Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Сатиралық-юморлық реализм: Г. Манн, Марк Твен, О. Генри. 3 часть



2. Ортағасырлар әдебиеті.Антик құлиеленушілік қоғамның ыдырауы бір кезде Рим империясымен біріккен Солтүстік Америка және Орта Азиядағы сансыз көп тағы тайпалардың көшуіне жол ашты (ирландықтар, славяндар, арабтар, монғолдар, түріктер). Осы тайпалардың негізінде орта ғасырлық феодалдық мемлекеттер және қазіргі заманның европалық халықтары құрылды. Орта ғасыр әдебиетінің тууы мен дамуына үш ең басты фактор әсер етті: халық ауыз әдебиеті, антик әлемі және христиандық дін. Батыс Европада үстемдік алған варвар халықтарда сол кезде өздерінің өте жақсы дамыған поэзиясы болған. Сол поэзия кейінгі Европа әдебиетінің негізін салды. Ежелгі поэзияның бір түрі – еңбек өлеңдері. Бұл өлеңдер еңбек процесін қостайтын әр түрлі дыбыстардан пайда болған. Еңбек өлеңдерінен әдет-ғұрып өлеңдері өріс алды. Орта ғасыр әдебиетінің алғашқы дамуына католиктік шіркеу үлкен әсер етті. Сол кездегі бірнеше әйгілі әдеби жанрлар шіркеу әсерімен туған: діни гимндер мен өлеңдер, әулиелер өмірі, таурат парафразалар тағы да басқалар. Шіркеу ішінде діни драма да туды. Орта ғасыр әдебиетіне едәуір әсер еткен екінші ірі фактор – антик әлемі (өнер мен әдебиет). Алғашқы кезде германдық жаушылар антик мұраның барлығын жойды. Бірақ және мәдениетті құру үшін негізгі материал керек болды. Үлгі ретінде жойылған антик мұраның қалдығын жинау басталды. Мемлекеттік заң және жоғарғы әкімшіліктің тілі ретінде латын тілі қабылданды. Орта ғасыр әдебиетінің дәуірге бөлінуі сол кездегі Европа халықтарының қоғамдық дамуының кезеңдерімен бірыңғай келеді: 1) рулық қоғамның ыдырауы және феодалдық қатынастардың пайда болу кезінің әдебиеті, 2) өркендеген феодализмнің әдебиеті. Бірінші дәуір шамамен Х ғасырдың аяғына дейін созылады. Әр түрлі халықтардың тарихи және әдеби дамуы бірдей болған жоқ. Бәрінен бұрын ортағасырлық әдебиет Францияда дамыды. Ол елде феодализм негізінде ІХ ғасырда құрылған. Ал Германия, Европа елдері және Англия Франциядан біраз артта қалды. Даму жағынан соңғы орында қалған скандинавтар және кельттер басып алған Еуропаның шеткі солтүстік және солтүстік-батыстық аймақтары. І кезеңнің әдебиеті ІІ кезеңмен салыстырғанда біртұтас және бірыңғай болып көрінеді. Ал, ортағасырлық әдебиеттің екінші кезеңіне келсек, Европа мен Англияда ХІ ғасырдан XV ғасырға дейін өркендеген феодализм дәуірінің әдебиеті әлдеқайда қиын жағдайда дамыды. Мұнда сол елдердің даму жолымен анықталатын әдеби творчествоның бірнеше кезеңдерін айыруға болады. ХІІІ ғасырға дейін қоғамдық-саяси күрес негізінде феодалдар мен шаруа, басқаша айтқанда, бұқара халық арасында жүрді. Бұлардың арасында дін басылары өзгеше орын алады. Сонымен, ХІІІ ғасырға дейін үш ерекше әдеби ағым дамыды – халықтық, клерикалық және феодалдық-рыцарьлық әдебиет. Клерикалық әдебиет – шіркеудің әсерінен туған әдеби ағым. (клерикализм – шіркеудің саяси және мәдени үстемдігін күшейтуге бағытталған реакцияшыл ағым). ХІІ ғасырда қалалар көбейіп, өркендей бастайды. Оларда ерекше (қалалық деп аталған) өнер мен әдебиет пайда болады.

