Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Іс- тәжірибелік сабақтардың үлгілері



Экономикадағы ақпараттық технологиялар

Көлемі 2 кредит

 

Автор: доцент Жанатбекова Н.Ж.

Рецензент: п.ғ.к. Байгожанова Д.С.

 

 

ТҮСІНІКТЕМЕ

 

Ұсынылып отырған оқу–әдістемелік кешен «Экономикадағы ақпартық технологиялар» экономикалық мамандықтарының студенттеріне арналған.

«Экономикадағы ақпартық технологиялар» пәнінің мақсаты экономикалық мамандықтарда оқитын студенттерді экономикалық және басқару мәселелерін компьютердің көмегімен шешуге әртүрлі әдістерді пайдалануға, компьютер жүйелерін жақсы игеруге, информациялық технологияларды болашақта өз кәсіпкерлік істерінде қолдануға үйрету болып табылады. Бұл жерде экономика саласына қолдануға ыңғайлы универсалды сайман ретінде ең бірінші электрондық кестенің мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлінген дұрыс. Әр түрлі қарапайым экономикалық, бухгалтерлік есептерді, оптимизация есептерін шығару бұл программаның мүмкіншіліктерін аша түседі.

Экономикадағы ақпартық технологиялар» курсының негізігі міндеттері

-студенттерді экономикалық және басқарудағы есептерді шешуге, информациялық жүйелерде жұмыс істеу негіздеріне оқытып үйрету;

- жаңа информациялық технологиялардың мүмкіндіктерін және болашақтағы олардың өркендеуін көрсету;

- ЭЕМ-нің, информациялық жүйелердің, компьютерлік жүйелердің және олардың программалық қамтамаларының даму қалпы мен келешегін зерделеу;

- компьютерді экономикалық және басқару мәселелерін шешуге жан-жақты қолдану, ұтымды жақтарын іздестіру;

- экономикалық ақпаратты талдау әдістерін, құрылымдауын, өңдеуін көрсету;

- арнайы экономикалық және басқару есептерді шешуге қолданбалы программалық қамтамаларды қолданып үйрту.

Оқу–әдістемелік кешен студенттердің дербес жұмысының маңызды бөлігі және оларды өздігімен әдебиеттерді, экономикалық және басқару есептерді шешуге программалық қамтамаларды қолданып және пайдалануға үйретеді. Студенттер оқу–әдістемелік кешенде берілген тапсырмаларды орындау кезінде берілген тақырыптың теориялық негіздерін терең оқып-білуі тиіс.

Студенттердің білімді меңгеруі

· қазіргі заман компьютерлерінің қолданбалы программаларымен;

· жергілікті компьютелік желілермен, корпоративтік желілермен, INTERNET ауқымды желісінің қызметімен, қазіргі заманның компьютерлік технологияларымен жұмыс жасай білу керек.

 

 

Пән мазмұны

 

Экономикалық ақпарат автоматтандырылған өңдеудің объектісі нәтижесінде

Басқару процессінің ақпараттық сипаттамасы. Ақпаратты жинау және өндеу процедурасы.

Ақпараттық базасын жүргізу және ұйымдастыру

Диаграммаларды құру үшін арналған мастермен, фильтрмен, тексерумен, қорытындыларымен, сұрыптаумен жұмыс істеу. Тәуелді ұяшықтарды қолданған есептерді шешу.

Экономикалық ақпараттық жүйелер.

ЭАЖ ресурстарына шолу. ЭАЖ математикалық, программалық, техникалық, ұйымдастырулық және құқықтық қамтамасыздандыру.

ЭАЖ міндеттерінің класификациясы.

MS Excel-де экономикалық есептеулер жүргізу.

Төлем ақыны есептеуді автоматтандыру. Қарапайым тізімділікті құру.

Жаңа ақпараттық технологиялар.

Ақпараттық технология түсінігі және оның класификациясы. Қолданылатын интерфейс стандарты.

Көбінесе таралған ақпараттық технологиялар: тексттік процессорлар, графикалық процессорлар, кестелік процессорлар, интеграцияланған пакетттер.

Жинақтау кестелермен жұмыс істеу

Жинақтау кестелердің мастермен жұмыс істеу. Қосымша операцияларды қолдану. Жинақтау кестелер бірнеше консолидацияларда.

