгі», яғни сол кездегі новелла жанрын дамытқан талантты итальян жазушысы болды . Бірақта Боккаччо шығармаларында итальяның Қайта өрлеу дәуірінің толық және бірінші демократиялық этаптың ерекшеліктері айқындалып бейнеленген. Жан - жақты Қайта өрлеу дәуірінің Италья мәдениеті Боккаччо шығармасында ерекше айқын ұлттық аспектер арқылы бейнеленген .Боккаччоның негізгі мақсаты - ескі махаббат туралы повесті жаңа көркем әдеби түрінде көрініс беру. Ол антика құдайларын негізгі әрекет етуші етеді және романында мифологиялық түрді кең қолданады, сонымен қатар ортағасырлық элементінде сақтаған. «Филоколо» шығармасынан кейін шағын «Филострато» поэмасын жазады. Онда ол бірінші рет итальяндық әншілердің халықтық сегізжолдық шумағын - октаваны қолданады. «Филострато» сюжеті «Троя туралы романынан» Итальяда латын тілінде айтып жүрген Бенуа да Сент - Мора труверінен осы романындағы Троил мен Бризеиданың махаббатын эпизоды етіп алып, кейінен Шекспир өзінің Троил мен Прессида комедиясын драма үлгісінде жазады. Бокаччоның жас кезіндегі үшінші шығармасы антикалық сюжетке құрылған поэма - «Тезеида» (1339). Бұл шығарманың атауы классикалық эпопеяны еске түсіруі, «Марстың қиын жұмыстары» яғни Грециядағы әйгілі эпостың туындауына қарсы екенін куәландырады . Келесі ығармасы «Амето» (1341) Флоренцияда өлең және проза түрінде жазылған. Бұнда тек сезімді суреттемей - ақ, малшының өмірін антикалық буколикалық поэзияны қолданып, бейнелейді. Оны нағыз суретші - реалист түрінде бейнелейтін жастық шағындағы елеулі шығармасы «Фьяметта» . Проза түрінде жазылған повесть батыс Европа әдебиетінде алғашқы психологиялық роман болып табылады. Боккаччо сүйіктісінен айырылған әйелдердің қайғы - мұның , сезімін шебер суреттейді. Бұнда монологиялық әңгімелеу формасын қолданады. ұрын адамдар тек құдайға сенген,олардың ойынша политейзм философтар мен ақындар еңбегі арқылы пайда болды. «Әйгілі әйелдер»деген еңбегінде Петрарканың «Әйгілі адамдар» атты кітабының жалғасы іспетті. Ол осы шығармалары арқылы әйелдердің өмірі, Евадан бастап Роберт неополитан қызы Джованнадан аяқтайды. Шығарманың көп бөлігі антикалық әлемнің кейіпкерлеріне арналады .