3.Ежелгі аттикалық комедия.Антикалык әдебиет– көне грек және рим құлиеленушілік қоғамдарының әдебиеті. «Антик», «антикалық» деген термин «antiquus» деген латын сөзінен туған. Оның мағынасы «ежелгі, ертедегі, көне» болады. Антикалық әдебиет деп қазіргі біздің заманымыздағы жоқ әдебиетті атайды. Біріншіден, антикалық әдебиет – Батыс Еуропа әдебиетінің бастауы. Грек және рим мәдениеті Еуропаның ежелгі өркениеті болып есептеледі. Мәдениет тарихында антикалық әдебиет ерекше орын алады. Ол бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің дамуына зор ықпал жасады.Антикалық әдебиеттің негізін грек және римдік ақын-жазушыларының әдеби мұралары құрайды. Бірақ антик дәуірінің ескерткіштерінің көбі сақталмаған, ал сақталғандардың ішінде бізге толығымен жеткендері аз. Біздің заманымызға дейін жеткен дүниелердің ішінде – Эсхил, Софокл, Еврипидтің шығармалары. Мысалы, Эсхилдің 90 пьесасынан толығымен 7 жеткен, Софоклдың 123 драмасынан 7 қалған, Еврипидтің 92 шығармасынан 19 жеткен. Грек әдебиетінің кезеңдері:І. Архаикалық кезең – б.д.б. V ғ. басы;ІІ. Аттикалық кезең – б.д.б. V-VІ ғ.;ІІІ. Эллинистикалық кезең – б.д.б. ІV-І ғ.;IV. Римдік кезең – б.д.б. І ғ. аяғы; Ежелгі грек әдебиетінің ең бір гүлденген шағы Аттика дәуірі, бұл кезде яғни 5-4 ғ. Афина мәдени биігіне көтерілді. Осы кезеңде Эсхил өзінің «Парсылар», «Орестея», «Данаиды», «Прометей» сияқты шығармаларымен трагедия арқылы драма жанрын қалыптастырды. Сол дәуірдің үлкен тұлғасы Еврипидтің «Медея», «Ипполит», «Геракл» т.б. шығармаларында адамның іс-әрекетін, күйініш-сүйінішін көрсетті.

 

Билет.

1.ХVII ғ ағылшындар француздармен үнемі күрес үстінде болды.ХVI ғ орта шенінде ағылшын тілі ауызша түрде де жазбаша түрде кең өріс алды.Ұлттық әдеби тақырып болып қалыптасты.Мемлекеттің орталығы Лондое болғандықтан,Лондондық диалектілер өрбу тапқан.1362 ж ағылшын тілі алғаш рет парламентте қолданылды.Парламент француз тілін емес,ағылшын тілін қолдану керек деген үкім шығарды.Осы кезде Джон Гувьер өз шығармасын монастырь оқуы ретінде алегоризм дидактикасы бойынша 3 тілде шығармаларн жазды.17 ғ.ағылшын ақыны Джофри Джоссер.1340-1400 ж өмір сүрген.Джоссер Боккаччо мен Петрарканың замандасы болған.Джоссер поэзияның,балладалармен арнаулар жанрларында жазған.Джоссердің негізгі шығармасы «Роза»туралы роман. «Мейірімді әйелдер туралы», «Құстар кеңесі» т.б.

