Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



МАЛ АЗЫҒЫ МИКРОБИОЛОГИЯСЫ



Мал азығы микрофлорасының сандық және сапалық құрамы оны даярлау және сақтау кездерінде айтарлықтай өзгеріске ұшырап отырады. Қалыптағы микрофлорамен қатар мал азығында әртүрлі ауруларды қоздыратын зардапты микроорганизмдер де кездесуі мүмкін. Айталық, көптеген жұқпалы аурулар алиментарлы жолмен, яғни мал азығы арқылы таралады. Зардапты микроорганизмдер мал азығына топрырақ, қи, жануарлар мен кеміргіштердің экскреттері арқылы түседі.

Мал азығының қалыпты микрофлорасының құрамын вегетация кезінде өсімдіктің жапырақтарында, собықтарында, гүлшоғырларында тіршілік еткен микробтар – эпифитті микроорганизмдер анықтайды. Мұндай микрофлоранының қасиеттерін және олар тудыратын процестерді білу мал азығын дұрыс даярлау және сақтау үшін өте маңызды. Эпифитті микроорганизмдердің саны өсімдіктің даму фазасына, ылғалдығына, температураға және басқа факторларға байланысты болып келеді. Ылғалданған азықта микроорганизмдердің саны өсе түседі. Өсімдік жапырақтарының бетінде ең көп мөлшерде кездесетіндері аммонификаторлар- Erwina herbicolica және Pseudomonas fluorescens, яғни шіріткіш микроорганизмдер. Бұл екі түрдің үлесіне эпифиттердің 80%-ға жуығы тиеді. Олардан басқа сүт қышқылды және май қышқылды микробтар, ашытқылар, ішек таяқшасы, нитрификаторлар, денитрификаторлар және т.б. мекендейді.. Спора түзетін бактериялар мен зең саңырауқұлақтары өсімдіктерге топырақ немесе ауа арқылы түсіп, анабиоз күйінде сақталады Эпифиттер фитонцидтердің және күн сәулесінің әсеріне төзімділік көрсетіп, өсімдіктер бөліп шығаратын заттармен қоректенеді. Олар өсімдіктерді зақымдай алмайды және сау ұлпаға ене алмайды. Бұл жерде басты рөлді өсімдіктердің табиғи иммунитеті орындайды. Вегетация кезінде паразит саңырауқұлақтар өсімдіктерді зақымдап, оларды қаракүйік ауруларына ұшыратуы мүмкін. Ауру өсімдіктердің бетінде микроорганизмдердің саны біршама өсе түседі.

Өсімдік массасы микроорганизмдер үшін жақсы қоректік орта болып табылады. Шабылған шөпте эпифиттер өсімдік ұлпасына бірден ене бастайды. Осы кезде анабиотикалық күйде болған шіріткіш, май қышқылды және т.б. микробтар жанданып, азықтың бүлінуіне әкеледі. Мұндай азық малдың денсаулығына қауіп төндіреді. Азықпен бірге шаруашылыққа жұқпалы аурулардың қоздырғыштары тасымалдануы мүмкін. Айталық, жем шөпке шаңмен бірге сібір жарасы бацилласының түсуі ықтимал. Әсіресе бұл қоздырғышпен ластанған топырақта өскен өсімдіктер аса қауіпті. Кемірушілер арқылы құрама жем әртүрлі ауру қоздырғыштарымен жұқтырылып, инфекцияның таралуына себепкер бола алады.

Малдың күйі мен өнімділігіне азықтың құрамы үлкен әсер етеді. Ата-бабамыз «сиырдың сүті тілінде» деп бекер айтпаса керек. Шығу тегіне қарай азықты өсімдік, жануар және минерал тектес топтарға бөлуге болады. Күйіс қайырушылар мен басқа да жануарлардың рационында өсімдік тектес азықтың үлесі басымдырақ болып келеді. Азықтың бұл тобын ылғалының мөлшеріне қарай үш түрге жіктеуге болады: пішен, пішендеме және сүрлем.

