Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Сатиралық-юморлық реализм: Г. Манн, Марк Твен, О. Генри. 2 часть



2 Испаниядағы қайта өрлеу дәуірі.ХІV-XVI ғ Бұл дәуірде эпикалық поэзия кең дамыды. Тарихи, дидактикалық, аңыздық діни поэмалар кең дамыды. Эрсильяның «Араукана» атты көлемді эпопеясында үнді араукан тайпасынан шыққан чилилердің испан билігіне көтерілісі суреттелді. Шығармада тайпа қаһарманы Каупаликаның ерлік күресі, әйелдердің мхбт сеңгелдеңдері суреттелді. Осы дәуірде испанияға тән отарлау, басқа халықтарға мәдениет тарату баяндалды.

3.Жан Расин 1639 жылдың 21 желтоқсанында Ферте-Милон қаласында провинциялық сот шенеунігінің жанұясында дүниеге келеді. Әке-шешесінен ерте айырылған ол, әжесінің қолында тәрбиеленеді. Әжесі өз кезегінде немересін Бове қаласының колледжіне, содан кейін Пор-Рояльдегі Гранжа мектебіне орналастырады. Мектеп мұғалімдері янсенистер болды. Ол билік құрған католиктік шіркеуге қарсы діни қауымның бірі еді.Янсенистер өз діни сенімдеріне адал, мейірімді болды, сондықтан да өз тәрбиелері арқылы Расиннің жүрегінде терең із қалдырды. «Янсенистердің оқыту әдісі иезуиттердің схоластикалық әдістерінен өзгеше болғандықтан, Расин мұнда филологиямен шұғылданады». 1әд Ол өте сезімтал, діншіл, арманшыл болып өсті. Расин поэзияға жастайынан ғашық болды. Софокл мен Еврипидті жатқа білді. 1658 жылдың қазанында Расин Гаркур колледжіндегі оқуын жалғастыру үшін Парижге келеді. Философия ғылымдарына жас ақынның қызығушылығы аз болды.1660 жылы Париж жас король Людовик ХІҮ-нің үйлену тойын тойлайды. Осы жағдайға байланысты ақын «Сена нимфасы» атты мадақ өлеңін жазады. Шаплен есімді танымал ақын жас Расиннің талантын мойындап, оның дарынды ақын екендігін Людовик ХІҮ-нің беделді министрі Кольберге айтып, ол болса корольге жеткізіп, Расинге әдебиетші ретінде жүз луидор көлемінде пенсия тағайындайды. Расин осылайша ресми түрде танылады.Көреген Мольер жасырынып жатқан шын дарынды сезіп, оған ақыл-кеңес береді. Расин оның нұсқаулары бойынша жұмыс істей бастайды. 1664 жылы оның алғашқы трагедиясы «Фиваида» қойылады. Бір жыл өткен соң Расин «Александр» трагедиясымен бүкіл Париждің назарын өзіне аударады. Оны француз «трагедиясының атасы» Корнель де байқайды. Кейіннен Расин Мольер театрын тастап, Пти-Бурбон театрына кетеді. Көп ұзамай, Расин ұлттың ең таңдаулы деген қырық мәдени қайраткерлердің қатарына ілініп, Академия мүшесі болып қабылданады.