2. Қайта өрлеу дәуіріндегі итальян әдебиеті Данте Данте Алигьери (май 1265.Флоренция – 14.9.1321. Ровенна) – итальян ақыны. Дворян әулетінен шыққан. Жасынан теологиямен, философиямен, астрономиямен, орта ғасырлық схоластикамен терең шұғылданды. Флоренцияның саяси өміріне белсенді араласты. Көпестердің мүддесін жоқтаған «ақтар» партиясында болды. Қала дворяндарының партиясы – «қаралар» ақтарды жеңеді де, Дантені отқа өртеу, дүние мүлкін конфискелеу туралы үкім шығарады. Осыдан кейін Данте бүкіл Италияны шарлап кетеді. Өмірінің соңғы 6 жылын Ровеннада өткізеді. Данте Беатриче деген әйелге ғашық болады, оның өміріне арнап жыр шығарған. Бұл жыр мен Дантенің басқа да прозалық шығармалары «Жаңа өмір» (1292) ктітабына енген. Оның моральдық, философиялық трактаты саналатын қара сөзбен өлең аралас «Пир» (1307-1308) шығармасы мол кездегі ресми тіл – латын тілінде емес, итальян тілінде жазылған. Халық тілін қорғау ниетімен «Халық сөзі туралы» (1305) атты кітап жазды. Онла бүкіл Италия үшін біртұтас ұлттың тіл жасау жөнінде пікір айтқан. «Монархия ттуралы трактатында» (1312-1313) дүние жүзі монархиялық идеалды қорғады. Дантенің дүние жүзіне даңқы шыққан әйгілі шығармасы «Құдіретті комедия» (1307-1321). Бұл поэманы орта ғасырлық мәдениетінің көркем синтезі деп санауға болады. Әдебиетке Данте орта ғасырдың ақырғы ақыны және жаңа заманның алғашқы ақыны болып кіреді. Бұл Италия қоғамының өтпелі дәуірін жан-жақты сипаттаған, бүкіл орта ғасырлық мәдениеттің философиялық-көркемдік түйіні іспеттес шығарма Данте өзі мұны комедия деп қана атаған, ал «құдіретті» деген сөз 16-ғ-да қосылды.«Құдіретті» деген сөз Данте поэмасының діни мазмұнын емес, оның поэтикалық шеберлігін көрсету үшін қолданған. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) – Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырдық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі. Бәрінен бұрын адам көзқарасындағы төңкеріс Италияда басталды (14-16 ғасыр, шамамен айтқанда, басқа елдерде 15-16 ғасырлардың соңы). Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің негізгі ерекшеліктері – шынайылық, гуманистік дүниетаным (гуманизм қысқасы), көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді. Тез өзгеріп тұрған дүниеде барлығы да «құдайдың еркімен» болды дегенге сенім азая берді. Адамның күші мен қабілетіне деген сенім қайта жанданды. Жаңа мәдениеттің қайраткерлері көңілдерін ең алдымен адамға және оның ісіне аударды. Сондықтан оларды гуманистер (латынша – «гуманус» – адамгершіл) деп атады. Бұл жаңа дүниетанымның қалыптасуына әртүрлі мамандықтағы, әртүрлі әлеуметтік дәрежедегі адамдар – сол дәуірдегі қала интеллигенциясы (зиялы адамдар, қауым) – ақындар, философтар, суретшілер, мүсіншілер үлес қосты. Гуманистер озық ойдың еркін дамуына кедергі жасайтын орта ғасырлық моральға сүйенген дәстүрлер мен догмалық ережелерді өлтіре сынады: ғылыми зерттеу еркіндігіне жол ашылды. Петрарка (1304-1374) Франческо Петрарка (1304-1374) – көрнекті ақын, ойшыл, ғалым. Оның творчествосында Италиядағы қайта өркендеу дәуірінің ерекшеліктері айқын сезіледі. Петрарка Ареццо қаласында нотариустың семьясында дүниеге келді. Оның әкесі Петракко Дантенің досы болды. 1312 ж. Петракко семьясымен Авиньонға көшіп барады. Петрарка жас кезінен Рим әдебиетін оқиды. Әкесінің айтуы бойынша ол әуелі Монпельеде, соңынан Болонья университетінде юриспруденциямен айналысады. 1326 ж. Петрарка әке- шешесінен айырылып, юриспруденциядан бас тартады. Авиньонда ол дін қызметкері болып тағайындалып, Папаның сарайына жақындайды. Мұндағы асқан байлық пен екіжүзділікті Петрарка бірнеше шығармаларында әшкерелеген.