Пішен. Жаңа шабылған шөптің ылғалдығы әдетте 70-80% мөлшерінде болады. Шөпті кептіру кезінде бос су буға айналып кетеді де, оның ұлпасында микроорганизмдерге қолжетімсіз ұлпамен байланысқан су ғана қалады. Шөптің ылғалдығы 12-16% жеткен кезде микробиологиялық процестер тоқтап, азықтың бұзылуына тосқауыл қойылады. Сондықтан шөп неғұрлым тез кептірілсе, қоректік заттар соғұрлым азырақ жоғалады. Өсімдіктің суды ұстап тұру қабілеті оның құрамындағы гидрофильді коллоидты протеиндер мен оның қабырғасының қалыңдығына тәуелді болып келеді. Сондықтан да жуансобықтылар (түйежоңышқа, т.б.) дәнді өсімдіктерге қарағанда өте баяу кебеді. Сонымен қатар кебу жылдамдығына өсімдіктің өсу фазасы және тағы басқа факторлар әсер етеді.

Пішендеме – шабылғаннан кейін ылғалдылығы 50-55%-ға дейін түскенше кептірілген әртүрлі шөптерден герметикалық жағдайда даярланатын мал азығы. Шөп жергілікті климат жағдайына байланысты 3 сағаттан 10 сағатқа дейін аралықта кептіріледі.Пішендемені даярлау технологиясы келесі кезеңдерден тұрады: шөпті шабу; жаншу (арнайы агрегат бұл екі операцияны бір мезгіде орындайды); кептіру, дестеге салу; дестелерді жинақтау, шөпті ұсақтап, транспортқа тиеу; көк массаны қоймаға салу; қойманы қымтау. Бұршақ тұқымдастар шанақтау (бутонизация), ал дәнді өсімдіктер масақтану сатысында шабылады.

Мал азығын сүрлеу.Бұл шырынды мал азығын даярлаудың кең тараған тәсілі. Сүрлеу мал азығын микробиологиялық және химиялық факторлардың әсерінен маңызды биологиялық қосылыстармен құнарландыра түседі. Сүрлеу кезінде азықтың ауадан оқшаулануы барлық аэробты бактериялар мен зең саңырауқұлақтарының тіршілігін тоқтатады, ал сүт қышқылды микроорганизмдер түзетін сүт қышқылы азықты қышқылдандырып, анаэробты жағдайда өтетін шіріту, май қышқылды және т.б. процестерді тежейді.

Сүрлем микрофлорасы. Жем шөптегі микробтардың басым көпшілігі дөңгелек және таяқша тәріздес сүт қышқылды бактериялар(Lactobacillus и Streptococcus). Сүрлемді сүрлем қылатын осы бактериялар. Олардың бәрі факультативті анаэробтар тобына жатады. Дөңгелек пішінділері 25-35°С температурада, ал термофильді таяқша пішіндегілері 40-45°С жақсы өсіп өнеді. Сүт қышқылды микроорганизмдердің екі тобы белгілі: қанттардан сүт қышқылын түзейтін гомоферментативтілер; сүт қышқылынан басқа сірке қышқылын, көмір қышқыл газын, ал кейде этил спиртін өндіретін гетероферментативтілер.

14) Микроорганизмдер-инфекциялық аурудың қоздрғыштары БАКТЕРИЯЛЫҚ ИНФЕКЦИЯ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ.Туберкулез қоздырғышы.Туберкулез созылмалы түрде өтетін жұқпалы ауру. Ол қоздырғыш адамдарды, үй және жабайы жануарларды және құстарды ауруға шалдықтырады. Патологоанатомиялық жағынан алып қарағанда ірімтіктелген туберкулалардың әртүрлі органдарда пайда болуымен сипатталады. Туберкулез қоздырғышын 1882 жылы Роберт Кох ашқан. Үй жануарлары арасынан сиыр, құс (әсіресе тауықтар), шошқа, ешкі, ит, мысық жиі, ал жылқы сирек шалдығады.

Бруцеллез қоздырғышы.Бруцеллез – сүйек буындарының қабынуымен, жүйке жүйесінің бұзылуымен және басқа да әр түрлі клиникалық белгілерімен көрінетін, созылмалы түрде өтетін, адамдар мен малдарға ортақ зооантрапонозды жұқпалы ауру. Бруцеллезге шалдыққан малдар іш тастайды, эндометрит, орхит (еркек малдардың енінің қабынуы), рецидивті дене қызуының көтерілуі (дене қызуының көтерілуінің қайталануы), төлдегеннен кейін шудың түспеуі барлық малдарда, әсіресе сиырларда жиі байқалады. Жылқыларда – көбінесе шоқтық пен шүйде буыны аумағында бурсит байқалады