Расиннің танымал туындылары: «Андромаха» (1667), «Британик» (1669), «Баязет» (1672), «Митридат»,«Авлидтегі Ифигения».«Федра», «Эсфирь»,«Аталия».Расин арнайы теориялық трактаттар жазған жоқ және өзінің эстетикалық ұстанымдары жөнінде трагедияларының алғысөзінде қысқаша айтып өтті. Бұл ұстанымдар жалпы қабылданған классицистік теорияның шеңберінен шықпайтын.Расин классицистік театрдың кемшіліктерін де ашық көрсетті, яғни сұмдық оқиғалардың қоюлығы, ұзын сонар декламациялар, сахналық әрекеттің әлсіздігі, бір сөзбен айтқанда ХІХ ғасырда романтиктер классицистік театрға қойған кінәраттардың барлығын сол ХУІІ ғасырдың өзінде-ақ атап көрсетті. «Классицистер эстетикасы қағидаларын негізге алған драматург «үш бірлік» ережесіне бағынады, сюжетті антик әдебиетінен алады. Сахнада билік өкілдері мен оларға жақын тұрған тұлғалар көрсетіледі. Жалпылық көріністерден бас тартады. Қатысушылар санын азайтады. Сахнадағы оқиға қаһармандардың әрекетімен ашылмайды, болып өткен яки болып жатқан оқиғаларды сөз арқылы баяндап берумен шектеледі. Ол қаһармандардың тек жақсы жақтарын ғана емес, сонымен бірге кемшіліктерін де көрсетеді. Расин гуманистік идеяларды қорғап, билік өкілдерінің озбырлығына негізделген саясаттарды сынға алған ең жақсы трагедияларында прециоз әдебиеттің қасаңдығын, классицизмнің шартты маңыздылығын да жеңіп шығады» Корнель - адам күшінің жыршысы болса, Расин - әлсіздігінің жыршысы болды. Расин бірнеше саяси трагедиялар жаған – «Британик», «Баязет», «Аталия». Мұнда да ол Корнельге мүлдем ұқсамайды. Оның саяси позициясы өзгеше. Расин шығармашылығанда мемлекеттік деспотизм тақырыбы көтеріледі. «Аталия» трагедиясы автордың көзі тірісінде қалың оқырманға жеткен жоқ. Сен-Сира пансионының қыздары бұл пьесаны бірнеше рет король үшін сарайда қойған еді. «Аталия» пьесасы «Эсфирь» секілді інжілдің діни өлеңдерін айтатын хормен сүйемелденіп отырды. Қойылым ғибадат етіп жатқандағыдай салтанатты литургиямен көркемделген еді. Трагедияның сюжеті інжіл мифологиясынан алынған. Расин трагедиялары француз театрларының репертуарына енді, оның кейіпкерлерін Францияның ғана емес, басқа да елдердің мықты актерлары сомдады. ХУІІІ ғасырдағы орыс әдебиеті үшін Расин трагедиялары жоғары классикалық трагедияның озық үлгісі болды.1685 – «Әлемнің идиллиясы»,1693 – «Пор-Рояля туралы қысқаша әңгіме»

