Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тәжірибелік жұмыс. Төлем ақыны есептеуді автоматтандыру. Қарапайым тізімділікті құру



MS EXCELкестелік процессорының мүмкіндіктерін пайдаланып,жұмыс кітабының «Зарплата»атты парағында еңбек ақыны есептеу (айлық төлемдік-есептік ведомосін) үшін 6-сурет үлгісіндегі кестеніқұрыңыз. Фирманың 20 қызметкері бойынша бір айға қарапайым үлгіде еңбек ақыны есептеңіз.

Келесі мәліметтер белгілі: табельдік номер, аты-жөні, оклад, жұмыс күні саны, еңбек сіңірген күн саны. Қалған көрсеткіштер формула бойынша есептелінеді: жалақы сомасы, табыс салығы, кәсіподақ салымы, зейнетақы қорына салым, ұсталған жалпы сома, қолға берілетін сома.

Ескерту:Оклад көлемін, айдағы жұмыс күні санын, еңбек сіңірген күн санын өзгерткен жағдайларда, нәтижелердің мәні автоматты өзгеретіндей етіп кестені құру керек. Ол үшін есептеу формулаларында берілгендердің нақты мәнін емес, берілгендер орналасқан ұяшық адрестерін пайдаланыңыз.

Келесідей белгілеулер енгіземіз: О– оклад, ЖКС – айдағы жұмыс күні саны, ЕСК– еңбек сіңірілген күн саны, ЖС– жалақы сомасы, ТС– табыс салығы, КОС- кәсіподақ салымы, ЗаҚС– зейнет ақы қорына салым, ҰС – ұсталған жалпы сома, ҚбС – қолына берілетін сома.

Жалақы сомасы: ЖС = О / ЖКС * ЕСК

Кәсіподақ салымы: КОС = ЖС-ң 1%-ы

Зейнетақы қорына салым: ЗаҚС = ЖС-ң 10%-ы

Табыс салығы: ТС =(ЖС-ЗаҚС-Ағымдық уақыттаға ең төменгі жалақы мөлшері)*10%

Ұсталған жалпы сома: ҰС = ТС + ЗаҚС + КОС

Қолына берілетін сома: ҚбС = ЖС – ҰС

6-сурет – Қаңтар айына еңбек ақының төлемдік-есептік ведомосі

 

Бақылау сұрақтары:

1) MS EXCEL-де формула қандай таңбамен басталып жазылады?

2) Сандардың қосындысын есептейтін функцияны ата.

3) MS EXCEL-дегі адрестеу түрлері және олардың қолданылуы ерекшеліктері қандай?

Тәжірибелік жұмыс. Еxcel электронды кестесінде мәліметтер қорын құруға, автофильтр құруға, мәліметтер қорынан таңдау жасауға үйрету.

 

Афтофильтртек белгілі бір мәннен тұратын жолды экранға шығаруға мүмкіндік береді.

Промежуточные.итогиматематикалық функциясы тізімді фильтрлеу нәтижесінде болған жасырын жолдарды ескермей, қорытынды мәнді есептейді.

Промежуточные.Итоги(Номер функции; Ссылка1)

БДСУММфункциясы көрсетілген мәліметтер қорындағы белгілі бір ақпараттардан анықталған критериге сәйкес келетін барлық мәндерді қарап, қосындысын есептейді.

БДСУММ(База данных; Поле;Критерий).

1-тапсырма.Бірнеше менеджерлермен жүзеге асырылған сату туралы мәліметтерден тұратын мәліметтер қорын құру және қажетті ақпаратты алу.

Адам: Мәліметтер қорының жұмыс парағын құру.

В1 ұяшығына Продажи за ноябрь,А3 ұяшығына Дата, С3 ұяшығына Кому, D3 ұяшығына Суммасөздерін енгізіңіз; Лист1жұмыс парағына Ноябрьатын берңіз.

Данные-Формаменю командасын таңдаңыз; Оk пернесін басыңыз. Ноябрь аты берілген экранда форма диалогы ашылады.

Диалог алаңдарын 7-суреттегідей толтырыңыз. Келесі алаңға көшу үшін Таb клавишасын немесе тышқанды қолданамыз. Әр жолды енгізіп болғаннан кейін Добавитьпернесін басамыз. Барлық жазуларды енгізіп болғаннан кейін Закрытьпернесін басамыз.

Адам: Афтофильтр құру.

С1 ұяшығына СУММфункцисын қолданып, айдағы жалпы сату көлемін есептейміз. Мәліметтер базасына әлі де жазулар енгізілетіндіктен максимальды мүмкін диапазонды көрсетеміз: СУММ(D4:D16384).Е3 ұяшығына Итогосөзін енгіземіз.

Функция шеберіндегі Математическиекатегориясындағы Промежуточные Итогифункциясын таңдаймыз. Номер функцииалаңына 9 санын енгіземіз. Ссылка1алаңына D4:D16384диапазонын көрсетеміз. Оk пернесін басыңыз. F3ұяшығында нәтиже шығады: 70700.

Енді автофильтр құрамыз. Баған тақырыптары орналасқан А3: D3диапазонын ерекшелейміз.

Данные•Фильтр•Автофильтрменю командаларын таңдаймыз. Ерекшеленген әр бағанның оң жағында автофильтр кнопкасы пайда болады.

Менеджер Ивановпен жүзеге асырылған жалпы сату көлемі қажет болсын. Ол үшін:

Менеджерыбағанының оң жағындағы автофильтр кнопкасын басыңыз. Мүмкін болатын фильтр тізімі шығады.

 

 

7-сурет – Экранда форма диалогы

Ивановфильтрін таңдаймыз. Нәтижесінде Ивановпен жасалған сату туралы ақпараттар шығады, ал қалған жазулар жасырылып тұрады. F3 ұяшығында Ивановтың сату көлемі 31000 шығады. Сонымен Промежуточные Итогифункциясы экранда көрініп тұрған жазулар бойынша қорытынды есептейді.

Фильтрлеуді алып тастау үшін автофильтр кнопкасын басып (Все)командасын таңдаймыз.

Сату көлемін АО Салем+ фирмасына қатысты фильтрлеп көріңіз.

Иванов пен Сериковтың сату көлемін анықтау үшін Менеджерұяшығындағы автофильтр кнопкасын түртіп, ашылған тізімнен (Условие...)таңдаймыз. Пользовательский автофильтрдиалогы ашылады. Бұл диалог көмегімен равно, больше, меньшежәне т.б.салыстыру операторлары көмегімен фильтрлеу шартын беруге болады.

Сол жақ жоғары алаңға равно, жоғары оң жақ тізімнен Ивановмәнін таңдаймыз. ИЛИауыстырғышын орнатамыз.

Төменгі сол жақ тізімде равнооператорын, төменгі оң жақтағы тізімнен Сериковмәнін таңдап, Оkпернесін басыңыз.

Мысалы, 12.11.02 күнінен кейін жасалған сату көлемін анықтау үшін Датаұяшығындағы автофильтр кнопкасын түртіп, ашылған тізімнен (Условие...)таңдаймыз. Пользовательский автофильтрдиалогы ашылады. Сол жақ жоғары алаңға больше, жоғары оң жақ тізімнен 12.11.02мәнін таңдаймыз. Оkпернесін басыңыз.

Мәліметтер қорындағы барлық бағандардағы фильтрлерді алып тастау үшін: Данные-Фильтр-Отобразить всеменю командасын қолданамыз. Автофильтрді өшіру үшін: Данные-Фильтр-Автофильтр.



Просмотров 1379

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!