Шошқа тілмесінің қоздырғышы.Бұл микроорганизм жіті және созылмалы түрде өтетін, жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы ауруды қоздырады. Аурудың жіті түрінде септицемия және эритема, ал созылмалы түрінде эндокардит пен артрит белгілері байқалады. Әдетте бұл ауруға 3 айлық жастан бір жас аралығындағы жануарлар шалдығады. Сонымен қатар, шошқа тілмесінің қоздырғышына сүт қоректілер мен құстардың көптеген түрлері сезімтал келеді. Қоздырғышы – Erysipelothrix rhusiopathiae. Қоздырғышты ең алғаш 1882 жылы Пастер мен Тюилье ашқан. Бұл бактерия Firmicutes бөліміне, Erysipelothrix туысына жатады

Пастереллез қоздырғышы.Пастереллез (геморрагиялық септицемия) – ауыл шаруашылық және жабайы жануарларының көптеген түрлерінің, сонымен қатар құстардың инфекциялық ауруы. Бұл ауруға шалдыққан жануарлардың ішкі органдарында, серозды және кілегейлі қабықтарында септицемия мен геморрагиялық қабыну процестері байқалады. Қоздырғышы – Pasteurella multocida.

Сібір жарасы қоздырғышы.Сібір жарасы (Anthrax) – зооантропоноз. Бұған жануарлардың көптеген түрлері сезімтал келеді, әсіресе шөп қоректілер және адамдар. Бұл ауруға шалдыққан малдарда инфекциялық процесс көбінесе жіті түрде өтіп, септицемия мен әртүрлі көлемдегі карбункулдардың пайда болуымен сипатталады. Ауру спорадиялық жағдайда, кейде энзоотия және эпизоотия түрінде де тіркеледі. Қоздырғышы – Bacillus anthracis. Bacillaceae тұқымдасына, Bacillus туысына жатады.

Қарасан қоздырғышы.Қарасан (Эмфизематозды карбункул, Эмкар) – жануарлар денесі бұлшық еттерінің ұлпаларында крепитациялық газды ісіктердің пайда болуымен, ақсауымен және көп ұзамай өлімге ұшырауымен сипатталатын, жіті түрде өтетін жұғымтал емес токсико-инфекциялық ауру. Қоздырғышы – Clostridium chauvoei. Қоздырғышты ең алғаш 1865 жылы Фезер анықтаған.

Сіреспе қоздырғышы.Сіреспе – жануарлар мен адамдарда жіті өтетін рефлекстік қозуы артып, бұлшық еттерінің сіресіп, тартылуымен сипатталатын ауру. Қоздырғышы – Clostridium tetani. Сіреспе қоздырғышын 1883 жылы Н.Д. Монастырский ашты. А. Николайер (1884) оны жан-жақты зерттеп, зертханалық жануарларды жұқтырған. Қоздырғыштың таза өсіндісін 1889 жылы С. Китазато бөліп алған.

Ботулизм қоздырғышы.Ботулизм – орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен, жұтқыншақ, тіл және төменгі жақ бұлшық еттерінің салдануымен сипатталатын ауру. Қоздырғышы – Clostridium botulinum.

Ботулизм (лат. botulus – шұжық) ең алған XVIII ғасырдың ортасында қан қосылған шұжықтан уланған адамдарда байқалған. Бұл індеттің қоздырғышын 1896 жылы Э. Ван Эрменгем сүрленген шошқа майынан уланып өлген адамның көк бауырынан бөліп алған. Одан кейінгі жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ботулизм клостридиясының A, B, C, D, E, F және G деп аталатын 7 серологиялық варианттарының болатындығы анықталған. Аталмыш серологиялық варианттардың бір-бірінен айырмашылығы түзетін экзотоксиндерінің антигендік құрылымында.

Дерматомикоз – тері беткейі, жүн, қауырсын және тырнақтардың зақымдалуымен сипатталатын, созылмалы түрде өтетін жұқпалы ауру. Денеге қоздырғыш онымен тікелей немесе жанама түйіскен жағдайда зақымдалған тері арқылы енеді. Сонымен қатар зардапты саңырауқұлақ организмге азық арқылы да енуі мүмкін. Ауру малдар инфекция көзі болып табылады.

Дерматомикоз қоздырғыштары Dermatophytes деп аталатын жетілмеген зең саңырауқұлақтарға жатады. Олар Trichophyton, Microsporum және Achorion туыстарына ажыратылады. Trichophyton туысына – Т. faviforme, T. gypseum, T. equinum, T. caninum; Microsporum туысына – M. canis (M. lanosum), M. gypseum, M. equinum;ал Achorion туысына – A. gallinae, A. schoenleinii жатады.



Просмотров 4116

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!