\

 

№17 билет. 1.Францияда классицизмбағыты негізінен драматургияда және прозада эстетикиалық норманың қатаңдығының нәтижесінде кеңнен көрініс тапты. Сонымен бірге бұл бағыт жаңа өзіндік ерекшелігі бар жаңа жанрды дүниеге әкелді. Бұл афоризм жанры. XVII ғасырда Францияда бірнеше жазушы – афористер болды. Біз олардың қызметін қалай түсінеміз. Жазушы – афористер деп біздер не роман, не повесть, не новелла жазбайтын, тек өз идеялары мен өмірлік тәжірибелерінің нәтижесінде түйген ойларын қысқа, мағыналы прозалық миниатюр ретінде жазған жазушыларды айтамыз. Афоризм жанры өз тарихшысы мен әдеби дәріптеушілерін таппаса да, әдебиетке етене еніп, өркендей бастады. Афоризм жанрына классикалық үші үстеуші шебер афорист-жазушылар Ларошфуко. Лабрюйер, Вовенарг, Шамфорлар болды. Бұл жанр туралы алғашқы еңбек, яғни жанр негізі ерте грек жазушысы Теофорасттың «Мінез» («Характер») еңбегінде жатыр. Афоризм жанры үлкен шеберлікті талап етеді. Ондағы әр сөз алтындай құнды. Нақтылық – афоризм жанрының ең басты ерекшелігі.Афоризм жанрының шебері аристократ Ларошфуко. (1613-1689) болды. Фрондқа қатысушы, жастық шағында жалындап өтіп, әдебиетте өз орны бар Ларошфуко 1665 ж. «Размышления, или Маральные изречений и максимы» деген кітабында әр уақыттағы және әр түрлі халықтардың әмбебап психолгиясын суреттеді. Жазушы «Нағыз адамның» бейнесін жасады. Бірақ ол әділеттілік пен мейірімділікке сенбейді. Тіпті гуманистік қасиеттерге, мейірімділік пен жаны ізгілікке толы деген адамда да мейірімділік, эгоизм, арамдық секілді жаман қасиеттері болатынын, оны адам көрсетпеуге тырысатынын айтады. Мысалдар келтірейік. Жақсы адам өзінің сырлас емес, жай ғана бір адамды аяды делік. Біз «бұл тамаша адамгершілік» деріміз сөзсіз. Ал Ларошфуко «Бұнда мейірімділіктен менмендік басым» деген қанатты сөзін айтады. («Здесь больше гордости, чем добраты») Жастарға өз өмірлік тәжірибесі арқылы көмектескісі келетін қарттарды Ларошфуко ащы сарказммен түйреп, мына афоризмін айтады: «Қарт ақымақтар қайда да жастардан жаман». Біздер тәрбиелі әйелдерді мадақтаймыз. Ал Ларошфуко: «Әдепті әйелдер жасырын қазына олар қауіпсіз жерде, себебі оларды ешкім іздемейді».Ларошфуко мұң, айырылу, бақытты кездесу, еркін істерге сенбейді. «Мейірімділік, адамгершіліктен сирек еш нәрсе жоқ, ал мейірімділік әдетте істеуге тиіс нәрселердің атқарылуы немесе әлсіздіктен пайда болады».Ларошфуконы классицизмнің әдеби тәсілдерімен байланыстыратын басты нәрсе әдеби бейнедегі идеяның жалаңдығы. «Характеры» көркем әдебиет шеберінің көзқарасымен қарайтын болсақ шындық классицизм идеясы.Мольер «Изреченийдің» жарыққа шыққанынан соң бір жылдан кейін «Мизантроп» комедиясын театрда қояды. Бірде комедияда да Ларошфуко кітабында қойылған қоғамдық сұрақтарға талқылау жасайды. Көркемдік кейіпте абстрактылы түсініктің қабылдануы, идеяның шектік өңделуі – бұл Ларошфуконы классицизмнің көркем әдісімен ең негізгі байланыстырушы. Оның «Мінездері», егер әдеби шеберлік тұрғысынан қарайтын болсақ, оның негізі жалпылау шегіне жететін идеяда.Ларошфуконың «Изречений» туындысы шыққаннан бір жылдан кейін Мольер театрда өзінің «Мизантроп» комедиясын қойды. Онда ол Ларошфуко кітабындағы сұрақтарды қоғамдық талқылауға салды. де Лафайет ханымның «Принцесса Клевская» туындысы 1678 жылы Буало, Лафонтен, Расин, Ларошфуо және тағы басқа ХҮІІ ғасырдың ұлы жазушыларының баспашысы Клод Барбен белгісіз автордың «Принцесса Клевская» романын басып шығарды. Француздар сол кездің өзінде романның авторын бұған шейін бірнеше шығармаларын шығарып үлгерген де Лафайет деп таныды. Графиня де Лафайет (1634-1693) – де Рамбуйе ханымның салона тұрақты келіп тұрушылардың бірі. Оны абсолютизмге деген дворяндық оппозиция ардагерлерінің бірі Ларошфукомен терең достық байланыстырып тұрды. Соның көмегімен романның стилі пайда болды.

