Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Таяқша формалы бактериялар



1-монобактериялар; 2-диплобактериялар; 3-стрептобактериялар;

4-стрептобациллалар.

И (көң) микробиологиясы.

Қи протеинге және минералды қосылыстар мен мочевинаға бай келеді. Бастапқы мөлшерге шаққанда орта есеппен мал азығынан қиға 40%-дай органикалық заттар, 80% дай фосфор, 50%-дай азот және 90%-дай калий кетеді. Қи органикалық және минералдық заттарға өте бай болғандықтан микроорганизмдер үшін жақсы қоректік орта болып табылады. Микробтардың белсенді әрекеттерінің нәтижесінде қида түрлі органикалық қышқылдар және қарашірікке бай заттар түзіліп, қи органикалық тыңайтқыштарға тән қасиеттерге ие болады.

Қидың клетчаткасы Cytophaga туысына және Streptomyces cellulosae түріне жататын микроорганизмдердің әсерінен ыдыратылады. Термофильді бактериялардың арасынан жиі кездесетіні – Eubacterium cellulosolvens. Бұлармен қатар қида актиномицеттер мен зең саңырауқұлақтары, әсіресе Aspergillus, Penicillium, Monilla, Cladosporium қарқынды түрде көбейеді. Қөңнің азотты заттарын аммонифицирлеуші микробтар ыдыратады. Қиды сақтаудың бастапқы кезеңінде оның микрофлорасының 57% дөңгелек пішінділердің, 18%-ы Proteus vulgaris тің, 11,7%-ы E.coli-дің, 4,5%-ы Bacillus mesentericus-тың үлесіне тиеді. Ал, шіріп біткен көңде аммонифицирлеуші микробтардың құрамы өзгеріске ұшырап, бациллалар мен коккалардың үлесі сәйкесінше 73% және 6,6% құрайды (П.А.Емельяненко ж.б., 1982).

Қида оған тән микроорганизмдерден басқа (аммонификаторлар, нитрификаторлар, денитрификаторлар, ашу процесінің қоздырғыштары, зең саңырауқұлақтары актиномицеттер және т.б.) жұқпалы аурулардың қоздырғыштары да кездесуі мүмкін. Қидың құрамы малдың түріне, оның азығының және төсенішінің сапасына және т.б. факторларға тәуелді болады.

Қиды залалсыздандырып қана қоймай, оның құрамындағы пайдалы заттарды жоғалтпау мақсатында бірнеше тәсілдер қолданылады. Қиды сақтаудың негізгі төрт түрі белгілі. Қалыптасқан эпизоотикалық жағдайға байланысты әрбір шаруашылық өзіне тиімді тәсілді таңдайды.

Қиды малдың астында сақтау. Бұл тәсілді қолданған кезде малдың қиы нығыздалып, анаэробты жағдай қалыптасады да, микробиологиялық процестер баяулайды. Демек, қида органикалық тыңайтқыштарға тән бағалы заттардың дені сақталып қалады. Алайда, бұл жағдайда аммиак және басқа газдар көп мөлшерде түзіліп, қора қопсы жақсы желдетірілмейтін болса малдың респираторлық ауруларын қоздыруы мүмкін.

Қиды қопсыңқы күйінде күйінде сақтау. Бұл әдіс бойынша қи нығыздалынбайды. Мұндай қидың ішінде микроорганизмдердің тірішілігі үшін қолайлы шарттар қалыптасады. Шіріткіш микроорганизмдер протеинді заттарды, ал уробактериялар мочевинаны аммиакқа дейін ыдыратады. Нитрификаторлар аммиакты нитриттер мен нитраттарға дейін тотықтырады, ал қидың тереңірек қабаттарындағы анаэробты денитрификаторлар оларды атмосфераға бөлініп шығатын молекулярлық азотқа дейін тотықсыздандырады. Қида микробиологиялық процестер неғұрлым қарқынды жүрсе, өсімдіктер үшін өте маңызды заттар болып табылатын азот және фосфор соғұрлым көбірек жоғалады.

Қиды салқын әдіспен сақтау. Қи арнайы бөлінген жерде ені 3-4 метр, ал биіктігі 2,5 метрге дейін қат қабат, нығыздала үйілген түрінде сақталады. Қидың үсті 10-15 см қалыңдықта топырақпен жабылады. Мұндай жағдайда анаэробты орта қалыптасып, микробиологиялық процестердің қарқыны баяулайды. Қидың қызуы 25-35°С температурадан аспай, органикалық заттардың ыдырауы біршама тежеледі. Қат қабаттау арқылы сақтаған қиды тыңайтқыш ретінде бір жылдан соң қолдануға болады. Тығыз қида бациллалар мен актиномицеттер аз болады, ал жиі кездесетіндер – коккалар, сонан соң протей, эшерихия, псевдомонад тұқымдарының өкілдері. Қиды сақтаудың бұл тәсілінің тиімді жағымен қатар, кемішін тұстары да бар. Басты кемшілігі салқын әдіспен сақталған қида клетчатка өте нашар ыдырайды. Денитрлендіруші микроорганизмдер әсерінен қи азотының белгілі бір мөлшері ысырап болуы мүмкін.

Қиды ыстық әдіспен сақтау. Қиды әуелі нығыздамай қалайды. Қоршаған ортадан ауаның енуіне байланысты микроорганизмдердің көбеюіне жақсы жағдай туындап, қидың қызуы 70°С дейін көтеріледі. Сол кезде мезофильдер қырылады да, олардың орынын термофильді бактериялар басып, қидың бір граммындағы микроорганизмдердің саны 90 млрд. жетеді. Бір аптадан соң қызып жатқан қи нығыздалады да, оның үстіне қидың келесі қабаты қопсыңқы күйінде төселеді. Бұл қабат қызғаннан соң нығыздалынып, қидың келесі бөлігі бос күйінде қаланады. Сөйтіп, бұл жұмысты үймедегі қи биіктігі 2 м-ге жеткенше жүргізе береді. Қидың қызуы спора түзбейтін микроорганизмдерді, соның ішінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын, сонымен қатар арам шөптердің тұқымын жойып жібереді, бірақ бұл тәсілді қолданғанда органикалық заттардың шығыны өседі. Қи егіске шашуға даяр болу үшін оның қызуы 50°С-ден аспауы керек. Осы кезде оның ылғалдығы да 50% шамасында болады. Бұл жағдай көміртегі қосылыстарының және де басқа заттардың шығынсыз минералдануын қамтамасыз етеді.

 



Просмотров 3430

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!