3. Элегия – ойлы, мұңға толы, қаралы характерде жазылған музыкалық пьеса. Ежелгі Грекия мен Римде әр түрлі тақырыптағы элегиялар туып, алғашқыда олар лирикалық, сатиралық және жауынгерлік сипатта болды. Кейінірек мұң аралас лирикалық ән-толғау түріндегі муз. туындылар ғана элегия деп аталды. Қайта өркендеу дәуірінде элегия еуропалық елдердің музыкасы мен әдебиетінде де тарала бастады. 17 ғасырда элегия жеке музыкалық жанрға айналды. 18 – 19 ғасырларда элегия музыкасында махаббат сезіміне орай туған сағынышқа толы, сүйіктісінен айрылып, жалғыздық тақсіретін тартқан жандардың көңіл-күйін білдіретін вокальдық әндер өмірге келді. Мысалы, А.П. Бородиннің "Алыстағы атамекен жағалауына" мен С.И. Танеевтің “Құйқылжып күзгі жапырақтар құйылған сәтте” атты романстары, Ж.Массненің фортепьяно мен виолончельге қосылып айтатын дауысқа арнаған “Элегиясы”, П.И. Чайковскийдің ішекті аспаптар оркестріне жазған серенадасындағы "Элегия", С.В. Рахманиновтың фортепьяноға арналған “Элегиясы”, т.б. 19 ғасырдың ортасында аспаптық муз. Э. шығармаларын Ф.Лист, Э.Григ пен Г.Форе сынды, т.б. композиторлар жазды. Қазақ музыкасында Э. элементтері Е.Г. Брусиловский (“Қыз Жібек” пен “Жалбыр”), А. Жұбанов пен Л. Хамиди (“Абай”) және Жұбанов пен Ғ.Жұбанованың (“Еңлік – Кебек”) опералық туындыларынан бой көрсетті.

Ямб деп егіншілік мейрамдарында бір топ адам немесе бір адамға қарсы айтылатын өлеңдер айтылған. Бұл өлеңдер мазмұн жағынан сайқымазақ, дөрекі болып келеді.Лириканың негізгі тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік. Бұл тақырып ежелгі ақын-әйел Сапфоның өлеңдерінде бейнелеуін тапты. Лесбос аралының тұрғыны Сапфо өлеңдері махаббат, сұлулық, нәзіктілік, табиғат тақырыптарына арналған.Грек лирикасының ямб түрінің өкілі – Архилох (б.з.б. 7 ғ. ортасы), көне Иония әдебиетінің ірі өкілі. Оның шығармаларының тек үзінділері ғана сақталған. Архилох туындыларынан оның жалынды жыршы болғаны байқалады. Архилох поэзиясы адамгершілік, ерлікке арналған. Өз заманында Архилох ұлы лирик деп бағаланған.

Анакреонт поэзиясы.Анакреонт (б.з.б.570-478 жж.) – ежелгі грек ақыны, Кіші Азиядан шыққан. Шығармаларының тақырыбы – махаббат, шарап, сауық-сайран. Бұл тақырыптағы өлеңдер кейін Анакреонт поэзиясы атанды. Анакреонт поэзиясы – махаббатты, шарапты, шаттықты жырлайтын көңілді, жеңіл лирика жанры. Анакреонт поэзиясы Еуропа әдебиетінде Қайта өркендеу және Ағарту дәуірлерінде кеңінен тараған.