ХҮІ ғасырдың да (Вутюр, Маргарита, Наваррская және тағы басқалары), ХҮІІ ғасырдың да (кардинал де Ретц және т.б.) өз мемуарлары бар. Бұл жанрдың артықшылығы бейнелеу құралдарынсыз-ақ дәл суреттей алу ерекшелігінде. Мемуарист-жазушылар риторикалық әсемдеуден қашты, бірақ өздері көрген тарихи тұлғаларды суреттеу дәлдігіне үлкен көңіл бөлді. Олар тарихи анекдоттарды үнемі жазып алып жүрді. де Лафайет ханымның романы мемуарлар жанрынан қаталдық пен шындықты алды. де Лафайет Расинмен достық қатынаста болды. Бұл достық ортақ әдеби көзқарастардан туындады. Расиннің француз трагедиясына қосқан үлесін де Лафайет ханым романның жетістігі етті. Расиннің трагедиясы және оның психологиялық портреттері жазушылардың психологиялық шеберлік мектебі болды. де Лафайет ханым бірінші болып драматург жетістігін басқа жанрда – романда қолданды. Оның ашқан жолымен артынша келесі француз әдебиеті жүрді. ХІХ ғасырда Стендаль де Лафайеттің көркем әдеби әдісін Вальтер Скотт әдісіне қарсы қойды.

2.«Жаңа роман» жасаушылар «жаңа реализм» жасады. Роб-Грийе үшін шындықтың негізі мәтін болған. Натали Саррот өз психологиясына сай жан дүниенің жасырын қозғалысы «тропизмдер» мен қолға ілінбейтін жаңа дүниелерді іздеді. «Неороманис-тердің» мәтінмен және романдық үлгілермен жасаған күрделі ойындары оларды оқырмандардың кең шеңберінен алыстатты. Уақыт көрсеткендей өмір тұрақтылығына «сандырақ театр» мен «антидрама» классигі Эжен Ионесконың тосын пікірі ие болады. Күлкі шебері өз сатирасының көмегімен адамды қармап алған жалғыздық пен күйзелісісті, қорқынышты жеңуге шықырады. Зиялы оқырмандарды өзіне тартып, көпшілік оқырмандарға арналған жалпы әдебиет қана өміршеңдігін сақтап қала алды. Ел арасында кеңінен таралып, үлкен сұранысқа ие болған шығармаларды дүниеге әкелген француз жазушыларының ішінде Анри Труайя («Эгельтердің отбасы», 1965-1967 ж. топтама), Морис Дрюон («Қарғыс алған патшалар», 1955-1960 атты тарихи романдар топтамасы), Француаза Саган («Капитуляция туралы дабыл» 1965, «Суық судағы болмашы күн», 1969 романдары), Ромен Гари және басқа да бір қатар жоғары деңгейдегі беллетристер болған. Осы шығармалардың барлығы да стильдің айқындығы, сюжетінің маңыздылығы арқылы ерекшеленіп, онда ұрпақтар мен отбасы мүшелері және бір-біріне ғашық жандардың арасында өрбіген қарым-қатынастар суреттелген.

3.Ортағасырлық Серілік роман.13 ғасырда сарай маңы, серілік бағыттағы — куртуаздық әдебиет және қалалық әдебиет пайда болды. 14 — 15 ғасырларда ақындар куртуаздық лирика әдістерін дамыта отырып, бұрынғы поэтик. тақырыптарды жетілдірді. 14 — 15 ғасырлардағы серілік романдар ұлттық мәселелер мен фольклорлық әуендерге толы болды (“Мелюзина”, 14 ғ., “Жан де Сантре тарихы”, 15 ғ.). 15 ғасырдың соңында Франция Қайта өрлеу дәуіріне өтті. Италиямен қарым-қатынас күшейіп, кітап басу ісі дами бастады, антикалық дүниеге деген қызығушылық өсті.

 

