![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Кабель типтері. Коаксиал кабель
Экрандалмаған шиыршықталғанжұптың (UTP) бес категориясын Біріктіретін стандарттар анықталған. 1-категория– дəстүрлі телефон кабелі,оның бойымен деректер таратуға болмайды, тек сөз ғана жіберіледі. 2-категория– деректерді 4 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Төрт шиыршықталған жұптан тұрады. 3-категория– деректерді 10 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Əрбір метрге тоғыз шиыршықтан келетін төрт шиыршықталған жұптан тұрады. 4-категория– деректерді 16 Мбит/секжылдамдықпен жібере алатын кабель. Төрт шиыршықталған жұптан тұрады. 5-категория– деректерді 100 Мбит/секжылдамдықпен жібере алатын кабель. Мыс сымнан жасалған төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
• Шиыршықталған жұп əдетте желіні жүргізу барысында кеңінен қолданылады. • TIA/EIA ұйымы екі схема анықтаған, олар T568A жəне T568B аталады. Əр схемада кабель ұшында сымдарды қосудың белгілі бір реті анықталған. T568A жəне T568B схемалары бойынша кабельөткізгіштерінің екі типін анықтауға болады: тура жəнеқиылысқан. Бұл кабельдің екі типі ақпараттық орталықтарда кездеседі (astraight‐throughcableandacrossovercable). Тура кабельқолданылатын құрылғылар: • коммутатора жəне маршрутизатор порттары; • Концентратор жəне ДК порттары. Қиылысқан кабельқолданатын құрылғылар: Коммутатор жəне коммутатор порттары; Коммутатор жəне концентратор порттары; Концентратор жəне концентратор порттары; Маршрутизатор жəне маршрутизатор порттары; ДК жəне маршрутизатор порттары; ДК жəне ДК. Қиылысқан кедергілер дегеніміз– көршілес сымдардағы сигналдардың əсерінен туатын электрлік əсерлер. б) Экрандалған шиыршықталған жұп STP электрлік кедергілердің р д р рд ң əсері аз, сигналдарды жоғары жылдамдықпен алыс қашықтықтарға тарата алады. Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель қолданылады, егер: • қаржы шектеулі болса; • орнатудың жеңілдігі қажет болса; Деректердің бүтіндігін сақтау жағынан жоғары сенімділік жəне оларды ұзақ қашықтыққа жоғары жылдамдықпен тарату қажетболса, бұл кабельдің түрін пайдаланып керегі жоқ. Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің басқа кабельдерге қарағанда артықшылығы оның арзандығында. Сонымен қатар оны орнату жеңіл жəне қызмет көрсету ыңғайлы. Мұндай кабельдердің түрін орнату ғимарат салынып жатқан кезде есепке алынады,олардың қосылыс орындары телефондікіне ұқсас келеді. Кабель типтері. Коаксиал кабель. Кабель компьютерді желінің басқа машиналарымен қосатын байланыс арнасын қамтамасыз етеді. Кабель компьютерді желінің басқа машиналарымен қосатын байланыс арнасын қамтамасыз етеді. Кабель – желінің екі түйінінің арасын қосатын сымның бөлігі. Кабель сегменті дегеніміз – желінің бір ұшын келесісімен қосатын (терминаторлар арасын қосатын) кабельдердің тобы. Терминаторлар – сегменттің екі шетіне орнатылып, кабельдің толқындық кедергісін қалыпқа келтіретін резисторлар. Сегмент соңына жеткен сигналды терминатор жұтады, мұның өзі паразиттік сигналдардың шағылысуын болдырмайды. Терминаторларды орнатпаған жағдайда, желі соңына жеткен сигналдар шағылысып, қайтадан кабельге түседі де оның бойымен деректер алмасуға кедергі жасайды, желінің жұмысын тоқтатуға дейін барады. Бұған дейін коаксиальді кабель ең кең тараған кабельдердің бірі болып келді. 1. оның құны төмен, жеңіл, жұмсақ жəне қолдануға ыңғайлы. 2. коаксиал кабельдің кең таралуы оның сенімділігін арттырып, орнату жағынан қарапайым болуына əкелді. Ең қарапайым коаксиал кабель мыс тамырдан, оқшаулауыштан, экраннан жəнесыртқы қабықшадан тұрады. Сигналдың кабель бойымен жылжу барысында мөлшерінің азаюын оның өшуі деп атайды. Коаксиал кабель шиыршықталған жұпқа қарағанда кедергіге қарсы жоғары орнықтылықты қамтамасыз ететіндіктен, онда сигналдың өшуі аз кездеседі. Коаксиал кабельдердің түрлері. Желіге қойылатын нақты талаптарға сай коаксиал кабельдердің түрі таңдалады
![]() |