Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



МИКРОБИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ



Микробтардың пайдалы әрекеттерін тұрмыста қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды әрекеттеріне қарсы күресе де білген. Айталық, қытайлықтар, үнділер және біздің ата-бабаларымыз шешек ауруына қарсы екпе қолданып, адам өміріне араша түсе білген. Жұқпалы аурулармен сырқаттанған адамдарды оқшаулап, жеке күткен. Микробтар туралы түсініктері болмаса да, олардың зардаптарынан тағамдарды сақтай білген. Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамзат тағам өнімдерін сақтауды (қайнату, тоңазыту, қақтау, тұздау, кептіру) сонау неолитика кезінен бастап игерген көрінеді.

Микробиология ғылымының дамуындағы айтулы кезең көзге көрінбейтін тіршілік иелерін зерттеуге арналған құралдың құрастырылуынан басталды. 1590 жылы шыны ажарлаушы Ганс және Захарий Янсендер майда заттарды үлкейтіп көрсететін аспап құрастырды. 1609-1610 жылдары Г. Галилей (1564-1642) ең алғашқы қарапайым микроскоп жасады

Швед ғалымы Карл Линей «Табиғат жүйесін» жасаған кезінде микроорганизмдерді бұл жүйеге енгізбей хаос яғни адам түсінбейтін, көзге көрінбейтін, құпия сыры бар бей-берекет жәндіктер тобына жатқызды. Дегенмен, микробтар туралы деректер жинала беріп, микробиологияның морфологиялық кезеңінің дамуына жол ашты.

XIX ғасырдың бірінші жартысында жұқпалы ауруларды қоздыратын кейбір микроорганизмдер белгілі бола бастады. Айталық, 1839 жылы И. Шенлейн тазқотыр зардапты саңырауқылақтың әсерінен пайда болатынын дәлелдесе, 1843 жылы Д. Груби бұзаутаздың, сәл кейінірек А. Полендер, К. Давен және Ф. Брауэлл 1849-1854 жылдарда топалаңың қоздырғыштарын ашады. Алайда, аталмыш ғалымдардың және сол кездегі басқа да зерттеушілердің еңбектері табылған микроорганизмдердің сыртқы пішінін жазумен ғана шектеліп отырды. Міне, сондықтан да, бұл уақыт микробиологияның ғылым ретінде қалыптасуындағы морфологиялық кезеңі деп аталып жүр.

Микробиологияның келесі даму сатысының – физиологиялық кезеңнің негізін қалаушы әйгілі француз ғалымы Луи Пастер (1822-1895) болды. Францияның Лилль қаласында химияпрофессоры лауазымында қызмет етіп жүрген Л. Пастер спирт зауыттарының иегерлерінің өтініші бойынша шарап пен сыралардың бұзылу себебін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізген. Ізденістерінің нәтижесінде 1857 жылы ол спиртті, сүт қышқылды, май қышқылды ашулар, сонымен қатар сыра даярлау кезіндегі ашу белгілі бір микроорганизмдердің әсерінен туындайтындығы туралы қорытындыға келеді. Микробиология тарихында Л. Пастермен қатар ғылымының негізін қалаған тұлға ретінде неміс ғалымы Роберт Кохтың есімі (1843-1910) заңды түрде аталып жүр. Өз тәжірибелерін ол ауыл дәрігері болып жүріп, сібір жарасын зерттеуден бастаған еді. Кейіннен оның назары сол кезде кең тараған, емі табылмаған аурулардың біріне – туберкулезге ауады. 1882 жылы ол аталмыш аурудың қоздырғышын тапқаны туралы еңбегін жариялайды. Көп ұзамай бұл микроорганизмдерге зерттеушінің құрметіне «Кох таяқшалары» деген атау беріледі.

Ауыл шаруашылығы саласында микробиологияның дамуына С.Н. Виноградский, М.С. Воронин, М. Бейеринк және т.б. зерттеушілер зор үлес қосты. С.Н. Виноградский (1856-1953) – топырақ микробиологиясының негізін қалаушылардың бірі. Ол күкірт бактерияларының күкірт сутегін күкірт қышқылына дейін тотықтыра алатындығын дәлелдеді.

Жалпы микробиология микроорганизмдердің өзгергіштілігі мен тұқым қуалаушылығын, дамуы мен тіршілігін, табиғатта зат алмасу процесіндегі рөлін зерттеп, айқындалған заңдылықтарды адам игілігіне қолдануды мақсат тұтады.

Техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология микробтардың тіршілігі нәтижесінде түзілетін өнімдердің адам үшін ең қажеттілерін көп мөлшерде өндірудің ғылыми деректерге негізделген тиімді технологиясын әзірлейді. Сонымен қатар ол дайын өнімдерді бүлінуден сақтайтын әдістерді жетілдірумен де шұғылданады. Аталмыш сала микробиологиясының дамуы барысында ашыту өнеркәсібі, антибиотиктерді, ферменттерді, витаминдерді, амин қышқылдарын өндіретін өндірістер пайда болды.

Тағам микробиологиясы әр түрлі микроорганизмдердің көмегімен тағам өнімдерін даярлау әдістерін жетілдіру мақсатында зерттеулер жүргізеді және осы өнімдерді сақтау шараларын анықтайды.

Ауыл шаруашылық микробиологиясы өсімдіктердің қоректенуі мен топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің рөлін зерттейді. Сонымен қатар, ғылымның бұл саласы топырақтың шұрайлығын, азықтың нәрлігін арттыру мақсатында микроорганизмдерді қолдану тәсілдерін қарастырады.

Санитарлық микробиология су, ауа және топырақтағы микроорганизмдердің маңызын және олардың көмегімен аурудың таралу жолдарын зерттеп, әртүрлі объектілерді зардапты микроорганизмдерден тазарту әдісі мен жолдарын анықтайды

Медициналық және ветеринарлық микробиология сәйкесінше адам мен жануарларға зардапты микроорганизмдерді зерттеп, жұқпалы аурулардың алдын-алу жолдары мен зертханалық диагностикасын, оларға қарсы күрес шараларының тиімділігін жетілдірумен шұғылданады.

Геологиялық микробиология жер қабатында пайдалы қазбалардың түзілуіндегі микробтардың рөлін анықтап, олардың өнеркәсіпте қолдану мүмкіндіктерін қарастырады.

5) САНИТАРЛЫҚ – КӨРСЕТКІШ МИКРООРГАНИЗМДЕР

Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдер туралы түсінік.Инфекциялық аурулар қоздырғыштарының таратушысы адамдар мен жануарлар болып табылады. Олардан қоршаған ортаға микроорганизмдер ауа-тамшысы және нәжісі арқылы көп мөлшерде бөлінеді.

Санитарлық микробиологтардың негізгі қызметі инфекциялық аурулардың алдын алуға, қоршаған орта нысандарының патогенді микроорганизмдермен ластану жағдайларын ескертуге бағытталған. Сондықтан қоршаған ортаның түрлі нысандарына санитарлық-микробиологиялық баға беру жұмыстары тікелей әдіспен емес, тек жанама әдістерді қолдана отыра, олардың адамдар мен жануарлардан бөлінген заттармен ластануын нақты анықтау арқылы жүзеге асырылады.

Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын талаптар.Адамдар мен жануарлардың организмінде болатын қалыпты микрофлоралардың барлықтары бірдей санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қатарына жатқызылмайды. Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге келесі талаптар қойылған:

- адамдар мен жануарлардан бөлінетін заттарда әрдайым кездесіп, қоршаған ортаға көп мөлшерде түсіп отыруы;

- адам мен жануарлардың организмінен басқа табиғи резервуарының болмауы;

- сыртқы ортада тіршілігін сақтау мерзімі патогенді микроорганизмдердің тіршілік ету мерзімімен сәйкес келуі;

- сыртқы ортада көбейе алмауы;

- қоршаған ортада өздерінің биологиялық қасиеттерін сақтай алуы;

- оларды бір-бірінен ажыратып балауға мүмкіндік беретін типтік қасиеттерінің болуы.

Зерттеу нысандары Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер
Су Ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококкалар, стафилококкалар
Топырақ Ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококкалар, клостридиялар, термофилдер
Ауа Стрептококкалар, стафилококкалар
Тұрмыстық заттар Ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококкалар, стафилококкалар
Тағам өнімдері Ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококкалар, стафилококкалар, Proteus тобының бактериялары, мезофилді аэробты және факультативті-анаэробты микроорганизмдердің (МАФАнМ) саны

Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қатарына ішекте мекендейтін қалыпты микрофлоралардың ішінен – ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококтар, сульфитті редукциялаушы анаэробтар (көбінесе Clostridium perfringens), Proteus туысына жататын бактериялар, ішек бактериофагтары, ал жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабықшаларында тіршілік ететіндерден – Streptococcus viridans, Streptococcus haemolyticus және Staphylococcus aureus жатады.



Просмотров 13084

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!