Желілік және бөлінген технологиялар.

Желілік технология түсінігі. Мағлұматты өндеу мен сақтаудың бөлінген технологиялары. Негізгі электрондық және коммуникациялық желілер. Халықаралық ақпараттық желілер.

Аржылық функцияларды зерттеу.

Қаржылық функцияларды зерттеу. Есептін механизмдері, мәлеметтердін форматтары, функциялардын синтаксисы.

Банктік ақпараттық жүйелер (БАЖ).

БАЖ ерекшеліктері. Жобалау принциптері. Бағдарламалар мен ақпаратты рұқсатсыз қолданудан сақтау қажеттілігі, аппараттық, бағдарламалық, ұйымдастырмалы-әкімшілік қорғау құралдары.

Аржылық талдау

Тең мөлшерсіз капитал салымының тиімділік бағасы. Капитал салымының тиімділік есеп айырысы. Несиені өтеу сызбасы. Аннуитетті есептеу. Бағалы қағаздарының табыс бағасы. Активтер амортизациясының стратегиясын моделдеу.

Салықтық ЭАЖ

Салықтық ұйымды басқару түсінігі, мақсаты, міндеті және құрлымы. Функциялары мен негізгі ерекшеліктері. Салықтық ақпараттық жүйелер ресурстарына шолу. Функционалды жүйешелердің және АЖО (АРМ) сипаттамасы.

Статистикалық талдау

Мәліметтерді талдау эконометриялық әдістері. Дисперсиондық талдау. Кластерлық талдау.

 

Бухгалтерлік ақппараттар жүйесі (БуАЖ)

БуАЖ құрайтын принциптер, БуАЖ құрауға бағытталған қадамдар. Ірі кәсіпорындардағы БуАЖ. Есептік ақппараттарды өңдеу жүйесіндегі белгіленген есептеулер түрлері.

БуАЖ ақппаратты өңдеу деңгейі бойынша АЖО бөлнуі. АЖО арасындағы ақппараттармен алмасу тәсілдері.

Сызықты және сызықсыз онтайландыру (оптимизация)

Экономико-математикалық есептерде сызықты бағдарламалаудын механизмдерің қолдану. Әртүрлі әдістермен регрессия теңдеуді шешу. ТЕНДЕНЦИЯ функциясын қолдану.

 

Іс- тәжірибелік сабақтардың үлгілері

 

1. Ақпараттық базасын жүргізу және ұйымдастыру

2. MS Excel-де экономикалық есептеулер жүргізу

3. Жинақтау кестелерімен жұмыс істеу

4. Қаржылық функцияларды зерттеу.

5. Қаржылық талдау

6. Статистикалық талдау

7. Сызықты және сызықсыз онтайландыру (оптимизация)

 

ОСӨЖ –дің үлгілері

 

· Экономикалық ақпараттық жүйе (ЭАЖ). Құрылымы.

· ЭАЖ жіктелімі.

· Менеджменттегі және маркетингтегі ақпарат жүйелерінің негізгі түрлері.

· Ақпараттық технологиялардың даму сатылары.

· Ақпараттық технология түсінігі және олардың жәктелімі.

· Анағұрлым кең тараған ақпараттық технологиялар.

· Технологиялық процестерді басқарудың автоматандырылған жүйелері (АСУ ТП).

· Жобалауды автоматтандыру жүйелері (САПР).

· Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері (АСУП).

· Экономист маманның автоматтандырылған жұмыс орны.

· Бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орны.

· Технологтың автоматтандырылған жұмыс орны.

· Басшының автоматтандырылған жұмыс орны.

· Жасанды интеллект түсінігі.

· Басқарудың эксперттік жүйелері.

· Эксперттік жүйелердің негізгі міндеттері.

· Білімдер базасы.

· Іс қағаздарын жүргізу процесін және бизнес-жоспарлауды автоматтандырудың программалық құралдары.

· Жобаларды басқару теориясының жалпы мәселелері.

· Интернет желісінің даму тарихы.

· Интернет негізіндегі перспективті технологиялар.

· Электрондық коммерция.

· Электрондық төлем жүйелері.

 

 



Просмотров 1376

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!