18-билет.1.Рабле.Өмірі мен шығармашылығы.“Гаргантюа мен Пантагрюэль’’романы.Франсуа Рабле (1494-1553).Франция қайта өрлеу дәуір әдеб.өкілі.Турень уалаятының Шинон қалашығындағы адвокат отб.д.к.Әкесі Антуан ұлының дін өкілі болғанын қалайды.Шинон қалащығында оқып жүріп, антикалық дәуір әдеб.Гомер щығармашылығымен танысады.1530 ж. Манпельде медицина ғылымын үйренеді.1532 ж.Лион қаласында ауруханада жұмыс істейді.Э.Роттердамскиймен дос болады. Оған аса құрметті ұстаз деген баға береді. Рабле Италия, Рим қалаларында болып, жаратылыстану ғылымымен айналысады.Латын, араб тілдерін меңгереді. Парижге келіп, король Франциск сарайында қызмет атқарады.1537 ж.Монопольеде медицина докторы дәрежесін алады. . “Гаргантюа мен Пантагрюэль’’романы. 5 кітаптан тұрады.Әзіл,күлкіі нәзік астармен тұмшаланған шығарманың терең мазмұнын аңғару үшін жазушы оны аса ұқыптылықпен оқу керектігін ескертеді. Бұл романы орта ғасырлардағы тұрмысқа, заңдар мен танымдарға, схолостикалық ілімге қарсы ашық сатира ретінде туды.Онда қияли болса да болашақ өмір туралы халықтың арман-тілегі суреттеледі. Романды жазуға жазушы 20жыл уақытын жұмсаған.1 кітап.Осы дәуір гуманистерін қызықтырған тәлім-тәрбие, соғыс пен бейбітшілік, болашақ, бақытты қоғам қандай болу керек деген сияқты маңызды мәселелер төңірегінде ой толғайды. Утопиялық мемл.корлі Грангузье ұлы Гаргантюаға білім мен тәрбие беру мақсатында дін магистрі Тубел Олофернді шақыртады.Ол Раблені үйреткені сонша,кітаптарды теріс оқитын болады. Ол өлген соң магистр Жобелен Бридені шақыртады. Ол баланы ақымақтандырады, кейін сарайдан қуылады.Кейін гуманист Понократ шақырылады.Баланы ғылымға, ілімге үйретеді.

2 кітап.Гаргантюаның ұлы Пантагрюэльдің тууы, ер жетуі, оқуы. Гаргантюа 524 жасында перзент көрген.Бала дүниеге келген жылы Африкада құрғақшылық болып, егіндер күйіп кетеді. Адамдар шөлден азап шегеді. Сол себепті де Пантагрюэдь деп ат қояды. Шөлдегендер патшасы дегенді білдіреді. Бала тамақтанғанда 4600 сиырдың сүтін ішеді.Ол күн сайын өседі.Есейген соң, тәрбиеші Эпистоменнің жетекшілігімен француз жастарының өмірі, оқуымен танысу мақсатында Парижге барады. Екінші кітап та композициясы, сюжеті мен идеялық мазмұны жағынан өте ұқсас.Мұнда да Отанды қорғау тақырыбы, тәрбие мәселесі маңызды орын алады.Панург образы-орта бойлы,түрі келіскен, үстінің жұпынылығынан оны қаңғыбас деп ойлап қалуы мүмкін. Пантагрюэль оны алғаш Парижде көріп, жақсы араласып кетеді. Өте момын, қу, ақша табудың 60 айласын біледі. Бір кемшілігі- кедей болатын.Сотқар, айлакер және сауыққой бұл жігіт арқылы жазушы осы дәуірдегі полиция, түнгі кізетшілер,дін өкілдерін масқаралайды.Епшіл, жалаңаяқ Панург бейнесі орта ғасырдағы кедей студенттерді суреттейді.Пантагрюэльмен бәсекелеу мақсатында әдейі Англиядан келген ғалым Таумасты жеңіп, абыройын төгуі.Пантагрюэльдің досы әрә ұстазы Эпистоменнің дәулермен шайқаста ұаза табуы, Панург көмегімен қайта тіріледі.3 кітап.Сорбоннашыларды сынау арқылы монохтардың бұзықшылықтары айқын әшкереленеді.Панургтің өмірі, оның дүниетанымы бейнеленген.4 кітап. Жарияланғанды ірі оқиғалар болды. Корль Франциск орнына ұлы Генрих2 отырды. Париж парламенті бұл кітапты және кітап авторын сотқа берді. Жазушы жасырынып өмір сүрді.1553ж.қаза тапты.Кітапта Панургтің басынан өткен оқиғалары баяндалады.