2. XX ғасырдағы шетел әдебиеті. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында француз әдебиеті мен рухани өмірінің аса қуатты бөлігінің біріне айналған реализм өз кезегінде көптеген романтиктер шығармашылығының дамуына игі әсерін тигізді, атап айтқанда, ол кемелденген Мюссе, Жорж Санд, Гюго шығармашылықтарынан көрініс тапты.Енді француз романтизмінің жаңа заманы, романтикалық идеялар мен түрлердің тазалану, жаңғыру, түрлену, түрлеу, яғни қайта өрлеу дәуірі келіп жетті. Табиғаты терең, мазмұны сан алуан, пішіндік болмысының қыры көп осы дәуірдің көркемдік келбетін, эстетикалық сырын танытатын шығармалар қатарынан Альфонс Ламартин, Виктор Гюго туындыларын айрықша атап көрсетуге болатыны даусыз. Француз романтизмінің айрықша белгілері, өзіндік бітім-болмысы аталмыш ақын-жазушылардың шығармашылығымен тығыз байланысты.Альфонс Ламартин (1790 – 1869) Шығармашылық ғұмырнамасы. Альфонс Ламартин Франция поэзия көкжиегінде ХІХ ғ. 20 жылғы ең жарық жұлдызының бірі ретінде көзге түсті. Ламартинның танымал өлең жинақтары “поэтикалық ойлар” (1820), “Жаңа толғаныстар” (1823), “Поэтикалық және діни үндестік” (1830). Бұл жинақтарда Жозеф де Мэстрға, Шатобрианға, Бональдқа арналған одалар болғандықтан және оның поэзиясында діни өлеңдерге көп орын берлігендіктен, қайта жаңғыртушылар оны бірден өзінікі деп танып, әдеби ғана емес, саяси сый-сияпатқа да бөлеп тастады. Ол әдеби салондарда да, дипломатиялық істерде де жарқырап көзге түсті. Бірақ Июль революциясы қарсаңында Ламартин күтпеген жерден өзінің Бурбондар сарайының ресми саясатымен келіспейтіні туралы мәлімдеме жасап, қызметінен кетілді де, Июль революциясына ұстамды болса да қолдау танытып, либералдар партиясына кетеді. Француз жұртшылығы әу бастан-ақ Ламартиннің әуезді де мұңға толы өлең- жырларынан тек діни және монархистік сарындарды ғана емес, басқа да өз жүректеріне тым жақын ырғақтарды сезініп, соларды бағалай білген еді. Ламартин өзінің ең жақсы өлеңдерінде ерекше бір ойшыл, сезімтал, даңғазасыз, оқшаулығы басым ақын ретінде көрінді. Оның ең сүйікті жанры лирикалық элегиялардың өзі сол кезеңде жоғары классикалық үнді одаларының немесе рококо дәуіріндегі сезімтал өлеңдердің дәстүрінде қалыптасқан француз поэзиясы үшін жаңалық еді.Алайда бұл өлеңдердегі жанға жайлы әуез шын мәнінде мәнерлі дәстүрлі сөз саптауларын жоққа шығармайды, тек оны өзгеше бір сезімталдық өріске бағыттайды.Пьер Жан Беранже (19.8.1780 – 16.7.1857)Француз ақыны. 1798 жылдан бастап өлең жаза бастаған. Беранже ода, гимн, дифирамб сияқты көтеріңкі жанрларды жасаушылардың бірі. Оның өлеңдері марш әні, үндеу әні, памфлет әні, сатиралық ән, публицистика, элегия болып келеді. Реставрация дәуірінде Беранже өзінің уытты сатираларында король өкілетін («Шексіз аз»), эмиграцияда жүрген топас дворяндарды («Маркиз де Караба», «Ақ кокарда»), католик дін иелері мен иезуиттерді («Әулие әкелер», «Албастының ажалы»), реставрация дәуірінің барлық қайшоқпарын селтіре сынады. Оларға қарсы Наполеон солдаттарының («Қарт сержант», «Қарт капрал») ұнамды бейнелерін жасайды және оларды отанның нағыз адал ұлдары деп есептейді. Осындай еркін байлылығы мен саяси сатиралылығы Беранже екі рет сотталып, абақтыда отырады. Беранже 1830 жылғы шілде революциясына қатысты, оның жеңісін жырлады. Ақын халықты бақытқа жеткізудің жолын утопиялық социализм идеяларынан іздеді. Солардың басшыларын мадақтады. 1840 жылы халық наразылығы оның «Топан су» атты өлеңінен айқын сезіледі. К.Маркс Беранжені «өлмейтін ақын» деп атады. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.П.Добролюбов оның әдеби мұраларын жоғары бағалады. Беранже өлеңдерін алғаш рет орыс тіліне аударғандар Н.И.Дмитриев пен А.А.Дельвиг болды. 1850 ж. В.С.Курочкин мен М.М.Михайлов аударған өлеңдері халық арасына кең тарады. Совет ақындары П.Антокольский, В.Дмитриев, В.Левик, Вс.Рождественский де Беранже өлеңдерінен тамаша аудармалар жасады. Беранженің бірен-сараң өлеңдері қазақ тіліне аударылды.



Просмотров 4556

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!