 

 

21билет.1.Уильям Шекспир (ағылш. William Shakespeare; 23 сәуір 1564 жылы,Стратфорд Эйвон, Англия — 23 сәуір 1616 жылы сол жерде) — ағылшынның ұлы драматургы әрі ақыны, әлемнің ең әйгілі драматургтарының бірі, кем дегенде 12 трагедия, 16комедия, 6 тарихи хроника - соның ішінде бірнеше бөліктен тұратын 4 поэма және 154 сонеттен құралатын циклдар авторы. Оның пьесалары әлемнің түгел дерлік тірі тілдеріне аударылып, басқа авторларға қарағанда ең көп қойылады , Шекспирдің шығармалары ағылшының тілінің байытылуына орасан үлесін қосты. Мысалы, көптеген сөз тіркестері қанатты сөз ретінде күні бүгінге дейін қолданылады. Уильям Шекспир 1564 жылы 23 сәуірде Эйвон өзенінің бойындағы Стратфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді (саудагер болған, қала мэры болып да сайланған). Уильям Джон Шекспирдің үшінші баласы еді, одан басқа тағы жеті баласы болған. 7 жасында Уильям ең жақсы деп есептелетін грамматикалық мектепке барды (1571-1578), онда латын және көне грек тілдерін үйренді. Әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай, 16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады (ет сатушының шәкірті, ауылдық мектепте репетитор т.б.). 18 жасында Уильям Анна Хесуэй деген өзінен 8 жас үлкен фермердің қызына үйленеді. Шекспир ескі, феодалдық дүниенің күні бітіп жатқандығын түсінді. Бірақ ол ақша мен баюға құмарлық үстемдік еткен буржуазияның жаңа дүниесімен де келісе алмады. Жазушының пікірі бойынша жауыздық барлық жерді жайлаған, ол сезім атаулының – сенім, әділет, сүйіспеншіліктің бәрін де уландырып отыр. «Менің айналамда көріп отырғанымның бәрі де жексұрындық», – деп үндейді ақын.

Шекспир адамның ұлылығын терең түсінді. Шекспирдің ұлы трагедиясының кейіпкері Гамлет: «Адам қандай тамаша жаралған! Оның ақыл-ойы қандай ізгі. Іс-әрекеті қандай дәл, қандай тамаша. Әлемнің сұлуы», – дейді. Өзінің «Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Ромео мен Джульетта» және басқа трагедияларында Шекспир қайырымдылық пен әділеттілік туралы ізгі, батыл адамдар армандарының жүзеге аспайтындығын көрсетті. Ол күшті, ер жүрек кейіпкерлерді, олардың жоғары сезімдерін – сүйіспеншілік пен достықты, адалдық пен ерлікті мадақтады. Шекспирдің кейіпкерлері тағдырдың әлсіз құрбандары емес, олар қиналады және күреседі, бірақ дүниені өзгертуге қабілеті жетпейді. Шекспир 37 пьеса (трагедия, комедия, тарихи драма), сондай-ақ көптеген өлең жазды. Шекспирдің антик мифологиясының сюжеттеріне жазылған 2 поэмасы бар («Венера мен Адонис», «Лукреция»).

Шекспир көптеген сонеттер жазды. Сонет (сыңғырлау, сылдырлау деген итальян сөзінен шыққан) – әр шумағы 14 тармақтан құрылатын өлең түрі. Тармақтар екі рет төрт-төрттен, онан соң екі рет үштен топтасады (З.Ахметов «Әдебиеттану. Терминдер сөздігі»). Оның 154 сонеттен тұратын жинағы сақталды. Бұл жинақ ақынның алғашқы, оның тірі кезінде жарық көрген жинағы. Кітапқа кірген 126 сонет ақынның досына, ал 128 қарашашты сұлуға арналған. Зерттеушілердің ойынша, Шекспирдің досы ретінде шығатын бейне – граф Саутгемптон, ал қарашашты сұлудың кім екені белгісіз, оның аты тарихта сақталмаған. Сонеттерді бірнеше циклге бөлуге болады. Олардың тақырыптары – достық, сүйіспеншілік, қызғаныш, тағдыр туралы толғау. Сонеттерінде ақын достықты, сұлулықты, махаббатты мадақтайды. Сонымен қатар бақытсыз махаббат, әлеуметтік, философиялық мәселелер көтереді.