5 кітап.Жазушы қазасынан соң жарық көреді. Шығармады Панург, Пантагрюэль және оның достарының өткен оқиғалары баяндалады. Рабле-дәрігер,ұлы гуманист, жаратылыстанушы ғалым, сатирик жазушы.

2. Алғашқы романның пайда болуы.Роман (11 — 12 ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мендрама жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді. Романның жекелеген нұсқалары ерте дәуірден белгілі. Дегенмен оның жаңалық сипаттары бертінде қалыптасты, 16 — 18 ғасырларда батыста ақсүйек серілердің бастан кешкендерін суреттейтін романдар дамыды. Бұған испан жазушысы Сервантестің “Дон Кихот”, француз жазушысы Лесаждың “Ақсақ шайтан” романдары мысал бола алады. 19 ғасырдан бастап роман жанры биік деңгейде дами түсті. Романның ерекше үлгілерін Францияда Г.Флобер, А.Стендаль, О.Бальзак, Ж.Занд (Ж.Санд), Англияда В.Скотт, Ч.Диккенс, Ресейде А.С. Пушкин,М.Ю. Лермонтов, И.С. Тургенев, Л.Н. Толстой, Ф.М. Достоевский, И.А. Гончаров, АҚШ-та М.Твен, Дж.Лондон, Германияда Т.Манн, Г.Манн, т.б. жасады. Орыс жазушылары Толстой мен Достаевский адам психологиясын, “мінез диалектикасын” ашудың тамаша үлгісін көрсетті. Кеңесзаманында М.Горкий, А.Толстой,М.Шолохов, А.Фадеев секілді суреткерлер тудырған романдар әдебиеттің дамуына үлкен ықпал жасады. Қазақ әдебиеттанушысы А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқышында” (1926, 2003) романды ұлы әңгіме деп атап, оған “тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды” жатқызады. Ол “Ұлы әңгіме өңшең үлкен уақиғалардан болмай, ұсақ істерден де өнеге көрсетуге тырысады, оны жазушы көркем сөздің әуезе, толғау, айтыс — барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек” деп атап көрсетеді. Қазақ әдебиетінде М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамал”, Т.Жомартбаевтың “Қыз көрелік”,С.Көбеевтің “Қалың мал”, С.Торайғыровтың “Қамар сұлу” шығармаларынан бастау алған бұл жанр жан-жақты дамыды. Қазақ романын көркейтуде М.Әуезов,С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, І.Есенберлин, Т.Ахтанов, М.Мағауин, т.б. жазушылардың еңбектерін атап айтуға болады. Қазіргіқазақ әдебиетінде романның психологиялық, тарихи, биографиялық, публицистикалық, т.б. түрлері қалыптасқан. Роман-эпопеялар жанр дамуының кең мүмкіндіктерін танытты. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясы әлемдік даңққа ие болды, ол қазақ әдебиетінің биік идеялық-көркемдік жетістігі саналады.

3. “Поэтика”-Аристотель.Аристотель трактаты.2 бөлімнен тұрады. 1100 көшірмесінен 5 қалған.1 бөлімде поэтика терминіне анықтама береді. Поэтика (грек тілінде poіetіk fehne — шығармашылық өнер) — әдебиеттанудың пәні, көркем шығарма құндылығын бар болмысымен айқындайтын жүйе туралы ғылым. Поэтика негізгі 3 саланы, мәтіннің дыбыстық, сөздік, образдық құрылымын зерттейді.Поэтиканың басты мақсаты — осы үш саланың толық жүйеленген эстетикалық амалдарын анықтау. Кең мағынасында поэтика әдебиет теориясымен үндес ұғымды білдірсе, ал нақтылы мағынада сол теориялық әдебиеттің бір саласы ретінде қабылданады. 2 бөлімде трагедия мен комедияға анықтама береді. Бұл трактат оыс, латын тілдеріне аударылған.Аристотель Халкида түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афина қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрға сабап оқытты деседі.Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афинаға қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афинада оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың стилі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.Философияан эстетика, этика, басқару ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік өнері және құдайтану туралы еңбектер жазды. Ол білім беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының толық жинағы ежелгі гректерге белгілі болған білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған.Александр қайтыс болғаннан кейін Афинада македондықтарға қарсы теріс көзқарас қалыптасты. Билеуші Еуромедон Аристотельге «құдайларды қастерлемейсің» деген айып тақты. Аристотель «Афиналықтарға пәлсапаға қарсы екінші рет қиянат жасатпаймын» деп анасының Халкидадағы иелігіне бас сауғалап кетті. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афиналықтардың Сократқа шығарған әділетсіз сот үкімі болатын. Бірақ бір жыл өтпей ол Еубеяда ауырып қайтыс болды (б.з.д. 323 жылы). Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады.

