![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Коаксиал кабельдер (coaxial cable) келесі жағдайларда
қолданылады: – сөздерді, видео жəне екілік деректерді тасымалдаушы орта ретінде; – деректерді алыс қашықтықтарға жеткізу үшін (құны төмен кабельдермен салыстырғанда); – деректерді қорғауды жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін таныс технология. 7.Кабель типтері. Оптикалық талшықты кабель. Қорғаушы қабықшамен жабылған бір немесе бірнеше кварцті талшықтардан тұрады (кейбір жағдайда полимерлі). Талшықтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін қабықша бірнеше қабаттан тұратындай жасалады. Оптикалық талшықты кабель – ғылымның соңғы жетістіктерінің бірі. Сигнал оның бойымен жарықтың көмегімен жіберіледі. Цифрлік деректер оптикалық талшықтардың бойымен өзгерген жарықтық импулсьтар түрінде таратылады. Бұл деректерді таратудың өте сенімді тəсілі, себебі электрлік сигналдардың өздері жіберілмейтіндіктен, оларды ашу немесе рұқсатсыз алу мүмкін емес. Оптикалық талшықты кабель деректердің үлкен көлемдерін алыс қашықтықтарға өте жоғары жылдамдықпен таратуға арналған, ондағы сигналдар өшпейдіСыртқы қабықшаоптикалық талшықты тозудан, еріткіш сұйықтықтардын т.б.заттардың əсерінен тозудан сақтайды. Негізінен рд ң р уд қ д сыртқы материалдың құрамы пайдаланылатын ортаға байланысты. Буфер кабельөзегін жəне оптикалық талшық қабықшасын бүлінуден сақтайды. Оптикалық талшықтың өзегі ол жарық импульстарын тасымалдау ортасы. Ол кварцтан немесе шыныдан жасалады. Сонымен, оптикалық талшық – қабық ретінде қызмет ететін, басқа сыну коэффициентіне ие шынымен қапталған жұқа шыны цилиндр. Əрбір шыны оптикалық талшық сигналдарды бір бағытта ғана жібереді, яғни кабель қабылдайтын жəне жіберетін екі талшықтан тұрады. Оптикалық талшықты кабель бойымен деректерді жіберу барысында электрлік кедергілер əсер етпейді жəне жоғары жылдамдық қамтамасыз етіледі (100 Мбит/сек, теория жүзінде 200000 Мбит/сек жылдамдық та мүмкін). Оның бойымен жарықтық импулсьтарды алыс қашықтықтарға жіберуге болады. Оптикалық талшықты кабель қолданылады, егер: • деректерді өте жоғары жылдамдықпен алыс қашықтықтарға сенімді орта арқылы тасымалдау жоспарланған болса; Оптикалық талшықты кабельді қолдануға болмайды, егер: • егер қаржы тапшылығы орын алса; • оптикалық талшықты желілік құрылғыларды орнатуға жəне қосуға дағдыланбаған болсаңыз. Оптикалық талшықты үлкен корпорациялар, Интернет желісіне қосатын провайдерлер кеңінен қолданады. Кабельдер кез келген желінің ажырамас бөлігі болып табылады. Кабельдерді жүргізу барысында, желі өнімділігінің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ететін, арнайы дайындалған стандарттарына сүйену қажет. • Стандарттар белгілі бір ортада пайдаланылатын кабельдердің типтерін, өткізгіштер материалдарын, схемаларын, экрандарын, кабельдер ұзындықтарын, разъемдардың типтерін жəне өнімділіктерінің жоғарғы мəндерін анықтайды. • Кабельдерді жүргізуге байланысты стандартарды құрумен көптеген ұйымдар айналысады. • Келесі суретте кейбір ұйымдармен олардың жұмыс аймақтары көрсетілген 8.