Шекспир шығармашылығының бірінші кезеңі

Шекспир шығармашылығы үш кезеңге бөлінеді. Шекспир шығармашылығының бірінші кезеңі 1590-1600 жж. қамтиды. Оның алғашқы шығармалары 90-шы жж. басында жазылған: драмалық хроникалар, комедиялар және екі поэма «Венера мен Адонис» (1593), «Лукреция» (1594). Бұл екі поэманы Шекспир граф Саутгемптонға арнаған. Осы жылдары аралығындағы пьесалары оптимистік сарында болып келеді. Комедияларында адамдардың бақытқа ұмтылу жолындағы кездесетін қиындықтармен күресі суреттеледі, жаңа дендеп келе жатқан буржуазиялық қатынастар әшкереленеді («Қателіктер комедиясы» - қойылуы 1594 ж., басылуы 1623 ж.; «Асауға тұсау» - қойылуы және басылуы 1594 ж. т.б. І кезеңдегі пьесаларында Шекспир адамның және оның тұрған жерінің сұлулығын, өмірдің қарапайым қуаныштарын мадақтайды. Драматург орта ғасырлық жазушыларда бұрын болмаған сұлулықтың жаңа, гуманистік идеалын жасады, сондықтан оның шығарған образдары айқын және көп-кырлы. Шекспир комедиялары мен драмаларының әрекеті әр түрлі елдерде болады, бірақ олар қай жерде өтсе де, барлығында Англияның рухы сезіледі.

Шекспир шығармашылығының екінші кезеңі

Шекспир шығармашылығының екінші кезеңі (1601-1608) Англия өміріндегі қоғамдық-саяси өзгерістермен тұтас келді. Бұл кезде корольдық үкімет реакциялық күштердің тірегіне айналды да, капиталдың әуелгі шоғырлану процесі халықтың жағдайын әлсірете түсті. Осы жағдайлар Шекспир шығармаларында трагедиялық сарынның молаюына себепкер болды. Бұл жылдары ол бірқатар әлеуметтік-философиялық пьесалар жазды: «Гамлет» (1602), «Отелло» (1604), «Король Лир» (1606), «Макбет» (1606), «Антоний мен Клеопатра» (1607), «Афиналық Тимон» (1608), «Кориолан» (1608) т.б.

Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңі

Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңі (1609-1612) бұрынғысынша зұлымдық пен адамгершіліктің күресін арқау ете отырып, тартысты көбіне ұнамды қасиеттің иесіне моральдық және реальдық жеңдіру арқылы шешеді. Бұл кезеңге «Перикл» (1609), «Цимбелин» «Қысқы ертегі» шығармалары жатады. Бұл трагикомедиялар – мазмұны драмалық болса да, соңынан жақсы аяқталатын пьесалар