 

19 билет. 1. Испаниядағы қайта өрлеу.15-16 ғ.Испанияның тарихи тағдыры.Испания мәдениеті.15 ғ. әдебиеті.16ғ. әдебеті.Испания әдебиеті испан (кастиль) және баск, галисий, каталон тілінде дамыған. Ол орта ғасырларда халық шығарм-ның және ежелгі дәуір әдебиеті мен араб мәдениетінің ықпалында қалыптасты. Халық шығармалары араб басқыншылығына қарсы күрес кезінде молая түсті. 12 – 13 ғасырларда серілік романдар пайда болды. 14 ғасырда Испания әдебиетінде Х.Альфонс (1221 – 1284) пен Хуан Мануэльдің (1282 – 1348) дидактикалық насихат бағытындағы шығармалары белгілі орын алды. 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында Испания әдебиетінің қайта өрлеу дәуірі басталды. Өрлеу кезеңінің ірі өкілі Ф. де Рохастың (1465 – 1541) “Селестина” романы (1499) Испания әдебиетінде түрлі жанрлардың тууына, театрдың қалыптасуына ықпал жасады. М. де Сервантестің “Дон Кихот” романы (1605 – 15) дүние жүзі әдебиетіне үлес болып қосылды. 18 ғасырда Испания әдебиетіне француз классицизмінің әсері күшейді. Поэзияда ағартушылық бағыт басым болып, мысал жанры дамыды. Бүл кезеңнің өкілдері М.Х. Кинтан (1772 – 1857), Х.Н. Гальегос (1774 – 1853), А.Лист (1775 – 1848) өз шығармаларында еркіндікті жырласа, Ф.Мартинес де ла Роса (1787 – 1862) драмалары испан романтизмінің өркендеуіне жол салды.1-дүниежүз. соғыстан (1914 – 18) кейін Испания әдебиетінде көптеген ағымдар пайда болып, оның белді өкілі ретінде Ф.Гарсиа Лорка (1898 – 1936) танылды. Испания да монархия құлаған соң (1931) және соғыс жылдары (1936 – 39) әлеум. тақырыпта көптеген шығармалар жазылды. Елде фаш. режим орнауына байланысты көп жазушылар шет елге кетті. Олардың шығармаларында фашизмге қарсы күрес тақырыбы өріс алды. Ал кейбір жазушылар Франко режимін мадақтады. Франко режиміне қарсы шығармалардың мол жазылуы 1950 жылдардан басталды. Поэзияда Д.Алонсоның “Кек перзенттері” атты жинағы (1944), Г.Селайидің “Иберий жырлары” (1955), Б. де Отероның “Сөз Испания туралы” (1964) атты шығармалары жарияланды. Ал прозада 19 ғасырдың сыншыл реализм дәстүрінде жазылған Х.Гойтисолоның “Жұмақтағы мұң” (1955), “Аралдар” (1961), “Ерекше белгі” (1967) романдары мен А.М. Матутенің “Саудагерлер” трилогиясы (1960 – 69) шықты. М. де Сервантестің “Дон Кихот” романы 1952 жылы қазақ тілінде басылып шықты.



Просмотров 2205

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!