Сигналдарды жіберу. Сымсыз желілер. Кабель бойымен кодталған сигналдарды жіберудің екі технологиясы қолданылады – таржолақтық беріліс жəне кеңжолақтық беріліс. Таржолақтық беріліс. Таржолақтық жүйелер берілгендерді бір жиілікті цифрлік сигналдар түрінде жібереді. Сигналдар дискретті электрлік немесе жарықтық импульстар түрінде көрсетіледі. Таржолақтық жіберуді қолданатын желілердегі əрбір құрылым деректерді екі бағытта да тасымалдайды, ал кейбіреуі біруақытта қабылдауға да, жіберуге де қатысуы мүмкін. Кабель бойымен қозғала отырып, сигнал бірте-бірте өше бастайды, соның салдарынан өзгеріске ұшырауы мүмкін. Егер кабель өте ұзын болса, оның алыс ұшындағы сигнал танымастай өзгеріп, тіпті жоғалып кетуі мүмкін. Осындай жағдайды болдырмау үшін, таржолақтық жүйелерде сигналдарды күшейтетін жəне оларды қосымша сегменттерге ретрансляциялау арқылы кабельдің жалпы ұзындығын арттыруға мүмкіндік беретін репиторлар қолданылады. Кеңжолақтық беріліс. Кеңжолақтық жүйелер деректерді жиіліктердің қандай да бір интервалын пайдаланатын аналогтық сигнал түрінде жібереді. Сигналдар үздіксіз электромагниттік немесе оптикалық сигнал түрінде жүреді. Мұндай тəсілмен сигналдар физикалық орта арқылы бір бағытта жіберіледі. Сымсыз желілер Кабельдер– компьютерлер арасында деректер алмасудың көпшілік мақұлдаған ортасы. Дегенмен, бүгінгі таңда бізді физикалық қосылыстардың қиындықтарынан құтқаратын деректер тасымалдаудың сымсыз технологиялары пайда болды. Сымсыз орта біздің өмірімізге біртіндеп ене бастады. Бұл технология толығымен соңына дейін құрылған кезде, өндірушілер құны төмен, тиімді өнімдерін көптеп ұсына бастайды, мұның өзі ол өнімге деген сұранысты арттырып, сату көлемінің өсуіне əкеледі. Бұл өз кезегінде сымсыз ортаның одан əрі өркендеп дамуына əсер етеді. «Сымсыз орта»сөз тіркесі желіде сымдардың мүлдем жоқтығын білдіретіндіктен,теріс түсінуге соқтыруы мүмкін. Шындығында олай емес. Əдетте сымсыз компоненттер беріліс ортасы ретінде кабель қолданылатын желіде əрекеттеседі. Мұндай əртүрлікомпоненттерден тұратын желіні гибридті деп атайды. Сымсыз желіидеясы қызығушылық туғызары қақ, себебі: • жұмыс істеп тұрған кабельдік желіге уақытша қосылуды қамтамасыз етеді; • жұмыс істеп тұрған кабельдік желіге резервті көшірмені ұйымдастыруға көмектеседі; • тездіктің нақты деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік береді; желінің максималды ұзындығына мыс немесе тіпті оптикалық талшықты кабельдер арқылы қойылатын шектеуді алуға мүмкіндік береді. Сымсыз даусыз артықшылық желілерге беретін тағы бір фактор – кабельді орнатудың қиындығы. Бұл желілер келесі жағдайларда өте пайдалы болуы мүмкін: • адамдар көп жиналған бөлмелерде (мысалы, кіреберіс бөлме немесқабылдау бөлмесі); • əр жерде жұмыс істейтін адамдар үшін; • оқшауланған бөлмелерде жəне ғимараттарда; • жобасы жиі өзгеретін бөлмелерде; • кабельдерді жүргізуге болмайтын құрылыстарда (мысалы, тарихи немесе архитектуралық ескерткіштер). Технологиясына байланысты сымсыз желілерді үш түрге бөлуге болады: • жергілікті есептеу желілері; • кеңейтілген жергілікті есептеу желілері; • жылдам (тасымалданатын компоненттер). Желінің бұл түрлерінің негізгі айырмашылығы – жіберу параметрлерінде. Жергілікті жəне кеңейтілген жергілікті есептеу желілері өздері орнатылған ұйымға тиеселі жіберушілер мен қабылдаушыларды қолданады. Тасымалданатын компьютерлерде сигналдарды жіберу ортасы ретінде телефон станциялары , жерсеріктер жəне т.б. қолданылады. Əдеттегі сымсыз желі жіберу ортасы басқа болғанмен, кəдімгі желіге ұқсас жəне сол сияқты жұмыс істейді.
![]() |