2.ХХ ғасыр шетел әдебиеті.ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында француз әдебиеті мен рухани өмірінің аса қуатты бөлігінің біріне айналған реализм өз кезегінде көптеген романтиктер шығармашылығының дамуына игі әсерін тигізді, атап айтқанда, ол кемелденген Мюссе, Жорж Санд, Гюго шығармашылықтарынан көрініс тапты.Енді француз романтизмінің жаңа заманы, романтикалық идеялар мен түрлердің тазалану, жаңғыру, түрлену, түрлеу, яғни қайта өрлеу дәуірі келіп жетті. Табиғаты терең, мазмұны сан алуан, пішіндік болмысының қыры көп осы дәуірдің көркемдік келбетін, эстетикалық сырын танытатын шығармалар қатарынан Альфонс Ламартин, Виктор Гюго туындыларын айрықша атап көрсетуге болатыны даусыз. Француз романтизмінің айрықша белгілері, өзіндік бітім-болмысы аталмыш ақын-жазушылардың шығармашылығымен тығыз байланысты.Альфонс Ламартин (1790 – 1869) Шығармашылық ғұмырнамасы. Альфонс Ламартин Франция поэзия көкжиегінде ХІХ ғ. 20 жылғы ең жарық жұлдызының бірі ретінде көзге түсті. Ламартинның танымал өлең жинақтары “поэтикалық ойлар” (1820), “Жаңа толғаныстар” (1823), “Поэтикалық және діни үндестік” (1830). Бұл жинақтарда Жозеф де Мэстрға, Шатобрианға, Бональдқа арналған одалар болғандықтан және оның поэзиясында діни өлеңдерге көп орын берлігендіктен, қайта жаңғыртушылар оны бірден өзінікі деп танып, әдеби ғана емес, саяси сый-сияпатқа да бөлеп тастады. Ол әдеби салондарда да, дипломатиялық істерде де жарқырап көзге түсті. Бірақ Июль революциясы қарсаңында Ламартин күтпеген жерден өзінің Бурбондар сарайының ресми саясатымен келіспейтіні туралы мәлімдеме жасап, қызметінен кетілді де, Июль революциясына ұстамды болса да қолдау танытып, либералдар партиясына кетеді. Француз жұртшылығы әу бастан-ақ Ламартиннің әуезді де мұңға толы өлең- жырларынан тек діни және монархистік сарындарды ғана емес, басқа да өз жүректеріне тым жақын ырғақтарды сезініп, соларды бағалай білген еді. Ламартин өзінің ең жақсы өлеңдерінде ерекше бір ойшыл, сезімтал, даңғазасыз, оқшаулығы басым ақын ретінде көрінді. Оның ең сүйікті жанры лирикалық элегиялардың өзі сол кезеңде жоғары классикалық үнді одаларының немесе рококо дәуіріндегі сезімтал өлеңдердің дәстүрінде қалыптасқан француз поэзиясы үшін жаңалық еді.Алайда бұл өлеңдердегі жанға жайлы әуез шын мәнінде мәнерлі дәстүрлі сөз саптауларын жоққа шығармайды, тек оны өзгеше бір сезімталдық өріске бағыттайды.Пьер Жан Беранже (19.8.1780 – 16.7.1857)Француз ақыны. 1798 жылдан бастап өлең жаза бастаған. Беранже ода, гимн, дифирамб сияқты көтеріңкі жанрларды жасаушылардың бірі. Оның өлеңдері марш әні, үндеу әні, памфлет әні, сатиралық ән, публицистика, элегия болып келеді. Реставрация дәуірінде Беранже өзінің уытты сатираларында король өкілетін («Шексіз аз»), эмиграцияда жүрген топас дворяндарды («Маркиз де Караба», «Ақ кокарда»), католик дін иелері мен иезуиттерді («Әулие әкелер», «Албастының ажалы»), реставрация дәуірінің барлық қайшоқпарын селтіре сынады. Оларға қарсы Наполеон солдаттарының («Қарт сержант», «Қарт капрал») ұнамды бейнелерін жасайды және оларды отанның нағыз адал ұлдары деп есептейді. Осындай еркін байлылығы мен саяси сатиралылығы Беранже екі рет сотталып, абақтыда отырады. Беранже 1830 жылғы шілде революциясына қатысты, оның жеңісін жырлады. Ақын халықты бақытқа жеткізудің жолын утопиялық социализм идеяларынан іздеді. Солардың басшыларын мадақтады. 1840 жылы халық наразылығы оның «Топан су» атты өлеңінен айқын сезіледі. К.Маркс Беранжені «өлмейтін ақын» деп атады. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.П.Добролюбов оның әдеби мұраларын жоғары бағалады. Беранже өлеңдерін алғаш рет орыс тіліне аударғандар Н.И.Дмитриев пен А.А.Дельвиг болды. 1850 ж. В.С.Курочкин мен М.М.Михайлов аударған өлеңдері халық арасына кең тарады. Совет ақындары П.Антокольский, В.Дмитриев, В.Левик, Вс.Рождественский де Беранже өлеңдерінен тамаша аудармалар жасады. Беранженің бірен-сараң өлеңдері қазақ тіліне аударылды.



Просмотров 2401

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!